Студопедия — Тіркелген актив ұғымына анықтама беріңіз?
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тіркелген актив ұғымына анықтама беріңіз?






1 мыналар тіркелген активтерге жатады:

1) түскен кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;

2) концессия шартының шеңберінде концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) жүргізген және (немесе) алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

3) әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

4) табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқару шарты бойынша немесе мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы өзге акт бойынша сенімгерлікпен басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.

2. Мыналар тіркелген активтерге жатпайды:

1) жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін пайдалануға енгізетін және салық салу мақсатына орай ескерілетін негізгі құралдар және материалдық емес активтер;

1-1) биологиялық активтерді, сондай-ақ қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін активтер;

2) жер;

3) мұражай құндылықтары;

4) сәулет және өнер ескерткіштері;

5) ортақ пайдаланымдағы құрылыстар: автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, гүлзарлар;

6) аяқталмаған күрделі құрылыс;

7) фильмқорына жататын объектілер;

8) Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;

9) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес бұрын құны толығымен шегерімдерге жатқызылған негізгі құралдар;

10) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалы қызмет мерзімі белгісіз деп танылған және салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін, пайдалы қызмет мерзімі белгісіз материалдық емес активтер;

11) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жылдық жиынтық табыстан қосымша шегерімдер құқығы беріле отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;

11-1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатқызылған құн бөлігінде Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;

12) пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішіндегі преференция объектілері;

13) әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.

 

45.Тіркелген активтерке не жатқызылады? тіркелген активтер топтарын және шектік амортизация нормасын атаңыз?

мыналар тіркелген активтерге жатады:

1) түскен кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;

2) концессия шартының шеңберінде концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) жүргізген және (немесе) алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

3) әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

4) табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқару шарты бойынша немесе мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы өзге акт бойынша сенімгерлікпен басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын актив1. Тіркелген активтердің құны осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу жолымен шегерімге жатады.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әрбір кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар салықтық есепке алу саясатында көрсетілген, осы тармақта белгіленген шекті нормалардан аспауға тиіс амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында кіші топтың, топтың құндық балансына қолдану жолымен анықталады:

рет N топ N Тіркелген активтердің атауы Амортизацияның шекті нормасы (%)
       
  I Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар  
  II Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық  
  III Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар  
  IV Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, соның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары  

 

2-1.топтардың (кіші топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) мұндай құндық баланстарына осы бапта белгіленген амортизацияның шекті нормаларын қолдану жолымен айқындалады.

3. Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке анықталады.

4. Салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды корпоративтік табыс салығын есептеуге көшкен жағдайда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатқан кезде амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне түзетіледі.

5. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды және құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды:

тіркелген активтер деп тануға және олардың құнын белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызуға немесе преференциялар объектілері деп тануға және олардың құнын талаптар сақталған кезде және тәртіппен шегерімге жатқызуға құқылы.

6. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдаланудың бірінші салықтық кезеңінде осы тіркелген активтерді жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемінде үш жыл пайдаланған жағдайда амортизацияның екі еселенген нормалары бойынша амортизациялық аударымдар есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың бірінші салық кезеңінде топтың құндық балансынан бөлек ескеріледі. Келесі салық кезеңінде осы тіркелген активтер тиісті топтың құндық балансына қосуға жатады.

Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

1) өздерін пайдалану ерекшеліктеріне орай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылатын;

2) салықтық есепте жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпайтын тіркелген активтерге ғана қолданылады.

 

 

46. Бухгалтерлік амортизация нормасы мен салық есебіндегі нормада айырмашылық бар ма, бар болса атаңыз?

Амортизация нормасы- бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады. Амортизациялық жарналардың сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.
Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.
Бухг амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады. Ол бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2420 «Негізгі құралдардың құнсыздануы мен амортизациясы» шотында жүргізіледі. № 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:
• құнды біркелкі есептеп шығару әдісі;
• өндірістік әдіс;
• кумулятивтік әдіс;
• кемімелі-қалдық әдісі.
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі неғұрлым қарапайым әдіс болып саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі. Өндірістік әдіс объектінің пайдаланылатын уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Бастапқы құн – қалдық құны әр жылдағы жалпы өндірілуге тиісті өнім саны * өндірілген өнім саны = әр жылда өндірілген өнім саны = теңге * әр жылдағы өндірілген өнім саны. Кумулятивті әдіс - латын тілінен аударғанда өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді, осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байанысты. Бұл формула мына түрде жазылады:АА = Қалған жылдар саны * (бастапқы құн – қалдық құн)/Пайдаланатын жылсандарының қосындысы. Кемімелі – қалдық әдісі. Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды біркелкі есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны онығ жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі.Салық бойынша амортизац.

рет N топ N Тiркелген активтердiң атауы Амортизацияның шектi нормасы (%)
       
  I Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар  
  II Мұнай-газ өндiру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық  
  III Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтар 40
  IV Басқа топтарға енгiзiлмеген тiркелген активтер, соның iшiнде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндiру машиналары мен жабдықтары  

 


 

47.Тіркелген актив бойынша құндық баланс қалай анықталады және оның сомасы бухгалтерлік есеп көрсеткіштері негізінде пайда бола ма?

Құндық балансты айқындау
1. Тіркелген активтерді есепке алу техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

рет N топ N Тіркелген активтердің атауы
1 2  
1. І Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар
2. ІІ Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықты қоспағанда, машиналар мен жабдық
3. ІІІ Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар
4. ІV Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдық


І топтың әрбір объектісі кіші топқа теңестіріледі.
2. Әрбір кіші топ (І топтың), топ бойынша салық кезеңінің басында және аяғында кіші топтың (І топтың), топтың құндық балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады.
І топтың құндық балансы кіші топтардың негізгі құралдардың әрбір объектісі бойынша құндық баланстарынан құралған кіші топтың құндық балансынан тұрады.
3. салық кезеңінде жүргізілген түзетулерді ескеретін, салық кезеңінің бас кезіндегі кіші топтардың құндық балансы I топтың тіркелген активтерінің қалдық құны болып табылады.
4. Тіркелген активтер:
1) І топ бойынша - әрқайсысы топтың құндық балансының жекелеген кіші тобын құрайтын тіркелген активтер объектілері бойынша;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – топтардың құндық баланстары бойынша ескеріледі.
5. Түскен тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын айқындалатын құнға ұлғайтады.
6. Шығып қалған тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын сәйкес айқындалатын құнға азайтады.
7. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы:
кіші топтың (І топтың), топтың алдыңғы салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы алу алдыңғы салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы, алу жүргізілетін түзетулер ретінде айқындалады.
Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансының мәні теріс болмауға тиіс.
8. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы:
кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы
қосу салық кезеңінде түскен тіркелген активтер алу салық кезеңінде шығып қалған тіркелген активтер қосу түзетулер ретінде айқындалады.
9. Сенімгерлікпен басқарушы тіркелген активтер бойынша топтардың (кіші топтардың) жекелеген құндық баланстарын қалыптастыруға және осындай активтер бойынша негізінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.
10. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде 1 қаңтарға дейін және (немесе) одан кейін пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатқызылмаған құн бөлігінде топтардың (кіші топтардың) жекелеген құндық балансын қалыптастыруға міндетті.

 

 

 


 

48.Тіркелген актив қалай кірістеледі және бухгалтерлік есеп бойынша кірістелуден айырмашылығы бар ма?

Тіркелген активтерді есепке алу техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

рет N топ N Тіркелген активтердің атауы
1. І Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар
2. ІІ Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықты қоспағанда, машиналар мен жабдық
3. ІІІ Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар
4. ІV Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдық

1. Тіркелген активтер түскен кезде, оның ішінде қаржы лизингі бойынша және тауарлық-материалдық қорлардың құрамынан аудару жолымен түскен кезде топтардың (кіші топтардың) құндық балансын көрсетілген активтердің бастапқы құнына ұлғайтады.
Тіркелген активтердің түсімін салық салу мақсатында тану түскен активтерді тіркелген активтердің құрамына енгізуді білдіреді.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тіркелген актив пайдалануға берілген күннен бастап салық төлеуші шеккен шығындар тіркелген активтердің бастапқы құнына қосылады. Мұндай шығындарға:
- шегерімге жатқызылуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан);
- шегерімге жатқызылған шығындардан (шығыстардан);
- шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);
- амортизациялық аударымдар шығындарынан (шығыстарынан); 3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, сатуға арналған тауар-материалдық қорлардың немесе активтердің құрамынан аудару жолымен түскен тіркелген активтің бастапқы құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мұндай түсім күніне айқындалған оның баланстық құны болып табылады.
4. Тіркелген активтер өтеусіз алынған кезде, іркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, алынған активтердің аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
5. Жарғылық капиталға салым ретінде алу кезінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
6. Салық төлеушінің бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылуына байланысты тіркелген активтерді алу кезінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, алынған активтердің беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құны осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
7. Сенімгерлікпен басқарушы тіркелген активтерді сенімгерлікпен басқаруға алған кезде:
1) беретін тұлғаның осы активтері тіркелген активтер болған жағдайда – айқындалған құн;
2) өзге жағдайларда – аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінің деректері бойынша айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
- Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша тіркелген активтерді алған кезде айқындалған құн, мұндай құн болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындаған құн осындай активтердің бастапқы құны болып табылады.
- Преференцияларының күші жойылған активтер топтың (кіші топтың) құндық балансына белгіленген тәртіппен айқындалатын бастапқы құны бойынша енгізілуге жатады. Преференциялар объектісі көрсетілген активтерден басқа, жағдайда осы объект пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі аяқталғаннан кейін топтың (кіші топтың) құндық балансына нөлдік құн бойынша енгізілуге жатады.


49. Тіркелген актив қалай шығысталады және бухгалтерлік есеп бойынша шығысталудан айырмашылығы бар ма?

