Билет № 3. 1.Оқыту принциптері мен заңдылықтары
1.Оқыту принциптері мен заңдылықтары Принцип (латын сөзi) - басшылыққа алатын идея, негiзгi талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерiн, əдiстерiн оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесi. Оқыту принциптерi дидактиканың категорияларына жатады. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан. Сонымен, ең негiзгi, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесi: - ғылымилық;, - саналылық пен белсендiлiк, - көрнекiлiк, - жүйелiлiк пен бiрiздiлiк, -берiктiлiк, - тиiмдiлiк, - теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы. Осы принциптердi талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық. Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негiзделген белгiлi жағдайдағы белгiлi мақсаттағы педагогтық қызметтiң бейнеленуi. Ережелер оқыту принциптерiн қолданудың тəжiрибелiк жақтарын көрсетедi, теориядан тəжiрибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыс-тырғанда ережелер мұғалiмге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттiлiгiн ұсынады. Осы жерде айта кететiн жайт: ережелердi қатаң, мүлтiксiз орындау ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетедi. Сондықтан, əрбiр мұғалiм дидактикалық ережелердi типтiк, стандарттық жағдайларда тиiмдi пайдаланса, күрделi педагогтық жағдайларда дидактикалық принциптерге сүйенiп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетерi сөзсiз. Ережелер принциптерге сүйенедi, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тəжiрибенiң қорытындысы ретiнде дидактика принциптерiн қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптерiне сай қалыптасқан белгiлi ережелерге сүйенiп мақсат-мiндеттерiн iске асырады. Бiздiң оқулықта арнайы қарастырылмаған принциптер көп, мысалы, мұғалiмнiң басшылық ролi; ынталандыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту жəне тəрбиелеу бiрлiгi; iзгiлендiру; жас жəне дара ерекшелiктерiн назарға алу; кiрiктiру принциптерi. Ендi принциптер мен ережелердiң мəнiн ашу жолдарын қарастырайық;. Ғылымилық принципi. Оқытудың ғылымилық принципiне орай оқушыларға ғылыми бiлiмдер мен ғылыми əдiстердi меңгерту керек. Бұл принциптiң астарында жатқан заңдылықтар: дүниенi танып бiлуге болады, адам өмiрiнде ғылымның рөлi күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны жəне мұғалiмнiң iс-əрекетi арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшiн қызмет ететiнiн түсiндiре отырып, оқушыларда дүниеге диалектикалық, ғылыми-материалистiк көзқарас қалыптастырады. Принциптi iске асыру үшiн педагог орындайтын негiзгi талаптар: - Бiлiм мазмұнын педагогика, психология ғылымдарының қазiргi даму дəрежесiне сəйкестендiру, жаңа əдiс-темелер мен жаңашыл ұстаздардың тəжiрибесiн қолдану. - Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабiлетiн дамыту, бастауыш мектептiң өзiнде тек индукциялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгiзу. -Шəкiрттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсiндiру, жүйелi түрде қайталау, пайдалану, қолдану, iске асыру. - Оқыту əдiстерi арқылы оқушыларды ғылыми əдiстермен таныстыру, оларды iзденушiлiкке, шығармашылыққа баулу, зерттеу тəсiлдерiн пайдалану үшiн кiтаппен, анықтамалармен жұмыс iстеуге ынталандыру. - Əрбiр ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелi түрде қарапайым ұғымдармен берiк түрде жеткiзу мұғалiмнiң негiзгi мiндетi. - Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыс-тарын көрсетiп оқушылардың бiлiм деңгейiмен ұштастыру, жаңа пəн сөздердi қолдану. - Белгiлi ғалымдардың өмiрбаянымен, олардың қосқан үлесiмен оқушыларды таныстыру. Жүйелiлiк пен бiрiздiлiк принципi. Бұл принциптiң өзектi негiздерi: адам миында сыртқы дүниенi бейнелейтiн өзара байланысты түсiнiктер жүйесi қалыптасқанда ғана, оның бiлiмi толық жəне шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгiлi реттiлiкпен оқушыларға жеткiзгенде, олардың санасында ғылыми бiлiмдер жүйесi қамтамасыз етiледi; ғылыми бiлiмдер жүйесi оқу материалының iшкi логикасына жəне əрбiр оқушының таным мүмкiндiктерiне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелi түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзiлiссiз, кедергiсiз дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципiмен тығыз байланыста болғандықтан, ғылыми бiлiмдер негiзiн оқушылардың жүйелi түрде жəне реттiлiкпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының негiзгi өзегi болуы тиiс. Əрбiр мұғалiм сабаққа əзiрлену барысында не сабақ барысында жүйелiлiк пен бiрiздiлiк принципiн жүзеге асыру үшiн келесi ережелердi назарға алады. - Оқу мiндеттерiн оқушылар түсiнiп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелi қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану. - Оқу мазмұны мен əдiстерiнiң жүйелiлiгiн сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен əдiстерiнiң бiрiздiлiгiн қамтамасыз ету. - Оқу пəнi - ғылымның көшiрмесi болғандықтан оқушы-ларға ғылымның жүйесiн көрсетiп, пəнаралық байланыс-тарды пайдалану. - Бұрын ұғындырған бiлiмдi жиi қайталау жəне жетiлдiру; қысқа қорытындылауды сабақтың басында, барысында жəне аяғында өткiзу. - Тек тiл мұғалiмдерi емес, барлық педагогтар барлық сабақтарда оқушылардың ой бiлдiру əдiстерi мен түрлерiн бақылау; үнемi оларды өз қателерiн тауып, талдауға үйрету. - Əрбiр тақырып, бөлiм, тарау, пəн аяқталғанда қорытын-дылау жəне жүйелеу сабақтарын өткiзу. - Табиғатына байланысты, шəкiрттер бiрнеше сабақта меңгеретiн материалды бiр сабақта ''айлақорлықпен'' ұғындырмау. - Оқушылардан əр тарау мен бүкiл бағдарлама бойынша бiлiм, дағды,бiлiк жүйесiн меңгеруiн
|