Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сын есімнің шырай категориясы.





Сын есімнің шырайлары – сын есімнің біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы. Шырай категориясы әр түрлі сапаны емес, керісінше, ұқсас заттардың біркелкі сындық, сандық, сапалық дәрежесін салыстыруға қызмет етеді. Шырай жұрнақтары қатыстық сын есімдердің бәріне бірдей жалғана бермейді (түскі мезгіл немесе шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ дегендегі қатыстық сын есімдер шырай категориясын қабылдамайды), олар заттанған сөздерге (баларақ), кейбір модаль сөздерге (көбірек, азырақ), үстеулерге (ілгерірек, өте кейін) жалғанады.Ғылыми еңбектерде шырай түрлері түрліше беріліп жүр: мектеп оқулықтарында 3 (жай, салыстырмалы, күшейтпелі), ал жоғары оқу орны оқулықтарында 4 түрі (асырмалы) беріледі. Бұлайша жіктеу олардың мағыналық реңктеріне байланысты: аппақ пен керемет ақ немесе тым аппақ деп айту оның ерекше аппақтығын білдіру, бір ғана түстің түрлі дәрежесі мен сапасын жеткізу мақсатынан туындаған.

Сын есімнің шырайларын түрлеріЖай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді. Салыстырмалы шырай аналит. тәсілмен жасалады, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді. Күшейтпелі шырайды Төлеуов аналитикалық және синтетмкалық жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі түріне бөліп тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді. Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен. Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай. Кейде шырайлар аралас қолданылып, бірінің үстіне бірі жалғана береді. Мысалы: тым қызылдау, үлкеніректеу. Кейбір зерттеушілер шырай категориясының лексика-грамматмкалық екі түрін ғана (салыстырмалы, күшейтпелі) атайды.

11.Есімше, оның мағынасы мен түрлері. Есімше де – екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылатын етістіктің ерекше түрі. Есімше ешқандай қосымшасыз қандай? қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметінде: Айтылған (қандай?) сөз – атылған (қандай?) оқ; кім? не? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш не баяндауыш қызметін атқарады: Көрмес (кім?) түйені де көрмейді. Ақылды байқап сөйлер. (қайтер?)

Есімше төрт түрлі жолмен жасалады:1)-қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады;2)-ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін – с жұрнағы арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады; 3)-мақ, -мек, -бақ, -бек,- пақ, -пек жұрнақтары мақсатты келер шақ есімше жасайды; 4)-атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары ауыспалы өткен шақ жасайды.Есімше көптеліп, тәуелденіп, септеліп, жіктеліп қолданылады.

12.Көптік жалғау және көптік категориясы. Жалғаулардың ішінде көптік жалғаулардың орын ерекше. Көптік жалғау – көптік ұғымның көрсеткіші. „Тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Ал, осы екеуі бір де емес және бірдей де категориялар емес. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы — онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі, лексикалық, морфологиялық, синтетикалық тәсіл арқылы да айтылады" (Ы.А. -ҚҚТ,40). Әрмен қарай „көптік жалғау категориясы" деген ұғымға не кіреді деп ашық айтылмайды, сірә, ол термин және ұғым көптік жалғау дегенмен бара-бар болу керек. Мұнда, біріншіден, категория (әрине, грамматикалық категория мәнінде) деген термин, жоғарыда арнаулы тақырыпта көрсетілгендей, белгілі бір тұрақты грамматикалық құбылыстың аты ретінде белгілі бір принциппен қолданылмаған. Екіншіден, „көптік жалғау категориясы" деген термин „грамматикалық формалар жүйесі арқылы берілетін тектес, ыңғайлас әрі өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы болып келетін грамматикалық мағыналардың жиынтығы" деп анықталатын грам-матикалық категория ұғымын тіпті жоққа шығарады.

13. Септіктердің мағыналары мен қызметтері. септік жалғауларына (категориясына) зат пен оның іс-әрекеті (қимылы), я зат пен заттың (сынның) арасындағы субъектілік, объектілік, меншіктілік-қатыстық, мекендік-мезгілдік, көлемдік, амалдық-құралдық, себеп-мақсаттық сияқты қатынастарды білдіріп, заттық мән үстеп тұратын түрлену тұлғасы деген анықтама беруге болады. Септік жалғау жүйесінің басқа жалғаулардан күрделілігі де осында.

Септік жалғаулардың күрделілігі септік түрлерінің тұлғалық формаларында бірізділік сақтала бермеуінен де көрінеді.

Қазақ тіліндегі (түркі тілдеріндегі) жалғаулар жүйесінің тұлғалық түрлерінде белгілі дәрежеде бірізділік, сәйкестік болғанмен, оның өрісі, шеңбері көбіне шартты болып келеді. Мысалы, тәуелдік жалғауының жекеше тұлғалары 1-жақта -ым, -ім, -м, 2-жақта анайы -ың, -ің, -ң сыпайы -ыңыз, -іңіз, -ңіз болса, 3-жақта -сы, -сі, -і екені белгілі. Тұлғалық жағынан 3-жақ жалғауы ерекше. Ал көпше түрінде І-жақ (-мыз, -міз, -ымыз, -іміз) пен 2-жақ (-лар,... -ың, -лер...ің, -лар, -ыңыз, -лер -іңіз) тұлғалары бөлек-бөлек. Осы тәріздес ұқсастық пен айырмашылықтар септік тұлғаларынан да көрінеді. Оның себебі неде? Себебі әр түрлі болуы мүмкін. Ең алдымен, әрбір түрінің қалыптасу жолы мен тәсілі әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, тәуелдік жалғаудың 1,2-жақ тұлғалары жіктік жалғаулары арқылы есімдіктеріне сайса, 3-жақ жалғауының жағдайы бөлек. Екіншіден, ол тұлғалардың қалыптасып, тұрақталу мерзімі, кезеңі де бірдей не бір болмауы мүмкін (шығыс, әсіресе, көмектес септіктердің кеш қалыптасуы оған дәлел). Үшіншіден, әр септіктің мағыналық, стильдік ерекшеліктері мен қолданылу жиілігі де олардың тұлғалық түрі мен өзгерісіне әсер етсе керек.

Қазақ тілінде септіктің жеті түрі бар.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 4060. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...


Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия