Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ми шабуылы» әдісі





«Ми шабуылы» ұжымның шығармашылық қызметін белсендірудің әсерлі әдісіне жатады.

Сын және қорқыныш ойлануды тежейді, шығармашылық үрдісін шырмайды, сондықтан әдіс негізгі идеясы осыларға негізделген.

Осыны ескере отырып, критикалық бағалауды және жорамалдарды ұсыну уақытын бөлу ұсынылады. Бұл екі үрдісті әр түрлі адамдар жүргізуі қажет.

Негізгі әдістер ережелері:

- идеяны тұжырымдауға кедергі жасайтын, ешқандай ескертулер және критикалық айтылулар болмауы қажет;

- неғұрлым ерекше ой болса соғұрлым жақсы ойларды ескеру;

- көп ұсыныстарды қамтуға тырысу;

- ойлар комбинациясы және оларды жетілдіру;

- жайылған дәлелдемелерсіз қысқа ұсыныстар;

- топты ойларды генерациялайтындарға және өңдеушілерге бөлу керек.

Бұл әдіс аргументтеуге яғни, өзінің көз қарасын қорғауға, әртүрлі жағдайларда оптималды шешім табуға, қарым-қанынас құруға, қарсыластарына өзінің айқын позициясына иландыруға үйретеді.

Күннің негізгі тақырыбын талқылау алдында «бой қыздыруға» өте қолайлы әдіс

Топ студенттері тақырыпты талқылауға барлығы қатысуын оқытушы қадағалайды, қабылданбайтын түсініктеме немесе қайтару еш жауапқа берілмейді.

Топта ешқандай жауап варианттары болмағанда, талқылауға кірісуге болады: «Қалай ойлайсыздар, жүрек аймағындағы ауырсынулар миокард инфарктінің симптомдары ма?» немесе «Қалай ойлайсыздар зәр шығарудың жиілеуі бұл патологияның симптомдарына тән қасиет пе?». Студенттер оқытушымен бірлесе барлық варианттарды белсенді талқылай бастайды. Осы жағдайда дұрыс емес жауаптар сынды анықтала бастайды және дұрыс емес вариантқа сынды қатынас негізделеді. Одан кейін оқытушы студенттердің білімін бекіту үшін дұрыс жауаптарды жазуға ұсынады.

Әдіс мақсаты – студенттердің білгенін,анықтамаларын, қысқа мерзімде көптеген вариантта алу болып табылады. Осының барысында мәселелерді шешетін ойлар ұсынылуы мүмкін, жалпы тәжірибеге көзқараспен алмасу құрылымы құралады және студенттердің тілектері айтылады. Топқа тақырып берілу, сұрақ немесе аяқталмаған ұсыныс үрдіс мәні болып табылады. Бірнеше минут ағымында топта тақырып айтылады, ойларындағыны айтады және олардың барлығы тақтаға мелмен немесе блокнотқа жазылады.

Нақты емес болса да, дұрыс емес немесе даулы болса да мәліметтердің барлығы жазылады. Көп мөлшерде, әр түрлі ұсыныстар алу мақсат болғандықтан, барлық айтылулар талқылаусыз болады. Осы уақытта ешқандай шектеу немесе ешқандай бағалау берілмейді. Қатысушыларда кейін ұсыныстарды ұғынуға, қарсылықтарын білдіруге немесе ұсынылған ойлардың барлығын талқылауға мүмкіндіктері бар. Егер белсенділік әлсіз болса, оқытушы өзінің бірнеше өз ойларын жазады, олай істеу алдында, бір-аз кідіріс жасау керек.

Әдістің құндылығы топтарды біріктіруде болып табылады.Әр қатысушының ұсынысының құндылығын сездіреді, жазып алуға мүмкіндік береді. Мәселелерді шешуді сайысқа емес (қатысушылар өз ойларын қабылдату үшін ұмтылады), бірлескен жұмысқа айналдыру, басқа топ емес, мәселенің өзі негізгі қарсылас болса ең маңыздысы, милық шабуылдың басында оқытушы топқа қызметтерінің тәртібін түсіндіреді. Топтың басты мақсаттарынан ауытқымаулары да маңызды: милық шабуылға қатысушылар үйреншікті болса топ, ұсыныстарды талқылауға уақытынан бұрын кірісулері мүмкін. Ұсыныстарды қалдырып кетпеу үшін оларды жазып отыруға бір адамды бекітіп қойған, ол үрдісті меңгеруге көмектеседі, барлық айтылғандарды жинастыруға, топпен визуальды қатынаста сақтап тұруға және студенттердің ойлау үрдісі ырғағын төмендептеуге қолайлы.

Милық шабуыл әдісін жүргізу үшін ұсыныстар:

- тақырыпқа сай болуы үшін, оның жүргізілуіне жақсы дайындалу керек

- топтың алдында ойлануға арналған тақырыпты нақты қисынға келтіру керек;

- «Милық шабуыл» ауызша түрде өтеді: оқытушы сұрақ қояды, ал студент пікір талассыз, барлығы өз ойларын айтып болғанша, кезек кезекпен пікірлерін айтады;

- өз ойларын жазбаша түрде де беруге ұсынуға болады. Уақыт өткеннен кейін немесе жауапты жазып болғаннан кейін, жауаптары жазылған қағаз қабырғаға бекітіледі. Сурет галереясындағыдай, жауаптардың мазмұнымен танысуға, барлық қатысушылар аудиторияны аралап шығуға үсыныс жасалады.

- барлық ойлар жалпы көрініске қойылмайынша, талқылауға салмау өте маңызды;

-студенттерге үрдіс мақсатын және тәртібін түсіндіру;

- не оқытушылар, не топ құрамы ойларды теріс бағалауларына жол бермеу керек;

- топ сапаға емес, санға жұмыс істейді. Кімде идея тізімі көлемді болса, сол жақсырақ.

- соңғы идеяны қабылдайды.

 

Топтың тапсырмалары:







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 4267. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия