Босанғаннан кейінгі кезеңдегі іріңді-септикалық аурулар
1. Босанғаннан кейінгі әйелде босанғаннан кейінгі 2–тәулікте дене қызуының 39,0оС дейін жоғарылауы, іштің төмен жағында ауру сезімі, әлсіздік, жағымсыз иісті лохиялар, тахикардия, қалтырау анықталды. Босану кезінде: бала жолдасының ақауы анықталып, қолмен бөлініп алынды. Қан анализінде: лейкоцитоз - 19,2х109/л, лейкоцитарлық формула солға жылжыған, эритроциттің тұну жылдамдығы- 50 мм/сағ. Клиникалық көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді: * параметрит * сальпингоофорит * пельвиоперитонит * эндометрит, жеңіл түрі * +эндометрит, ауыр түрі
2. Септикалық шок – аяқ асты басталатын өмірге маңызды жүйелердің функциясының үдемелі бұзылысы, микроциркуляция және макроциркуляция дағдарысына алып келу себептері келесі өзгерістерге байланысты: * массивті қан ағу * дәрілік анафилаксия * сәйкес емес қан құйғанда * эндометриттің ауыр ағымы * + микроорганизмнің экзо- және эндотоксині
3. Септикалық шоктың келесі даму фазаларын ажыратады: * шынайы, жалған * ерте, бастапқы, кеш * + жылы, салқын, қайтымсыз шок * біріншілік, екіншілік, метастатикалық * бастапқы, аралық, терминалды
4. Босанған әйел босанғаннан кейінгі 5-тәулікте дене қызуының 38,0°С жоғарылауына, әлсіздікке, оң жақ сүт безінің қатаюына, гиперемиясы мен ауру сезіміне, емізікшедегі сызаттарға шағымданады. Объективті: оң жақ сүт безінің көлемі біркелкі ұлғайған, қатайған, ауру сезімді, тері гиперемияланған, емізікшеде сызаттар анықталады. Клиникалық көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді: * +серозды мастит * гангренозды мастит * флегмонозды мастит * абсцесті мастит * инфильтративті мастит 5. Нәрестелерге госпитальды инфекцияның таралу жолдары: * эндогенді, экзогенді, қосарланған * біріншілік, екіншілік, метастатикалық * парентеральды, каналикулярды, жанасу-тұрмысты * гематогенді, лимфогенді, интраканаликулярлы * + жанасу-тұрмыстық, энтеральды, ауа-тамшылы
|