Медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау ережесі
Сынапты термометрлер, медициналық - 2% хлораминерітіндісіне 15 минутқа салып қоямыз. - Ағынды сумен жуып, құрғақ жерде сақтау керек. Металлдан жасалған шпательдер 1-ші әдіс. Дистильденген суға толығымен салып 30 минут ішінде қайнату, немесе 120° температурада 45 минут уақытта құрғақ ыстық ауа шкафында стерилизациялау. 2-ші әдіс. 180° температурада 60 минут уақытта құрғақ ыстық ауа шкафында стерилизациялау. Кушеткалар Кушетканы, толығымен клеенкамен жабылған, екі қайтара 1% хлорамин ерітіндісімен, егер пациенттің қанымен былғанса онда– 3% хлорамин ерітіндісімен немесе 1,5% гипохлорит кальций ерітіндісімен сүрту керек. Қайшылар Дистильденген суға толығымен салып 30 минут ішінде немесе 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнату. Пациенттерді жуындыратын мочалалар Дистильденген суға толығымен салып 30 минут ішінде қайнату. Құрғату. Қауызды - 3% хлорамин ерітіндісімен немесе басқа залалсыздандыру құралымен екі мәрте сүрту арқылы залалсыздандыру (немесе ваннаға 60 минутқа 1% хлорамин ерітіндісін құю). - 100 см2- -ге ½ г жуғыш-дезинфицирлейтін немесе тазалағыш- дезинфицирлейтін заттармен сүрту, экспозициясы 5 минут. - Ағынды сумен шайып жіберу. Душ бөлмесіндегі резеңке кілемшелер - 5% хлорамин ерітіндісі мен жуу құралымен (жуу құралының 5г 1л хлорамин ерітіндісіне) қосылған сұйықтыққа 30 минутқа толық батыру Бөлмелерді - Өңдеу тәулігіне 2 рет 1% гидрохлорид ерітіндісі және 2% сабын-сода ерітіндісі арқылы орындалады. Жинауға арналған құрал-жабдықтар - 1% гидрохлорид ерітіндісіне 1 сағатқа толық батыру. - Шаю, құрғату. Аяқ-киім - 25% формалин ерітіндісіне немесе 40% сірке қышқылы ерітіндісінде өңдеу. - 3 сағатқа полиэтилен қалтасына салу. - Иістің кетуіне дейін желдету. Ысқыштар - Дәретханада ысқыштарға арналған 2 ыдыс болуы керек. Оларды күніне 2 рет ауыстыру керек. - Квачтар залалсыздандыру үшін 1,5% кальций гипохлоридіне салынады. Судна (дәрет ыдысы) - 1,5% гипохлорид ерітіндісіне 1 сағатқа толық батырылу арқылы өңделеді. - Шайылып, құрғақ жерде сақталады. Жылытқыштар, мұзды мұйық, резенке дөнгелектер - 0,5% гипохлорид ерітіндісімен екі мәрте сүртіледі. - Ыстық су мен сабынмен жуылып, құрғатылады. Клизмалық ұштықтар, катетерлер 1-әдіс. 1,5% гипохлоридерітіндісіне 1сағатқы батырылады. 2-әдіс. 0,5% жууға арналған ерітіндіде 15 минут қайнатылу немесе 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнатылып, сонан соң жуу. 3-әдіс. Автоклавқа салу. Төсек-орын - 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнатылып, кір жуылатын орында жуулу. - Төсек-орынды камералық өңдеу. - Төсек-орын жиналған қапты 1% гипохлорид ерітіндісінде салып қою. Ыдыс - Жуу-майсыздандыру 10 литр суға 200 г соданы 0,5% жууға арналған заттарды. - Жуу-дезинфекция 0,5% хлорамин ерітіндісінде 30 минут. Қасықтар, шанышқылар –30 минут уақытта қайнату. - Жуу-шаю ыстық ағынды суда. Ыдысқа арналған ысқыш - 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнату. - Залалсыздандыруға арналған ерітіндіге 1сағатқа батыру. - Жуу, құрғату. - «Таза ысқыш», «кір ысқыш» деп жазылған екі ыдыста сақтау. Науқастарды тасымалдауға арналған каталкалар -1% гипохлорит ерітіндісіне малынған ветошьпен екі қайтара сүрту. -Дистилльденген суда 30 минут уақытта қайнату.
|