Пәннің мазмұны. «Криминалистика» курсы «Құқыққорғау» мамандығы үшін Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті
«Криминалистика» курсы «Құқыққорғау» мамандығы үшін Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартымен қарастырылған пән болып табылады. «Криминалистика» пәнін оқу кезінде оның қолданбалы құқықтық, синтезделген ғылым, сонымен бірге іс жүргізушілік ғылыммен тығыз байланысты екені ескеріледі. Қылмыстарды дер кезінде ашу үшін тергеу әрекеттерінің тактикасын, сондай-ақ тергеу жүргізуді ұйымдастыруды, тергеуді жоспарлауды, тергеушінің анықтама органдарымен өзара әрекет етуін жетілдіру жолдарын, криминалистикалық болжамдарды, криминалистикалық ситуалогияны, криминалистикалық идентификация ұғымдарын білу, криминалистикалық техникалық құралдарды дұрыс пайдалану, жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесін меңгеру қажет. «Криминалистика» курсын оқытудың мақсаты қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті менгерген, сот өндірісінде ақиқатты танудың жолдарын және құралдарын үйренген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау.
Оқу сабақтарының графигі
|