Сабақ. Гинекологиялық аурулардың пропедевтикасы. Репродуктивті жүйе. Қалыпты етеккір цикл және оның реттелуі.
Қорытынды тесттер 1. Гинекологиялық арнайы зерттеулерге жатады: А) ФДТ, биопсия, цитологиялық зерттеу Б) метросальпингография, пелвиография, цервикогистерография, пневмоперитонеум В) кольпоскопия, кульдоскопия, лапароскопия, гистероскопия, цистоскопия Г) жатыр қуысын зондтау, жатыр қуысые қыру, құрсақ қуысын қынаптың артқы күмбезі арқылы пункциялау Д) сыртқы жыныс мүшелерін қарап тексеру, айнамен қарау, құрсақ-қынаптық зерттеу, ректоабдоминалды зерттеу
2. Гинекологиядағы эндоскопиялық зерттеу әдістеріне жатады: А) ФДТ, биопсия, цитологиялық зерттеу Б) метросальпингография, пелвиография, цервикогистерография, пневмоперитонеум В) кольпоскопия, кульдоскопия, лапароскопия, гистероскопия, цистоскопия Г) жатыр қуысын зондтау, жатыр қуысые қыру, құрсақ қуысын қынаптың артқы күмбезі арқылы пункциялау Д) сыртқы жыныс мүшелерін қарап тексеру, айнамен қарау, құрсақ-қынаптық зерттеу, ректоабдоминалды зерттеу
3. Етеккір циклының 2 кезеңділігін анықтайды: А) етеккір реттілігі Б) етеккір ұзақтығы В)овуляция болуы Г) менархе уақыты Д) аменорея
4. Жұмыртқа жасушасының түзілуін диагностикалайтын негізгі зерттеу әдісі: А) гинекологиялық зертеу, УДЗ Б) кольпоскопия, гистероскопия В) метросальпингография, хромогидротубация Г) ФДТ, вульвоскопия Д) құрсақ қуысын қынаптың артқы күмбезі арқылы пункциялау
5. Овуляциядан басталып етеккірмен аяқталатын етеккірдің аналық бездік кезеңі: А) лютеинді Б) пролиферация В) фолликулярлық Г) секреция Д) десквамация
6. Фолликулярлық кезең жатырлық циклдың қай кезеңіне сәйкес келеді: А) десквамацияжәне секреция Б) регенерацияжәне пролиферации В) регенерация және секреция Г) децидуальді түзілістер Д) секрецияжәне пролиферация
7. Жұмыртқа жасушасында түзілетін гормондар: А) эстроген, прогестерон, тестостерон, ингибин Б) эстроген, прогестерон, кортизол, окситоцин В) эстроген, глюкокортикоид, тестостерон, вазопрессин Г) эстроген, прогестерон, пролактин, окситоцин Д) эстроген, инсулин, прогестерон, тестостерон
8. ФДТ-ны диагностикалауда қолданады: А) гениталийдің қабыну ауруларында Б) етеккір циклы бұзылысында В) жыныс мүшелері жетілу ақауларында Г) жаңа түзілістерде Д) эндометриоз
9. Базалды температура тесті негізделген: А) эстрогеннің гипоталамусқа әсері Б) простагландиннің гипоталамусқа әсері В) прогестероннің гипоталамустың термореттеу орталығына әсері Г) андрогеннің гипоталамусқа әсері Д) пролактиннің гипофизге әсері
10. Етеккір циклының кері байланысы мына гормондардың байланысына негізделген: А)гипофиздің алдыңғы бөлігі мен гипоталамус Б) гипофиздің артқы бөлігі мен гипоталамус В) жұмыртқа жасушасы, гипоталамус пен гипофиз Г) гипоталамус және гипоталамуса нейрондары Д) жұмыртқа жасушасы мен қалқанша безі
№7 БЛОК. Жалпы гинекология
1 сабақ. Гинекологиялық аурулардың пропедевтикасы. Репродуктивті жүйе. Қалыпты етеккір цикл және оның реттелуі.
Жауаптары:
1. Д 2. В 3. В 4. А 5. А 6. Б 7. А 8. Б 9. В 10. В
|