Сурет 8.
Рғақ- ыстықты залалсыздандыру Зарарсыздандыру режимдері Бірінші режим (негізгі) - температурасы 180°С, уақыты 60 минут. Шыныдан және металлдан жасалған заттарды зарарсыздандыру үшін қолданылады. Екінші режим (жеңілдетілген) - температурасы 100°С, уақыты 150 минут. Резеңкеден жасалған заттарды зарарсыздандыру үшін қолданылады. Стерилизацияның химиялық әдісі Полимерлі заттар, резина, шыны, коррозияға –берік металлдарды залалсыздандыру үшін қоданылады.Залалсыздандыру пластмассадан жасалған жабық сыйымдылықта немесе эмальмен жабулы пластмассада жүргізіледі. Эмальмен жабулы пластмасса еш бұзылыссыз болуы керек. Қазіргі кезде залалсыздандыруға ашпа ретінде 6%сутегінің асқын тотығын және дезоксин-1 пайдаланылады. Сутегінің асқын тотығы айқын залалсыздандырушы әсерге ие. 1. 6% сутегінің асқын тотығы ерітіндісімен стерилизациялау режимі: 1) Температурасы 18°С, экспозициясы 360 минут. 2) Температурасы 50°С, экспозиция 180 минут. Рал-жабдықтардың экспозиция мерзімі аяқталғаннан кейін екі рет стерильді сумен жуады және стерильді контейнерге салады (стерильдік мерзімі – 3 тәуілік.). 2. «Дезоксон-1» ерітіндісінің коррозиялық әсері бар, сондықтан барлық заттарды стерилизациялауға келмейді. «Дезоксон-1» ерітіндісімен зарарсыздандыру режимі: 1) 1% ерітіндіні қолданады (200 мл препараты 8000 мл ағынды сумен араластырады). Дайын ерітіндіге толығымен салып қояды, температурасы 18°С, экспозициясы 45 минут. Стерильды суда жуады, 5 минутқа салып қойып, суды үш қайтара ауыстырады. Стерильды жаймаға салады. Стерильдік мерзімі – 3 тәуілік.
|