Студопедия — Азақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар






Деохлор» құралы салмағы 3,4 гр қамтитын дәрілер түрінде келеді, оның құрамында 1,5 г (44,2%) белсенді хлорлы дихлоризоциануралық қышқылының қызметтік заты - натрий тұзы бар. Оның бактерияға қарсы, вирулицидтік және фунгицидтік қасиеті белгілі. Асқазанға енгізілгендегі қалыпты-қауіпті заттардың 3 классына жатқызылады. Белсенді хлоры 0,1% немесе одан да жоғары шоғырлануы жағдайында тыныс алу ағзалары мен көздің зақымдануын туғызады.

Бактериялдық туындау себебі бар инфекциялар кезінде (өкпе құрт ауруы мен аурухана ішілік инфекцияларды туындатушылар), вирусты инфекциялар кезінде (ЖИТС, парентеральды жұғу механизмді гепатиттер), түрлі профильді ЕПМ-дегі қышыма қотыр туындау себебі бар инфекциялар кезінде (күнделікті және жаппай жинастыру жүргізу үшін), балалар мекемемелеріндегі инфекциялық ошақтар кезінде (қорытынды дезинфекция жүргізу үшін) бөлмедегі жиһаз, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтар, төсек жабдықтары, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекиялау үшін қолданылады. Ауруларды алдын-алу мақсатында 0,015% ерітінді пайдаланылады (1 дәріні 10 литр суға ерітеміз).

ДЕЗ-ХЛОР» дезинфекциялық құралының белсенді заты - дихлоризоциануралық қышқылдың натрий тұзы. Ол салмағы 3,35 гр-дық хлорлы иісті ақ дәрілер түрінде шығарылады. Бұл дезинфекциялық құралдың микробқа қарсы әсері бактерияларға (өкпе құрт ауруы микобактериясын қоса айтқанда), вирустарға (полиомиелит, энтеровирус инфекциялары, Коксаки, ЕСНО, энтеральды және парентеральды гепатиттер, ЖИТС инфекциясы, тұмау, «H5N1 құс тұмауы», ЖРВИ, герпетикалық, аденовирустық және т.б. инфекциялар), Кандида текті қышыма қотыр, дерматофиттерге бағытталады.

«ДЕЗ-ХЛОР» дезинфекциялық құралын коррозияға тұрақты металлдар, әйнек, пластмасса, рәзеңке; бөлмедегі бедерлер (еден, қабырға, ексіктер және т.б.), қатқыл жиһаз; санитарлық транспорт; санитарлық-техникалық құрал-жабдықтар (ванна, шұңғылша және т.б), рәзеңке төсеніштер; төсек жабдықтар; асханалық және лабораториялық ыдыс-аяқтар (сонымен қатар бір реттік қолданылатын), ыдыс жуу құралдары (шөтке, ерш және т.б.), ойыншықтар (жұмсақтарынан басқа), науқастарды күту құралдары; жинастыру материалдары, медициналық қоқыстар (қолданылған сүлгілер, байлап-таңу материалдары және т.б.).

«Вапусан» дезинфекциялық құралының құрамында альдегид, хлор мен фенол жоқ. Белсенді заттары – төртік аммонийлік қосындылар қоспасы мен этанол 1 л пластик бөтелкелеріне құйылып шығарылады. Жақсы жуып-шаюшы, тазалаушы әсерге ие. Жіті токсикалық қасиеті жағынан қатерлігі төмен қосындылардың 4-ші класына жатады. Өңдеу жұмыстары бөлмеде адамдардың болуымен жүре алады.

ЕПМ-дегі бөлмелердің бедерін, жиһаз, медициналық қолданысқа арналған бұйымдарды, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарын профилактикалық, күнделікті және қорытынды жинастыру мақсатында қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыр (кандидоз, дерматофития), вирусық (ЖИТС пен гепатитті қоса алғанда) инфекция ошақтарын дезинфекциялауда жіті қолданады. Дезинфекцияны сүрту және суармалау тәсілімен жүзеге асырады, сүрту үшін заттың 100 мл/м2 ерітіндісіне салса, суармалау үшін 250 мл-іне салып қояды.

«ДП-Алтай» дезинфекциялық құралы белсенді заты ретінде трихлорициануралық қышқылын қамтиды. Салмағы 5 гр-дық хлорлы иісі бар дәрі қалпында шығарылады. Оның микробқа қарсы әсері жүреді: грамм оң және грамм теріс бактерияларға (өкпе құрты микобактериясын қосқанда), вирустарға (энтеровирустық инфекциялардың қоздырғыштары – полиомиелит, Коксаки, ЕСНО; энтеральды және парентеральды гепатиттер, ВИЧ-инфекциясы, тұмау, «құс» тұмауы H5NI, герпетикалық, цитомегаловирустық, аденовирустық инфекциялар),қышыма қотыр.

Медициналық қолданыстағы құралдарды, бөлмедегі бедерлерді (еден, қабырға, есіктер және т.б.), қатқыл жиһаз, санитарлық транспорт, санитарлық-таехникалық құрал-жабдықтар (ванна, шұңғылша және т.б.), төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, күтім және жеке бас гигиена құралдары, жуып-тазалау құралдары, медициналық қалдықтарды өңдеп-тазалауға арналады.

Дюльбак ДТБЛ» дезинфекциялық құралының құрамында 4,5% диде-цилдиметиламмоний хлориді, 6% беткейлі-белсенді заттар, 6% сілтілі тұздары бар иіссіз, қою көгілдір тұстес, сұйық концентраты. Бактеридцидті (туберкулоцидті), вирулицидті (парентеральды вирустық гепатиттер мен ВИЧ-инфекция қоздырғышына қарасты), фунгицидті (Кандида және дерматофит тектес қышыма қотырға қарасты), жуып-шаюшы қасиетке ие.

ЕПМ-дегі алдын-алу, күнделікті, қорытынды дезинфекциялау кезінде бөлме бедері, жиһаз, медициналық қолданыстағы бұйымдар, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарды өңдеуде қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыры (кандидоз, дерматофития), вирустық (гепатит пен ЖИТС) инфекция ошағында дезинфекция жүргізгенде де пайдаланылады. Өңдеу жұмысын ерітіндімен сүрту, суармалау және толыққанды ерітіндіге енгізу арқылы жүргізеді. Ерітіндіні орта есеппен 2-ден 50 мл шамасында сумен араластырып дайындау көзделген.

Санивап» дезинфекциялық құралы - салмағы 3,5 (±0,3) гр ақ түсті дөңгелек пішінді дәрі. Белсенді заты – дихлоризоциануралық қышқылдың натрий тұзы -73,0% және қызметтік құрамдас бөліктер: адипинді қышқыл, натрий гидрокарбонаты. Белсенді хлор массасы (1 дана дәріні суда еріткенде) 1,5±0,15 г. Микробқа қарсы әсері бактерияға (өкпе құрт ауруы микобактериясын қоса алғанда), вирусқа, қышыма қотырға жүреді.

ЕПМ-дегі бөлмелердің бедерін, қатқыл жиһаз, құрал-аппараттардың бедерін, медициналық қолданысқа арналған бұйымдарды, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарын профилактикалық, күнделікті және қорытынды жинастыру мақсатында қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыр (кандидоз, дерматофития), вирусық инфекция ошақтарын дезинфекциялауда жіті қолданады.

«Акватабс» дезинфекциялық құралы – дезинфекциялаушы хлорлы дәрілер; белсенді заты – дихлоризациануралық қыщқылдың натрий тұзы мен толықтырғыштар (натрий бикарбонаты, адипинді қышқыл мен натрий сульфаты). Бұл құралдың бактерицидті, вирулицидті және фунгицидті әсері бар.

Ас суы, жүзу бассейндеріндегі суды, беткейлерді, су сақтаушы ыдыстарды, қосалқы бөлмелердің бедерін, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарды, жинасыру құралдары, жеміс-жидектерді зарарсыздандыруға қолданылады. Түрлі заттарды дезинфекциялау үшін белсенді хлоры 0,0025-тен 0,2%-ға дейінгі дәрілерді ерітіп қолданамыз..

Медифокс»дезинфекциялық құралы – инсектоакарицидті зат. Дезинсекциялау тәжірибесінде қолдануға бағытталған: бас және шат биттерін жою мақсатында, іш-киім педикулезімен, ұшпайтын синантропты көпаяқтылармен, сорғыш тарақандармен, төсек-жабдық қандаламен, сірке, қышыма кенелермен күрес пен ЕПМ-дегі қышыма мен педикулез ошағын зарарсыздандыру үшін қоланылады. Құралдың қолдану нормасы - 0,5%-ды сұйық эмульсияның 50 мл-ін кез-келген бедерге пайдаланамыз.

Жоғарыда аталған құралдар жақсы дезинфекциялық әсерге ие және қолданыста өте ыңғайлы болып табылады. Дегенімен, уақыт есебімен сыналған хлорлы әк пен хлораминді де қолдануымызға болады.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 3517. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия