Коллекторлі-дренаждық жүйе (КДЖ) не үшін араналған?
КДЖ жердің батпақтануы мен сортаңдануымен күресі үшін және жер асты суларының жер бетіне жақын орналасса, олардың деңгейін түсіру мен басқа жаққа бұруға арналған. Суару жүйелерінде дренаж жүйесі терең каналдар түрінде ашық және дренажды құбыр түрінде жабық болуы мүмкін.
Суарудың қандай тәсілдері бар? Қазіргі таңда суарудың үш тәсілі бар – жер үстімен, жаңбырлатып және жер астымен.
Суармалы жүйелердің негізгі мақсаты. - суармалуа көзінен қажетті су көлемін алу және оны суармалау аймағына жіберу; - су пайдаланушылар арасында суды үлестіру; - ауылшаруашылық дақылрадың талаптары мен мелиоративтік-топырақтық жағдайларын ескере отырып, суды алқаптарға және шаруашылықтарға беру.
Кольмация дегеніміз не? Кольмация – бұл фильтрациялық ағыстың салдарынан сазды немесе тұнбалы бөлшектерінің топырақ тесіктеріне шөгуі Шлюзді реттегіштерді қайда орналастырады және олар қандай типті болады? Шлюзді реттегіштерді жоғарғы ретті каналдан төменгі ретті каналға судың өтімін реттеу үшін каналдың тармақталған жерінде орналастырады. Олар ашық және жабық типті болады.
Суару нормасы дегеніміз не? Ол неге байланысты болады? Суару нормасы – ол бір суарған кездегі 1 га. суармалы жерге берілетін су көлемі. Ол ауылшаруашылығы дақылына, топырақтың есептік сулану қабатына, топырақтың қасиетіне және суару алдында топырақтың ылғалдылығына байланысты болады.
|