Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Теориялық мәліметтер





Жасанды өндірістік жарықтандырудың сипаттамаларын зерттеу

1.1 Жұмыстың мақсаты: өндірістік жарықтандырудың нормалауымен және бақылауымен танысу, пайдалану коэффициент әдісі мен жасанды жарықтандырудың теориялық есебін жасау, сондай-ақ жасанды өндірістік жарықтандырудың сипаттамасын зерттеу.

Теориялық мәліметтер

Табиғи жарықтандыру болмағанда немесе жеткіліксіз болғанда жасанды жарықтандыру қолданылады, қыздырмалық шам, жоғары және төмен қысымды газоразрядтық шамдар, жазық және саңылаулы жарықжолдар ретінде жарықтың осындай көздері іске асырылады.

Көздің шаршаған дәрежесі заттарды көру әсерінен ілесетін процестердің кернеулігіне байланысты болады. Сондай процестерге көруге икемделу, үйлесу және бейімделу жатады.

Еңбектің қолайлы жағдайларын жасау үшін өндірістік жарықтандыру келесі талаптарға тиісті жауап беру қажет:

- жұмыс орындағы жарықтық “Табиғи және жасанды жарықтандыру. Жалпы талаптар” 2.04-05-2002 ҚР СНиП бойынша орындалатын жұмыстың сипаттамасына сәйкес болу қажет;

- жұмысшы беттердегі және қоршаған кеңістік шектеріндегі жарықтық мүмкіндігінше бірқалыпты таралу қажет;

- жұмыс бетінде айқын көлеңкелер болмау қажет;

- түсті дұрыс тарату үшін қажетті жарықтың қажетті спектралдық құрамын жарықтандыру қамтамасыз ету қажет;

- жарықтандыру жүйесі басқа зиянды факторлардың (шуыл және т.б.) көзі болмау қажет, сондай-ақ электрге және өртке қауіпсіз болу қажет.

Жасанды жарықтандыру түрлері:жұмысшы, апаттық, қорғаныстық.

Жұмысшы жарықтандыру – ғимарат сыртында жұмыстардың өндіріс орындарында және бөлмелерінде нормаланған жарықтандыру жағдайларын (жарықталу, жарықталу сапасы) қамтамасыз ететін жарықтандыру.

Апаттық жарықтандыру қауіпсіздік және эвакуациялық жарықтандыру болып бөлінеді. Қауіпсіздік жарықтану жұмысшы жарықтандырудан 5% құрайды (бірақ ғимараттарда 2 лк кем емес және кәсіпорын аумақтарына арналған 1 лк) және егер жұмысшы жарықтандыруды сөндіргенде және сонымен байланысты жабдықтың қызмет етуі бұзылғанда өрт, жарылыс, адамдардың улануы, технологиялық процесс ұзақ істен шыққанда және т. б. жағдайларда қарастырылады |1|.

Нормативтік жарықтандыруды апаттық сөндіргенде бөлмеден адамдарды көшіру үшін эвакуациялық жарықтандыру қарастырылады. Ол адамдардың өтуіне арналған қауіпті орындарда, сатылы торларда орналастырылады. Өту жолдарындағы жарық ғимараттарда 0,5 лк кем емес және сыртында 0,2 лк болуы тиіс |1|.

Қорғаныстық жарықтандыру түн мезгілінде шекараның бойында қорғалатын аумақтарында ескеріледі.

Жарықтандырудың келесі жүйелерін айырып тануға болады:

- жалпы жарықтандыру бөлмені немесе оның бір бөлігін бірқалыпты жарықтандыру үшін арналған;

- жергілікті жарықтандыру – стационарлық немесе тасымал - тек жұмысшы беттерді жарықтандыруға арналған;

- қиыстырылған жарықтандыру – жергілікті және жалпы жарықтандыру жиынтығы.

Тек жергілікті жарықтандыруды қолдануға тиым салынады. Жұмыс істейтін орын мен қоршаған кеңістік арасындағы үлкен жарық айқындарды болдырмау үшін жалпы жарықтандыру үлесі қиыстырылғанда 10% кем емес болуы керек.

Жасанды жарықтандыруды нормалау ҚР СНиП 2.04-05-2002 “Табиғи және жасанды жарықтандыру жалпы талаптарға” сәйкес жүргізіледі, жұмыс орындардағы жарықтандыру көзбен орындайтын жұмыстарға, жарық көзінің және жарықтандыру жүйесінің түріне байланысты нормаланады.

Көзбен істейтін жұмыстың жағдайлары келесі параметрлермен анықталады:

- айыру объектісінің мөлшері – жұмысты жүргізген кезде бөлуді қажет ететін ең аз мөлшер.

- фон – айыру объектісіне тікелей жататын бет, ол анықтап қаралады. Беттің түсі мен фактурасына байланысты жарықтану коэффициентімен (ρ) сипатталынады. Фон ρ>0,4 жарық болып, 0,2<ρ<0,4 орта жәнеρ<0,2 күңгірт болып есептелінеді;

- объектінің (К) фонымен айқындылығы – абсолюттік шама бойынша объекті мен фонның шағылысу коэффициенті айырымының фонның шағылысу коэффициентіне қатынасымен сипатталынады. Айқындылық К<0,2 аз деп; 0,2< К<0,5 – орта деп; К>0,5 – үлкен деп есептелінеді.

Көзбен істейтін жұмыстың жағдайлары фонның жарықтығын көтергенде жақсарады, ол бөлменің (қабырға,төбе, еден) және өндірістік жабдықтың беттерінің шағылысу коэффициентін көтерумен жетеді.

Жарықтанудың абсолюттік мәнінен басқа, жарықталудың сапалы сипаттары: өте жарықтық көрсеткіші және жарықталудың толықсыма коэффициенті нормаланады.

Жасанды жарықтану есептемесі келесі тапсырмалармен қорытындыланады: жарық жүйесін таңдау, жарық көзінің түрін, шамды орналастыру, жарықтехникалық есептеуді орындау және жарық қондырғыларының қуатын анықтау /2,3/.

Жарықтың техникалық есептемесі:

- пайдалану коэффициенті әдісімен;

- нүктелік әдіспен;

- меншікті қуат әдісімен орындалуы мүмкін.

Пайдалану коэффициенті есептік бетке түсетін жарық ағынының жарықтандыру аспабының толық ағыны қатынасына тең коэффициент мәнін анықтаумен бекітіледі. Одан кейін берілген жарықты құру үшін қажетті сәуле көзінің жарық ағыны анықталады.

Меншікті қуат әдісі бойынша жарықтандыруды есептеудің маңызы, шамның типі мен оны орнату орнынан, жұмыс бетіне ілудің ұзындығынан, көлденең беті мен ғимарат көлемінің жарықтылығынабайланысты меншікті қуаттың мәнін анықтаудан тұрады.

Нүктелі әдіс шырақтың жарық таратуынан және оның геометриялық өлшемдеріне байланысты берілген шартты жарықтандыруда жарық ағынын анықтауды болжайды, бұл мән кеңістіктік изолюкстіңграфиктері бойынша алынады.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 5714. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия