Студопедия — ситуациялык есеп
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ситуациялык есеп

1)~~ Қабылдау бөлімшесіне науқас жағдайының нашарлағанына шағымданып келді, бірақ науқаста ешқандай жолдама қағазы жоқ.

Сіздің іс-әрекетіңіз?

Ең алдымен науқасқа жедел түрде көмек корсету қажет, Анторометриялық істі дұрыс жүргізу, оның аймактық дәрігеріне жіберу, яғни жолдамасы жоқтығына байланысты.

Қабылдау бөлімі сырқаттарды қабылдауға, тіркеуге, тексеруге, алғашқы диагноз қойылатын, алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетілетін және санитарлық гигиеналық жуып-шаюға арналған аурухананың бір бөлімі.

2)~~ Қабылдау бөлімшесіне түскен науқасты педикулезге тексеру барысында басынан бит табылды. Сіздің іс-әрекетіңіз?

Педикулез-бұл битшеңдік. Баста жіне киімде болатын биттер жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы болып табылады, сондықтан да бит табылған кезде дезинфекцияны тез арада жүргізу керек.

Әзірлеу керек;

- халат, орамал, биялай;

-клеенка, өлшемі 1х1;

-матадан және кленкадан тігілген орамал(науқас үшін);

-майда тарақ;

-0,15 % карбофостың сулы-эмульциялы ерітіндісі, ниттифор;

-10%сірке қышқылы;

-киім үшін қап;

-мақта тампондары;

-науқастың медициналық,стационарлық картасы;

-жұқпалы ауру туралы жедел хабарлама №058/есептегі үлгі

Карбофос ерітіндісімен тазалау;

1.Орамалды байлап, қосымша халат пен биялайды киеміз;

2.Науқасты кушеткаға отырғызамыз;

3.Науқастың шашын 0,15% карбофос ерітіндісімен тазалаймыз;

4.Клеенка орамалмен, сонан соң сыртынан мата орамалмен ораймыз;

5.Шашын жылы сумен жуамыз;

6.Шашын 10% сірке қышқылымен шаямыз;

7.Шашын майда тарақпен тараймыз;

8.Науқастың киімін зарарсыздандыру камерасына өткізу үшін қапқа саламыз;

9.Медициналық картаның мұқаба бетінің оң жақ бұрышына Педикулез табылғаны туралы "Р" (Pediculosis) деген белгіні қоямыз;

10.Науқаспен байланыста болған заттармен жабдықтарды да жоғарыда аталған дезинфекциялық ерітіндімен тазалаймыз;

11. Халатымды, орамалымды, биялайымды қапқа салып зарарсыздандыру камерасына өткіземін;

12.Жұқпалы ауру туралы жедел хабарламаны №058 / есептегі үлгіні толтырып оны санитарлық-эпидемиялогиялық станцияға жібереміз;

 

3)~~ Қабылдау бөлімшесінде түскен науқаста қан құсу байқалды. Сіздің алғашқы іс-әрекетіңіз?

Бұл жағдайда эпигастриум аймағына мұзды мұйық қою қажет. Терапия бөлімшесіне гастроэнтрология бөлімінде каталкамен және кресло-каталкамен жатқызып немесе отырғызып тасымалдау керек. Дер уақытында ағзадан кетіп жатқан қанды тоқтату үшін ем-шара қолдану қажет.

 

4)~~ Қабылдау бөлімшесіне жедел жәрдеммен асқазан-ішектен қан кету белгілері бар науқасты жеткізді.Қан кету белгілері науқаста 3 сағат бұрын байқалған. Қараған кезде науқастың жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлықтай. Есі анық, қан қысымы 130/80 мм.сын.бағ. Науқасты бөлімшеге тасымалдау түрін көрсетіңіз?

Зембілмен тасымалдау қажет, әрекет барысында:

1.Науқасты көтеріп салғанда бір қалыппен және бір кезде көлденең ұстап жатқызып салады;

2.Тасушылар зембілді шайқалтпай, тербелтпей, бұрылыстарда ақырын бұрылып, аяқтарын бірдей алып жүрулері керек;

3.Баспалдақпен көтерілгенде аяқжағын көтеріп және тегістікке зембілдің бас жағымен алға жүреді, ал баспалдақпен төмен түскенде аяқ жағымен алға және аяқжағын көтеріп жүреді;

4. Арт жағында келе жатқан медицина қызметкері науқастың жағдайын бақылайды;

5.Егер тасушылардың біреуі шаршаса, ол жөнінде міндетті түрде айтуы керек;

6.Зембілге науқасты салғанда немесе төсекке ауыстырғанда 3 адамның болғаны дұрыс;

 

5)~~ Науқаста көз бұрышында ақ және сарғыш бөліністердің, көз қабағының қызаруы пайда болған.Сіздің іс-әрекетіңіз?

Науқасты жатқызып немесе отырғызып тез арада 3 процент бор қышқылымен науқастың көзіне тамызу, қайнаған суға фурацилиді ерітіп шаю, жылы сумен шаю, альбуцит тамызу қажет. Көзі жууға арналған іс-әрекеттер: Пайиентті ыңғайлы отырғызу, залалсыздандырылған томпонды алып оны тағайындаған ерітіндіге малап, аздап сығыңыз. Сол көзді оң қолмен сыртқы бұрышынан кеңстікке қарай бағыттап жуу. Сол қолмен басқа мақта томпонын алып, оң көзді жоғарыдағы тәртіппен жуыңыз.Қажет болса, бірнеше рет қайталаңыз. Амалы барынша ұқыптылықпен жасау қажет.

6)~~ Науқастың шашының кірлеуі байқалды.Сіздің шашты жуу іс-әрекетіңіз?

Шашын әр түрлі пропорциядажуамыз. 30 мл шампунь ерітіндісінде 30 мл суды араластырып жуу, 30 мл шампунь ерітісінде 50 мл суды араластырып жуу, 40 мл шампунь ерітісінде 40 мл суды араластырып жуу,

7)~~ Сіз медициналық қызметкерсіз. Көзіңіздің кілегей қабатыңызға инфицирленген науқастың қаны шашырап түскен жағдайда,өңдеу жасау әрекетіңіз?

Дайындау керек апатты жағдайдағы қобдиша, стерильді 2 астауша. Қобдишадан крафт пакеттегі тамызғышты, тану материалдарын ундинканы алып астаушаға салу. Қобдишадан 0,05 процентті калий перманганаты ерітіндісін алу, ундинкаға құйып көзді жуу,басты алға бүгіп, ундинканы бетке жанастырып көзді бірнеше рет ашып жұму арқылы жуу. Ундинканы алып тастау, көзді стерильді салфеткамен көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай жуу.

8)~~Науқаста 2 жұма бойы таңертеңгілік температура 36,0- 36,5 С деңгейінде, ал кешкі 37,5- 38,0 С деңгейінде сақталады. Науқаста қызудың қай түрі байқалған?

Жоғарылау дәрежесіне қарай температура субфебрильді қызба 38 ден жоғары емес субфебрильді бұл қалыпты жағдай.

9)~~ Ауыр науқастарда шаштарының сынғыштығы дамып, түсуі орын алады. Оларға шаш тараудың қажеттілігі бар ма?

Бұл жағдайда науқастың шашын тарау қажеттігі бар. Шашты тарағанда тісі сирек тарақпен күніне 1 рет тарау керек. Науқастың өздерінің жеке тараған тарағы болу керек. Егер шашта қайызғақ болса онда тарақты сірке қышқылы ерітіндісіне батырып алып тарау керек.

10)~~ Қабылдау бөліміне наукас түсті, жедел көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартты. Науқасқа антропометриялық тексеруден өту міндетті ме?

Ия міндетті. Себебі бұл қабылдау бөлімінің негізгі міндетіне кіреді ауруханаға түскен науқастың карасын толтырғанда жане дәрі дәрмек тағайындағанда қажет болады.

11)~~Туберкулездік диспансердің бөлімшесінде қызмет атқаратын мейірбике 3% хлорамин ертіндісін мына заттарды залалсыздандыру үшін қолданады?

3 % хлорофиль ерітіндісімен туберкулез микробактериясы (кох таяқшасы) ауыратын адамдардың түкіргіштерін, еден жууға, әжетхананы жууға және де зиянды микробтарды жоюға қолданамыз.

12)~~ Науқас көзінің ауруы бойынша ем қабылдауда. Дәрігердің тағайындамасына сәйкес мейірбике науқастың көзіне дәрілік зат тамызды. Неге көзге 1-2 тамшыдан асырмай дәрі ертінділерін тамызады?

Козге осы молшерде тамызған жөн, коньюгтива қуысына ьір тамшыдан астам ерітінді ұсталмайды.

13)~~Медициналық қызметкердің аузының кілегей қабатына инфицирленген науқастың қаны шашырап түскен жағдайда,өңдеу жасалынады?

Дайындау қажет; 2 стерильді астауша, стерильді корнцанг, апатты жағдайдағы қобдиша. Қобдишадан 70 процентті спирт және 0,05 процентті калий перманганат ерітіндісін алу. Мақта тампонын спирт немесе калий перманганаты ерітіндісіне малып бет терісімен еріндегі биологиялық субстраттарды тазалау, мақта тампонын 2 ші астаушаға тастау.Аыз қуысын 70 процентті спирт немесе 0,05 калий перманганаты ерітіндісімен шаю.Ескерту қолданған тампондарды 3 прцентті хлорамин ерітіндісімен 60 мин дезинфекциялау қажет

15)~~ Науқас жауынды күні қатты суықтаған. Қызбаның бірінші кезеңі /дене қызуының жоғарлау кезеңі/ байқалуда. Сіз медициналық қызметкер ретінде науқасты қалай күтесіз?

Дене температурасының жоғарылауына қарамастан тері суық "Қаз терісіне ұқсас" болады. Мұндай жағдайда науқасты 25 градустан төмен емес бөлмеге кіргізіп, дәрі-дәрмектер беріп, жылы төсекке жатқызып, аяғына грелкада ыстық су қойып, үстіне адиял жауып, ыстық шәй беру қажет. Дене қызуын әр 3сағат сайын (дәрігердің нұасқауымен) өлшеп тұру қажет.

16)~~ Науқас жұқпалы аурумен ауыруда. Қызбаның екінші кезеңі байқалуда/максималды дене қызуының жоғарлау кезеңі/. Сіз медициналық қызметкер ретінде науқасты қалай күтесіз?

Екінші кезеңде науқастың дене қызуы бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.Бұл кезеңде емделушінің денесі қызып, бас ауруы, сүйектің сырқырауы, ауыздың құрғауы байқалып, науқас шөлдейді. Осы кезеңде жылы көрпелерді жеңіл жамылғышпен ауыстыруы керек, науқасқа витаминді салқын сусындар(морс, итмұрын тұнбасы) беру керек.Витаминді сусындар ішу диурездің күшеюіне, сонымен қатар қызба кезінде қанға сіңген улы заттарды ағзадан шығаруға көмектеседі.Ерінге күніне 3рет вазелин майын немесе глицерин жағу, сұйық немесе жартылай сұйық тағаммен тәулігіне 6-7 рет аз-аздап бөліп-бөліп тамақтандыру,тері және кілегей қабаттарының күтімін тиянақты жүргізу,физиологиялық бөлінулерді бақылау және дәрігердің белгілеуі бойынша қызбаны түсіретін дәрілер енгізуді қамтамасыз ету қажет;

17)~~ Науқас ауруханада жатып ем қабылдауда. Дене қызуы 39,7С дейін көтерілген. Осы науқастың дене қызуы критикалық жағдаймен түскенде қалай күтесіз?

. Науқастың аяғын жоғары көтеріп, басынан жастықты алып тастаймыз. Науқасты жылы қымтап, ыстық шай кофе береміз.дәрігерді шақыру, тері астына егу үшін 10 процентті сульфакомфакайн ерітіндісін дайындау керек. Науқастың жағдайы жақсарғанда оны құрғатып дене киімін төсек орнын ауыстыру керек.

18)~~ Медициналық қызметкер АИТВ (ВИЧ) - жұқтырылған науқасқа манипуляция жасау барысында шприцтің инесімен қолын жарақаттап алған. Аталған апатты жағдайда жасалатын іс-әрекет?

Жұмыс барысында қолға абай болу керек1. Иненің енген жерін және кескен жерін ағынды сумен жуу содан кейін 70% спиртпен сүрту.

2. Егер қан, басқа да сұйықтықтар науқастан кілегей қабыққа түсетін болса, онда жуу керек:

-көзді 1% бор қышқылы ерітіндісімен;

-Мұрынды 2% проторгол ерітіндісімен;

-ауыз қуысын калий перманганаты ерітіндісімен 1:1000.

Жарақат алған кезде 12 сағат ішінде ЕСҰ - на жеткізу керек. Жарақат алған науқас 6-12 айға дейін дәрігер бақылауында болады және дәрігерлік алдын алу емін міндетті түрде қабылдау қажет.

 

19)~~ Науқас ауруханада ұзақтан бері жатып ем қабылдаған,қатты жүдеген,әлсіз. Аталған науқастың тамақтану рационында ақуыз құрамын көбейту арқылы энергетикалық бағалықты көтеру рациональды ма?

Бұл рационалдыға жатпайды.Себебі ақуыз құрамын көбйтпейді және түнге қарай қаылдау ұсынылмайды ол жүйке жүйесңн қоздырады, ал науқастың ауруына байланысты жүйке жүйесі шаршайды ос ысебепті ақуыз құрамын көбейтпейді.Сонымен бұл рационалдыққа жатпайды.

 

20)~~ Науқаста 3 күн бойы таңертеңгілік температура 38,5- 39,0 деңгейінде, ал кешкі 36,6- 37,0 деңгейінде сакталады. Науқаста қызудың қай түрі?

Қалыпсыз температура

21)~~ Сіз көшеде тіршілік белгісі жоқ адамды тауып алдыңыз: ес-түсі жоқ, кеуде клеткасының қозғалысы көрінбейді, білек артериясынан тамыр соғуы анықталмайды.Қандай қосымша тіршілік белгілерін анықтау керек:

Қан қысымын өлшеу көз қарашығын көру кк. Ол кезде ауызға жасанды дем беру кк 15 рет ауызды жауып, 30 рет массаж жасау төстің төменгі 3тен 1 бөлігіне, қолды қойып тикелей емес,Адам дене сыртынан, яғни киім сыртынан істеу қажет.

 

 




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | 

Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 4272. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия