Студопедия — Глоссарий.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Глоссарий.






р/р ұғым анықтамасы
1. Неокантиандық - ХІХ-ғ. 60-жылдарында Германияда, материализм мен позитивизмге қарсы жауап ретінде пайда болған философиялық бағыт. Ол. И. Канттың іліміне сүйене отырып, саяси-этикалық, методологиялық, логикалық -гносеологиялық мәселелерді шешуге тырысу болды. Сондықтан да осы бағыттың осылай аталуы.
2. "Кантқа қайта оралу!" - неокантиандықтың бастаушыларының бірі - О.Либманның "Кант және эпигондар" атты кітабында ұсынған ұраны.
3. "Баден мектебі" - неокантиандықтың ішкі баағыттарының бірі. Оның өкілдеріне (В.Виндельбанд, Г.Риккерт т.б.) канттық "өзіндік нәрсе" ұғымынан бас тартып, кез келген нәрсенің болмысын санадағы болмысы ретінде қарастыру тән. Сонымен қатар бұл бағыттың танымның нәтижесі - әмбебап, қажетті, трансценденталды білім деп санап, субъективизмді де терістейді. Баден мектебі М.Вебердің әлеуметтануына әсерін тигізді.
4. Марбург мектебі - батыстық философиядағы 19-ғ. соңғы үштігінде, 20-ғ. бірінші үштігінде пайда болған бағыт. Негізгі өкілдері - Г.Коген, П.Наторп, Э.Кассирер. Бұл мектеп канттық философияны априорлық (тәжірибеден бұрынғы) түрлер арқылы мәдениетті, ғылымды, құлықтылықты, өнерді, дінді құрастыру туралы ілім деп қарастырған. Канттық "өзіндегі нәрсенің" парасатты мағынасының бар екендігін терістей отырып, бұл мектептің өкілдері таным процесінде априорлық формаларды қолданудың объективті негізін табуға ұмтылған.
5. Экзистенция - адамдық "Мен" - нің орталық ядросын нақтылы, қайталанбас жеке тұлға ретінде белгілейтін экзистенциализм философиясының негізгі ұғымдарының бірі. Экзистенция субъект пен объектінің бөлінбес тұтастығын көрсетеді. Осы тұрғыдан ол рационалды ойлаудың субъект пен объектіні бір біріне қарсы қою әдісіне қарсы шығады. Адам өзін экзистенция ретінде өлім алдында, науқастанғанда, апатқа ұшырағанда, жалпы және ең алдымен "шекаралық жағдайларда" сезінеді.
6. "Шекаралық жағдай" - К.Ясперстің енгізген ұғымы. Ол адам үшін ерекше маңызды кезеңдерді - өлім мен өмір арасында, адам өзін өзі ретінде сезінгенде, жоғары болмыспен жанасқандағы жағдайды белгілейді. Ясперс бойынша, адам өзін экзистенция ретінде "Мен" ретінде атап айтқанда дәл осы жағдайларда ғана аша алады.
7. "Өзі-үшін-болмыс" - Ж.-П. Сартр философиясының орталық ұғымы. Ол адам үшін жоғары реалдылықты, ең алдымен оның өзінің ішкі дүниесінің басымдығын белгілейді. Дегенмен, адам өзіне тек қана "өзге -үшін-болмыс" арқылы сезіне алады, яғни, адам үшін басқа аадамдармен әртүрлі қатынастардың экзистенциалдық маңызы бар.
8. "Das Man" - М.Хайдеггер философиясының басты ұғымдарының бірі. Ол адам болмысының шынайы еместігін, орталанғандығын, жекесіздігін көрсетеді.
9. Сандырақ - А.Камю бойынша, адам өмірі - оны күнделікті күйбең тұрғысына да, оның дүниедегі орны тұрғысынан да қарастырсақ та, сандырақ мағынасыз.
10. Неотомизм - ортағасырлық философ Фома Аквинскийдің іліміне негізделген қазіргі уақыттағы теологиялық философияның ең беделді бағыты. Неотомизм материя мен идеяның, танымның эмпириялық пен рационалдық түрлерінің қайшылықтарынан жоғары көтерілуге тырысады. Неотомизмнің мақсаты неотомизмді қазіргі жағдайларға бейімдеу, қарапайым адамдар мүддесіне, қоғам дамуының өзекті мәселелеріне бет бұру. Негізгі идеялары: дүниені құдай жаратқан (креационизм), мән мен өмір сүру бір-бірінен бөлек (эссенция және экзистенция), құдайлардың мәні мен өмір сүруінің бірлігі, адамның құдай тәріздестігі, адамдағы материалды және рухани субстанция бірлікте. Неотомизмнің басты принципі: "сенім мен парасат үйлесімділігі"; Басты Өкілдері: Э. Жильсон, Ж.Маритен, Ю.Бохенский, Рим Папасы Иоанн Павел ІІ.
11. Креационизм - дүниені құдай жаратқандығы туралы ілім. Оның түбірі - ежелгі мифтер. Креационизмді иудаизм, христиандық, ислам қолдайды.
  Тейяр де Шарден (1881-1955) - франция философы, теолог, жаратылыстанушы. Оның пікірі бойынша, дәстүрлі католиктік философияның айтуындай адам дүниенің статистикалық ортасы емес, эволюцияның осі және шыңы. Тейяр де Шарденнің ілімі 20-ғ. діни философияға да, ғылыми ойлаудың дамуына үлкен әсер етті. Тейяр де Шарденнің философиясының ең маңызды принципі - эволюционизм. Бұл принцип бойынша барлық дүниеге (өлі де, тірі де табиғатқа) эволюция тән, ол ақырында жоғары нүктеге - Омега Нүктесіне жеткізеді. Омега Нүктесінің атрибуттары - нақтылы барлығы, "автономдығы", қайтпастығы және "трансценденттігі".
