Ортақ су пайдалану» анықтамасы нені білдіреді?
Азсушар» РМК Алматы филиалының; Директор м.а. Абдурсулов А. Ж. Су пайдалану бөлімінің Су кодексі бойынша аттестацияға арналған Сұрақтар мен жауаптар Су Кодексімен қандай су пайдалану түрлері анықталды? -су пайдалану ортақ, арнайы, оқшау, бірлескен, бастпақы, қайталама, тұрақты және уақытша болып бөлінеді
Арнайы су пайдалану» анықтауына не жатады? -арнайы су пайдалануынаға су айдынын және жер асты су ресурстарын тікелей су объектісінен пайдалану, ауылшаруашылығына, коммуналдық-тұрмысқа, өнеркәсіпке және т.б. қолдануға алуға немесе алмауға, гидротехникалық ғимараттар арқылы пайдалану (плотина, канал, скважина т.б.) жатады. Арнайы су пайдалану «Арнайы су пайдалану Рұқсаты» негізінде жеке және заңды тұлғалармен жүзеге асырылады. Бастапқы су пайдалану» анықтамасы нені білдіреді? Өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткізу үшін тікелей су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын, сондай-ақ, шаруашылықтың әртүрлі салаларын сумен қамтамасыз ету үшін тежеуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы.
Ортақ су пайдалану» анықтамасы нені білдіреді? Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай-күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
|