Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Етіс категориясы, оның түрлері мен мағынасы





Етіс – етістіктің ерекше категориясы. Әдетте етіс қимыл, іс-әрекеттің, субъекті мен объекті арасындағы (семантикалық-синтаксистік сипаты) әр түрлі қатынасты білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік категориясы деп анықталады.

Өздік етіс қимыл, іс-әрекеттің орындаушысына (иесіне), субъектіге қарай бағытталып, сабақты етістікке -ын,-ін, -н қосымшасы қосылып жасалады: ки-ки-ін-ді, тазала-тазала-н-ды, көр-(дәрігерге) көр-ін-ді, шеш-шеш-ін-ді, тара-тара-н-ды, сұра-сұра-н-ды, сүрт-сүрт-ін-ді т.б. Сонымен бірге өздік етіс көрсеткішіне құранды (күрделі) қосымша -лан,-лен, -дан,-ден, -тан,-тен, де жатқызылады: ой-лан, намыс-тан т.б. Бұл құранды қосымша сөзжасам - ла, -ле, -да, -де, -та, -те қосымшасы мен өздік етіс қосымшаларынан құралғанын көру қиын емес.

Ырықсыз етіс деп қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл, іс-әрекеттің тура обьектісі оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып, тек сабақты етістіктерден -ыл -іл, -л қосымшасы, түбір құрамында л дыбысы болса, -ын, -ін, -н қосымшасы арқылы жасалатын етістің түрін айтамыз. Мысалы, кітап оқы-л-ды, үй тазала-н-ды, астық жина-л-ды, сөз сөйле-н-ді, хат жаз-ыл-ды т.б. оқу қимылының, іс-әрекетінің тура объектісі – кітап, тазалаудың тура объектісі – үй, жинаудың тура объектісі – астық, сөйлеудің тура объектісі – сөз, жазудың тура объектісі – хат, ал ырықсыз етіс қосымшасы (-л, -н, -ыл) жалғану арқылы, біріншіден, оқу, тазалау, жинау, сөйлеу, жазу іс-әрекеттері өздігінен болғандай, көрсетілген тура объектілері бұл сөйлемшелерде грамматикалық бастауыш қызметін атқарып тұр, соның арқасында, екіншіден, ырықсыз етіс тұлғалы етістіктер салт етістік болып тұр, яғни ырықсыз етіс қосымшалары сабақты етістікке жалғанып, оны (сабақты етістікті) салт етістікке айналдырып тұр.

Өзгелік етіс қимыл, іс-әрекеттің тікелей субъектінің өзі арқылы емес, екінші бір субъекті (ол екінші субъекті, қимылды, іс-әрекетті тікелей орындап, іске асырушы субъекті агенс деп аталады) арқылы істелетінін, іске асатынын білдіріп, сабақты етістіктен (кез келген етістіктен емес) белгілі қосымшалар арқылы жасалатын етіс категориясының түрі болып, табылады.

Ортақ етіс қимыл, іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субъекті арқылы іске асатынын білдіріп, -ыс, -іс -с қосымшасы арқылы жасалады. Біріншіден, ортақ етісті қимыл, іс-әрекеттің субъектілері қимылға ортақтығы бірдей де, бірдей де емес болуы мүмкін (субъект көптік тұлғадағы бір зат атауы, немесе бірыңғай бастауыштар, немесе біреуі грамматикалық субъект те, екіншісі -грамматикалық жанама объекті болуы мүмкін т.б. (ҚТГ -174-175),екіншіден, ортақ етіс қосымшалары салт етістікке де, сабақты етістікке де жалғанып, ортақ етіс жасай береді: олар хат жаз-ыс-ып тұрады, қонақтар жайғасып отыр-ыс-ты, ол бізге үй сал-ыс-ты т.б.

43.Шақ категориясы, оның түрлері мен жасалуы. Қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін, немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын етістіктің грамматикалық категориясы шақ категориясы деп аталады. Жоғарыда көрсетілгендей, шақ категориясы (оның түрлері) рай категориясының бір түрі ашық райды құрайтыны белгілі. Бірақ бұл жерде мына мәселені ұмытпау керек: ашық рай қимыл, іс-әрекеттің болу-болмауы сөйлеуші тұрғысынан объективті шындыққа қатысын білдіріп, модальдылық мәні көрініп тұрса, шақ категориясы сөйлеп тұрған сәтпен байланысты ол қимылдың грамматикалық өту мерзімін, кезін білдіреді, бірақ ол мерзімдік мән жеке сөздер арқылы емес, грамматикалық жолдармен көрінеді.

Шақтың үш түрі бар: өткен шақ, келер шақ, осы шақ;.

Осы шақ;сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқанын білдіреді. Басқа шақ түрлеріне қарағанда осы шақтың жасалуында кейбір ерекшелік бар, ол қалып етістіктерінің отыр, тұр, жатыр, жүр негізгі етістік мәнінде, немесе негізгі етістіктің көсемше (-а, -е, -й, -ып, -іп, -п) тұлғасына қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесіп тікелей жіктеліп барып жасалуында. Бұлар грамматикаларда нақ осы шақ;деп беріледі.

Өткен шақ қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткенін (немесе болмай қалғанын) білдіреді. Әдетте өткен шақ, жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ;болып бөлінеді

Келер шақ;қимыл, іс-әрекеттің әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді. Әдетте келер шақтың үш түрі көрсетіледі: болжалды келер шақ;етістік түбірге есімшенің -ар, -ер, -р, болымсыз түрінен кейін -с қосымшасы қосылу арқылы жасалады: Барар-бармасымды Құртқа біледі, жүр-ер-сіз, айтпа-с-сыз т.б), мақсатты келер шақ;(етістік түбірге -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, пек қосымшасы жалғану арқылы, болымсыз түрі бұл қосымшалы етістікке емес көмекші етістік тіркеу арқылы жасалады: жүр-мек, айт-пақ, жат-пақ емес, т.б.), ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ;(етістік түбірге көсемшенің -а, е- -й қосымшасы жалғанып, жіктеліп барып жасалады: бар-а-ды, бар-а- мын, сөйле-й-сің, жүр-е-ді, т.б.)

44.Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.Жақ категориясы Жіктік жалғауы есім сөз таптарынан гөрі етістікке тән десек те, оның мынадай ерекшеліктерін көрсетпеуге болмайды. Біріншіден,етістік түбір тулғасында тікелей жіктелмейді, ал есім создер тікелей түбір тұлғада жіктеледі және 1 — 2-жақтарда тек адамға байланысты есімдер ғана жіктеледі. Екіншіден, етістіктің жіктелетін тұлғаларының өзі бірдей, біркелкі жүйемен жіктелмейді. Атап айтқанда, қазақ тілінде етістік 5 түрлі жіктеледі, 4 түрлі жіктік жалғауы жалғаиады.

1) Етістіктің есімше тұлғалы түрі (-ған, -ген -қан, -кен, -атын, -етін, -итын, -итін, -ар, -ер, -р болымсыз түрі -с - мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) және отыр, тур, жур, жатыр деген 4 қалып етістігі, -уға, -уде, түлғалы түйық етістік есім сөздерше жіктеледі: 1-жақ жекеше -мын, -мін, -пын, -пін, көпше -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз; 2- жақ анайы, жекеше -сың, -сің, көпше -сыңдар, -сіңдер, сыпайы жекеше -сыз, -сіз көпше -сыздар, -сіздер; 3-жақта арнайы жалғау жоқ.

 

2. Етістіктің көсемше тұлғалы түрі (-а, -е, -й және -ып, -іп, -п) 1-және 2-жақтарда есімдерше жіктеледі де, 3-жақта арнайы -ды, -ді, -ті, -ты деген жалғауы болады. Жіктелудің (жіктік жалғауларының көсемше түлғасына жалғанудың) нәтижесінде көсемшенің осы тиянақсыз түлғасы тиянақтылық сипатқа, аяқталғандық мәнге ие болады.

3.Етістіктің шартты райы (-са, -се) және жедел өткен шақ (-ды, -ді, -ты, -ті) тұлғалы түрлері шағындалған қосымшалар жалғану арқылы жіктеледі: 1-жақ жекеше -м, көпше -қ, -к; 2-жақ анайы жекеше -ң, көпше -ңдар, -ңдер, сыпайы -ңыз, -ңіз, көпше -ңыздар, -ңіздер; 3-жақта арнайы жалғау жоқ. Кейбір ғалымдар бұл қосымшалардың сыртқы түріне қарап оларды тәуелдік жалғау деп көрсетеді.

4. Етістіктің бұйрық рай тұлғасы ерекше жіктеледі, ол етістік тұлғасының жіктелуінің төртінші түрі болып саналады. Ол ерекшелік, біріншіден, бұйрық райда жіктік жалғаудың бүтіндей өзгеше болуында болса, екіншіден етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық рай (2-жақ жекеше анайы) тұлғаларының сырттай ұқсас, бірақ екеуі бір емес екендігінде, яғни түбір сөз формаларына негіз болатын сөздің статикалық күйіндегі тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасы — түбірден бөлек сөз формасы, грамматикалық түрлену парадигмасының бір көрінісі болып табылады. Сондықтан да етістіктің түбірі мен бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы түрі омоним формалар болады.

5. Етістіктің ерекше жіктелетін түрі — қалау рай тұлғасы. Қалау рай тұлғасын (негізгі етістік -ғы, -гі,-қы, -кі тұлғасына тәуелдік жалғауы жалғанып келді немесе келеді көмекші етістікпен тіркескен күрделі етістік) тәуелдік жалғау арқылы жаққа жіктеледі, қимыл, іс-әрекет иесі, жақ иесі (жіктеу есімдігі) атау тұлғада емес, ілік септігінде тұрады.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 12310. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия