«Оңтүстік Мұнайгаз» АҚ
-ның даму тарихы Қарағандылық бұрғылау конторасымен Батыс-Іледе 1954жылы бұрғыланған №1 тіректік ұңғымада бастау алады. Іле мұнайбарлау экспедициясы 1958 жылы Алматы қаласында орналасқан, Оңтүстік Қазақстан геологиялық басқармасының құрамына қосылды. Одан кейін экспедиция Оңтүстік мұнайбарлау экспедициасына қайта қалыптастырылда, ал 1960 жылы аты Оңтүстік Қазақстан мұнайбарлау экспедициасына өзгертіліп, оның базасы Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының Тоғыс станциясына көшірілді. Акционерлену кезеңінде Оңтүстік Қазақстан мұнайбарлау экспедициасы базасында 1994 жылы «Оңтүстік Мұнайгаз» АҚ қалыптасты.
«Оңтүстік Мұнайгаз» АҚ-ның орталық кеңсесі Шымкент қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан, Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының Тоғыс ауылында.Бұрғылау жұмыстары Қазақстанның көптеген аймақтарында жүргізіледі. Батыста –Қарақұдық кен орны, орталық аудандарда - Құмкөл, Ащысай, Ақшабұлак, Кемеркөл, Арыскұм, Майбұлак кен орындарында. «Оңтүстік Мұнайгаз» АҚ-ы бәсекеге табысты да қабілетті, елдегі жетекші бұрғылау крмпаниясы ретінде өз саласында ұңғымаларды бұрғылауға байланысты көптеген тендерлерге қатысады.