Тіркелген активтер бойынша амортизация есебі бух амортизация есептеу мен бірдей ма
1. Тіркелген активтердің құны осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу жолымен шегерімге жатады. 2. әрбiр кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар амортизация нормаларын қолдану жолымен, бірақ салық кезеңінің соңында кіші топтың, топтың құндық балансына осы тармақта белгiленген нормалардан жоғары болмайтындай етіп анықталады:
2-1 топтардың (кiшi топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңiнiң соңында топтардың (кiшi топтардың) мұндай құндық баланстарына осы бапта белгiленген амортизацияның шектi нормаларын қолдану жолымен айқындалады. 3. Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке анықталады. 4. Салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға корпоративтік табыс салығын есептеуге көшкен жағдайда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатқан кезде амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне түзетіледі. 5. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін, келетін өндірістік мақсаттағы ғимараттарды және құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды: тіркелген активтер деп тануға және олардың құнын шегерімге жатқызуға немесе преференциялар объектілері деп тануға және олардың құнын белгіленген талаптар сақталған кезде және тәртіппен шегерімге жатқызуға құқылы. 6. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдаланудың бірінші салықтық кезеңінде осы тіркелген активтерді жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемінде үш жыл пайдаланған жағдайда амортизацияның екі еселенген нормалары бойынша амортизациялық аударымдар есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың бірінші салық кезеңінде топтың құндық балансынан бөлек ескеріледі. Келесі салық кезеңінде осы тіркелген активтер тиісті топтың құндық балансына қосуға жатады. Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін: 1) өздерін пайдалану ерекшеліктеріне орай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылатын; 2) салықтық есепте жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпайтын тіркелген активтерге ғана қолданылады. 53. Тіркелген активті ағымдағы жөндеу шығындары қайда апарылады? 1. Келесі шығыстар деп активтерді пайдалану, жөндеу, ұстау және тарату кезінде шеккен, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары шегерімге жататын тарату қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарын қоспағанда, салық төлеушінің резервтік қорлары есебінен жүргізілетін іс жүзіндегі шығыстар түсіндіріледі. 2. амортизацияға жатпайтын активтердiң бастапқы құнын ұлғайтатын келесi шығыстарды қоспағанда, келесі шығыстар олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуға тиіс. Мынадай активтерге: 1) тіркелген активтерге және (немесе) 2) мыналарда: қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебiнде ескерiлетiн және табыс алуға бағытталған қызметке пайдалануға арналған негiзгi құралдарға, жылжымайтын мүлiкке инвестицияларға, материалдық емес және биологиялық активтерге қатысты осы тармақтың ережелерi қолданылады. 3. бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын келесі шығыстардың, сондай-ақ келесі шығыстардың сомасы: 1) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын ұлғайтады; 2) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансы болмаған кезде ағымдағы салық кезеңінің аяғында топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын қалыптастырады. келесі шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңінде танылады. 4. Жалға алушы жалға алынатын негізгі құралдарға қатысты жұмсаған келесі шығыстардың сомасы шегерімге жатқызылады. 5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар инвестициялық салық преференцияларын қолдануға құқығы бар салық төлеушінің таңдауы бойынша осы баптың 3-тармағына немесе сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс. 6. активтер бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап шеккен келесi шығыстардың бухгалтерлiк есепте мұндай активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын сомасы салық кезеңiнiң соңында, оның iшiнде мұндай сома салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болған жағдайда амортизацияланатын активтердiң тобы бойынша жинақталған шығыстардың сомасын ұлғайтады. Осы тармақта көзделген келесi шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңiнде танылады.
|