Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция 11.





Тақырыбы:Дидактика – педагогикалық ғылымдар жүйесінде

Жоспары:

1. Дидактиканың мақсат, міндеттері, обьектісі, пәні, негізгі категориялары.

2. Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері

3. Оқытудың әдістері, классификациясы.

Дидактиканың мақсат, міндеттері, обьектісі, пәні, негізгі категориялары.

Дидактика - білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Педагогика терминімен қатар, ұзақ уақыт бойы сол мағынадағы «дидактика» терминінің қолдануы тарихи қалыптасқан жағдай. Бұл ұғым ең бірінші рет неміс педагогы Вольфганг Ретке (1571-1635) дидактиканы «оқыту өнері» мағынасында ашып, енгізсе, оның жан-жақты мағынасы чех педагогы Я.А.Коменскийдің (1592-1670) 1657 жылы Амстердамда шығарған «Ұлы дидактика» еңбегінде «бәрі, барлығына оқытудың әмбебеп өнері» мағынасында сипатталды. Әлемдік дидактиканың дамуына И.Ф.Гербарт, И.Г.Пестолоцци, А.Дистверг, К.Д.Ушинский, Д.Дьюи, Г.Кершенштейнер, В.Лай және т.б. зор үлес қосты. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл- ойы мен шығармашылық қабілетін, яғни біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Бұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас ықпал жасауды көздейді.

Дидактиканың ұғымдары: дидактика, білім беру теориясы, білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның негізгі компоненттері: мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.

Дидактика оқыту процесінің барысын және нәтижеге бағытталған мақсат, міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды. Олардың негізінде ол екі басты қызмет атқарады: теориялық және практикалық.

Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен анық айқындалады.

Біріншісі - оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі).

Оқытудың екінші қызме ті - оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тәрбиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөніңде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады.

Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын үшінші қызметі - дамыту қызметі атқарылады.

Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері

Оқытудың жалпы ұйымдасуын формалары мен әдістерін таңдауды белгілейтін ұстанымдық ережелері педагогикалық процестің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты болғандықтан оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет.

Сонымен, жалпы білім беретін мектептердегі оқыту процесінің әдіснамалық негізі төмендегі әдіснамалық ережелерді біріктіреді: танымның жалпы әдісі ретінде диалектикалық әдіс; объективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың, тарихи тәсілі, қарама-қайшылықтың қозғалысындағы, дамуындағы процесті қарастыратын таным теориясы; диалектикалық ойлау; абстрактілік және нақтылық; объективтілік және субъективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, анықтылық және белгісіздік, шектеулік және шамалық; қарама-қайшылықтың рөлі мен мәні; оқыту теориясындағы тарихилық және логикалық; мән мен құбылыс; мазмұн мен форма; мақсат пен құралдың үйлесімділігі; мүмкіншілік пен ақиқат; оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары; әдіснамалық ұстанымдар (танымдық, объективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, детерменизм, тарихшылық және диалектикалық таным ұстанымдары).

Оқытудың психологиялық негіздері. Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған.

Оқытудың әдістері, классификациясы.

Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.

Оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді.

Соңдықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:

1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;

2. Мектептің материалдық - техникалық негізін ескеру;

3. Мектептің орналасқан жерін ескеру.

4. Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 8875. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия