Студопедия — Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша рефлексивтік есеп
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша рефлексивтік есеп

В2 есебі

   
Білімді, зерделі, өз бетімен іс әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау,Қазақстан Республикасының дамыған елдері мен иық тіресіп тұру үшін еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін аса маңызды болып табылады.Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып,ең озық,тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады.Бүгінгі күні білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен құрастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде сақталатындығы дәлелденіп отыр. Қайталау мен жаттауға негізделген білім (репродуктивтік) тек есте сақтау дәрежесінде болса, құрастырылған (конструктивтік) білім үйренушіден түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және бағалау секілді белсенді әрекеттерді талап етеді. Қайталау емес, бүгінгі күні өздігімен білім алу қажет. Осы мақсатқа әрбір сабақта, интербелсенді әдістемені қолдану арқылы ғана жетуге болады. Ал тұлғаның дамуы өз кезегінде оның белсенді әрекеттерімен тығыз байланысты, өйткені адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды елейді, ескереді, есте сақтайды. Ендеше, осының барлығын іске асыру үшін бізге үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы көмек көрсете алады. Мектептегі іс-тәжірибе кезінде әр сабағымда курстан алған теориялық білімімді тиянақты пайдаланып, бағдарламаның жеті модулін жүйелі түрде кіріктіріп, дәстүрлі оқуға дағдыланған оқушылардың белсенділігін, оқуға деген ынтасын арттыруға, бүкіл сынып оқушыларын қалыс қалмайтындай етіп сабаққа қатысып отыруына көңіл бөлдім. Тізбектелген сабақтар топтамасын қазақ тілі пәнінен 4 «Ә» сыныбында өткіздім. Сыныпта 23 оқушы оқиды, үлгермейтін және мүмкіндігі шектеулі оқушы жоқ. Пән бойынша оқу сапасы - 68%. Мінездері әртүрлі, сыныпта сабырлы, тиянақты, ұшқалақ, тынымсыз, ұяң, ерке, ашуланшақ, өз ойларын еркін жеткізе алатын да, өз ойларын еркін жеткізе алмайтын, жасқаншақ оқушылар да бар. Жоғарыда аталған сабағымның мақсаты: оқушылардың грамматикалық сауаттылықтарын ашу. Үстеу туралы түсінікті қалыптастыру,мағыналық түрлерін айыра білу,заттың қимыл, іс-әрекет және сынының әр алуан белгілерін білдіру үшін қолданылатынын түсіну. Модульдарды ықпалдастыру арқылы аталған мақсатқа жетуді көздедім. 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі сыныпта психологиялық ахуал туғызу, топқа бөлуде, диалог жүргізгенде, «Қалың және жұқа сұрақтар, «Шеңбер» ойыны, «Екі жұлдыз, бір тілек», рефлексия, оқушыларды критерий арқылы бағалау кезінде,топтардың бір-бірін бағалауы,түрті сұрақтар,жеке-жұппен-топпен талқылағанда қолданылды. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі сабақтың мақсатын анықтағанда, проблемалық сұрақ туғызғанда,сандықша арқылы қалың жұқа сұрақтар қойғанда, диалог жүргізгенде, жүзеге асырылды. 3. Нұсқаулықтан оқып түсінгенімдей, «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққан. Себебі, бағалағанда бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін, не болмаса, өзін-өзі бақылағанда түсінігі мен тәртібін, ойлауын бақылауы болып табылады екен. Формативті бағалау оқушыларды ынталандыру үшін қолданылса, жиынтық бағалау оқушылардың білім нәтижесінің қорытындысы деп түсінемін. Сабағымда оқушылардың түсіну дәрежесін байқау үшін бағалаудың екі түрін де қолдандым. Сабақ соңында топ басшысының бағалау парағы және өзімнің бақылағаным бойынша оқушылардың жиынтық бағасын шығардым. Шығу парағы – бағалаудың бір тәсілі. «Не үйрендім? Не ұнады? Ұсыныс», - деген сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтан алған білімін және сабақтың өту барысын бағалады. 4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану модулі бойынша интербелсенді тақтадан таныстырылым көрсету барысында, ой толғаныс кезеңінде мезгіл,мекен,сын-қимыл үстеулерін әр алуан белгілеріне білдіру үшін қолданылатынын түсініп,айыра білу. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі. Осы сыныптағы дарынды, қабілетті оқушылар А., М. есімді оқушылар барлық сабақта үнемі белсенділік танытып отырды, топ ішінде жолдастарына көмектесіп, үйретіп отырғандарын бірнеше мәрте байқадым. Туындаған сұрақтарға тиянақты, әрі нақты жауап қайтарды. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулі бойынша мектеп бағдарламасына сай тапсырма, сұрақтардың көлемін, өткізген ойындарды жас ерекшеліктеріне сәйкес құрастырдым. 7. Оқытуды басқару және көшбасшылық модулі.   Алғашқы сабақты жоспарлау қиын да жауапты кезең болды.Сондықтан таныс әдіс-тәсілдерді қолданып,қарапайым түрде құрастыруды жөн көрдім. Сабақ өтуім сыныптағы оқушылардың көңіл-күйін психологиялық ахуалын сұраудан басталды.Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Бес жұлдыз» атты жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергек өткіздім. Оқушылардың көңілін көтеру және олардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа ынталандыру, сонымен қатар оқуда ынтымақтастық ахуал туғызу болды. Бес жұлдыздың әр бұрышына бес оқушының атын жазып 1-қол алысу,2-құшақтасу,3-басын сипау,4-қол бұлғасу,5-комплимент айту. Ынтымақтастық ортада оқушылардың бірлесіп, топтасып, жан-жақты әрекет ету тәсілдерін игеруінен көрінетін білім нәтижесі жоғары болмақ.М оқушымның осы тұста селқостық танытып берілген тапсырманы орындағысы келмеді.Осы кедергіні көре тұра немқұрайлылық танытпай ол баланы ортаға басқарушы ретінде сайлап, өзіне деген сенімділігін арттырдым.Бұл мәселені зерделей отырып, сабақтың келесі кезеңіне өту үшін парталарын топтастырып қойдым.Оқушыларды өзімнің үйренген тәсілім бойынша шеңберге тұрғызып, үстеу сұрақтары қайда?қайдан? қашан?қалай? арқылы төрт топқа бөлдім.Әр топтың партасына қағазда жазылған сұрақтарды белгілеп оқушыларды парталарына отырғыздым. Жоғарыда аталған оқушым топтың ұйымдастырылуына жақсы әсер етті. Үй тапсырмасын тексеру кезеніңде ой қозғау стратегиясын қолдандым.Түрткі сұрақтар қойып,жаңа тақырыпқа дейінгі білімдерін тексердім.Үй тапсырмасын сұрағанымда оқушы мен өзімнің көшбасшылығымның арасында диалогты оқыту сыни тұрғыдан ойлану және бағалау модульдері туындағанын байқадым. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап өткен.(МАН-29 б) Бұрынғы біздің тәжірибеміз көрсеткендей біз оқушыларға ойлануға уақыт та бермейміз,ойландыруға жағдай да жасамаймыз және ойланудың жолында көрсете алмаған сияқтымыз.Көбінесе сабақта өзім сабырсыз болып жауабын айтып қоятынмын,бұл оқытуда мен сабырлы болуға тырыстым. Жаңа сабақ өту кезеніңде сабақтың тақырыбын оқушылардың өздері алып шығуын көздедім.Бұл жерде «Болжау» әдісін қолдандым.Ол үшін жеке қағаздарда жазылған сөздерді тақтаға шашып қойдым,тапсырма бойынша оқушылар сөздерді сұрақтар арқылы орнына қояды.Сөздер орнына қойылған соң сабақтың тақырыбын ашуға тырысады.Сыныптың үлгілі оқушылары сөздердің сынды,мезгілді,орнын білдіріп тұрғанын біліп қойды.Бірақта «Үстеу» сөзі нені білдіретінін білмеді.Әрине,үстеу сөзін алғаш естігендіктен қиындық туғызды.Сабақ барысында сөздік жұмысын жасап түсінуге бел будық.Жалпы сабаққа үстеу туралы түсінікті қалыптастыру,үстеу түрлерін меңгеру мақсатын қойдым.Бұл мақсатқа жету үшін жаңа тақырыпты өздеріне талдату арқылы топтық жұмыс жасадым.Оқушылар оқулықта берілген ережені жеке оқыды,жұпта бөлісті,топпен талқылады.Жеке жұмыста оқушылардың мұқият оқып отырғанын байқадым.Жұптық жұмыста барынша түсіндіріп және тыңдап отырғандарына көз жеткіздім.Бәрі болған соң,топ мүшелері қарым-қатынасқа түсіп топпен талқылады.Оқушылар талқылап болғаннан кейін,АКТ-ны қолданып слайд арқылы ережені қорытындыладық.Оқушылардың қызығушылықтары артып,үстеу туралы керек мағлұмат алды. Әділ деген оқушым үстеу түрлерін өмірмен байланыстырып,мысалдар келтіре білді.Сыныптың ішіндегі заттар қалай орналасқанын әңгімеледі,оқушылардың іс-әрекеттеріне сын айтты.????Ал Д.деген оқушым өмірмен байланыстырып үйінін жанында не орналасқанын айтып шықты.Осындай жақсы түсіндірулерден кейін топпен қандай жұмыс және қалай жасалатындығын түсіндірдім.Алдыңғы сабақтарда топпен жұмыс жүргізуде оқушылардың арасында шу көп болған еді.Топтағы оқушылар келісімге келмей,бір-біріне үйренісе алмай жұмыс жасауға кедергі жасаған болатын.Сол кемшіліктерді ескере отырып,төмендегідей топтық жұмыс туралы нұсқаулық бердім.   -Тапсырма беріледі,әр топ ізденеді. -Әркім өз пікірін ұсынады -Ортақ пікір шығарады -Ұсыныстарды,идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылайды -Критерийге сүйеніп,топ ережесін сақтайды.Бұл жерде ең бірінші сабақта оқушылармен бірге топ ережесін құрғанбыз. Уақытты үнемдеу,бірін-бірі сыйлау,бірін-бірі тыңдау және бірі бәрі үшін,бәрі бірі үшін ұранмен жұмыс жасау ережелері қамтылды.Ереже құрастыруда Р.есімді оқушымның көмегі тиді.Ол өзінің ойын сыныптан тыс жерлерде,ойын ойнағанда ереже құрып,ережені бұзған адам ойыннан шығып кететіні туралы айтты. Топпен жұмыс кезінде оқушылардың арасында топбасшы,спикер,таймер сайланып,әр қайсысы өзіне жүктелген жұмысты тиянақты орындау керек екенін ескерттім. Топтық жұмыс жасауда әр топқа мазмұнды сурет үлестіріліп бердім.Әр топ алдарындағы суретке ат қояды, әңгіме құрастырады.Бірінші топ жалпы үстеулерді,екінші топ мезгіл үстеулерді,үшінші топ мекен үстеулерді,төртінші топ сын-қимыл үстеулерді табу керектігі тапсырылды.Оқушылардың қызығушылықтары артып топпен жұмыс жасауға кірісіп кетті.Мен өз тарапымнан топ мүшелерінің қабілеттерін тану үшін,топ ішіндегі қарым-қатынас қалай жүзеге асырылып жатқанын бақыладым.Мерсер (2005) «Құрдастар» тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде,олар мұғалім-оқушы сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше симметриялы болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады,осылайша,негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады деген.Топтық жұмыс барысында әр топтан көшбасшылар көріне бастады.Әсіресе,А.есімді, З.есімді,Ә.есімді оқушыларым топты өз қолдарына алып, жоғарыда айтылғандай топ мүшелеріне жұмысты үлестірді.Төртінші топта топбасшы көрінбеді,олар әр қайсысы жеке орындауға кірісті.Оқушыларды бақылау барысында төртінші топта ұяң әрі ұялшақ оқушылар жиналғанын байқадым.Оларға кеңес беруді жөн көрдім.Тапсырмаға байланысты түрткі сұрақтар қою арқылы бағыт-бағдар бердім. «Таймер қосылды,уақыттарын өтіп жатыр» дегенде,жан-жақтарына қарап,тапсырманы бірлесіп шешудің амалын таба бастады.Бақылауға алған Б.оқушым орысша сөйлеп,ойын қазақша жеткізе алмай,сабаққа қатыса қоймайтын.Топ ішінде өз пікірін ұсынып,достарынын алдында қате айтып қалам деп қысылмай,белсенділік танытуда.Сонымен бірге сыныптағы әр оқушынын пікіріне құрметпен қарап,балалар сабақ үлгеріміне қарамастан,кез келген тақырыпта берілген сұрақтарға өздерінің құнды пікірлерін қоса алатындығына сенім білдіруде.Талантты және дарынды оқушылар өз топтарындағы басқа оқушыларға көмектесе отырып,ынтымақтастық атмосферасы аясында тапсырмалардың орындалуын қадағалауда.Оқушылар тапсырманы аса бір жауапкершілікпен орындап жатқаны көрініп тұрды.Уақыт өтіп топтар жұмыстарын қорғауға кірісті.Топтық жұмыста бірінші топ ерекше көзге түсті.Топбасшының жан-жақты,шапшаң жұмыс істеуіне байланысты тапсырманы уақытында орындап, қолдарын шапалақтап дайындықтарын көрсетті.Олардың тапсырма орындауы да ерекшеленді.Үстеулерді тауып қана қоймай,әр үстеуді суретпен белгілеген.Екі топтың жұмыстары ұқсас болды.Ал төртінші топ уақыттарын үнемдей алмағандықтан,жұмыстарын аяқтай алмай қалды.Ең бастысы бірлесіп жұмыс жасауға тырысты.Топпен жұмыс жасауға дағдыланды.Сабаққа селқос қарайтын Ж.,Д., Д. Деген оқушыларым сабақ айтуда қиналып тіпті қызықпайтын да.Мен олардың қызығушылығын арттыру үшін АКТ-ны пайдаландым.»Ай-мектеп» интернет желісіндегі бағдарлама оқушылардың қызығушылықтарын арттыруда көп көмегін тигізді.Топтық жұмыс әсіресе, сабақта шеттеліп қала беретін оқушылар үшін тиімді екенін білдім.Дәстүрлі сабақпен салыстыра отырып бұл бағдарламадан түйгенім көп болды.   Спикерлердің өз жұмыстарын қорғау кезінде нақты дәлелмен,уақытты дұрыс қолдана білуге машықтанғанды байқадым.Басқа топ мүшелері әр топтың постерінің қорғалуына екі жұлдыз,бір тілек жазып,ойларын білдірді.Топтағы жұмыстың өту барысында жас ерекшіліктеріне сай тапсырмаларды орындады,оқушылар арасында топтық әңгіме көрініс тапты.Алдыңғы өткен сабақтармен салыстырғанда топтардың жұмыс өнімінің мазмұны,сапасы біршама жақсарғандай көрінді. Оқушылардың шаршағандарын басып,көңіл-күйлерін көтеріп,назарын сабаққа аудару мақсатында интербелсенді тақтанын көмегімен «Ойна да, күл» сергіту сәтін өткіздім.Сергіту сәті кезінде оқушылар біраз серпіп,белсенділік танытты.А.С.Макаренко: «Ойын-балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе,үлкендердің қайраткерлігі,жұмысы,қызметі қандай маңызды болса,балалардың ойыны да сондай маңызды.Ойында бала қандай болса,өскен кезде жұмысты да,көбінесе,сондай болады.Сондықтан болашақ қайраткер,ең алдымен,тәрбиені ойын арқылы алады»,- деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Сұрақ қою маңызды дағдыларлардың бірі болып табылады,себебі,сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп оны жақсартады және кеңейте де алады.Оқушылардың тақырыпты түсінуде қаншылықты қол жеткізгендігін білу үшін ашық және жабық сұрақтар ұйымдастырдым.Оқушылардың қызығушылықтарын арттыруда,бір сандықшаның қақпағына жуан сұрақтың,екінші сандықшаның қақпағына жұқа сұрақтың суретін жабыстырып,сыни ойлануға түрткі сұрақтар қойдым.-Бұл сандықша не үшін деп ойлайсыңдар? Оның ішінде не болуы мүмкін? Жуан,жіңішке сұрақтар не білдіреді? деп ойлайсындар Сабақта сыни тұрғыдан ойландыратын сұрақтар қойып,әр баланың іс-әрекетін бағалап отырдым.Оқушылар жауптарын айта бастады. Әр топтан бір оқушы шығып жұқа сұрағы бар сандықшадан бір қағаз,жуан сұрағы бар сандықшадан бір қағаз алып,топпен дайындалып,жеребе арқылы жауаптарын ортаға салды.Әдеттегідей жабық сұрақтарға оқушылардың жауабы дайын болды.Ал ашық сұрақтарда оқушылар ізденіп,жауап беру жолдарын іздей бастады.Кейбірі оқулықтан,ал тағы басқалары ұялы телефоннан рұқсат сұрап ақпарат іздей бастады.Оқушылар арасында өзара әрекет жасау үдерісі байқалып отырды.. Бағалау сәтінде барлық топ бағалау критерий арқылы бағалады.1топ - 2-топты,2топ-3топты,3топ-4топты,4топ-1топты бағалады.Критерий құрылғасын бағалау да жеңіл болды. Оқушылардың бағаларымен қоса мен де соңынан өзімнің жиынтық бағамды шығардым. Жаңа сабақты қорытындылау кезінде «Бағыттау таяқшасы» әдісі арқылы оқушылармен сұрақ-жауап төңірегінде жүзеге асырдым. Оқушылар бағыттау таяқшасын айналдыру арқылы топта отырған оқушыларының қайсысына түседі, сол жауап беруге тиіс болатын. Оқушыларым белсенділік танытып, тез-тез жауап беріп жақсы баға алғылары келді. Сабақ соңында балалардың ойын білу мақсатында кері байланыс парағын толтыруды сұрадым. Балалардың жазған пікірлерінде топпен жұмыс істеу көпшілігіне ұнағандығы, сабақты үнемі осылай өткізуге ұсыныс жасаған оқушылар да болды. Әр оқушының айтқан жауабын, ойының, пікірінің құнды екеніне көзім жетт.іСтикерге жазу арқылы оқушылардың жазбаша пікірін алып өзіме керек дүниелерді түртіп алдым. Д.есімді оқушым «Маған сабақ өте ұнады»депті,Ал С есімді оқушым «Сергіту сәті ұнаған жоқ, топта бағалау кезінде бірдей бағалау кезінде өзімнің бағаммен келіспеймін» деген пікір де болды.осы пікірлерін келесі сабақты жоспарлауға көп көмегі тиді.Оқушылардың ойын ашық әрі, нақты білдіруі мені таң қалдырды. Оқушылар еркіндікті сезінсе, өз ойын анық жеткізе алытынына көзім жетті. Үлгерімі орташа оқушылар өз достарынан қалай оқу керектігін, өз ойларын қалай дәлелді жеткізуге болатындығын, топ ішінде өз пікірлерін айтуды, достарының алдында қате айтып қалам деп қысылмай, өз ойларын айта білуге үйренді. Сонымен бірге сыныптағы әр оқушының пікіріне құрметпен қарап, балалар сабақ үлгеріміне қарамастан, кез келген тақырыпта берілген сұрақтарға өздерінің құнды ойларын қоса алатындығына көз жеткізді. Осы курсқа дейінгі өткізілген сабақтарымда білімі бойынша деңгейі төмен оқушылар деңгейі жоғары оқушылардың көлеңкесінде қалып қоятын. Іс-тәжірибе кезінде сыныптағы оқушыларымның барлығы өз шамаларынша қатысып отырды. Білім алу деңгейі төмен оқушым Д. да топпен жұмыс істеуге қатты қызыққандығын байқадым. Топта отырғанда өз пікірін де айтып отырды. Выготскийдің атап көрсеткеніндей «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істей отырып, оқушылардың когнитивті дамуы жақсарды. Жалпы сабақ бойынша ең сәтті болғаны: Оқушылардың сабаққа белсенділігі артты және соның нәтижесінде білім алуға тартылды. Нені ескеру керек: Оқушыларды әлі де топта бірлесе жұмыс істеуге, көп еңбектенуге жұмылдыру, биологиялық терминдерді қолдана білуге үйрету. Сабақта алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Оқушылар жұппен, топпен отырып жұмыс жасауға, өз ойларын, көзқарастарын айтуға, жолдастарының пікірімен санасуға қалыптаса бастады, сабаққа қызығушылықпен қатысты. Дәстүрлі өткізген сабақтардағыдай емес, бұл сабаққа барлық оқушы тартылды, сабаққа үнемі қатыса бермейтін үлгерімі орташа оқушылар да өз ойын дәлелдеуге тырысып отырды. Топпен жұмыс барысында сынып оқушылары ұйымшылдыққа, бірін-бірі тыңдауға үйренді, топтағы әр оқушының пікірі құнды екенін түсінді. Сөзімді қорытындылай келе, көптеген құнды ақпарат алып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгердім. Бұрынғыдай өзім сөйлей бермей оқушыларға білімді өздері меңгере алатындай жағдай туғызуға тырыстым. Римдік философ Сенека Луций былай деген екен: «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз». Менде оқушыларыма үйрете жүріп, өзімде үйренемін.   Қолданылған әдебиеттер 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012 2.А.Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. – Алматы, 2013      

і




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Свидетельство Божиих призванных: верность до смерти Основная | О книге. В данной книге тема веры рассматривается с новых позиций

Дата добавления: 2015-07-04; просмотров: 3092. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.032 сек.) русская версия | украинская версия