ТА толық амортизация және (немесе) құнсыздану нәтижесiнде тануды тоқтату жағдайларын қоспағанда, тiркелген активтердi бухгалтерлiк есепте негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретiнде тануды тоқтату, сондай-ақ сатуға арналған активтер құрамына ауыстыру осындай активтердiң шығып қалуы болып табылады.
Тiркелген активтердiң шығып қалуын салық салу мақсатында тану шығып қалған активтердi тiркелген активтердiң құрамынан алып тастауды бiлдiредi. Кiшi топтың (топтың) құндық балансы шығып қалу күнiне қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған шығып қалатын тiркелген активтердiң баланстық құнына азайтылады.
ТА оның iшiнде қаржы лизингi шарты бойынша оларды тауар-мат-дық қорлардың құрамына ауыстырусыз өткiзу кезiнде кiшi топтың (топтың) құндық балансы қосылған құн салығын қоспағанда, өткiзу құнына азайтылады. Егер мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорынды сатып алу-сату шартын қоса алғанда, сатып алу-сату шартында өткiзу құны тiркелген активтер объектiлерi бойынша анықталмаса, кiшi топтың (топтың) құндық балансы өткiзу күнiне қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары мен ҚР бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған шығып қалатын тiркелген активтердiң баланстық құнына азайтылады.
- ТА өтеусiз беру кезiнде кiшi топтың (топтың) құндық балансы аталған активтердi қабылдап алу-беру актiсiнде көрсетiлген бухгалтерлiк есепке алу деректерi бойынша берiлген активтердiң баланстық құнына азайтылады.
-ТА жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде кiшi топтың (топтың) құндық балансы Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалатын құнға азайтылады.
- қосу, бiрiктiру, бөлу немесе бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесiнде тiркелген активтердiң шығып қалуы кезiнде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кiшi тобының (тобының) құндық балансы беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген, берiлген активтердiң баланстық құнына азайтылады.
Қосу, бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастыру кезiнде салық төлеушiлер салықтық есепке алу мақсаттары үшiн қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаны салықтық есепке алу деректерi бойынша берiлетiн тiркелген активтердiң құнын:
1) I топтағы тiркелген активтер бойынша

2) II, III, IV топтардағы тiркелген активтер бойынша топтың құндық балансының шамасын беру актiсiнде көрсетуге құқылы.
Қосу, бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кiшi тобының (тобының) құндық балансы осы тармаққа сәйкес беру актiсiнде көрсетiлген салықтық есепке алу деректерi бойынша тiркелген активтердiң құнына азайтылады.
7. Құрылтайшы, қатысушы мүлiктi алған кезде кiшi топтың (топтың) құндық балансы құрылтайшылардың, қатысушылардың келiсiмi бойынша анықталған құнға азайтылады.
8. Тiркелген активтердi жоғалту, жою, бүлдiру, ысырап ету кезiнде:
1) тiркелген активтердi сақтандыру жағдайларында – кiшi топтың (топтың) құндық балансы сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру ұйымы сақтанушыға төлеген сақтандыру төлемдерiнiң сомасына тең құнға азайтылады;
2) I топтың тiркелген активтерiн сақтандыру болмаған кезде – тиiстi кiшi топтардың құндық балансы тiркелген көзделген тәртiппен есептелген қалдық құнына азайтылады;
3) I топтың тiркелген активтерiнен басқа, тiркелген активтердi сақтандыру болмаған кезде шығып қалу көрсетiлмейдi.
9. Лизинг алушы қаржы лизингiнiң затын лизинг берушiге қайтарған кезде кiшi топтың (топтың) құндық балансы қаржы лизингi бойынша сыйақы сомасына азайтылған, қаржы лизингiнiң затын сатып алу құны мен лизинг затын алған күннен бастап қайтару күнiне дейiн кезеңдегi лизингтiк төлемдер сомасы арасындағы оң айырмаға азайтылады.
10. Тiркелген активтердi сенiмгерлiкпен басқаруға беру кезiнде топтың (кiшi топтың) құндық балансы:
1) I топ бойынша – тiркелген активтердiң қалдық құнына;
2) II, III және IV топтар бойынша – беру күнiне халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған баланстық құнға азайтылады.
Тiркелген активтердi пайдалануды уақытша тоқтатуға мұндай активтердi бухгалтерлiк есепте негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретiнде тануды тоқтатпай, тiркелген активтердi пайдаланудан уақытша шығару жатады.

 

Осы салық кезеңі соңындағы және келер жылы салық кезеңі басындағы топтың, бөлімшенің құндық балансы қалай анықталады?

1. Өтеусіз беруді қоспағанда, кіші топтың (І топ бойынша) тіркелген активтері шығып қалғаннан кейін кіші топтың салық кезеңі соңындағы құндық балансы мөлшеріндегі сома І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан болған залал деп танылады.

Осы кіші топтың құндық балансы нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.

2. Топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) барлық тіркелген активтері шығып қалғаннан кейін тиісті топтың салық кезеңі соңындағы құндық балансы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шегерімге жатқызылады.

3. Кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) барлық тіркелген активтерін өтеусіз берген кезде тиісті кіші топтың немесе топтың құндық балансы салық кезеңінің соңында нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.

4. Салық төлеуші кіші топтың (топтың) салық кезеңі соңындағы құндық балансының республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген және салық кезеңiнiң соңғы күнi қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем соманы құрайтын шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.

 

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1893. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия