Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты.
Есімдік – лекска-грамматикалық (семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы. Сондықтан кейде есімдікті орынбасар сөз табы деп те атайды. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашқы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының орнына қолданылған. Сөйтіп, есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына колданылады. Сондықтан да кейде есімдікті орынбасар сөздер деп те атайды. 16. Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты. Үстеудің семантикалық және грамматикалық (түрленбейтін) сипатын білдіру арқылы оның жеке сөз табы бола алатынын таныту және сөйлемнен үстеуді тауып, мағыналық, құрамдық түрлеріне талдай алып, қызметіне ажырата білу.Үстеуді жеке сөз табы деп танытатын оның басты белгісі - семантикалық сипаты болып табылады. Ол қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық-амалдық белгілерін, болу себебі мен мақсатын, т,б. білдіреді. Үстеудің басты грамматикалық сипаты – оның арнайы морфологиялық түрлену жүйесінің және грамматикалық категорияларының жоқтығы. Кейбір жекелеген үстеу сөздерге шырай жұрнақтары да жалғанады: жоғары-рақ, төмен-ірек, тез-ірек, ақырын-дау, әрі-рек, ілгері-леу, ерте-рек, ерте-леу, бері-рек, дәл-ірек, т.б. Осыдан көрінетіндей, шырай жұрнақтары кейбір мекен үстелеріне де (жоғары-рақ, әрі-рек), мезгіл үстеулеріне де (кеш-іре, ерте-рек), сын-қимыл үстеулеріне де (тез-ірек, ақырын-дау) жалғанады. Бірақ үстеудің мағыналық түрлерінің ешқайсысы да толық түрінде шырай категориясымен түрленбейді. Мысалы, мекен үстеулерінің (әлдеқайда, жол-жөнекей, әріде, сонда, алға, т,б.), мезгіл үстеулерінің (бүгін, былтыр, биыл, әлі, енді, қазір), сын-қимыл үстеулерінің (тікелей, бірден, әлінше, лезде, зорға) кейбіріне шырай жұрнақтары қосылмайды. Бұның өзі «негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасаладың (А. Ысқақов) деген пікірдің қате екенін көрсетеді. Үстеуде ондай категория болу үшін я шырай категориясының қосымшалары барлық үстеуге немесе үстеудің белгілі тобына енетін барлық сөзге немесе барлық негізгі түбір үстеуге түгел жалғана алуы керек. Ондай жаппайлық қасиет мұнда жоқ, сондықтан үстеуде шырай категориясы жоқ. Әрине, бірлі-жарым үстеуге шырай категориясының қосымшалары жалғануы кездейсоқ емес. Олар көбіне негізгі түбір және қимылдың сапалық мәнін білдіретін үстеулер болып келеді. Бұның өзі тарихи жағьнан үстеудің сын есіммен жақындығын, төркіндес екендігін ғана көрсетсе керек. Синтаксистік қызметі, ең алдымен, үстеудің семантикалық ерекшелігіне байланысты болғандықтан, яғни үстеу қимылдың, іс-әрекеттің алуан түрлі белгілерін білдіретіндіктен, етістіктермен тіркесіп, көбіне пысықтауыш қызметін атқарып тұр. Үстеудің жасалуы төмеңдегідей: 1.Синтетикалық (морфологиялык) тәсіл: -ша,-ше: қазақ-ша, қысқа-ша, ескі-ше; - лай,-лей,-дай,-дей,-тай,-тей: өлер-дей, шикі-лей, қыс-тай, т.б. - дайын. - дейін: тоты-дайын таранған,; - шалық;, - шелік, - шама,-шеме: сон-шалық, осын-шама; - дайлық;: сон-дайлық,; - шаң;, - шең;: көйлек-шең, етік-шең; -сыз,-сіз: қаннен қапер-сіз, ысырап-сыз: -ын,-ін, -н: жасырын, үстіртін, қырын; -сын,-сін: кешкісін, ертеңгісін; т.б. -ы,-і: жылы, жолы, күні, түрі, өмірі. 2.Лексика-семантикалық тәсіл: а) басқа тілден енген үстеулер: қазір, әуелі, таман, т. б.ә) семантикалық процесс арқылы, яғни адвербиалдану арқылы жасалған үстеулер: соң (зат атауынан соң дегеннен), кеш (мезгіл атауынан), аса, өте, лықа, айнала, т.б. көсемше тұлғаларынан қалыптасқан. 3.Семантикалық-синтетикалық тәсіл. Көлемдік септік формалары мен кейбір сөз таптарына қатысты жұрнақтар жалғанған сөздер адвербиалдану (семантикалық) процесі арқылы үстеуге айналып кеткен. Сөйтіп, бұл жерде екі түрлі процесс, бірі – қосымша үстелу, екіншісі – семантикалық процесс (таза семантикалық тәсілден айырмашылығының өзі осында, өйткені бұл қосымшалардың үстеу тудыру – негізгі сипаты, мәні емес), қатар жүріп отыр. Олар: а) барыс септік арқылы: босқа, жатқа, артқа, т.б.). ә) жатыс септік арқылы: мұнда, түнде, алда, б) шығыс септік: шетінен, тосыннан, қатеден, төтеден, кеңінен; в) көмектес септік: жайымен, жөнімен, шынымен, кезекпен,; -лап,-леп, дап,-деп, тап, теп; ойыншылар, жездейшілеп, т.б. 4.Аналитикалық тәсіл. а) сөздердің бірігуі: бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл), жаздыгүні (жаздың күні), ендігәрі (ендігіден әрі), т.б. ә) сөздердің қосарлануы: жата-жастана, аунап-қунап, жапа-тармағай, бірте-бірте, бет-бетімен, аз-аздап. б) сөздердің тіркесі мен идиомаланған тіркестер: ала жаздай, күні кеше, ертеден қара кешке, томаға тұйық, күн ұзаққа. 17.Көптік жалғау және көптік категориясы. Қазақ тілінің грамматикаларында сан-мөлшер категориясы деген терминнің болмай, грамматикалық тұлға ретінде көптік жалғау, көптік жалғау категориясы немесе көптік категориясы деген терминдердің қолданылуы осының дәлелі болса керек. „Тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Ал, осы екеуі бір де емес және бірдей де категориялар емес. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы — онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі, лексикалық, морфологиялық, синтетикалық тәсіл арқылы да айтылады" (Ы.А. -ҚҚТ,40). Әрмен қарай „көптік жалғау категориясы" деген ұғымға не кіреді деп ашық айтылмайды, сірә, ол термин және ұғым көптік жалғау дегенмен бара-бар болу керек. Мұнда, біріншіден, категория (әрине, грамматикалық категория мәнінде) деген термин, жоғарыда арнаулы тақырыпта көрсетілгендей, белгілі бір тұрақты грамматикалық құбылыстың аты ретінде белгілі бір принциппен қолданылмаған. Екіншіден, „көптік жалғау категориясы" деген термин „грамматикалық формалар жүйесі арқылы берілетін тектес, ыңғайлас әрі өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы болып келетін грамматикалық мағыналардың жиынтығы" деп анықталатын грам-матикалық категория ұғымын тіпті жоққа шығарады.Көптік ұғым мен оған қарама-қайшы жекелік я дара-лық ұғымның болуы — жалпы зат атаулыға тән қасиет. Қазақ тіл білімінде сан-мөлшер категориясы көбіне-көп көптік ұғыммен, көптік жалғау тұлғасымен байланысты қаралып келді.Көптік ұғым аналитикалық тәсілмен де беріледі. Бұндай ерекшелік септік жалғауларының жалғануынан да байқалады.Көптік жалғау таза көптік мағынадан басқа мәнде, әр түрлі стильдік сипатта да жұмсала алады. Көптік жалғаудың негізгі грамматикалық мағынасы — заттың көптігін білдіру: ауыл-дар, үй-лер, кітап-тар, адам-дар, бала-лар т.б. Осы негізгі мағыналарымен бірге көптік жалғау басқа да мағыналық реңктерді, мәндерді білдіруі мүмкін: 1) сан есімге, үстеуге жалғанып, сол сөз білдіретін ұғымның жалпы мөлшерін, болжамын білдіреді: жасы қырық-тарда, ертең-дер барып қалар (бұл жерде қырық та, ертең де көп емес); 2) абстракты зат есімдерге жалғанып, оның көптігін емес, әр түрлілігін немесе салмақ, мөлшер, көлем өлшемін білдіреді: ой-лар, сәуле-лер, су-лар, ойын-дар, күлкі-лер т.б.; 3)даралық мәндегі зат атауларына, жалқы есімдерге жалғанғанда, олардың өзінің көптігін емес, көпке ортақ екенін және онымен бірге топтау ұғымын (және басқалар деген сияқты) білдіреді: әке-лер, шеше-лер, Абай-лар келе жа-тыр (әке, шеше біреу-ақ қой, Абай және оның қасындағылар) т.б. 4) заттың өзінің көптігін емес, көпке ортақтықты да білдіреді: ас-тарыңды ішіңдер дегенде астың көптігі емес, оны ішетін адамның көптігін білдіреді. 18. Зат есім категориялары. Зат есімнің семантикалық және грамматикалық (түрлену жүйесі мен синтаксистік) сипатын меңгеру арқылы оның басқа сөз таптарынан бөлініп, жеке сөз табы бола алатынын және сөйлемде зат есімдерді тауып, мағыналық, тұлғалық құрамдық түрлеріне талдай алып, сөйлемдегі қызметін ажырата білу.Зат есім – семантикалық сипаты (жалпы грамматикалық мағынасы) жағынан зат атауын білдіретін сөздер, сондықтан кім? (адамға байланысты) және адамнан басқа затқа байланысты не? деген сұраққа жауап береді. Кейбір зат атаулары біркелкі заттардың жалпы атауы, олар жалпы есім деп аталады. Мысалы, ағаш деген – бір ғана ағаш емес, жалпы атау. Зат атауының кейбіреуі жеке, дара заттың өзіндік атауы, аты болып келеді. Мысалы, Алматы – бір ғана қаланың жеке аты. Сондай-ақ Досжан, Әкімтай, Мұхтар - жеке кісілердің аты, Ертіс, Шу, Нұра, т.б. – жеке-жеке өзеннің аты. «Абай жолың, «Ботагөзң - жеке кітаптардың (шығармалардың) аты, т.б. Бұлар – жалқы есімдер деп аталады. Жалқы есімдерге кісі аттары, әкесінің аты мен фамилиясы, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше,ұйым, мекеме, завод, фабрика аттары, географиялық (жер, су) атаулар, әр түрлі шығарма (газет, журнал, кітап, ән-күй, би, т.б.) аттары, мал, құс, хайуанаттарға арнап қойылған (мысалы, Тайбурыл, Құлагер) аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады.Зат есімдер кейде қолмен ұстап, көретіндей нақты (деректі) затты да, (мысалы, үй, кітап, қағаз), ой арқылы ғана түсінілетін а бстракты (дерексіз) затты да (мысалы, ақыл, достық, қиял) білдіреді.Зат есімнің түрлену жүйесі оның көптелуі, тәуелденуі, септелуі болып табылады, өйткені көптік, тәуелдік, септік категорияларының білдіретін мәндері заттық мағынамен байланысты, олардың тұлғалары өзі жалғанған сөздерге субстантивтік мән үстейді.Құрамы жағынан зат есім негізгі түбір, туынды түбір, біріккен түбір, тіркескен (күрделі) түбір болып келеді. Мысалы: өнеркәсіп, белбеу, ашудас, күйші, Көкшетау, Сарысу, аяқ-табақ, азық-түлік, ауыл-аймақ, қант қызылшасы, қызыл отау, Арал теңізі,т.б. 19. Сөз таптары мен сөз топтары, олардың арақатынасы. Сөз таптарының шығуын, қалыптасуын бірсыпыра ғалымдар сөйлем мүшелерімен байланыстырады. (М.ГП) Негізгі сөз таптары сөйлеу процесінде сөздердің белгілі сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалу барысында біртіндеп жасалып қалыптасқанын көрсетеді.)азақ тілінде мынадай сөз таптарын көрсетуге болады.
Сөз таптарының шығуын, қалыптасуын бірсыпыра ғалымдар сөйлем мүшелерімен байланыстырады. (М.ГП) Негізгі сөз таптары сөйлеу процесінде сөздердің белгілі сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалу барысында біртіндеп жасалып қалыптасқанын көрсетеді. сөйлемдегі қызметі мен орын тәртібінің тұрақталуы арқасында ең алдымен есім (негізінен зат есім) және етістік сөз топтары қалыптаса бастаған. Сөйлемнің бірінші позициясындағы сөздер зат атауы мен оның алуан түрлі сипаттарын белгілейтін жалпы грамматикалық мағыналарға ие болып, сөйлемнің соңындағы сөздер сол есім сөздердің әр түрлі қимыл, іс-әрекеттерін білдіретін жалпы грамматикалық мағыналарға ие бола бастаған. алдымен саралана бастаған – есімдер тобы мен етістіктер. Бұл топтардың өзі сөйлеуде қызметтері, орын тәртібі арқылы ажырап отырған. Есімдер субъект (субстант), объект есебінде, сөйлемнің соңындағы сөздер предикат қызметінде жұмсалып, көпшілік жағдайда бір сөздің өзі әрі