Р түрлі пайдалану әдістер кезіндегі, ұңғы тереңдігі бойынша қысымның өзгеруі
А р т и з а н д ы ұ ң ғ ы л а р. Мұндай ұңғылар қабат қысымы ұңғыдағы сұйық бағанасының гидростатикалық қысымынан жоғары болған кезде фонтандайды, яғни Pпл > pжgH мұндағы: pж – сұйықтықтың тығыздығы. Ұңғыны пайдаланудың қалыптасқан режимі кезіндегі түптік қысымы ұңғының шығымына Q байланысты, ағын теңдеуі бойынша анықтайды. Сызықты сүзілу (фильтрация) кезінде Pз = Pпл – (Q/K), мұндағы K – ұңғының өнімділік коэффициенті. Түптік қысым өнімді тасымалдау үшін қажетті оның қозғалуы мен сағадағы қысым кезінде үйкеліске кететін шығынды, сұйық бағанасының гидростатикалық қысымын компенсациялайды, яғни pз = pжgH + Рmp + Рy (1) Құбыр бойынша сұйық қозғалысы кезінде қысымның үйкеліске кететін шығыны Дарси-Вейсбах теңдеуімен есептейді. pmp = 8l Q2pжH /p2d5 мұндағы: l - гидравликалық кедергі коэффициенті, d – құбырдың ішкі диаметрі. Бұл шығындар ағыстың турбулентті және ломинар режимдері кезінде құбыр ұзындығына пропорционал болғандықтан (1 сурет).
1 сурет. Q2 > Q1 шығымдар кезіндегі қысымның, ұңғы Н тереңдігінен байланысы.
2 сурет. Q2 > Q1 шығымдар кезіндегі фонтандық ұңғы тереңдігінің қысымнан байланысты өзгеру қисықтары.
|