Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Механизацияланған ұңғылар





Кен орнын игеру барысында қабат қысымының түсуі, немесе ұңғының суланып кетуінің салдарынан түптегі энергия азаяды. Сонда ұңғы шығымын, тұрақты қылып ұстап тұру үшін, түптік қысымды азайту қажет. 2 суреттегі қисықтарды P = ƒ(H) қарастырайық (олар солға ауысады). Сағадағы қысым азаяды, ол ұңғы өнімін жинау пунктіне тасымалдау үшін жеткіліксіз болуы мүмкін.

Ұңғының суланып кетуінің барысында, сұйықтың тығыздығы көбейеді, ал ең маңыздысы ұңғыға келіп түсетін газдың мөлшері азаяды. Егер Рз > Рн болса, онда мұнайдан барлық газ мүлдем бөлініп шығады, ал судағы оның құрамы елеусіз аз болады. Нәтижесінде суланудың өсуімен қоспадағы газ мөлшері азаяды да, оның тығыздығы көбейеді. Қысым градиенті және де сол бір мәндігі түп қысымының өзінде, саға қысымын азайтуға әкеп соқтырады.

(3) теңдік орындалмайтын кез туса, онда қосымша энергия қажет болады (сығылған газ энергиясы немесе сораптың механикалық энергиясы).

 

3 4

 

 

3 сурет. Газлифттік ұңғылардағы, қысымның тереңдікке

байланысты өзгеру қисықтары.

4 сурет. Терең сорапты ұңғыларда қысымның тереңдікке байланысты

өзгеру қисықтары.

3 және 4 суреттерде газлифттік және сораптық ұңғылардағы қысымның өзгеру қисығы көрсетілген. Пайдаланудың газлифтілік тәсілі кезінде газсұйық қоспасының тығыздығын азайту үшін, L тереңдікте өнімге еркін газдың қосымша мөлшерін айдайды. Нәтижесінде, түптік қысым Рз әсерінен едәуір жеңіл қоспалардың көтеріліп шығуы қамтамасыз етіледі және өнімді тасымалдау үшін, қажетті жағдай пайда болады. Пайдаланудың сораптық тәсілі кезінде L тереңдікке сорапты түсіреді, оның сұйық шығу жеріндегі қысымы, Рв ұңғы өнімін көтеріп шығару үшін жеткілікті.

Ұңғы құрал-жабдықтары

Газ ұңғысын және мұнай ұңғысын газлифттік, фонтандық әдістерімен пайдалану кезінде, жер үстінде және ұңғы ұңғысына түсірілетін құрал-жабдықтар қолданылады. Бұл жабдықтардың мақсаты: бекітілген режимде, керекті шығынды өндіру; ұңғыда өткізілетін технологиялық үрдістерді, қоршаған аймақтың ластануын және ашық фонтандауын болдырмауын қамтамасыз етуі қажет. Болаттан жасалған әртүрлі беріктіктер тобына бөлінген тігіссіз (бесшовный) құбырлар СКҚ ретінде қолданылады (беріктік шектігі 373-930 МПа). Олардың меншікті диаметрлері 28-114 мм дейін, қалыңдығы – 3-8 мм. Меншікті диаметр ретінде, құбырдың сыртқы диаметрінің мәнін алады. Жиі қолданылатын құбырлардың диаметрі 60 және 73 мм (ішкі диаметрі 50,3 және 62,0 мм). Ұңғы сағасын саңлаусыз мықтап бекіту және керекті технологиялық үрдісін жүргізу үшін оның пайдалану режимін бақылау үшін фонтандықарматура арналған. Олар келесідей жұмыс істеу қысыммен жасалады: 7, 14, 21, 35, 70 және 105 МПа.

Егерде қысым 21 МПа кем болған кезде жабатын тиек ретінде тығынды кран колданылады, жоғары қысымдарда – арнайы қолмен, автоматпен немесе гидравлика күшімен қозғалып, жабылатын ысырмалар (задвижка) орнатылады. 5 суретте крест пішінді арматура көрсетілген. Оның құрылымы фонтаншыршасынан және құбыр басынан тұрады (тройниктер, крестовиналар, ысырмалар, аудармалар т. с. с.).

Муфта немесе аударма арқылы бекітілген бір немесе екі қатар СКҚ ұстап және олардың арасын сыңалаусыздандыру үшін фонтан арматурасының құбыр басы арналған. Ол ұңғыда игеру, пайдалану және жөндеу, зерттеу жұмыстарының технологиялық үрдістерін жургізген кезде ыңғайлы болуы қажет. Фонтандық шырша-ұңғының өнімін керекті жүйеге бағыттайды, пайдалану режимін өзгертіп қысым және қызуды өлшейді және оның үстіне лубрикатор орнатылады. Егерде, ұңғы екі қатарлы лифтпен жабдықталған болса, фонтандық 2-құбырлар (5 сурет) тройник-3 арқылы ілініп бегітіледі, ал кіші диаметрлі 4-құбыр – аударма-5 арқылы ілініп бекітіледі. Көтергіште бір қатарлы конструкция болса, тройник-3 болмайды, 4-құбыр тізбегі, аударма-5 арқылы, крестовинаға-8 желісіне келіп құйылады. Бұл желістің бойында тез салынып алынатын немесе диаметрі өзгертіліп, реттелетін дроссел-9 орналастырылады, ұңғының пайдалану режимін өзгертіп, реттеу үшін 5 суретте өзгертіп реттейтін аспап ретінде втулкалы штуцер көрсетілген.

Штуцерлерді өзгерту жұмыстарын ұңғыны тоқтатпай істеу үшін екі лақтырма желісі бар фонтан шыршасын қолданады. Сағадағы және құбырлар сақинасындағы қысымды 11-манометрімен өлшейді. Ұңғыға тереңге түсірілетін манометр және басқада аспаптар түсіру үшін шыршаның үстіне лубрикатор-10 қойылады.

Құмы бар ұңғыларда тройник пішінді фонтандық арматура қолданылады. Шыршаның орталық 6 ысырмасының үстіне крестовина 7-нің орнына, қосымша ылақтырма желісі бар тройник қойылады (суретте көрсетілмеген), сосын арасына, тағыда ысырма қойылып, жұмыс істейтін ылақтырма желісі пайдалынады. Газлифтілі ұңғыларда, қосымша ылақтырма желісі (болмайды) қарастырылмаған.

 

 

5 сурет. Крест пішінді фонтандық арматура схемасы.

Құбырлар сақинасы арқылы газ берілген жағдайда, біртізбекті конструкцияда – көтергішке газ 12 бүйірлес желістен айдалады, ал екітізбекті лифтерде – тройник 3 арқылы айдалып ұңғыға беріледі. Арматураның тік өтетін оқпанының диаметрі 50-150 мм аралығында. Жоғары өнімді ұңғылар үлкен диаметрлі оқпаны бар арматурамен жабдықталады. Газ ұңғыларының сағасында термометр, қысым мен өнімді (дебит) реттетігіштер, автоматты клапандар қосылады. Автоматты клапандар ылақтырма желісінде, авария болған жағдайда ұңғыны тез жауып тастау үшін арналған.

 

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1041. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия