Механикалық тербеліс кезінде дене жылдамдығы периодты түрде өзгеріп отырады,сол себепті оның кинетикалық энергиясы да өзгереді
27. Екі дененің бір-біріне тартылатын күші осы денелердің массаларына тура пропорционал, ал олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал болады: G, гравитациялық тұрақты[1] - Бүкіл әлемдік тартылыс заңындағы пропорционалдық коэффициент: Механикалық қозғалыс - дегеніміз уақыт туіне қарай дененің немесе оның кейбір бөліктерінің санақ денесі деп аталатын басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орын ауыстыруы. Қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені санақ денесі деп атау келісілген. Паскаль Заңы - осылай дейді: Тепе-теңдік күйде жатқан сұйық не газға әсер етілген қысым сол сұйық не газдың кез келген нүктесіне барлық бағыттарға бірдей таралады Термодинамиканың бірінші заңы- жоқтан алынатын энергияның көмегімен жұмыс істейтін мәшиненің бар болуын жоққа шығарады. Термодинамиканың екінші заңы – бір дененің салқындауының есебінен ғана жұмыс істейтін мәшинені жасау мүмкіндігіне тыйым салады. Қысымы тұрақты, яғни р=конст, ал температура мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесті изобаралық процесс деп атайды. Газдың көлемі тұрақты,яғни V=конст,ал температура мен қысым өзгеретін термодинамикалық процесті изохоралық процесс деп атайды Температурасы тұрақты ал қысым мен көлем өзгеретін термодинамикалық процесті изотермалық процесс деп атайды Жылу алмасусыз жүретін процесті адиабаталық процесс деп атайды Жарық – заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағыны болып табылады,жарық бөлшектері фотондар деп аталады 'Жарық жылдамдығы, с' – кез келген электрмагниттік толқындардың (оның ішінде жарықтың да) бос кеңістіктегі (вакуумдағы) таралу жылдамдығы; іргелі физикалық тұрақтылардың бірі. С=300000 км/с=3*10 8 м/с Жарық көздері – жарық шығаратын денелер,оларды 2 топқа:дербес және шағылған жарық көздері ДЕрбес:жылулық,люминесценциялық,плазмалық; Дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке н/е аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталады. Салмақсыздық-салмағы нөлге тең болатын дененің күйі салмақсыздық деп аталады Асқын салмақ – тіректің н/е аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуын асқың салмақ дейді Атом энергиясының екі физикалық тәсілі:ауыр элементтердің (уран,плутоний)ядроларын бөлу арқылы энергия өндіру тәсілі болса,ал екіншісі – жеңіл элементтер сутек гелий ядроларын біріктіру арқылы энергия өндіру тәсілі Тізбекті бөліну реакциясына қажетті ядролық материалдың ең аз массасын сындық масса дейді Ядролық реактор, атомдық реактор – атом ядросы бөлінуінің басқарылатын тізбекті реакциясын жүзеге асыратын құрылғы. Оның негізгі бөліктеріне: ядролық отын (мысалы, уран не плутоний), баяулатқыш, шағылдырғыш, суытқыш), бақылау және өлшеу приборлары жатады 34.Ядролық физикада ұзындық бірлігі ретінде фемтометр алынады: 1 фм=10 -15м Италия физигі Фермидің құрметіне ферми деп те аталады Атомдар,ядролар және элементар бөлшектер үшін массасың бірлігі ретінде массаның атомдық бірлігі м.а.б. қолданылады: 1 м.а.б.=1,6605406*10-27 кг Атом физикасында энергияның бірлігі ретінде электрон-вольт алынады е=1,6-10-19 Кл ЖЕке бөлшектер массаларының қосындысынан сол бөлшектерден құралған ядро массасын алып тастасақ, қалған м қалдық ядро массаның ақауы деп аталады Ядролардың өз бетімен түрленіп, альфа,бета және басқа да бөлшектер мен сәулелерді шығаруын олардың радиактивті ыдырауы деп атайды Ауыр ядролардың бөлінуі кезінде массалары әр түрлі 2 жарықшақтар орнықты ядроға айналмастан бұрын бірнеше рет бета-ыдырауға ұшырайды. Атом ядросының бөлінуі кезінде жарықшақтармен қатар нейтрондар және γ-кванттар да бөлініп шығады. Әрбір ядро бөлінгенде 200 МэВ-қа жуық энергия бөленіді. Ядроның бөлінуі кезінде бөлініп шығатын нейтрондарды шапшаң және баяу нейтрондар деп аталатын екі топқа бөлуге болады. Ядроның бөлінуі, атом ядросының бөлінуі – ауыр атом ядроларының өздігінен не басқа бір бөлшектердің әсерінен бірнеше бөлшекке (көбінесе 2 бөлшекке, сиректеу 3 және 4 бөлшекке) бөлінуі
|