Пәні, пәнің коды: жұқпалы аурулар
СИЛЛАБУС Пәні «Жұқпалы аурулар» Мамандығы «5В130100 – Жалпы медицина» Оқу сағаты: 42 Курсы - төртінші Семестрі – 7-8 Дәрістер – 6 сағат Тәжрибелік сабақ - 11 сағат ОСӨЖ-11сағат СӨЖ – 14 сағат
Алматы, 2014 ж.
Силлабус жұмыс бағдарламасына сай өңделген. Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілді. № __1___ хаттама «_ 27 _»__ тамыз _____2014жыл
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Дуйсенова А.Қ;.
1.Жалпы мәліметтер: 1.1 Жоғары оқу орнының аты: С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы Пәні, пәнің коды: жұқпалы аурулар 1.4 Мамандығы: « 5В130100 – Жалпы медицина»: 1.5 Оқу сағатының көлемі (кредиттер): 42 с ағат 1.6 Курсы:төртінші, семестрі:7-8 1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:
1.8 Байланыс ақпараты: Кафедраның мекен жайы: И.Жекенова атындағы ҚКЖА Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 295 Телефоны:275-04-57
1.9 Пән саясатының;мазмұнына оқу үрдісінің үзіксіз және бағытталған болуы және оның кометенцияға-бағытталған оқыту принциптеріне негізделуі жатады. Циклдің соңында студенттер «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша негізгі компетенттіліктің компоненттерін игеруге тиісті. Компетенттіліктің құрамына білім, дағдылар, коммуникативті дағдылар, құқықтық аспекттер, өзіндік білімді жетілдіру қабілеттері жатады. Компетенттіліктің игерілген компоненттері 100 баллдық рейтингтік жүйе бойынша бағаланады. Мұғалімдердің студенттерге қойған талаптары жоғарғы оқу орнындағы жалпы шарттарға негізделеді: 1. барлық дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу, сабаққа қатыспаған жағдайда рейтинг жүйесі бойынша 0 балл қойылады; 2. сабақтарға күнделікті дайындалып, оқу үрдісіне белсенді қатысу; 3. студет СӨЖ тізіміндегі тапсырмалардың барлығын талаптарға сай орындап, белгіленген мерзімде тапсыруға тиісті; 4. тәжірибелік сабақтарға қатыспаған және/немесе СӨЖ-ді белгіленген мерзімде тапсырмаған cтуденттер аралық бақылауға жіберілмейді; 5. пән бойынша 50 %-дан кем балл жинаған студенттер сынақтан өткізілмейді; 6. студенттер дәріске ақ халатта, ал тәжірибелік сабаққа арнайы киім: таза ақ халат, таза қалпақ, маска (дәкеден жасалған), өкшесі жоқ ауыстыратын аяқ-киім алып келуі керек; 7. тәжірибелік сабаққа санитарлық кітапшасына барлық мөрлері басылған студенттер ғана қатыса алады; 8.ауруханада санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтау; 9. мұғалімдерге, клиниканың медицина жұмыскерлеріне және студенттерге силастыққпен карау; 10. егер келіспеушіліктер болса, кафедра меңгерушісі немесе оқу бөлімінің меңгерушісінің қатысуымен жағдайды шешу.
2. Бағдарлама: 2.1 Кіріспе: Қазіргі заманғы медицина жетістіктерінің, эпидемияға қарсы шараларды дұрыс орындаудың, жұқпалы ауруларды қадағалау мен бақылаудың жақсы жолға қойылуына байланысты, Қазақстан Республикасында көпеген инфекциялық аурулармен аурудың деңгейі төмендеген, сонымен қатар, жұқпалы аурулармен аурудың заңдылықтары мен аурулардың ағымы да өзгерген. Жалпы 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша дайындау, оқушылардың білімін жиі кездесетін жұқпалы ауруларға диагноз қоюға, дер кезінде ауруды анықтауға бағытталған аспаптық және лабораторлық зертеу тәсілдерін қолдануға, шипалы ем тағайындауға және инфекция ошағанда эпидемияға қарсы жұмыстарды жүргізуге бағытталған. 2.2 Пәннің мақсаты:жиі кездесетін жұқпалы ауруларға диагноз қоюға, емдеуге және алдын алу шараларын жүргізуге көмектесетін құзыреттілік-бағытты ескере отырып білім және тәжірибесін қалыптастыру. 2.3 Оқыту мақсатттары: · студенттерге диагноз қою, зерттеу және емдеу принциптерін жұқпалы аурулар клиникасында үйрету; науқастармен араласу және оларға кеңес беру тәжрибесін жетілдіру. 2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі: Студент білуі қажет: · жиі кездесетін жұқпалы ауруладың этиологиясы мен патогенезін; · жиі кездесетін жұқпалы аурулардың жіктелуін, клиникасын, ағымын, асқынуларын және болжамын; · өмірге қауіп тудыратын жағдайларды дер кезінде анықтап, жедел көмекті ұйымдастыруды; · жұқпалы ауруларға диагноз қою принциптерін, клиника-лабораторлық және аспаптық зерттеу әдістерін; · жиі кездесетін жұқпалы аурулады емдеуде соңғы кезде қолданылып жүрген принциптер мен әдістерді; · жиі кездесетін жұқпалы аурулардың эпидемиологиясын; · жұқпалы ауруларды курациялау ерекшеліктерін; · жиі кездесетін аурулардың алдын алу принциптері мен халық денсаулығын күшейтудің шараларын
жасай білуі қажет: · аурудан анамнез жинауды, науқасты қарап тексеруді,аурудың арнайы және жалпы белгілерін анықтауды; · науқастың ауырлық дәрежесін дұрыс бағалауды және дер кезінде шұғыл шараларды қолдануды; · оптималды клиника-лабораторлық және аспаптық зерттеу әдістерін тағайындап, олардың нәтижесін дұрыс оқуды; · науқасты емдеу және организмді қалпына келтіру жоспарын құруды; · науқастың және оның туған-туыстарының, бірге жұмыс істейтін әріптестерінің және басқа медицина мамандарының тілін тауып, коммуникативті дағдыларды игеруді; · командада жұмыс істеуді. дағдылары: · қарап тексеру, пальпация, перкуссия және аускультация жасау; · асқазанды зондсыз жуу; · гиповолемиялық, инфекция-токсикалық шок, бас миының ісінуі, бауырдың жедел энцефалопатиясы кезінде жедел көмекті ұйымдастыру
мына сұрақтарды білуі қажет: · шұғыл жағдайды тез анықтап, бірінші көмекті ұймдастыруды; · ауруға тән белгілерді пропедевтикалық және лабораторлы-аспаптық тәсілдермен зерттеу нәтижесінде тез анықтауды; · жиі кездесетін жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары мен халықтың денсаулығын нығайту; · мәліметтердіөздігімен пайдалануды(оқулық, сөздік, нормативті, ғылыми құралдарын); · денсаулық сақтау бағытында жоспарлау мен ғылыми зерттеулерді жүргізуді;
2.5 Реквизитке дейінгі пәндер:патологиялық физиология, микробиология, фармакология, ішкі ауруллар пропедевтикасы, көзбен көріп диагноз қою (визуальді диагностика), коммуникативті дағдылар 1,2, эпидемиология, жалпы иммунология, дәләлді медицина негіздері. Реквизиттен кейінгі пәндер:жалпы дәрігерлік тәжірибе, жедел медициналық жәрдем, психиатрия, наркология және неврология, ішкі аурулар бойынша интернатура, жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша интернатура 2.6 Пәнннің қысқаша мазмұны: Пәнді игеру бағдарламасында Қазақстан Республикасында жұқпалы аурулармен күресуді ұйымдастырудың шарттары нақты көрсетілген. Бағдарлама қазіргі кездегі инфектологиядағы жетістіктерді көрсетеді және соңғы кезде маңызды болып жүрген жұқпалы аурулардың этиологиялық, патогенезді құрылымының, клиникалық ағымының және эпидемияға қарсы шаралардың ерекшеліктерін анықтайды. Сонымен қатар, дәстурлі жұқпалы аурулардың ағымынан басқа атипті өтетін түрлердің бар екеніне де тоқталады. Жиі кездесетін ауруларға дианоз қоюға, аспаптық және лабораторлық зерттеу әдістерін жұқпалы ауруларға диагноз қою үшін қолдануға, ауруды ерте анықтауға, аурудың ауырлық дәрежесіне сай нәтижелі ем тағайындауға, асқынудың алдын алуға, эпидемияға қарсы шараларды ошақта жүргізуге пәнде алған тәжрибелік дағдыларын қолдануын көздейді. Жұқпалы аурумен ауырған науқастарға көмекті ұйымдастыру. Лабораторлық зерттеу әдістерін: вирусологиялық, бактериологиялық, серологиялық, паразитологиялық, ПТР диагностикасын ұйымдастыру. Жұқпалы ауруларды ауруханаға жатқызу ережелері мен аурухананың күн тәртібі.Жұқпалы аурулардың алдын алу шарттары.Жұқпалы ауруларды қарап тексерудің ерекшеліктері. Жұқпалы аурулардың көзін, тасымалдаушыларын жоюға бағытталған және таралу жолдары мен организмнің сезімталдығына көңіл бөлінген жөн. Бактерия тасымалдаушылардың белсенділігін анықтап, оларды емдеу. Сальмонеллез, дизентерия. Қоздырғыштары. Эпидемиологиясы. Инфекция көздері. Жіктелуі. Сальмонеллез бен дизентерияның клиникасы. Бактериятасымалдаушы. Асқынуы. Диагностикасы. Эпидемиологиялық анамнезі және клиникалық зерттеуге бағытталған. Бактериологиялық және серологиялық әдіс. Сальмонеллез бен дизентерияның жергілікті және жайылмалы түрлерінің емдеу принциптері. Бактериятасымалдаушыларды емдеу. Вирусты гепатиттер. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Инфекция көзі. Инфекцияның жұғу жолдары мен таралу механизмдері оған әсер ететін факторлары. Қауіп-қатер тобы. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы. Биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер. Маркерлерді анықтау. ПТР диагностикасы. Алдын алу шаралары. Санитарлы –гигиеналық шаралар. Вирусы инфекциялар (ұшық инфекцисы, энтеровирусты инфекция). Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Патанатомиясы. Аурудың кллиникалық түрлері. Асқынулары. Аурудың нәтижесі. Диагностикасы. Басқа аурулардан ажырату. Емі және алдын алу шаралары. Тұмау және басқа да ЖРВИ. Заманауи қоздырғыш және оның қасиеттері туралы түсінік. Эпидемиологиясы. Инфекция көзі. Тұмаудың, паратұмаудың, аденовирусты инфекциялардың жұғу жолдары мен таралуы. Эпидемисы және пандемиясы. Тұмаудың жіктелуі. Клиникасы. Гипертоксикалық және геморрагиялық синдром. Тыныс алу мүшелері мен басқа жүйелержағынан асқынуы. Болжамасы. Алдын алу шаралары. Гельминтоздар. Гельминтоздардың таралуы. Жалпы сипаттамасы, биологиялық және клиника- эпидемиологиялық жіктелуі. Гельминтоздар кезіндегі патологиялық процесстердің жалпыға бірдей сипаты. Гельминтттердің адам ағзасына әсері. Гельминттердің даму сатылары. Созылмалы сатыдағы гельминтоздардың клиникасы қоздырғыштың түріне, оның иесінде орналасқан жеріне, инвазия қарқындылығына және макроорганизмнің жауабына байланысты. Дегельминтизация. Клиникалық көріністері, диагноз қою әдістері, цестоздарды (тениоз, тениаринхоз), нематоздарды (аскаридоза, энтеробиоза, трихинеллеза), трематодоздарды (описторхоза) емдеу
2.7 Дәрістердің тақырыптарының жоспары: тақырыбы, оқыту түрі, ұзақтығы
Тәжрибелік сабақтардың тақырыптарының жоспары: тақырыбы, оқыту түрі, ұзақтағы. ОСӨЖ-ның тақырыптарының жоспары:
|