Студопедия — Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алудағы нәтижелерін қадағалау әдістері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алудағы нәтижелерін қадағалау әдістері






Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу нәтижелері арқылы дамуын анықтау және қадағалау түрлі арнайы әдістер мен тәсілдердің көмегімен, мамандардың ұсыныстарын ескеру мен қадағалау арқылы, балалар оқитын жалпыға білім беру мекемелерінің педагогтарының көмегімен іске асырылады.

Әңгімелесу – ерекше қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктері туралы мәліметті педагогқа ата-аналармен (педагогтармен) пікірлесу барысында алуға мүмкіндік беретін әдіс. Жиі ата-аналардың немесе педагогтардың өздері, педагогқа кеңес алу көмегіне жүгіну барысында, әңгімелесу инициативасын білдіреді.

Әңгімелесудің мақсаты – баланың дамуы жайлы, оны оқыту мен тәрбиелеу процесінде ата-аналар мен педагогтар кезігетін мәселелердің мінезін, деңгейін, себептерін талқылауда ой-пікірмен алмасу. Әңгімелесудің нәтижелері бойынша педагог баланы әрі қарай зерттеу жолдарын белгілейді.

Әңгімелесуді жүргізу барысында педагог келесі талаптарды ескеруі керек:

1) әңгімелесу ата-аналардың (педагогтардың) қызығушылығын оятып, арттыруы тиіс;

2) әңгімелесуді өткізу кеңістігі (орны) мен жүргізу уақытын белгілеп, ұйымдастыру керек;

3) әңгімелесудің нәтижелілігі ата-аналардың (педагогтардың) белсенділігіне тәуелді;

4) педагог ата-аналардың тәрбиелік әрекеттерін ашық сынамау керек;

5) әңгімелесуден күтілетін нәтижелердің жылдам орындалмайтыны /орындалатыны туралы айтылу керек;

6) әңгімелесуге ата-ананың екеуі де (мүмкін болғанда) қатысуы керек;

7) ата-аналарда (педагогтарда) баланың психофизиологиялық ерекшеліктері мен оның қиындықтары туралы нақты пікірлер қалыптастыруға ұмтылу қажет;

8) келесі кездесулерді жоспарлап, міндеттерін анықтау қажет.

Интервью түріндегі сауалнама - ежелгі анықтау әдістерінің бірі. Сауалнаманың көмегімен ерекше қажеттіліктері бар бала туралы объективті (дәлелдер, мәліметтер) және субъективті (пікірлер, ұстанымдар) жинақтауға болады. Сауалнама әдісін келесі көрсеткіштеріне сай жіктеуге болады: мәліметті ауызша немесе жазбаша түрде жинақтау, стандарттау деңгейіне байланысты жеке немесе топтық мәліметті жинақтау, сауалнама әдісін бір немесе көп рет қолдану арқылы мәлімет жинақтау.

Сауалнама стандартталған және стандартталмаған болып бөлінеді. Стандартталған сауалнама - зерттелу мәселесі бойынша жалпы мәлімет береді, стандартталмаған сауалнама - бірінші түрімен салыстырғанда, қатаң шеңбері жоқ әдіс. Баланың немесе ата-ананың сұрақтарға берген жауаптарына байланысты зерттеушіге іс-әрекетін өзгертуге мүмкіндік береді.

Интервью - бірқатар мақсатты сұрақтар немесе вербальды әсерлер көмегімен зерттелушіні вербальды мәлімет беруге итермелейтін, нақты ғылыми мақсаты бар жоспарлы әрекеттер.

Анықтаушы интервью құрастыру ережелері:

І. Анықтаушы интервью құрылымы.

1 кезең; - кіріспе, баланы қарым-қатынасқа дайындау мақсатымен жүргізіледі.

2 кезең; - баланың еркін пікір айтуы (бала педагогтың сұрақтарынсыз, өзінің ойларын еркін айтады).

3 кезең; - педагог жалпы сұрақтар қояды.

4 кезең; - анықтаушы интервью (педагог дайындалған сұрақтар қояды).

5 кезең; - педагог қорытынды сөздер айтады, балаға жауаптары үшін рахметін айтады.

ІІ. Интервью сұрақтарын құрастыру ережелері.

1. Балаға түсінікті сөздерді қолдану.

2. Анықтаушы интервьюдің сұрақтарын құрастыруда шынайы жауап алуға ұмтылу.

Ол үшін сұрақ құрастырудың келесі тәсілдерін қолдануға болады:

1) сұрақты жағымсыз қабылдамау үшін, негізгі мағынасын жасыру; мысалы, барлығына кейде төбелесу қажет болады, сен төбелестің бе?

2) Эвфемизмдерді қолдану («жағымсыз» сөздерді алмастыру): «төбелесу» орнына – «бір-бірін түсінбеу».

3) Сұрақтарға жазбаша жауап алу.

Анықтаушы интервьюде қолданылатын сұрақтардың түрлері:

1) тікелей («Сен қорқасың ба?»)

2) жанама («Қараңғыда өзіңді қалай сезінесің?»)

Интервью алудың жалпы ережелері:

1) анықтаушы интервью ұзақ болмау керек;

2) жауаптарды тіркеу жауап беру сәтінде жүргізілуі керек, бірақ зерттелушінің шынайылығына әсер етпеуі тиіс (диктофонды қолдануға болады);

3) анықтаушы интервьюдің интерпретациясы бала туралы қосымша мәліметтер шеңберінде жүргізілілуі керек;

4) баланы біріккен іс-әрекетке қосу керек (сурет салу, жапсыру, ойын және т.б.);

5) балаға түсінікті тілде сөйлеу (жасына, жынысына, өмір сүру ортасына байланысты);

6) әңгімелесудің толықтылығы, шынайылығы рефлексияға, өзін-өзі бақылай алу, өзін сынау қабілеттілігіне тәуелді. Бірақ кішкентай балаларда мұндай көрсеткіштер жоқ немесе әлсіз дамыған. Сонымен қатар кішкентай баланың өзінің эмоционалдық күйлерін сөзбен жеткізуі де әлсіз дамиды.

7) Баланың уайымдары, ойлары, сезімдері туралы мәліметті дер кезінде қойылған сұрақтар арқылы алуға болады.

8) Жанама сұрақтардың көмегімен, тікелей сұрақтарға қарағанда, шынайы мәліметті алу оңай. Мұғалім сыныпта болып жатқан жағдайды түсініп, талқылау әдісін бағалау үшін жиі қолданады. Талқылау жұмысы жүргізу стиліне байланысты әртүрлі қалыпта қолданылуы мүмкін. Бастауыш сыныптарда талқылау әдісі күнделікті байланыстарда үнемі орын алады. Балалардың тапсырмаларды түсінуін анықтауда талқылауды түрлі жұмыстар барысында қолдануға болады: баланы орындайтын немесе орындаған жұмысы туралы ойланып, ойларын айтуға үйретуде, бірігіп ой бөлісуге үйретуде, белсенді тыңдап сұрақ қоюға, жауап беруге үйретуде және т.б.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі белсенді болуы қажет. Оқушылардың жеке жетістіктерін бағалау мақсатымен портфолио бағалау әдісі ретінде қолданылуы мүмкін.

Портфолио - оқушының жай білім алуына ғана бағытталмаған, баланың шығармашылық, зерттеушілік, жобалық іс-әрекетін дамытуға, өзінің іс-әрекетіне сыни көзқарасын дамытуға, іс-әрекет түрлерін еркін таңдау негізінде өзіндік бағалауын жоғарылатуға, танымдық міндеттерге жетуде өзіндік мүмкіндіктері мен қол жеткізу тәсілдерін ескере отырып, оларды іске асыру жолдарын қарастыруға мүмкіндік беретін жаңа бағыт.

Портфолионың мақсаты - жеке жинақтаушы бағаның ролін атқару. Инклюзивті мектепте әр баланың даму динамикасын қадағалау үшін портфолио қажет, ол баланың «жақын даму аймағын» жобалауға, әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуде көмек беруге және ауытқушылықтарды түзетуге көмек береді. Баланың портфолиосы арқылы білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау көрсетуде барлық мамандар мен мектеп педагогтарының біріккен жұмысының нәтижелерін қадағалауға болады.

Портфолионың сипаттамасы:

1) оқушының жұмыстарының жиынтығы, олар тек оқу нәтижелерін көрсетпейді, сонымен бірге баланың ұмтылыстарын да сипаттайды;

2) оқушының нақты пән (немесе бірнеше пәндер), оқу кезеңі бойынша (тоқсан, жарты жыл, бір жыл) оқу жетістіктерінің көрмесі.

Мектептік портфолионың негізгі мағынасы: «Оқушының мүмкіндіктерін көрсету».

Портфолио «жұмыс» жасауы үшін қажет:

1) портфолионың құрылымын жасау, оның бөлімдері арасындағы байланыстарды қарастыру;

2) қорытынды құжаттарды ұсыну нұсқаларын қарастыру;

3) портфолионы құрастыру мен оны бағалауда қарым-қатынасқа (өзара байланыстар: оқушылар арасында, мұғалімдер, мүмкін ата-аналар және т.б.) түсу түрлері.

Бұл технологияда оқушы танымдық іс-әрекеттің субъекті ретінде қарастырылады, ол оқу іскерлігін меңгереді және оның нәтижелерін сын тұрғысынан бағалай алады. Портфолио әдісінің инклюзивті білім беру жағдайындағы басты ұтымдылығы - таңдау еркіндігінде.

Инклюзивті сыныпта оқушының портфолиосын жасауда мұғалім көптеген факторларды ескеруі керек:

1) оқушыға қойылған мақсаттар мен міндеттердің нақтылығы;

2) олардың түрткілерін жоғарылататын жағдайларды;

3) жасалатын портфолионың құрылымы (жұмыс кезеңдерін, мазмұнын жоспарлау);

4) оқу көздері мен тәсілдерінің қолжетімділігі, альтернативтілігі;

5) оқушының өзін-өзі қадағалау жүйесін қарастыру;

6) тапсырмалардың шығармашылық сипаты.

Портфолио әдісі инклюзивті білім берудің көптеген мәселелерін жекеше көшуге мүмкіндік береді. Қозғалыс қызметтері аса шектелген кейбір балаларға мұндай портфолио - өзіндік қабілеттерін толыққанды іске асыру мүмкіндігін береді (электронды түрде қарапайым компьютерлік бағдарламалардың көмегімен).

Портфолионың келесі түрлері бар:

1. Жетістіктер портфолиосы.

2. Жинақтаушы - портфолио.

3. Портфолио - фото есеп.

4. Портфолио – есеп.

Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында «портфолио» әдісімен жұмыс жүргізу тәжірибесі арқылы оның келесі ұтымды жақтары анықталды:

1) мұғалімнің, оқушылардың денсаулықтарының мүмкіндігі шектеулі екендігіне назарларын аудармай, оқу процесінде жеке және дифференциациялау әдістерін қолдану мүмкіндігі;

2) балалардың индивидуалдылығын және шығармашылық жекетұлғалық компетенцияларын портфолионы жасау процесінде дамыту, мұнда маңыздысы тек нәтиже ғана емес, жалпы даму процесі;

3) оқушы өзіндік танымдық іс-әрекетін өзі бағалауға және портфолиосын жасау процесінде оны жетілдіруге, сыныптастарымен, ата-аналарымен, мұғалімімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 4626. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия