Су қорларын пайдалану үшін ақы. Ауыл шаруашылығы үшін ақы көлемі қандай?Қазақстан Республикасының арнацы су пайдалануы Салық заңнамаларына сәйкес ақылы түрде жүзеге асырылады. Ақыны төлеу бастапқы су пайдаланушы болып табылады. Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы үшін жер беті су қорларын пайдалану ақысы судың текше метріне 0,92 тиын.
Су беру қызметі үшін ақы төлеу Су пайдаланушыларғы су беру бойынша көрсетілген қызмет ақылы түрде жүргізіледі, және тарифтер ҚР-ның табиғи монополияларды реттеу агенттігі бекітілген.
Гидробекеттерде судың өтімі қандай тәсілмен өлшенеді? Вертикальді жылдамдықтар әдісімен.
Гидробекеттерде орналастырылған рейка көрсеткіштері қандай журналға, қандай мерзімдік аралықта және кіммен енгізіледі? Су бақылаушымен күнделікті, судың жиегін бақылау журналына енгізіледі.
19. Q=f(Н) өтім қисығының қажеттілігі не? Бұндай қисықпен, өлшеу жұмыстарынсыз-ақ, су өтімдерін кез келген деңгейде анықтауға болады.
Ағынды қалай есептейді? тәуеліктік? айлық? жылдық? Мысал көрсет. Орташа тәуеліктік өтім тәуелік санына және 86400-ге көбейтіледі.
Коэффициенті нені білдіреді? Бір тәуеліктегі секунд саны.
Чиполетти суағары (водослив) қандай пішінге ие? Оларды қандай жағдайда қолданылады? Чиполетти суағары 1: 1/4. еңістікті, трапецеидалді пішінді болып келеді. Өтімі 0,65 м3/с. -тан асатын жерлерде қолданылады.
|