Санау жүйелері
Ондық санау жүйесі. Ондық санау жүйесінде сандарды жазу үшін он цифр қолданылады -0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. Ондық жүйе позициялы болып табылады, өйткені ондық санның жазылуында цифрдың мәні оның позициясына немесе сандағы орнына байланысты. Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды. Мысалы, 524 санын қосынды түрінде жазсақ: 5*102+2*101+4*100 Бұл жазбадағы 10 саны – санау жүйесінің негізі. Санның әрбір цифры үшін, 10 негізі цифрдың сандағы орнына байланысты дәрежеленеді де, осы санға көбейтіледі. Егер ондық сан бөлшек болса, онда бөлшек бөліктің әрбір цифры үшін негіздің дәреже көрсеткіші теріс және бөлшек бөліктің үлкен цифры үшін -1-ге, бөлшек бөліктің келесі цифры үшін -2-ге тең және т.с. болады. Мысалы келесі ондық сандар мынадай қосындымен көрсетіледі: 384,9506=3*102+8*101+4*100+9*10-1+5*10-2+0*10-3+6*10-4. Екілік санау жүйесі. Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады да, екілік сан деп аталады. Екілік сандарды ондық сандарға айналдыру олардың әрбір разрядын (1 немесе 0 санын) тұрған орнына байланысты екінің дәрежелеріне көбейтіп, шыққан сандарды қосу арқылы жүргізіледі. Мысалы, 111012=1*24+1*23+1*22+0*21+1*20=16+8+4+1=2910 Керісінше ондық сандарды, екілік сандарға айналдыру үшін сол санды екіге бөлеміз, шыққан бөліндіні тағы екіге бөлеміз, одан шыққан санды да, осылайша бөлінді бірге тең болғанша, біртіндеп екіге бөле береміз. Ең соңғы бөліндіден басталып жазылатын қалдық сандар тізбегі ізделініп отырған екілік санның таңбаларын құрайды. Мысалы, Нәтижесі - 111012 деген екілік сан болып шығады. Сегіздік санау жүйесі. Сегіздік санау жүйесінде, яғни негізі «8» санау жүйесінде сандар сегіз цифрдың көмегімен көрсетіледі:0,1,2,3,4,5,6,7. Сегіздік санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне ауыстыру олардың әрбір разрядын тұрған орнына байланысты сегіздің дәрежелеріне көбейтіп, шыққан сандарды қосу арқылы жүргізіледі. Мыс: 848=8*81+4*80=64+4=6810. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру үшін сол санды сегізге бөлеміз, осылайша бөлінді сегізге тең болғанша біртіндеп бөле береміз. Оналтылық санау жүйесі. Екілік сандарды қысқарту үшін негізі 16 санау жүйесін қолданады. Бұл жүйені оналтылық деп атайды. Оналтылық позициялы санау жүйесінде санды жазу үшін ондық санау жүйесінің цифрлары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және жетпейтін алты цифрды белгілеу үшін 10,11,12,13,14,15 ондық сандарының мәніне сәйкес латын алфавитінің алғашқы үлкен әріптері: A, B, C, D, E, F қолданылады. Оналтылық сан, мысалы, мына түрде 5АB болуы мүмкін. Бұл санды негізі 16 екенін ескеріп, қосынды түрінде жазсақ: 5АB16=5*162+10*161+11*160=1280+160+11=145110 Сандарды екілік жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру. Екілік санды сегіздік немесе оналтылық санға түрлендіру процесі өте қара-пайым. Сегіздік санның кез келген цифрын жазу үшін үш екілік цифр(триада) қажет. Сондықтан түрлендіретін екілік санды оңнан солға қарай үш-үштен екілік цифрлар тобына бөледі, мұнда ең сол жақтағы топта екілік цифрлар үштен кем болуы мүмкін. Мысалы, 011 екілік цифры сегіздік санау жүйесінде үш цифры болып табылады. Сонан кейін екілік цифрлардың әрбір тобын кестеде көрсетілген сегіздік цифр түрінде жазады.
Мысалы, үш екілік цифрдан тұратын топтарға бөлінген 1101111011 екілік санын 1 101 111 011 сияқты жазып алып және әрбір топты бір сегіздік цифрмен ауыстырып жазғаннан кейін,1573 сегіздік санын алуға болады. Сандарды екілік жүйеден оналтылық санау жүйесіне ауыстыру. Екілік санды оналтылық санау жүйесіне жоғарыдағыға ұқсас түрлендіреді: әрбір түрлендіретін екілік сан оңнан солға қарай әрқайсысында төрттен екілік сан бар топтарға (тетрадаларға) бөлінеді, өйткені оналтылық санның кез келген цифрын жазу үшін төрт екілік цифр қажет.
Сондықтан алдыңғы мысалда қолданылған 1101111011 екілік санды төрт екілік цифрлардан тұратын топтарға бөлгеннен кейін, 11 0111 1011 сияқты жазып және әр топты оналтылық цифрмен ауыстырғаннан кейін, 37В оналтылық санын алуға болады. GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы. Сұрақтарға жауаптар беріңіз және өз нұсқа нөміріңіз бойынша есептерді шығарыңыз. @ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз 1. Санау жүйесі дегеніміз не? 2. Санау жүйесінің түрлері? 3. Позициялық санау жүйесі дегеніміз не? 4. Позициялық емес (римдік) санау жүйесі дегеніміз не? 5. Буль алгебрасы дегеніміз не? 6. Позициялық санау жүйелерін атаңыз 7. 2-лік санау жүйелерінің сандары? 8. 8-дік санау жүйелерінің сандары? 9. 10-дық санау жүйелерінің сандары? 10. 16-лық санау жүйелерінің сандары? 11. Санау жүйелеріне қолданылатын амалдар?
|