есім ұғымында, әрі қимылдық ұғымды орын тәртібіне қарай білдіріп жұмсала берген. Тілімізде қазір омоним деп танылып жүрген, түркі синкретизмі деп аталатын құбылыс яғни есім-етістік негізгі түбірлер осының айғағы болса керек: көш (керуен) - көш (бір жаққа көшу), той (думан, ас беру) - той (тойып тамақ ішу), тоң (қатқан жер, кесек) -тоң (қалтырау, тоңу), ық (жел тимейтін жақ) -ық (желдің ағымымен кету), ой (төмен, ойпаң жер) - ой (жерді қазу), жау (май, көздің жауын алды немесе жаубүйрек, жау жұмыр дегенде, көне түрі: йағ-май) -жақ (майлау, сөз соңындағы ғ; дыбысы есім сөзде у дыбысына айналған, етістікте қатаң қ; дыбысына ауысқан) сөз, (ақырын, жайлап: тез байығаннан сөз байыған қайырлы деген мәтелде) – сөз (тарту, ұзарту), түт (төбеге, бұрыштарға шаң-тозаңның жиналып қалуы) – түт (майдалау, жүн түту) т.б. 20. Көсемшенің семантикасы мен функциясы. Көсемшедегі жақтық мағынаның белгілеушісі: - контекс" (ҚТГ, 183, 182). Олай болса, біріншіден, бірсыдырғы оқулықтар мен грамматикаларда көсемшенің түрлері тек жасалатын қосымшалары арқылы ғана жіктеліп бөлінбей, сонымен бірге ол түрлері жаққа қатысты аталып отыратынын, мысалы: өткен шақ, көсемше (-ып, -іп,-п), осы шақ (А. Ысқақов) немесе ауыспалы осы шақ, И.Мамановтың; көрсетуінше келер шақ есімше (-а, -е, -й) мақсатты (И.Маманов) А.Ысқақовтың; көрсетуінше, келер шақ көсемше (-ғалы, -гелі, -қалы, -келі) болып бөлінетінін (ЫЛ -ҚҚТ, 316-320, М.И. -ҚҚТ 91-98, т.б.) қайда қоямыз? Екіншіден, -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер тікелей жіктеліп, тиянақты тұлға ретінде сөйлемнің баяндауыш қызметінде жұмсалады.Сондай-ақ көсемшелі тұлғалы (-а, -е, -й және -ып, -іп, -п) етістік 1-және 3-жақтарында немесе бұйрық рай түрінде немесе 1-жақта әдеттегідей жіктеліп, 3-жақта жіктелмей-ақ ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылаулармен тіркесіп те баяндауыш қызметінде тиянақты тұлға ретінде жұмсалады: ол бар-ып па? барма-сын ба? мен бар-айын ба? біз бармай-мыз ба? олар бара ма? т.б. Бұлардың бәрінде де көсемшенің тұлғалары шақ категориясының грамматикалық көрсеткіші болып тұрғанында ешбір дау жоқ. Ал көсемшенің бағыныңқы сөйлемдердің баяндауышы қызметінде қолданылуы және онда көсемшенің шақтық мағынаны білдіріп тұрғандығы өзінен-өзі көрініп тұр.Көсемшенің - ып, -іп, -п кейде -а, -е, -й тұлғасындағы етістік сөйлемде есімшелі етістікпен, тіпті кейде шартты райлы тұйық етістікпен және жедел өткен шақ тұлғасындағы етістікпен бірыңғай баяндауыш, кейде басқа сөйлем мүшесі қызметінде де жұмсала алады: Сазарған балуан жауап бермей, жаңа ұсталған жолбарыстай жан-жағына қабағын түйе, тесірейе қараса, қоршағандар түгелімен арық, түгелімен жыртық киімді (С.М.) Соның берген уәдесіне сеніп, үйінен жалғыз шығып кеткен (М.Ә.) Рабиға қиналған күйде: „Енді өлдім-ау!" - деп бой сұна берген уақытта ғана көмегіне сеніп шыққан бауыры Мұқаш келіп, тауып алды (М.Ә) Не кісінеп, не пысқырған жылқы үні естілмейді... Бір тастың басына шығып, қадала қарады (М.Ә.) Шұғалар өлеңдерін тоқтатып, арқаннан түсті (Б.М.) Үйден шығып, қайта кіруі – жеке жүруден қорыққаны немесе бірдеңесін ұмыт қалдырғаны. Сондай-ақ негізгі етістікке жалғанып, көсемше етістікпен тіркесіп күрделі етістіктің (етістіктің аналитикалық формантын жасауға қатысып) құрамында жұмсалады: бара жатыр, барып жатыр, барғалы жатыр, келе берді, келіп қойды, келгелі жүр т.б. Осы қолданыстың барлығында да көсемше етістік сипатында қолданылады. Көсемшенің үш түрінің үшеуі де екінші бір етістікке қатысты болып, қимылдың, іс-әрекеттің сынын, амалын, мезгілін, себебін, мақсатын білдіріп, адвербиалдық мәнде сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Бұндай жағдайда көсемшеде етістік қасиеті жоқ. Сонымен бірге көсемше формасы етістіктің үстеуге, кейде тіпті одан кейін шылауға айналуға түрткі болады: қайта, тарта, қарай, айнала, лықа т.б. сөздер осындай дамуды басынан өткізген. 21. Модаль сөз және модальдылық мағына. Модаль сөздер айтушының ойға деген әр түрлі көзқарасын білдіреді. Модаль сөздерді морфология тұрғысынан жеке сөз табы деп қарауға негіз болатын тірек, біріншіден, семантикалық белгісі – сөздердің грамматикалану сипаты болса, екіншіден, түрлену жүйесінің болмауы, үшіншіден, синтаксистік сипаты, яғни айтушының ойға деген өзіндік көзқарасын білдіре алуы болып табылады. Қазіргі қазақ тіліндегі мұндай модаль сөздер тобына негізінен мына лексемаларды жатқызуға болады: сияқты, сықылды, сиқатты, әлпетті, сыңайлы, снды, тәрізді, рәуішті, мәзімді, тақылетіті, іспетті, мүмкін, ықтимал, кәдік, шек, шамасы, сиқы, тәрізі, аңғары, әлпеті, нәті, туасы, нәяті, зады, асылы, түрі, жобасы, қисыны, сыңайы, зайыры, анығында, шынында, шындығында, асылында, расында, рас, шын, расы, әрине, әлбетте, бәлки, бәлкім, керек, қажет, тиіс, лазым, шығар, болар, зайыры,, меңзес, зәліттес, көрінеді, білем, дейді, -са деймін, -сам дейім, -са керек, -уы керек, -уы тиіс, -уға тиіс, -у қажет, -ға ұқсайды, сыңайы бар, тәрізі бар, түрі бар, -уы мүмкін, т,б. Бұлар семантикалық сипаты жағынан болжалдық, міндеттілік, қостау, сенім білдіру, тілек, қалау, күдік, күмән секілді т.б. мәндерді білдіреді.Модаль сөздердің бірқатары сөйлем мүшесі бола алса (кейде басқа сөздермен тіркесіп келіп, күрделі мүшенің құрамында да қолданылады), бірқатары сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, сөйлем мүшесі бола алмайды: әрине, бәлкім, мүмкін, сірә, т.б. 22. Еліктеу сөздердің грамматикалық сипаты. Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл сөздер айналадағы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарына, есту арқылы және көру арқылы әр түрлі қимылдарына еліктеуден туған. Мысалы: сарт (етті), саңқ (етті), гүрс (етті), қорс (етті), сарт-сұрт, бұрқ-сарқ, қаңғыр-күңгір тасыр-тұсыр, т.б. дыбысқа еліктеуді білдірсе, жылт (етті), қалт-құлт, бүгжең-бүгжең, т. б. әр түрлі қимыл-әрекетке, құбылысқа еліктеуді көрсетеді. Сондықтан да олар еліктеу сөздер деп аталады. Екіншіден, еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістіктермен (негізінен ет етістігімен) тіркесіп немесе қайталанып келіп қолданылады.Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: Жылт ете түсті, жалт қарады, қалт етті, ербең етті, т.б. бейнелеуіш сөздер қайталанып, қосарланып, көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: маң-маң басты, жалт-жұлт етті, жылт-жылт етті, жарқ-жұрқ етті, далаң-далаң жүгірді, қызараң-қызараң етті, қиқаң-қиқаң етті, ербең-ербең етті. Негізгі және туынды еліктеу сөздер. Еліктеу сөздер құрамына қарай негізгі, туынды және күрделі түбір болып келеді.1.Негізгі еліктеу сөздерге әр түрлі дыбыстар мен қимыл, іс-әрекетке тікелей еліктеуден туған түбір сөздер жатады. Мысалы: тарс, тұрс, күрс, дік, жылт, жалт, топ, шіңк, морт, қорс, ырс, борт, қыңқ, ірк, шаңқ, т.б. 2.Туынды еліктеу сөздер негізгі түбір еліктеу сөздер мен басқа да сөздерден – аң, -ең, -ың, -ң; жұрнағы жалғану арқылы жасалады. а) негізгі түбір еліктеу сөздерден жасалған туынды еліктеу сөздер: арс-аң, бор-аң, болп-аң, елп-ең, жылт-ың, жалт-аң, томп-аң, быж-ың, кілт-ің, жымп-ың, сымп-ың,т.б. ә) етістіктерден жасалған туынды еліктеу сөздер: ағар-аң, былға-ң, домала-ң, иір-ең, қызар-аң, сыла-ң, т.б. б) осы жұрнақ арқылы жасалған кейбір туынды еліктеу сөздердің түбірі қазіргі кезде жеке қолданылмайтын өлі түбірге айналып кеткен. Олардың түбірін түбірлес басқа сөздермен салыстырып қарау арқылы болжауға болады. Мысалы: арб-аң (арби), ерб-ең (ерби), жарб-аң (жарби), кірб-ең (кірби), адыр-аң (адырай, адырақ), ажыр-аң (ажырай), майм-аң (майми, маймақ), кірж-ің (кіржи), қайқ-аң (қайқи, қайқы), қылм-ың (қылми, қылымси), соп-аң (сопи, сопай), сид-аң (сиди, сида), т.б. 3. Күрделі еліктеу сөздер негізгі және туынды еліктеу сөздердің қайталануынан немесе қосарлануынан жасалады. Мысалы: борт-борт, гүрс-гүрс, гүр-гүр, дүр-дүр, дір-дір, зырқ-зырқ, бүрсең-бүрсең, жалбаң-жалбаң, қожаң-қожаң, тарс-тұрс, арс-ұрс, баж-бұж, арбаң-ербең, адыраң-едірең, тапыр-тұрып, т.б. Еліктеу сөздер жұрнақ арқылы басқа сөз таптарынан (негізінен зат есім мен етістік) да жасалады. Мысалы: тарс-ыл, сыр-ыл, ыңқ-ыл, бұл-аң, бүлк-ек, даң-ғыр, қаң-ғыр, дүң-гір, т.б. еліктеу сөздерден -ыл, -іл,-л, -ақ,-ек, -ғыр,-гір жұрнақтары арқылы зат есімдер жасалған болса, желб-іре, салб-ыра, үлб-іре, қалб-ыра, күкр-іре, дүрк-іре, арбаң-да, ербең-де, бұраң-да, күбір-ле, қоқаң-да,т.б еліктеу сөздерден -ыра, -іре, -ла, -ле, -да, -де жұрнақтары арқылы етістіктер жасалған. Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі. Еліктеу сөздер жалаң түрінде де, қосарланып келіп те көбіне көмекші етістікпен, кейде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалады.Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп қолданылғанда, көбіне күрделі баяндауыш құрамында жұмсалады немесе етістіктің әр түрлі тұлғасында келіп, басқа да қызмет атқарады. Мысалы: Боқай келіншегінің сөзіне мыңқ етпеді (Ғ.Мұст.). Жаппамыз теңселіп тұрғандай, астымыз дір-дір етеді (Ғ.М.). Қасқыр тыпырлап жатқан қозыны көре сала, ыр етіп барып бас салды (М.Ә.). Қалт еткенді аңдып отыр. Оның сөзіне елең еткен адам болмады. Берілген мысалдағы көмекші етістікпен тіркескен мыңқ етпеді, дір-дір етеді деген еліктеу сөздер (Боқай қайтпеді?) күрделі баяндауыш болса, ыр етіп барып (қалай?) пысықтауыш, қалт еткенді (нені аңдып отыр?) – толықтауыш, елең еткен (қандай адам?) – анықтауыш қызметін атқарып тұр. 23. Есімдіктің семантикалық топтары. Есімдік – лексика-грамматикалық (семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы. Сондықтан кейде есімдікті орынбасар сөз табы деп те атайды. Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сүрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздык есімдігі;.7) белгісіздік есімдігі. Есімдіктердің емлесі. Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау есімдіктері негізгі түбір сөздер болғандықтан, дара есімдіктер болып саналады. Мысалы: мен, сен, сіз, ол, бұл, ана, сол, қанша? қалай бәрі, түгел, өзім т. б. Еш, әлде, әр, кей, қайсы, бір сөздері мен басқа есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған болымсыздық, белгісіздік есімдіктері күрделі есімдіктер болып саналады, олар бірге жазылады. Мысалы: ешкім, ешқашан, ешбір, әлдекім, әрбір, кейбір, әрқалай, әрқашан т. б Еш, әлде, әр, кей, бір, қай сөздері басқа сөз таптарымен (зат есім, кейде қатысты сын есімдермен) тіркесіп қолданылады да, бөлек жазылады. Мысалы: еш уақытта, әр адам, кей шақта, бір мезгілде, әр түрлі т. б. Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі. Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, сөйлемде әр түрлі мүшенің қызметін атқарады.1. Есімдіктер, әсіресе жіктеу есімдіктері, атау септікте тұрып бастауыш болады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (А). Кино үстінде бұлар бір-біріне бір ауыз сөз айтқан жоқ. (Ж. Молдағалиев).2.Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, кемектес септіктердің бірінде тұрып толықтауыш болады. Мысалы: Кеудемде жаным тұрғанда Гауһарды ешкімге бермеспін (С. Мыңжасарова). Жалғыз сенен айырылып, Артыңа қарап аһ ұрдым (А).Есімдіктер ілік септікте немесе сын есім мен сан есімнің орнына қолданылып, анықтауыш болады. Мысалы: Ешбір дарынды ақын, ешбір дарынды жазушы орыс әдебиетін, орыс әдебиеті арқылы дүние жүзілік озық әдебиеттің көрнекті үлгілерін аттап өте алмауы керек. (Ғ. М.). Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол (А). Бұл сұраққа жауап бермей, аз отырып барып сөйледі. (С. М.). Бірнеше жұмсақ алақан Көтеріп бара жатқандай (Ғ. Қайырбеков). 3. Есімдіктер мезгіл, мекен мағыналарында үстеудің орнына қолданылса, пысықтауыш болады. Мысалы: Бүгін ешқайда бармайсыңдар, маған бір кешті қимайсыңдар ма? (Ж. Молдағалиев). Бірен-саран шыққан астықтарын жұрт әлдеқашан жинап алған. (С. Дөнентаев).Есімдіктер жіктеліп қолданылса, баяндауыш болады. Мысалы: Менің іздегенім — сенсің. Әнеугі келген бала — осы. Сен нешіншісің? Есімдіктің мағыналық түрлерінің (жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау) семантикалық, құрамдық жақтарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Зат есімнің орнына жүретін немесе субстантивтенген есімдіктер септеледі. Оның ерекшеліктері: · барыс септік тұлғасы жуанданып, -ған болып кетеді; · ілік, табыс, шығыс септіктерде сөз соңындағы д, н түсіп қалады. · жатыс септікте сөз соңындағы л дыбысы н дыбысына айналып кетеді: · көмектес септікте түбірдің соңғы л,н дыбыстары түсіп қалып, одан кейін ілік септіктің қалдық тұлғасы -ны, -ні үстеліп барып – мен жалғауы жалғанады. · бұл (бұ) сілтеу есімдігі атау мен іліктен басқа септіктерде әрі мұ түрінде де қолданылады. · Кейбір сөз табы семантикалық процестердің негізінде есімдікке ауысқан, ол прономиналдану процесі деп аталады: бір, біреу,т. б. 24. Сын есімнің семантикалық топтары. Сын есім – семантикалық сипаты жағынан (жалпы грамматикалық мағынасы) жағынан заттың әр түрлі сапа, белгісін, түсін, затқа, құбылысқа, іс-әрекетке қатысын білдіретін сөздер, сондықтан қандай? қай? қайдағы? қашанғы? тәрізді сұрақтарға жауап береді. Сын есімнің мынадай маңызды белгілері болады: 1.Заттың түсін, түрін білдіреді: ақ (қағаз), көк (сия), қара (костюм), сұр (бұлт), құла (бие), күрең (ат), қызыл (сиыр), жасыл (желек), т.б. 2. Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: биік (үй), кіші (інісі), тар (бөлме), ұзын (жіп), жеңіл (жүк), т.б. 3.Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы (сөз), жаман (ырым), сараң (кісі), тентек (бала), алғыр (оқушы), зерек (оқушы), жалқау (кісі), т.б. 4.Заттың дәміне, иісіне, және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы (сөз, тұщы (ас), қышқыл (қымыз), тәтті (су), жұмсақ (төсек). 5. Затқа, қимыл-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: тасты (жер), балалы (үй), білімді (жігіт), көтеріңкі (көңіл), сусыз (арна), қысқы (каникул), аспалы (шам), жазғы (демалыс), төменгі (ағыс),т.б. 6.Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мағыналық жағынан сын есімдер заттың сапалық, сындық белгісін, түсін білдіріп, сапалық сын есім және бір затқа, құбылысқа, қимылға қатысын білдіріп, қатыстық сын есімдер болып бөлінеді. Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің айырмасы ең алдымен білдіретін мағынасына байланысты. Сын есім қатары адъективтену (сын есімге ауысу) процесі арқылы да толығып отырады. Мысалы, сүзеген, қабаған, тебеген, жанар (тау), құттықтау (сөз), т.б. қазіргі кезде етістік емес, сын есім деп танылады. Сын есім қатары адъективтену (сын есімге ауысу) процесі арқылы да толығып отырады. Мысалы, сүзеген, қабаған, тебеген, жанар (тау), құттықтау (сөз), т.б. қазіргі кезде етістік емес, сын есім деп танылады. сын есімнің бір түрі-сапалық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғанып, шырай түрлерін жасауға болса, сын есімнің мағыналық тобының екінші тобы-қатыстық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғана алмайды да, одан шырай түрлері жасалмайды. Сонда шырай категориясы жалпы сын есімге емес, сын есімнің бір ғана семантикалық түрі - сапалық сын есімге ғана тән екен. Екіншіден, сын есім – қазақ тілінде түрленбейтін сөз табы. Яғни сын есім өзінің семантикалық (мағыналық), қызметтік ерекшелігі – зат атауының (зат есімнің) әр түрлі сапалық, сындық белгілерін, түр-түсін, бір сөзбен айтқанда, заттың әр түрлі белгісін білдіретін сөздер болғандықтан, сөйлеу процесінде осы мәнде негізінен зат есіммен тіркесіп қолданылатыны белгілі. Сын (сапалық) есімнің шырай категориясы лексика-грамматикалық категория, жалпы сын есімнің түрлену жүйесі емес, сапалық сын есімнің семантикалық және грамматикалық тұлғалану сипаты болып табылады. Өйткені шырай қосымшалары түбірге (сапалық сын есімге) жалғанып, түбір білдіретін мағынаны өзгертіп жібере алмағанымен, оған сәл де болса өзгеріс енгізіп немесе қосымша реңк, мән үстеп отырады. 25. Лексика-грамматикалық категориялар мен таза грамматикалық категориялар. Сөз табына қатысты грамматикалық (морфологиялық категориялардың грамматикалық) сипаты сол сөз табының семантикалық, грамматикалық ерекшеліктерімен айқындалады. Сондықтан да грамматикалық (морфологиялық) категориялардың түрлену жүйесі мен семантикалық сипаты біркелкі емес. Олардың морфологиялық көрсеткіші болып табылатын грамматикалық тұлғалары бірде таза грамматикалық қана мағына үстеп, сол сөз табының сөз түрлендіру жүйесінің формалары болса, бірде ондай формалар таза грамматикалық сипаттан гөрі түбірдің семантикасына аздап болса да өзгеріс, мағыналық реңк үстеп, лексика-семантикалық сипатқа да ие болады. Сын есімнің шырай категориясының етістіктің етіс категориясының, салт-сабақты етістік категориясының, болымсыз етістік категориясының семантикалық мағыналық мәні жағынан, грамматикалық сипаты, парадигмалық жүйесі жағынан басқа грамматикалық категориялармен (зат есімнің көптік, септік, тәуелдік, етістіктің жақ, рай, шақ категорияларымен) салыстырғанда, ондай ерекшеліктері анық байқалады. Мысалы, шырай қосымшалары түбірге (сапалық сын есімге) жалғанып, жаңа мағыналық сөз тудырмағанмен, сын есім түбірінің негізгі сапалық мағынасына қосымша мән, реңк үстейді. Яғни түбірдің семантикасы бүтіндей өзгеріссіз қалмайды. Бірақ ол – жаңа мағыналы сөз емес, яғни сөзжасам көрсеткіші емес, грамматикалық мәнге қатысты шеңберден шығып кетпейді. Семантикалық жағынан үлкен мен үлкендеу, биік пен биігірек, жақсы мен өте жақсы, таза мен тап-таза т.б. бірдей емес. Сонымен бірге шырай қосымшасы үстелгеннен түбірдің грамматикалық сипаты (сөз түрлендіргіштік, сөз байланыстырғыштық, қызметтік, басқа сөзге қатыстық қасиеті) өзгермейді. Сондай-ақ етіс, болымсыз етістік категорияларының тұлғалары, біріншіден, түбірдің семантикасына аз да болсын өзгеріс, мағыналық реңк үстейді (келтір яғни өз бетімен келуі емес, біреудің алып келуі, келме -қимылдың болмауы), екіншіден, түбірдің грамматикалық сипатының атап айтқанда, етістіктің сырттай жекеше, анайы 2-жақ бұйрық рай тұлғасымен сәйкес келіп, тікелей жіктеле алмай, сөйтіп, осы күйінде сөйлемде қолданыла
|