  Персонализм - жеке тұлғаны мәдениеттің жоғары құндылығы, ал дүниені - тұлғалық шығармашылық белсенділіктің көрінісі ретінде қарастырған қазіргі философия бағыты. Персонализм жеке тұлғаны бүтіндік және жоғары мәдени құндылық ретінде қарастырып, адамға прагматикалық көзқарасты терістейді. Қазіргі персонализм - экзистенциализмнің, марксизмнің, христиандық антропологияның әртүрлі қағидаларының күрделі жиынтығы. Орталық ұғым "жеке тұлға" бірегей, қайталанбас субъективтік, адамзат тарихының критериі және мақсаты ретінде қарастырылады.
  Неопозитивизм - О.Конт пен Дж. С.Мильдің классикалық позитивизмінің жалғасы және қазіргі түрі. Оның негізінде позитивті ғылымның құндылығына сенумен қатар жаңа тенденциялар, атап айтқанда, ғылыми танымның логикасына қызығушылық та бар. Неопозитивизмді аналитикалық философия деп жиі атайды. Негізгі өкілдері - Р.Карнап, Б.Рассел, М.Шлик т.б. Неопозитивизмнің өкілдері ғылымды философияға қарсы қойып, дәстүрлі философиялық мәселелерді мағынасыз, жалған деп санап, тек арнайы ғылыми білім ғана шынайы білім болуы мүмкін деп есептеген.
  Фальсификация принципі - теорияның жалғандығын эксперимент нәтижесінде немесе теориялық талдау арқылы тексеру. Бұл принципті ғылыми айналымға енгізген К.Поппер. Фальсификация принципі бойынша, ғылыми теория болып тек қана принципті түрде терістелетін, өзінің жалғандығын дәлелдей алатын теория саналады.
  Верификация принципі - теорияның растығын оны шындықтың фактілерімен салыстыру арқылы тексеру. Сезімдік, эмпириялық тексеруге келмейтін теориялар немесе гипотезалар ғылыми мағынасыз болып саналады. Фальсификация принципі сияқты, бұл принципті де неопозитивизм ұсынған.
  Структурализм - структуралық (құрылымдық) әдісті қолданумен байланысты ғылыми және философиялық идеялар жиынтығы. 20-ғ. 20-жылдарында пайда болып, 60-жылдары кең тарады. Өкілдері: Леви-Стросс, М.Фуко, Ж.Деррида, т.б. Структуралық әдістің негізін структура (құрылым) ұғымы құрайды, яғни белгілі жүйенің ішкі элементтерінің өзгермейтін, тұрақты қатынастарының жиынтығы. Сондықтан да басты назар жүйенің элементтері мен олардың қасиеттеріне емес, элементтер арасындағы қатынасқа аударылады. Әдіс ретінде структурализм көптеген әлеуметтік - гуманитарлық пәндерде қолданылады.
  Герменевтика - түсіндіру, өзінше пайымдау теориясымен практикасын зерттейтін қазіргі философияның негізгі бағыттарының бірі. Осы бағыттың негізін салушы Г.Гадамердің пікірі бойынша, герменевтика - гуманитарлық ғылымдардың методологиясы, онтологиясы және философиялық ойлаудың әмбебап тәсілі. Герменевтиканың басты мәселелері - түсінуге қалай болады?" "болмыс қалай құрылған?" "түсінудің мәні неде?". Герменевтиканың зерттеу нәрсесі әдетте мәтін (текст), бұл жерде мәтін кең мағынада қарастырылады: тек әртүрлі философиялық немесе басқа шығармалардың сөзбе-сөз мәтіні ғана емес, адам тәжірибесінің барлық жиынтығы, адамның барлық тарихы.
  Герменевтикалық шеңбер - қазіргі герменевтиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол бүтін мен бөлшек диалектикасына негізделген мәтінді түсіну принциптерін белгілейді. Түсіну жеке бөлшектерді түсінуден тұрады. Ал жеке бөлшектерді түсіну үшін бүтінді алдын-ала түсіну қажет.
  Деконструкция - франциялық философ Ж.Деррида ұсынған термин. Оның мағынасы: гуманитарлық мәдениеттің әртүрлі мәтіндерін аналитикалық бөлшектеу, олардағы тіректік ұғымдарды анықтау, сонымен қатар өткен мәдени дәуірлердің метафоралық қабаттарын табу.

 

7) Мәнжазба тақырыптары

1. Махизм (эмпириокритицизм) позитивизмнің екінші түрі ретінде.

2. Пьер Тейяр де Шарден және оның ілімі.

3. Бостандық теологиясы католиктік діни философияның латынамерикалық варианты ретінде.

4. Прагматизм, оның негізгі өкілдері мен басты идеялаары.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1674. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия