Студопедия — СИЛЛАБУС. Пәні: Нормативті қазақ тілі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

СИЛЛАБУС. Пәні: Нормативті қазақ тілі






 

Пәні: Нормативті қазақ тілі

Мамандығы: 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті

Оқыту түрі: күндізгі

 

 

Барлығы: 2 кредит

Курс: 2 Семестр: 3

Дәріс сабақтар: 15

Тәжірибелік сабақтар: 15

Зертханалық сабақтар:

Барлық аудиториялық сабақ: 30

 

СОӨЖ: 15

СӨЖ: 45 Еңбек сыйымдылығы: 90 сағат

Емтихан: 3 - семестрде

 

Ақтау-2013

Пәнніңсиллабусын03.08.267-2006ҚР МЖМБС негізінде жасалған мамандықтың Оқу жұмыс жоспары, ҚР БжҒМ 11.05.2005. №289 бұйрығымен бекітілген типтік бағдарламаға сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қазақ филологиясы факультетінің кеңесі №1 29.09.06. ұсынған типтік бағдарлама негізіндеқұрастырғанҚазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. М.С.Жылқыбаева.

 

 

 

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының отырысында талқыланды.

___________ 2013ж. Хаттама №____

Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к. Отарова А.Н.

 

 

Факультет әдістемелік кеңесінің мәжілісінде мақұлданды.

___________2013ж. Хаттама №____

Төрағасы: п.ғ.к. Қалиева Г.

 

СИЛЛАБУС МАЗМҰНЫ

1.Оқытушы туралы мәлімет

Дәріскер: ф.ғ.к., аға оқытушы Жылқыбаева Маржан Сәрсекешқызы

Байланыс телефондары: жұмыс телефоны: 42-57-95, ұялы телефоны: 8 701 6549989

Email: Sarsekeshovna @mail.ru

2.Пән туралы мәлімет

Кредит саны –2.

Өтетін орны –32 ш/а.

Пән коды Пән аты Курс Семестр Кредит саны Дәріс Тәжірибе Зертханалық жұмыс СОӨЖ СӨЖ Барлығы
НКТ 1301 Нормативті қазақ тілі             -      

3. Пәннің пререквизиттері. Жалпы білім беретін орта мектептегі практикалық қазақ тілі. Қазіргі қазақ тілінің салалары.

4. Пәннің постреквизиттері. Қазіргі қазақ тілі (фонетика, лексика, морфология,синтаксис). Тіл мәдениеті.Қазақ тілі стилистикасы.

5. Пәннің қысқаша сипаттамасы. Қазақ тілінің өзініңграмматикалық-синтаксистік жүйесі бар. Тіліміздің дыбыстық, грамматикалық жүйесін қарастыратын қазіргі қазақ тілі саласы болса, нормативті қазақ тілі грамматикалық талдауларды үйретіп меңгертуге арналған.

Курс 90 сағат көлеміндегі 1 жылдық академиялық мерзімге 2 несиелік сағат бойынша есептелген. Яғни, дәріс-15, тәжірибелік сабақ -15 сағат, СӨЖ -6 сағат, СОӨЖ-54сағат. Қорытынды бақылау емтиханы тест түрінде алынады.

Пәннің оқытылу мақсаты:Курс студенттеріне мектеп бағдарламасы көлемінде қазақ тілінен білім, білік дәрежелерін жүйелі түрде тиянақтап, комплексті талдауды терең игерту, студенттердің жазу сауаттылығын, ауызша сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, жоғары курстарда оқылатын қазіргі қазақ тілінің теориялық курсын жоғары деңгейде меңгерту.

Пәнді оқыту міндеттері:

- Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, дыбыстардың жіктелуі, жасалу жолдары туралы білім меңгерту;

- Дыбыстарды жасалу жолдарына қарай жіктеуге, жеке дыбыстарды фонетикалық талдауға машықтандыру;

- Қазақтың төл дыбыстарының жасалу, жазылу, айтылу заңдылықтарын меңгерту;

- Екпін заңдылықтарын, орфоэпия нормаларын меңгерту.

- Студенттердің тіл байлығын, ой-өрісін кеңейтуге тікелей қатысы бар тақырыптар, атап айтқанда, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, көп мағыналылық, омоним, синоним, антоним, тұрақты тіркестерді меңгерту;

- Студенттерге сөз құрамы, сөз тұлғасы, сөз таптарын және тілдік нормаларды меңгерту;

- Студенттерге синтаксис туралы жалпы мәлімет бере отырып, сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері, сөз тіркесі, сөйлем мүшелері, жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрлерін меңгерту.

6. Студент білімін бағалау бойынша ақпарат.

Студенттің білімі, білігі мен дағдысы төмендегі жүйе бойынша бағаланады:

Әріптік жүйе бойынша баға Ұпайдық сандық баламасы Ұпайдық пайыздық қатынасы Мәні Дәстүрлі жүйедегі баға
А+ А А- 4,75 4,5 100% 95-99% 90-94% айрықша өте жақсы өте жақсыға жақын   «5»
В В- 3,75 80-89% 75-79% жақсы жақсыға жақын «4»
С+ С С- 3,5 3,25 70-74 60-69% 50-59% толық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлыққа жақын «3»
F   0-49% қанағаттанғысыз «2»

7. Пәннің саясаты мен процедуралары:

Міндетті талаптар:

- сабаққа міндетті түрде қатысу;

- бақылау жұмыстарының барлық түрлерін уақытында тапсыру;

- қалдырған сабақтарды өтеп шығу.

Рұқсат етілмейтін жайлары:

- cабаққа кешігу және сабақтан қалу;

- cабақ үстінде бөгде іспен айналысу;

- тапсырмаларды уақытында тапсырмау, т.б.

8. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

8.1. Пәннің тақырыптық жоспары

 

Тақырыптың аты Сағаттар
Дәріс Тәжірибе Зерт. сабақ СОӨЖ СӨЖ
  Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Буын, тасымал, екпін, дауыс ырғағы.     -    
  Үндестік заңы. Орфография. Орфоэпия.     -    
  Лексика. Сөз және мағына. Сөздің көп мағыналылығы. Тұрақты тіркестер. Мақал-мәтелдер.     -    
  Кірме сөздер. Кәсіби сөздер. Диалектизмдер. Көнерген сөздер. Неологизмдер. Термин сөздер. Қазақ тілінің лекскографиясы     -    
  Морфология. Сөз құрамы. Сөз тұлғасы     -    
  Сөз таптары. Есім сөздер.Зат есім, сын есім.     -    
  Сан есім, оның түрлері. Есімдік, оның түрлері     -    
  Етістік және оның категориялары     -    
  Үстеу. Одағай. Шылау.Еліктеу сөздер.     -    
  Синтаксис. Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері.     -    
  Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері     -    
  Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.     -    
  Қаратпа, қыстырма сөздер.       -    
  Жай сөйлем, түрлері.     -    
  Құрмалас сөйлем, түрлері.     -    
Барлығы     -    

№1 дәріс

Тақырыбы: Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Буын, тасымал, екпін, дауыс ырғағы. Дәріс мазмұны: Тәжірибелік сабақ бойынша жаттығу жұмыстары.

Фонетиканың зерттеу объектісі. Дыбыстау мүшелеріне сипаттама. Дыбыс пен әріп. Қазақ әліпбиінің тарихына шолу. Қазақтың төл дыбыстары. Қазақ тілі дыбыстарының тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай жіктелінуі.

№1 тәжірибелік сабақ;

Тақырыбы: Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Буын, тасымал, екпін, дауыс ырғағы.

Қамтылатын мәселелер: Қазақ вокализмiнiң құрамы, сапасы туралы көзқарастар, пiкiрталастар. Дифтонг және монофтонг дауыстылар. Олар туралы пікірлер. Дауыстылардың жiктелуi. Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшелiктер. Қазақ тiлi дауыстыларының кейбiр өзгешелiктерi. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлеріне фонетикалық талдау.

Дауыстылар мен дауыссыздардың емле заңдылықтарына байланысты жаттығу жұмыстарын жүргізу. Буын түрлеріне, тасымал, екпін, дауыс ырғағына байланысты жаттығу жұмыстарын жүргізу.

Қазақтың төл сөздерiнiң буын жөнiндегi ерекшелiктерi. Буын түрлерi. Сөздердiң буын жiгi мен морфемалар жiгiн ажырата бiлу. Буын өзгерiсi. Сөздердiң буын жiгiнiң жазбаша, ауызша түрiнiң кейде сәйкеспейтiндiгi. Буын түрлеріне талдау. Дауыс ырғағы және кiдiрiс. Дауыс ырғағының суперсименттiк қызметi. Дауыс ырғағының түрлерi.

 

Негізгі әдебиеттер: 1(3-12бб.),2(5-21бб.),3(3-18бб.),9(581-590бб.)

Қосымша әдебиеттер: 3(3-10бб.),4(4-15бб.),6(11-25бб.),7(6-17бб.),8(3-15бб.),10(5-13бб.),20(16-27бб.),21(19-26бб.),35(33-45бб.)

 

№2 дәріс

Тақырыбы: Үндестік заңы. Орфография. Орфоэпия.

Дәріс мазмұны: Қазақ тiлiндегi негiзгi үндестiк заңдар. Дауыссыздар тiркесiмдiлiгi. Қазақ тiлiндегi дыбыстық (фонетикалық) құбылыстар, оның түрлерi: протеза, эпентеза, элизия, аферезес, метатеза, гаплология. Дыбыстық үнем

Үндестік заңы. Дыбыстардың алмасуы.

Ықпалдың түрлері. Сингармонизм. Тіл үндестігі, ерін үндестігі.

№2 тәжірибелік сабақ;

Тақырыбы: Қазақ тілінің үндестік заңы. Қазақ орфографиясы мен орфоэпиясының заңдылықтары.

Қамтылатын мәселелер:Буын үндестігі (сингармонизм). Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Дыбыс үндестігі (ассимиляция). Дыбыс үндестігінің түрлері: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдар.

Дыбыс үндестігіне қатысты орфоэпиялық, орфографиялық нормалар. Қазақ орфографиясының ережелері. Орфографиялық нормаларды қалыптастыруға арналған ережелер

 

Негізгі әдебиеттер: 1(3-12бб.),2(5-21бб.),3(3-18бб.),9(581-590бб.)

Қосымша әдебиеттер: 3(3-10бб.),4(4-15бб.),6(11-25бб.),7(6-17бб.),8(3-15бб.),10(5-13бб.),20(16-27бб.),21(19-26бб.),35(33-45бб.)

 

№3 дәріс

Тақырыбы: Лексика. Сөз және мағына. Сөздің көп мағыналылығы.

Дәріс мазмұны: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы, сөз мағынасын ауыстырып қолдану жолдары. Омоним сөздер мен көп мағыналы сөздердің белгілері, айырмашылықтары, оларды ажыратудағы контекстің ролі. Синонимдік қатар. Олардың қолданылу ерекшеліктері: бірыңғай мүше түрінде, қос сөз түрінде қолданылуы. Антоним, оның көркем шығармада қолданылудағы ерекшеліктері.

Тұрақты тіркестер, олардың түрлері. Идиома және фраза. Олардың сөйлемді көріктендіруде, ойын дәл беруде алатын орны. Мақал-мәтелдер, афоризмдер. Олардың бір-бірінен айырмашылықтары мен ұқсастықтары.

№3 тәжірибелік сабақ;

Тақырыбы: Лексика. Сөз және мағына. Сөздің көп мағыналылығы.

Қамтылатын мәселелер: Лексикологияның мақсаты мен зерттеу объектісі, салалары. Ұғым және сөз. Сөз және мағына. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері. Сөз мағынасының дамуы. Тұрақты сөз тіркестері мен оның өзіндік белгілері. Фразеологизмдердің түрлері. Фразеологизмдердің сөз табына қатысы.

Сөздің көп мағыналылығы.Фразеологизмдердіңкөп мағыналылығы. Фразеологиялық синонимдер, антонимдер, варианттар.

Негізгі әдебиеттер: 7(3-15бб.),8(5-18бб.),9(7-15бб.)

Қосымша әдебиеттер: 1(3-19бб.),2(5-27бб.),3(6-31бб.),27(3-24бб.),33(13-29бб.)

 

№4 дәріс

Тақырыбы: Кірме сөздер. Кәсіби сөздер. Диалектизмдер. Көнерген сөздер. Неологизмдер.

Дәріс мазмұны: Қазақ тіліндегі кірме сөздер: монғол тілінен ауысқан сөздер, араб,

парсы тілдерінен енген сөздер, орыс тілінен енген сөздер. Қазақ тілінің диалект сөздері. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері. Диалектілік лексика және оның қызметі. Арнаулы лексика және оның қызметі. Кәсіби лексика. Көнерген сөздер, олардың түрлері.Әр алуан кәсіпке байланысты сөздер, ерекшеліктері. Көнерген сөздер: архаизмдер мен тарихи сөздер. Неологиздер мен термин сөздер.

№4 тәжірибелік сабақ;

Тақырыбы: Кірме сөздер. Диалектизмдер. Кәсіби сөздер. Көнерген сөздер. Неологизмдер.

Қамтылатын мәселелер: Түркі тілдеріне ортақ сөздер. Қазақтың байырғы төл сөздері. Қазақ лексикасындағы кірме сөздер. Араб-парсы тілдерінен енген сөздер. Монғол тілдерінен енген сөздер. Орыс тілінен енген сөздер.

Сөздіктің түрлері. Қазақ тілінің түсіндірме, фразеологиялық, этимологиялық, синонимдік, омонимдік, антонимдік, орфографиялық, орфоэпиялық, аударма сөздіктері.

Көнерген сөздер, олардың түрлері. Көнерген сөздер: архаизмдер мен тарихи сөздер. Неологиздер мен термин сөздер. Қазақ тілінің түсіндірме, фразеологиялық, этимологиялық, синонимдік, омонимдік, антонимдік, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктермен жұмыс істеу.

 

Негізгі әдебиеттер: 7(16-27бб.),8(19-28бб.),9(16-28бб.)

Қосымша әдебиеттер: 1(20-29бб.),2(28-34бб.),3(32-45бб.),27(36-45),33(27-41бб.)

№5 дәріс

Тақырыбы: Морфология. Сөз құрамы. Сөз тұлғасы

Дәріс мазмұны: Морфема туралы түсінік. Түбір және қосымша морфема. Жалғау, жалғаудың түрлері: көптік жалғау, мағынасы мен қызметі. Оңаша және ортақ тәуелдеу. Септік жалғау. Жай және тәуелді септеу. Жіктеу есімдіктерінің септелуі. Жіктік жалғау, оның қызметі. Жедел өткен шақ және шартты рай тұлғасындағы етістіктің жіктелуі.

Негізгі түбір және оның белгілері. Туынды түбір, оның белгілері. Негізгі сөз бен туынды түбірдің мағына байланыстылығы. Біріккен сөздер. Қос сөз. Оның түрлері. Қос сөздердің жасалу жолдары. Қос сөздердің семантикалық сипаты. Қысқарған сөздер. Күрделі атауларды қысқартып айту мен жазу жолдары. Дара және күрделі сөздер. Тіркесті күрделі сөздер мен аналитикалық формалы сөздер туралы мәлімет.

№5 тәжірибелік сабақ;

Тақырыбы: Морфология. Сөз құрамы. Сөз тұлғасы.

Қамтылатын мәселелер: Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар. Омоним жұрнақтар. Жалғаулар, олардың түрлері. Негізгі, туынды түбір. Біріккен сөз. Қос сөз. Қысқарған сөз. Күрделі сөз. Жалғау, жалғаудың түрлері: көптік жалғау, мағынасы мен қызметі. Оңаша және ортақ тәуелдеу. Септік жалғау. Жай және тәуелді септеу. Жіктеу есімдіктерінің септелуі. Жіктік жалғау, оның қызметі. Жедел өткен шақ және шартты рай тұлғасындағы етістіктің жіктелуі.

Негізгі әдебиеттер: 7(28-31бб.)

Қосымша әдебиеттер: 7(9-21бб.),15(26-46бб.),22(23-39бб.),26(11-35бб.)

№ 6 дәріс

Тақырыбы: Сөз таптары. Есім сөздер. Зат есім, сын есім.

Дәріс мазмұны: Қазақ тіліндегі сөз таптары(зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш), олардың мағыналық топтары, жасалу жолдарын ажырату.

№6 тәжірибелік сабақ;

Тақырыбы: Сөздердің таптастырылуы. Зат есім және оның түрленуі. Сын есім және оның түрлері мен шырайлары

Қамтылатын мәселелер:Зат есімнің лексика-семантикалық топтары: жалқы және жалпы есімдер, деректі және дерексіз зат есімдер.негізгі және туынды зат есімдер.

Сын есім. Сын есімнің шырайлары. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.

 

Негізгі әдебиеттер:7(32-43бб.)

Қосымша әдебиеттер:3(46-57бб.),5(13-24бб.),6(16-34бб.),8(53-62бб.),15(41-53бб.)

№ 7 дәріс

Тақырыбы: Сан есім, оның түрлері. Есімдік, оның түрлері

Дәріс мазмұны: Сан есімнің емлесі. Сан есімнің мағыналық түрлері. Есімдіктің мағыналық түрлері мен емлесі.

№7 тәжірибелік сабақ;

Тақырыбы: Сан есім және оның түрлері, емлесі. Есімдік және оның мағыналық түрлері

Қамтылатын мәселелер:Сан есім. оның лексика-семантикалық топтары (есептік, реттік, болжалдық, бөлшектік, жинақтық, топтау). Сан есімнің жазылу емлесі.Есімдіктің жалпы сипаттамасы. Оның мағыналық түрлерін ажыратуға жаттығулар.

Негізгі әдебиеттер:7(44-50бб.)

Қосымша әдебиеттер:3(58-67бб.),5(13-24бб.),6(16-34бб.),8(53-62бб.),15(41-53бб.)

 

№ 8 дәріс

Тақырыбы: Етістік және оның грамматикалық категориялары

Дәріс мазмұны: Етістік.Етістіктің аналитикалық формалары. Негізгі және көмекші етістіктер. Есімше. Көсемше. Тұйық етістік. Етістіктің грамматикалық категориялары: Рай және шақ категориясы.

№8 тәжірибелік сабақ;

Тақырыбы: Етістік. Етістіктің аналитикалық формалары. Негізгі және көмекші етістіктер. Етістіктің грамматикалық категориялары: Рай және шақ категориясы.

Қамтылатын мәселелер:Етістік, оның құрамына қарай түрлері. Етістіктің аналитикалық формалары. Негізгі және көмекші етістіктер. Етістіктің есімше және көсемше категориялары. Тұйық етістік немесе қимыл атауы. Салт және сабақты етістік. Болымды және болымсыз етістік.

Етістіктің райлары: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай. Етістіктің шақтары: осы шақ, келер шақ, өткен шақ. Олардың түрлері, жасалу жолдары.

 

Негізгі әдебиеттер:7(51-63бб.)

Қосымша әдебиеттер:3(68-75бб.),5(13-24бб.),6(16-34бб.),8(53-62бб.),15(41-53бб.)

 

№ 9 дәріс

Тақырыбы: Үстеу. Одағай. Шылау. Еліктеу сөздер.

Дәріс мазмұны:Үстеу, морфологиялық сипаты мен мағыналық түрлері. Шылау түрлері мен емлесі. Одағай, оның мағынасына қарай түрлері, тыныс белгісі. Еліктеуіш сөздер.

№9 тәжірибелік сабақ;

Тақырыбы: Үстеу. Одағай. Шылау.Еліктеу сөздер.

Қамтылатын мәселелер:Үстеу, оның мағыналық түрлері, синтаксистік қызметі. Негізгі және туынды үстеулер. Одағай және оның мағынасына қарай түрлері, тыныс белгісі.Шылаудың мағыналық түрлері, қызметі. Шылаулардың емлесі. Еліктеуіш сөздер және оның түрлері.

 

Негізгі әдебиеттер:7(64-73бб.)

Қосымша әдебиеттер:3(76-87бб.),5(13-24бб.),6(16-34бб.),8(53-62бб.),15(41-53бб.)

№ 10 дәріс

Тақырыбы: Синтаксис. Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері.

Дәріс мазмұны: Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін және сөз тіркестерін ажырату. Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері. Анықтауыш пен айқындауыш мүшені ажырату. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша. Қыстырма сөздерді тауып, тыныс белгілерін дұрыс қою.

№10 тәжірибелік сабақ;

Тақырыбы: Синтаксис. Сөз тіркестері. Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері.

Қамтылатын мәселелер:Сөз тіркесінің түрлері. Бастауыш. Баяндауыш. Етістік баяндауыш. Есім баяндауыш. Баяндауыштың бастауышпен қиысуы. Анықтауыш және айқындауыш. Бірыңғай мүшелі сөйлемдер.Сөздердің байланысу түрлері: а) қиысу; ә) меңгеру;б) матасу; в) қабысу; г) жанасу. Сөздердің байланысу тәсілдері: а) интонация арқылы; ә) жалғаулар арқылы; б) жалғаулық шылаулар арқылы; в) орын тәртібі арқылы.

Негізгі әдебиеттер: 1(48-56бб.),2(62-70бб.),3(627-640бб.)

Қосымша әдебиеттер:3(58-69бб.),6(35-46бб.),7(22-35бб.),9(43-60бб.),13(102-109бб.),18(96-105бб.),25(39-61бб.)

 

№ 11 дәріс

Тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Дәріс мазмұны: Сөйлемнің түрлаулы мүшелері. Бастауыш пен баяндауыш. Олардың сөйлемдегі орны, түрлері.Баяндауыш болатын сөз таптары.

№11 тәжірибелік сабақ;

Тақырыбы: Бастауыш. Баяндауыш.

Қамтылатын мәселелер:Бастауыштың сөйлемдегі негізгі қызметі мен орны. Бастауыш болатын сөз таптары. Сөйлемдегі грамматикалық бастауыш пен психологиялық бастауыш.Баяндауыш, оның негізгі қызметі мен сөйлемдегі орны.Баяндауыш болатын сөз таптары. Баяндауыштың құрамына қарай түрлері. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.

 

Негізгі әдебиеттер: 1(57-66бб.),2(62-70бб.),3(627-640бб.)

Қосымша әдебиеттер:3(70-81бб.),6(35-46бб.),7(22-35бб.),9(43-60бб.),13(102-109бб.),18(96-105бб.),25(39-61бб.)

№ 12 дәріс

Тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

Дәріс мазмұны: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелеріне сипаттама. Анықтауыш. Толықтауыш. Пысықтауыш. Олардың түрлері.

№12 тәжірибелік сабақ;

Тақырыбы: Анықтауыш пен айқындауыш. Толықтауыш. Пысықтауыш.

Қамтылатын мәселелер:Анықтауыш және оның түрлері. Анықтауыштың айқындауыш мүшеден айырмашылықтары мен ұқсастықтары. Айқындауыштың түрлері мен тыныс белгілері. Толықтауыш және оның түрлері: жанама, тура. Пысықтауыш және оның түрлері.

 

Негізгі әдебиеттер: 1(67-76бб.),2(62-70бб.),3(627-640бб.)

Қосымша әдебиеттер:3(82-91бб.),6(35-46бб.),7(22-35бб.),9(43-60бб.),13(102-109бб.),18(96-105бб.),25(39-61бб.)

№ 13 дәріс

Тақырыбы: Қаратпа, қыстырма сөздер.

Дәріс мазмұны: Қазақ тіліндегі оқшау сөздер туралы түсінік. Оның түрлері. Қаратпа сөз бен қыстырма сөздің сипаттамасы, олардың сөйлем ішіндегі тыныс белгілері.

№13 тәжірибелік сабақ;

Тақырыбы: Сөйлемдегі оқшау сөздер.

Қамтылатын мәселелер:Оқшау сөздердің түрлері. Қаратпа сөз. Оның тыныс белгісі. Қыстырма сөздердің сипаттамасы. Олардың сөйлемдегі орын тәртібі. Тыныс белгілері. Түрлері.

 

Негізгі әдебиеттер:7(77-85бб.),8(71-78бб.),9(641-649бб.)

Қосымша әдебиеттер: 3(92-109бб.),6(47-59бб.),7(36-45бб.),9(61-72бб.),12(67-82бб.), 13(109-120бб.),18(34-50бб.),25(50-61бб.)

 

№ 14 дәріс

Тақырыбы: Жай сөйлем, түрлері.

Дәріс мазмұны: Жай сөйлемнің түрлерін айтылу мақсатына қарай (хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрықты) қарай, ажырату. Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрлері. Төл сөз бен төлеу сөз. Төл сөздің тыныс белгілері. Берілу тәсілдерін анықтау.

№14 тәжірибелік сабақ;

Тақырыбы: Жай сөйлемнің мағыналық түрлері. Жай сөйлемнің құрамына қарай түрлері.

Қамтылатын мәселелер: Жай сөйлемнің түрлерін айтылу мақсатына қарай түрлері. Жай сөйлемнің түрлері. Төл сөз бен төлеу сөз. Төл сөздің тыныс белгілері.Жай сөйлемнің құрамындағы мүшелердің қатысына қарай түрлері. Жалаң және жйылма. Жақты және жақсыз сөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдер.

 

Негізгі әдебиеттер:7(87-95бб.),8(71-78бб.),9(641-649бб.)

Қосымша әдебиеттер: 3(110-119бб.),6(47-59бб.),7(36-45бб.),9(61-72бб.),12(67-82бб.), 13(109-120бб.),18(34-50бб.),25(50-61бб.)

 

№ 15 дәріс

Тақырыбы: Құрмалас сөйлем, түрлері.

Дәріс мазмұны: Құрмалас сөйлемдерді құрамына қарай ажыратып, талдауға жаттығу. Салалас құрмаластың түрлерін, компоненттерінің байланысу түрлерін анықтауға жаттығу. Сабақтас құрмаластың түрлерін, компоненттерінің байланысу түрлері.

№15 тәжірибелік сабақ;

Тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемдер. Сабақтас және көпкомпонентті құрмалас сөйлемдер.

Қамтылатын мәселелер: Салалас сөйлем. Салалас құрмаластың түрлерін, компоненттерінің байланысу түрлерін анықтауға жаттығу.Құрмалас сөйлемдерді құрамына қарай ажыратып, талдауға жаттығу. Салалас құрмаластың түрлерін, компоненттерінің байланысу түрлерін анықтауға жаттығу. Сабақтас құрмаластың түрлерін, компоненттерінің байланысу түрлері.Сабақтас сөйлем. Аралас сөйлем.

 

Негізгі әдебиеттер:7(96-105бб.),8(71-78бб.),9(641-649бб.)

Қосымша әдебиеттер: 3(120-129бб.),6(47-59бб.),7(36-45бб.),9(61-72бб.),12(67-82бб.), 13(109-120бб.),18(34-50бб.),25(50-61бб.)

 

9. Курстық жоба (оқу жұмыс жоспары бойынша курстық жоба жоспарланбаған)

 

10. СӨЖ, СОӨЖ тапсырмалары және олардың орындалу кестесі

Сабақ тақырыбы Тапсырма Сабақ түрі Бақылау түрі   Ұсынылатын әдебиеттер Тапсыру мерзім  
 
  Фонетика, оның зерттеу объектісі Фонетика ғылымына түсінік. СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиеттер: 4(3-12бб.),5(4-16бб.),6 (3-18бб.),8(3-14бб.) Қосымша әдебиеттер:10(3-19бб.),17(5-20бб.),18(45-61бб), 21(29-39бб), 1-апта  
  Дыбыс. Әріп. Фонема. Дыбыстардың классификациясы Дауысты дыбыстар жіктелуі, дауыссыз дыбыстардың жіктелуі. Фонетикалық процестер. Үндестік заңдары СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиеттер:2(5-14бб.),3(3-11бб.),5(17-25бб.),8(15-22бб.) Қосымша әдебиеттер:10(20-39бб.),11(5-22бб.),12(18-26бб),16(3-27бб.),18(65-72бб.), 31 (62-76бб.) 2-апта  
  Лексика. Сөз.Ұғым.Мағына. Ұғым мен мағынаның айырмашылығы. Сөз мағынасының түрлері СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиеттер: 4(13-20бб.),5(26-37бб.),8(23-29бб.),9(3-25бб.) Қосымша әдебиеттер:3(21-39бб.),9(7-15бб.),15(21-37бб.),16(28-35бб.) 3-апта  
  Сөзжасам Туынды сөздер. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтар. СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиет: 2(15-27бб.), 3(12-27бб.),5(38-46бб.),8(30-36бб.) Қосымша әдебиет: 7(26-38бб.), 8(19-31бб.),10(40-57бб.),12(27-39бб.),14(9-22бб.),21(34-48бб.),23(19-42бб.) 4-апта  
  Морфология, сөз таптары. Қазақ тіліндегі сөз таптары. Оларға тән категориялар. СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиеттер: 2(28-35бб.), 3(28-39бб.), 8(37-42бб.) Қосымша әдебиеттер: 3(40-53бб.), 8(32-47бб.),17(21-42бб.),23(43-67бб.) 5-апта  
  Салалас құрмалас Жалғаулықсыз салалас сөйлемдер Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді, оның ішінде салалас құрмаласты анықтап, жасалу жолдарын көрсету СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиет:1(3-27бб.),3(40-47бб.), 5(47-55бб.), 6(19-28бб.),8(43-50бб.) Қосымша әдебиет:3(54-67бб.), 11(23-45бб.),13(8-31бб.),14(23-35бб.),16(36-50бб.),19(14-31бб.), 6-апта  
  Жалғаулықты салалас сөйлемдер, олардың түрлері Түрлі жалғаулықтар арқылы жасалаған салалас сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратуға жаттығу СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Нег.әдебиет: 1(28-39бб.), 3(48-56бб.), 5(56-64бб.), 6(29-37бб.), 7, 8(51-57бб.) Қосымша әдебиеттер: 3(68-75бб.), 11(46-70бб.), 13(32-45бб.), 14(36-43бб.), 16(51-62бб.), 19(32-46бб.), 35 (37-45бб.) 7-апта  
  Сабақтас құрмалас сөйлемдер Дайын мәтіннен алынған сөйлемдерді ғана емес, студенттердің өздері құраған сөйлемдерді талдатып, сабақтастың жасалу жолдарын меңгерту СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негіз.әдебиет: 1(40-56бб.), 3(57-76бб.), 5(65-72бб.) 6(38-59бб.), 8(58-65бб.) Қосымша әдебиеттер: 3(76-90бб.), 11(71-80бб.), 13(46-70бб.), 14(44-58бб.), 16(63-71бб), 19(47-55бб.),46 (51-67бб.) 8-апта  
  Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері   Теориялық білімнің толық меңгерілгенін байқау үшін сауаттылыққа баса назар аудару СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Нег. әдебиет: 4(23-34бб), 5(73-79бб.), 8(66-72бб.),13 (28-35бб.) Қосымша әдебиеттер: 10(58-73бб.), 11(81-102бб.), 12(40-51бб.), 13(71-92бб.), 14(59-67бб.), 17(43-59бб 9-апта  
  Құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты еңбектер Құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты зерттеу еңбектеріне шолу, ғалымдар пікірлерімен таныс болу СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Нег.әдебиет: 5(80-85бб.), 8(73-86бб.) Қосымша әдебиеттер: 5(25-37бб.), 6(11-27бб.), 7(39-46бб.) 10-апта  
  Аралас құрмалас сөйлемдер Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарына жаттығу жүргізу СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Нег.әдебиет: 5 (86-90бб.), 8(86-100б.) Қосымша әдебиеттер:5(38-50бб.), 6(28-45бб.),7(47-58бб.),18(103-121бб.), 22(21-33бб.) 11-апта  
  Бөгде сөз, оның түрлері Мәтіннен төл сөз бен төлеу сөзді ажырата білу, төл сөздің берілу жолдарын білу СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиеттер: 2(36-45бб.), 3(77-95бб.),5(91-100бб.),8(101-125бб.) Қосымша әдебиеттер:18(134-159бб.), 22(34-45бб.) 12-апта  
  Мәтін, оның белгілері, негізгі ұғым категориялары,құрылымдық ерекшелігі Мәтіндерді түрлеріне қарай ажырата білу, құрылымдық ерекшеліктерін, түрлерін көрсету СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиеттер: 5(101-105бб.), 8(126-149бб.) Қосымша әдебиеттер:3(91-105бб.), 12(52-67бб.), 21(49-63бб.) 13-апта  
  Тыныс белгілері Түрлі белгілерді негізге ала отырып, тыныс белгілерді дұрыс қою СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиет: 5(106-111бб.), 8 (150-167бб.) Қос.әдебиет: 9(16-5-21бб.), 10 (74-102бб.), 11(103-141бб.), 17(60-75бб.) 14-апта  
  Синтаксистік синонимдер және оларға ұқсас тілдік құбылыстар.   Синтаксистік синонимдер және оларға ұқсас тілдік құбылыстар. Сөз тіркесінің синонимимясы.   СӨЖ СОӨЖ Конспект Баяндау-талдау Негізгі әдебиеттер: 5(112-117бб.), 8(168-189бб.) Қос. әдебиет: 9(22-30бб.),10(103-110б.),11(142-167бб.),17(158-183бб), 34(45-62бб.), 35(19-28бб.) 15-апта  

11. Қорытынды және аралық бақылау тапсырмалары

Қорытынды бақылау тапсырмалары 300 тест түрінде жасақталған

1 аралық бақылау (8-аптада өткізіледі):

1.Фонетиканың зерттеу объектісі

2.Дауысты дыбыстардың жіктелуі

3.Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі

4. Сингармонизм заңы

5. Ассимиляция, оның түрлері

6. Фонетикалық процестер

7. Сөзжасам, оның зерттеу объектісі

8. Сөз тудыру тәсілдері

9. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар

10.Морфология, оның зерттеу объектісі

11. Зат есім, оның түрленуі

12.Сын есім, оның шырайлары

13. Сан есім, оның мағыналық түрлері

14. Есімдік, оның түрлері

15. Етістік. Етістіктің категориялары

16.Үстеу, оның мағыналық түрлері

17.Шылау, оның түрлері

18.Одағай, оның түрлері

19. Еліктеуіш сөздер, оның түрлері

20. Сөз таптарының синтаксистік қызметі.

2-аралық бақылау(15-аптада өткізіледі):

1. Сөз тіркесі.

2. Сөздердің байланысу формалары мен тәсілдері

3. Жай сөйлем, оның түрлері

4. Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

5. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

6.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

7.Құрмалас сөйлем түрлері

8. Мезгілдес салалас

9.Шартты салалас

10.Себеп-салдар салалас

11. Салыстырмалы салалас

12. Қарсылықты салалас

13.А.Байтұрсыновтың құрмалас сөйлем жөніндегі зерттеулері

14.Қ.Жұбановтың құрмалас сөйлемге қатысты пікірлері

15.С.Аманжоловтың, М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың Қ.Есеновтың еңбектеріне шолу.

16. Қ.Шәукенұлының сөйлемге қатысты пікірлері

17. Төл сөз бен төлеу сөз

18.Мәтіннің белгілері, негізгі ұғым категориялары

19. Күрделі синтаксистік тұтастық дегеніміз

20.Тыныс белгілерін дұрыс қою үшін негізге алынатын белгілер

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2658. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия