Пәнді оқытудың мақсаты
Оқытушы туралы мәліметтер және контактілік ақпарат Нуркеева Динара Рабаниевна заң ғылымдарының магистрі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығын аяқтаған. Оқытушының ғылыми бағыттары: Криминалистика, жедел іздестіру қызметі. Кафедра туралы мәліметтер: Астана қаласы Қорғалжын тас жолы 8, Қазақ гуманитарлық заң университеті, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, к. 352. Байланыс мәліметтері: 8 (7172) 703045 – жұмыс телефоны, Курстың пререквизиттері: құқық қорғау органдары; қылмыстық құқық; қылмыстық іс жүргізу құқығы; жедел іздестіру қызметі; Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау; криминология. Курстың постреквизиттері: криминалистикалық техниканың дамуының жаңа бағыттары; сот және сот төрелігі: тәжірибе, қазіргі кезең, перспективалар; қылмыстық істерді тергеу бойынша арнаулы практикум; тергеу әрекеттері, Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет, сот сараптамасы. Пәннің мінездемесі Пәнді оқытудың мақсаты «Криминалистика» пәнін оқытудың мақсаты қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистикалық техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, сот өндірісінде ақиқатты танудың жолдарын және құралдарын үйренген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау. «Криминалистика» пәнін студенттердің дұрыс ұғынуы қылмыстылықпен күресті күшейтуді, қылмыстарды тергеу және ашу кезінде ғылыми негізделген, тергеу-криминалистикалық тәжірибелік қызметте өзін ақтаған тактикалық әдістер мен техникалық криминалистикалық құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңдегі криминалистиканы дұрыс меңгеру үшін қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша негізгі білімдер болуы керек.
|