Тақырып: Босану әрекетінің ауытқулары
1. Қағанақ қуығы бүтін, босанушы әйелдің босану әрекетінің біріншілік әлсіздігіндегі дәрігердің іс-әрекеті: * амниоцентез * кесар тілігі * перидуралды анестезия * босануды окситоцинмен ынталандыру *+ амниотомия, босануды окситоцинмен ынталандыру
2. Мерзімі жеткен жүктілікпен алғаш босанушы әйелде нәрестенің болжам салмағы 3500,0, босанудың бірінші кезеңінде партограммада босану әрекетінің біріншілік әлсіздігі диагностикаланды. Жүргізілетін іс-әрекет: * Амниотомия, простагландинмен босануды ынталандыру *+Амниотомия, окситоцинмен босануды ынталандыру * Қағанақ қабының төменгі бөлігін саусақпен ажырату * Шұғыл түрде кесар тілігі * Простагландинмен босануды ынталандыру
3. Босанушы әйелде босанудың 2-ші кезеңінің әлсіздігінде, нәресте өміріне қауіп төнгенде, нәресте басы жамбас түбінде екендігі анықталды. Жасалатын іс-әрекет: * кесар тілігі * босануды окситоцинмен ынталандыру *+ шығаберістік акушерлік қысқыштар * босануды простагландиндермен ынталандыру * нәресте өміріне қауіп төнуді емдеу
4. Қысқа интервалдармен жүретін күшті, ұзақ, ауру сезімді толғақтар келесі ауытқуға тән: * жалған толғақ *босану әрекетінің әлсіздігі * шамадан тыс босану әрекеті * қалыпты босану әрекеті *+ дискоординацияланған босану әрекеті
5. Ретсіз, өте жиі, ұзақ, ауру сезімімен және жатыр мойнының баяу ашылуымен жүретін толғақтар босану әрекеті ауытқуларының келесі түріне тән: * босану әрекетінің әлсіздігіне * шамадан тыс босану әрекетіне * қалыпты босану әрекетіне * жалған толғақ *+ дискоординацияланған босану әрекетіне
|