Бүйірлі оқпанды бұрғылау – ҚР ең қажетті қызметтердің бірі болып табылады.
Бұл технология кен орны өндірісінің сеткасын бекітпестен, мұнайбергіштігін арттыруға, және де ескі, апатты ұңғымаларды қалыпна келтіруге ең оңтайлы шешімі болып табылады. АҚ «ОМГ» - ҚР бойынша үшінші дәрежелі күрделілікті, горизонталь ұшы 300м дейін бүйірлік оқпан жасау арқылы ұңғыманы реконструкциялау жұмыстарын жүргізетін жалғыз компания. 2.1 Бүйірлік оқпандар – бұрғылау технологиясы
Пайдаланушы тізбекте бүйірлік терезні кесу үшін ЖСҚ «ИНКОС» және ЖСҚ «БИТТЕХНИКА» ұңғыма түбі мен фрезерлер жиынына тірелетін тайдыру сынасы жабдықтары қолданылады. Сынаны орнату мен терезені кесу бір мезгілде орындалады. Сынаның күйін азимут бойынша бақылау үшін Gyrodata компаниясының инженерлік қолдауы мен кіші диаметрлі гироскопикалық инклинометр қолданылады. «ОМГ» кәсіпқойлары ұштарды бекітілу түрлерінің әр түрлі типтегі технологиялық жабдықталулы жұмытарында орасан тәжірибеге ие. Тапсырыс берушінің сұрауы бойынша ұңғыма ұштарына фильтр орната алады. Біздің компанияның ұштарды ілу жабдықтарын жеткізу бойынша негізгі серіктестері болып СП «УДОЯ» ЖАҚ-ы мен «Тяжпрессмаш» ААҚ болып табылады. Компанияның бұрғылау сұйықтарын жеткізу бойынша серіктестері ООО «НИЦ «Энергоресурс», ООО «ПСК «Буртехнологии», «Халлибуртон Интернэшнл, Инк.» компаниясы болып табылады. Бұрғылау жұмыстарының жоғарғы жылдамдығы заманауи түпік қозғалтқыштар мен гидравликалық байланыс желілері бар инклинометрикалық жүйелердің көмегімен жүзеге асады. Біздің компания ресейде жасалған заманауи винтті түптік қозғалтқыштарды және «Geolink» компаниясында жасалынған гидравликалық байланыс желілері бар қазіргі заманғы инклинометрикалық жүйелерді қолдануды ұсынады. Аталған жабдықтарға қызмет көрсететін жоғары квалификациялы мамандар Шотландияның Абердин қаласындағы «Geolink» компаниясының базасында, түптік инклинометрикалық жүйеге қызмет көрсету мен басқару бойынша тәжірибе жинады. Тапсырыс берушінің қалауы бойынша бүйірлік оқпан бұрғылау кезінде (MWD) инклинометрикалық жүйесімен бірге бұрғылау процессінің (LWD) каротажының жазбасын ұсына алады.
2.3 Негізгі тапсырыс берушілер 2.4 ТД 100 бұрғылау қондырғысы
Мысалға ТД100 Румынияда жасалынған (1-сурет) бұрғылау қондырғысын алайық.
1-сурет. ТД100- бұрғылау қондырғысы
Бұл қондырғы 100 тонна салмақ көтереді. Тәл жүйесі 4×5 болып жабдыкталған. Биіктігі 33 метр, телескопты мұнара. Свечаларының диаметрі 89мм, негізгі жетек құбыры 90×90. Жұмысшы моторы КАТ Америкада жасалынған, қуаты 800кВт. Айдау сұйықтығын дайындау ыдысының көлемі V꞊30
|