Студопедия — Кесте 12. Екпе дақылдардың 1 кг құрғақ биомассасының орташа калориялығы, кДж
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кесте 12. Екпе дақылдардың 1 кг құрғақ биомассасының орташа калориялығы, кДж






 

Дақылдар Өсімдіктер мүшесі
бүтін өсімдік негізгі өнім қосалқы өнім тамыр жүйесі
Бидай, арпа, сұлы ж.б.        
Асбұршақ, ноғатық, ноқат ж.б.        
Жоңышқа және басқа бұршақ тұқымдастар        
Еркекшөп және басқа астық тұқымдастар        
Біржылдық шөптер        
Жүгері және басқа сүрлемдік дақылдар        
Мал азықтық тамыржемістілер        

 

Барлық келіп түскен ФБР кірісінен егістіктер тек бір бөлігін ғана пайдаланады. ФБР пайдалану коэффициентінің мөлшері бойынша барлық егістіктерді А.А. Ничипорович (1981) төрт топқа бөлді:

Әдетте байқалатындары -0,5-1,5 %

Жақсылар-1,5-3,0 %

Рекордтылары-3,5-5,0 %

Теориялық мүмкіндіктері-6,0-8,0%

М.К. Каюмов (1989) және басқа авторлардың пікірінше, егістікке түсетін ФБР мөлшерін өсімдіктермен пайдалану коэффициентін 17-21% жеткізу мүмкіндігі бар, бұл деген сөз - өнімді 40-50 есе арттырумен пара-пар. Қазақстан бойынша (42-550 ендікте) ФБР –ды пайдалануды 1% -ға жеткізгенде биомасса өнімі 55-45 ц/га немесе 27-23 ц/га астық өнімі, 2 %тиісінше - 110-90, немесе 55-45 ц/га астық өнімі, 3% - 165-135, немесе 82-67 ц/га астық өнімі, 4% - 220-180 немесе 110-90 ц/га астық өнімі, 5% - 270-230 ц/га, немесе 135-115 ц/га астық өнім құрайды. Солтүстік Қазақстанның өндіріс жағдайында Кфбр (ФБР ПӘК) өнім деңгейіне байланысты әр түрлі дақылдарда орта есеппен 0,3-тен 1,0 %-ға дейін өзгереді және егіншілікті жоғары мәдениетті жүргізгенде және жақсы ылғалданған жағдайларында 1,5-2,5%-ға жетеді. Солтүстік Қазақстан жағдайындағы егістікте ФБР энергиясының ПӘК 5 пайызға дейін жеткізу әр гектар жерден 230-250 ц жоңышқа, 1150-1350 ц жүгері көк балаусасын, 100-125 ц астық жинауға мүмкіндік берер еді. Өкінішке орай, қолда бар дақылдарда мұндай потенциалды мүмкіндіктер жоқ, бірақ жекелеген өндірістік тәжірибелерде бұл көрсеткіш 3,5 пайызға дейін көтерілді.

Мысалы, бұрынғы Целиноград облысының Целиноград ауылшаруашылық институтының оқу-тәжірибе шаруашылығында, «Казақстанның 40 жылдығы» «Октябрь» совхоздарында (Н.И. Можаев, 1979) жүргізген далалық және өндірістік тәжірибелерінде ФБР пайдалану коэффициенті жоңышқа егісінде - 2,0-3,8%,жүгері егістігінде - 3,0 % дейін жеткізілді, соның нәтижесінде жоңышқа көк балаусасының өнімі 420-650, жүгерінікі - 850-1000 ц/га жетті.

ФБР кірісі бойынша өнім деңгейін есептеу әдістемесі. ФБР кірісі бойынша өнім деңгейін есептеу үшін тепе-тендік (теңдестік) формуласын қолданады. Тепе-тендіктің (баланс) формуласы кіріс және шығыс болігі мынадай:

 

Qфбр х Кфбр = Өқ х Кқ х 100, мұнда,

 

Qфбр - өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңіндегі ФБР кірісі, кДЖ/га;

Кфбр – ФБР пайдалану коэффициенті (ПӘК),%;

Өқ - абсолютті құрғақ биомасса өнімі, кг/га;

Кқ – бүтін өсімдіктің құрғақ зат өнімінің калориялығы, кДж.

Тепе-тендіктің (баланстың) кіріс бөлігі дақылдың өсіп-жетілу кезеңіндегі оны егістікпен пайдалануын ескере отырып (Кфбр) 1 га келетін ФБР-ін түсуі (Кдж), шығыс бөлігі 1 га егістікте өсімдіктер биомассасы мен жинақталған энергия мөлшері (ӨқхКқ) (кДж).

Мұндай жағдайда өнім деңгейін тепе-теңдіктен шығарып мынадай формуламен есептеуге болады:

 

, мұнда

Өқ –абсолюттық құрғақ зат өнімі, кг/га;

Qфбр - өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңіндегі ФБР кірісі, кДЖ/га;

Кфбр – ФБР пайдалану коэффициенті (ПӘК), %;

Кқ – бүтін өсімдіктің құрғақ зат өнімінің калориялығы, кДж.

 

Есеп шығарудың үлгісі. Жүгері сүрлемге. Бастапқы көрсеткіштер: Кфбр - 0,6%, Qфбр - 8,8 млрд.кДж, К - 15600 кДж/кг. Бастапқы көрсеткіштерді формулаға еңгізіп қорытындысын шығарамыз.

 

, немесе 33,8 ц/га құрғақ зат өнімі, немесе 169 ц/га көк балауса өнімі.

Жоңышқа жем – шөпке (суармалы жерде және үш шабыс өнімін алғанда). Бастапқы көрсеткіштер: Кфбр - 2 %, Qфбр -12,5 млрд.Кдж, К - 21750 кДж/кг. Бастапқы көрсеткіштерді формулаға еңгізіп қорытындысын шығарамыз:

 

, немесе 115 ц/га құрғақ зат өнімі.

 

Сонымен, жүгері егістігі 0,6% ПӘК пайдаланған жағдайда құрғақ зат өнімі 3385 кг/га, немесе 33,8 ц/га, немесе 169 ц/га көк балауса өнімі, жоңышқа егістігінде Кфбр 2% -11494 кг/га, немесе 115 ц/га құрғақ зат (пішен) қалыптасады. Есеп жолын дұрыс шығарылғанын тексеру үшін 30 бетте көрсетілген Кфбр байланысты мүмкін өнім деңгейін салыстырып анықтауға болады.

Әр түрлі дақылдардың көк балауса массасының өсіп-жетілу кезеңіне байланысты нақты ылғалдылығы 65-тен 85 % - ға дейін өзгеруі мүмкін, ал құрғақ зат массасы 35-тен 15% - ға дейін, бірақ та есеп шығаруға орташа көрсеткішті - 20% алуға болады.

ФБР-дың пайдалы әсер коэффициентін (Кфбр) есептеу әдістемесі. Алынған өнімдегі шоғырланған энергия мөлшерін түскен энергиямен салыстырып бағалау үшін егістіктермен нақты пайдалану коэффициентін (Кфбр) есептеуге қажеттілік туады. Егістіктегі ФБР-дің пайдалану коэффициенті (Кфбр) нақты немесе жобалаған өніммен жоғарыда келтірілген тепе –тендік формуланы түрлендіріп есептеуге болады:

мұнда

Кфбр – ФБР пайдалану коэффициенті (ПӘК),%;

Өқ –абсолютті құрғақ зат өнімі, кг/га;

Qфбр - өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңіндегі ФБР кірісі, кДж/га;

Кқ – бүтін өсімдіктегі құрғақ зат өнімінің калориялығы, кДж.

Сонымен, ФБР пайдалану коэффициенті (Кфбр) егістіктермен шоғырланған энергия мөлшерінің (Өқ х Кқ) осы аумаққа түскен ФБР мөлшерінің (Qфбр) пайызбен көрсетілген қатынасы.

Есеп жүргізгенде мынаны ескерген жөн: 12 кестеде өсімдіктердің калориялығы 1 кг құрғақ зат өніміне келтірілген, сондықтан, біріншіден, көк балауса өнімінің құрғақ зат өнімінің шығысы орташа 20 % деп алып,көк балауса өнімін құрғақ зат өніміне ауыстыру керек, екіншіден, өнімді ц/га немесе т/га кг/га ауыстыру керек, үшіншіден, алынған пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК) (Кфбр) көрсеткішін өнімнің және ФБР пайдалану коэффициентін теориялық қатынасымен салыстыру керек.

Әрине, диқан (егінші) ФБР кірісінің егістікке келіп түсуіне әсер ете алмайды, бірақ оның пайдалануын оңтайлы егіс құрамын қалыптастыру арқылы реттеуге болады, өйткені күн радиациясын жылдам үлкен жапырақ аумағын - 40-50 мың.м2/га - қалыптастыратын, сонымен қатар жапырақтары бірінен кейін бірі орналасқан биік өсетін өсімдіктер егістері жақсы пайдаланады.

Керісінше, тым үлкен жапырақ беті аумағы қалыптасқан жағдайда өсімдіктердің көлеңкелігі ұлғаяды, жер оттылығының арасында күн сәулесінің түсуі нашарлайды, жапырақтарда фотосинтез қарқындылығы мен өнімділігі азаяды.

Өсімдіктердің фотосинтез әрекеті және келіп түскен радиацияның географиялық орналасуы бойынша еліміздің әртүрлі аймақтарында, ТМД аумағында 30 ц/га-дан (солтүстікте), 600 ц/га дейін (оңтүстікте) өзгешілігімен теориялық мүмкін өнім деңгейі анықталған.

Нақты және нақты мүмкін өнімдерді салыстыру егістіктер өнімділігінің пайдаланбаған резервтерын бағалауға, фотосинтез әрекетінің көрсеткіштерін есептеуге мүмкіншілік береді, сонымен қатар тиімді тәсілдерді қолдануын және нақты өнімді нақты мүмкін өнім деңгейіне жүйелі және жоспарлы жолымен жақындатуын дәлелдейді. Агротехниканың барлық тәсілдері және қолданатын технология элементтер, сорттар, ауыспалы егістер және т.б. егістікке келіп түсетін ФБР пайдалану коэффициентінің пайызын көтеруге, демек дақылдың өнімділігін арттыруға бағытталуы керек.

Биоценозда радиациялық режімді зерттеудің ғасырлық тарихы бар, бірақ әлі күнге дейін маңызды мәселенің бірі болып өсімдіктердің фотосинтез өнімділігінің теориясын даярлау, ал ол ғылыми –дәлелденген қарқынды типті дақылдар өсіру технология элементтерін пайдалану арқылы егістіктермен 3-5% күн энергиясын шоғырлануын қамтамасыз ететін фотосинтез үрдістерін қарқындандыру жолдарын қамтамасыз етті.

Негізгі реттелмейтін факторлардың бірі бойынша материалдарға талдау жүргізе отырып төмендегідей қорытынды жасауға болады:

Қазақстан жағдайында ауылшаруашылық дақылдарының өсіп –дамуы ФБР кірісімен шектелмейді.

Негізгі мақсат Республикамыздың аумағына келіп түсетін Күн энергиясын – ФБР-ні толық пайдалану және оның пайдалану коэффициентін (Кфбр) суармасыз жерлерде қазіргі 0,3-0,5% - дан 1,0-1,5% - ға дейін және суармалы жерлерде 2,5-3,0 % дейін көтеру.

 

Танаптық (екпе) дақылдар егістіктерінің ылғалмен қамтамасыз етілуі және нақты мүмкін өнім (НМӨ) деңгейін анықтау

Өнім түрлерінің жіктеуі. Бағдарламалауда үш өнім түрін ажыратады – потенциалды, нақты мүмкін және өндіріс жағдайында алынатын шын өнім.

Потенциалды өнім (ПӨ) - дақылдардың, сорттардың биологиялық ерекшеліктерін, агротехника деңгейін, ФБР кірісін және т.б. ескере отырып өте жақсы метеорологиялық жағдайларында егістіктерді кажетті мөлшерде жылу және ылғалмен қамтамасыз етілуінде алынатын өнім. Бұл тұрақты көрсеткіш емес – ол дақылдардың өсіру технологиясын жетілдіруде, жақсы сорттар мен будандарды қолданғанда, ФБР пайдалану коэфициентіне (ПӘК ФБР) және т.б сәйкес қоректік заттар және ылғалдану балансімен толық қамтамасыз етілуінде өсуі мүмкін.

Нақты мүмкін өнім (НМӨ) - сорттың немесе будандың генетикалық потенциалымен және шектелген реттелмейтін факторлармен теориялық қалыптасатын өнім.

Шектелген реттелмейтін факторлар – егіншіліктің минимум заңының негізінде егістіктің фотосинтез процесіне қажетті ылғалмен, көмір қышқылдармен қамтамасыз етілуін, топырақ құнарлылығы, топырақ қышқылдылығы (рН), ауа және су режімі, ФБР кірісі, агротехника деңгейі және тағы да бірқатар шектелген факторларды есепке алып әртүрлі топырақ-климат аймақтарында өнім деңгейіне шек қояды.

Қазақстан жағдайында НМӨ-ге шек қоятын бірінші минимумда турған реттелмейтін (шектелген) фактор - ылғал (егістіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуі).

Өндіріс жағдайында алынатын шын өнім (нақты өнім НӨ) – вегетациялық кезеңінде өсімдіктердің қоршаған орта факторлармен қажетсінуі қандай мөлшерде қамтамасыз етілгенін және ғылыми дәлелденген агротехника деңгейі жүргізілгенін сипаттайтын өндірістің шаруашылық әрекетінің маңызды көрсеткіші.

Ақмола облыс жағдайында тіпті ФБР пайдалы әсер ету коэффициенті (ПӘК) 2% болғанда потенциалды өнім (ПӨ) 90-110 ц/га дейін құрғақ зат (пішен) немесе 45-55 ц/га дейін астық өнімі қалыптасады; НМӨ шектелген фактор ылғал бойынша тиісінше 30-40 және 15-20 ц/га; дақылдың өсіру технология деңгейіне байланысты ПӨ 10-20 ц/га дейін құрғақ зат және 5-12 ц/га дейін астық төмендеуі мүмкін, ал кейбір жағдайларда одан да төмен.

Осыған орай агроном-технологтың негізгі мақсаты егістіктерді реттелетін факторлармен толық қамтамасыз ететін және ПӨ деңгейін НМӨ деңгейіне жақындататын өсіру технологиясын қолдану.

Ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайына, Ақмола облысының шаруашылықтарында қолданатын технологияларына байланысты өнім (ПӨ, НМӨ, НӨ) мөлшерлерінің шамалап алынған арақатынасы кескін ретінде 3-суретте келтірілген.

 

Агротехника деңгейіне байланысты НӨ Құрғақ зат – 10-20 ц/га, немесе астық – 5-12 ц/га
НМӨ шектелген ылғалмен қамтамасыз етілу фактор бойынша Құрғақ зат – 30-40 ц/га, Немесе астық – 15-20 ц/га
ПӨ Кфбр ПӘК 2,0% Құрғақ зат 90-110 ц/га, немесе астық 45-55 ц/га

 

Сурет 3. Егістіктердің реттелетін және реттелмейтін факторлармен қамтамасыз етілуіне байланысты ПӨ-НМӨ-НӨ деңгейлерінің арақатынастары

 

Өсімдіктердің ылғалға қатынасын сипаттайтын көрсеткіштер. Өсімдіктердің (егістіктердің) ылғалға қажетсінуі үш көрсеткішпен -транспирациялық коэффициент (ТК), супайдалану коэфициенті (Кс) және жиынды супайдалануымен (Жс) - сипатталады.

Транспирациялық коэфициент - бір өлшем құрғақ зат мөлшерін қалыптастыру үшін өсімдіктерге транспирацияға қажетті, яғни жапырақтардың, өсімдіктердің бетінен бүлануына шығындалған ылғал мөлшерін дәлелдейді. Транспирация өсімдіктердің температурасын реттеу (терморегулятор) рөлін атқарады және оларды ысытып жіберуден (адамның терлеуіне лайықты), опатқа ұшыраудан сақтап қалады, тамыр жүйесімен суды соруына, топырақтан алынған минералды заттарды – азот, фосфор, калий және микроэлементтерді -өсімдіктер бойынан жүргізуіне әсер етеді.

Бірқатар кең тараған дақылдардың транспирациялық коэффициентінің орташа көрсеткіштері: бидай -450-550, арпа -300-450, сұлы-400-550, ас бұршақ -400-450, жүгері -300-450, шай жүгері (сорго) -150-200, жоңышқа -700-900, құмдақ эспарцет -300-350, еркекшөп-400-600, судан шөп -300-400, ол біріншіден, өсімдіктердің салыстырмалы құаңшылығын, екіншіден, өсімдіктермен транспирацияға және бір өлшем құрғақ зат құрастыру үшін жұмсалатын ылғал мөлшерін сипаттайды. Жоғарғыда көрсетілген сандар бойынша мынадай қорытынды жасауға болады: арпа бидайға қарағанда қуаңшылыққа төзімді, құаңшылыққа өте төзімді дақыл - шай жүгері, ылғал сүйгіш-жоңышқа және т.б.; алайда бұл көрсеткіштерді тепе-тендік есептерінде қолдану өте қиын, өйткені танаптық жағдайында топырақтағы ылғал тек қана өсімдіктердің транспирациясына емес және сонымен қатар әрбір егістік аумағынан (топырақ бетінен) булануына жұмсалады, сондықтан есептерде басқа көрсеткіш – су пайдалану коэффициенті - пайдаланылады.

Су пайдалану коэффициенті (Кс) - өсіп-жетілу кезеңінде егістіктің транспирация мен топырақ бетінен булануын қоса есептегендегі бір өлшем өсімдік шаруашылығы өнімінің (кг, ц, т, астық, құрғақ биомасса, немесе түйнектер, тамыржемістілер және т.б.) нақты шығындалған ылғал мөлшерін (мм, м3) сипаттайды.

Жиынды су пайдалану (Жс) – 1 га егістікте (1м2, га) өсіп-жетілу кезеңіндегі өсімдік транспирациясы мен топырақ бетінің булануын ескере отырып дақылдың өнім қалыптастыруына шығындалған мм, немесе м3 –пен алынған ылғалдың мөлшерін сипаттайды.

Транспирацияға жұмсалған шығын жағдайға байланысты ылғалдың жалпы шығынынан 20-50%-ға жетеді, яғни топырақ бетінен булануға шығындалған ылғал мөлшері 50-80% жетеді. Осыған орай прогресивті технологиялардың маңызды міндеті - топырақ бетінен булану арқылы шығатын ылғал мөлшерін азайту.

Егістіктің нақты супайдалану коэффициенті нақты танапта шыңдығындағы жиынды супайдалану мен дақыл өніміне негізделе отырып мына формула бойынша есептелінеді:

 

Кс = Жс/Өқз, мұнда

 

Жс — жалпы жиынды супайдалану (мм/га, м3/га);

Өқз — құрғақ зат өнімі, астық (ц/га).

Қазақстанда ең қолайлы егіншілік аудандардың өзі ылғалмен нашар қамтамасыз етілуімен сипатталады, өйткені орташа көпжылдық түсетін жауын-шашын мөлшері жылына 250-330 мм-ден аспайды. Сондықтан бұл аймақтарда барлық факторлардың ішінде ылғал бірінші минимумда тұрады, сайып келгенде, нақты мүмкін өнім деңгейін анықтайды, ал өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз ететін шаралар мен оларды реттеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Нақты мүмкін өнім (НМӨ) есептеу әдістемесі. Өнімді бағдарламалауда қолданатын НМӨ-ді ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай есептеуді А.М. Алпатьев (1961) ұсынған және ол тепе-теңдік (баланс) құруға негізделген, оның кіріс бөлігі - жиынды су пайдалану (Жс) немесе жалпы келіп түсетін ылғал мөлшері (Жс), ал екінші шығыс бөлігі - бір өлшем егістікте қалыптасатын өнімге жұмсалатын су келтіріледі:

Жс = НМӨ * Кс, мұнда:

 

Жс – жиынды супайдалану (себу алдындағы топырақтың бір метр қабатындағы ылғал қоры қосу дақылдың өсіп-жетілу кезеңінде түскен жауын –шашын мөлшері), м3/га;

Кс - супайдалану коэффициенті, м3/ц өнім (астық, құрғақ зат).

Жиынды супайдаланудың кіріс бөлігі (жалпы жиынды су, немесе жалпы келіп түскен ылғал мөлшері) екі әдіспен есептелінеді- топырақтың бір метр қабатындағы нақты ылғал қорын анықтау арқылы және орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшері бойынша.

Бірінші тәсіл себу алдында 1 м топырақ қабатындағы нақты пайдалы ылғал алынады(мм, м3), оған өсіп – жетілу кезеңінде түскен ылғал мөлшері қосылады (метеостанцаның осы нысандардағы көпжылдық орташа деректері бойынша) және жобалық қалдық ылғал шегеріледі, яғни Ыт + Ыжш– Ық. (Ық) қалдық ылғал – дақылдар толық өсіп-жетілу кезеңіне дейін егістіктермен пайдаланбаған пайдалы ылғал мөлшері, ол көбінесе дақылдарды жинау алдында немесе толық пісу кезеңінде түскен жауын-шашын мөлшеріне байланысты. Бұл көрсеткіштің мәні суарылмайтын егіншілікте және дақыл мен жыл жағдайларына байланысты 0-ден 10-20 мм-ге дейін өзгереді, суармалы жерлерде - 40-80 мм (400-800 м3/га).

Сонымен жоғарыда қарастырылған барлық көрсеткіштерді төмендегідей анықтамамен өрнектеуге болады:

Жс = Ыт + Ыжш – Ық, мұнда:

 

Жс – жалпы келіп түскен ылғал мөлшері (жиынды супайдалану), м3/га;

Ыт – себу алдындағы 1 м топырақ қабатындағы пайдалы ылғал мөлшері, мм/га, м3/га;

Ыжш - өсіріліп отырған дақылдың өсіп-жетілу кезеңінде түскен (жауын-шашын) ылғал, мм/га немесе м3/га;

Ық – қалдық ылғал – егін піскеннен кейін немесе егін жиналғаннан кейін пайдаланылмаған пайдалы ылғал мөлшері, мм/га, м3/га.

Осылайша жиынды супайдаланудың кіріс пен шығыс бөлігі Жс = НМӨ* Кс бір-бірімен тең болғандықтан толық баланс мынадай түрде болады:

НМӨ * Кс = Ыт + Ыжш – Ық.

Суармалы жағдайда қосымша суармалы ылғал (Ыс) көрсеткіші қосылады. Бұл жағдайда баланс анықтамасы мына түрде болады:

НМӨ* Кс = Ыт + Ыжш + Ыс – Ық.

Бір ескертетін жағдай, суарылатын жерлерде егін жинау қарсаңындағы (өсіп-жетілу соңы), немесе қысқа кезеңдегі (көпжылдық шөптер) қалдық пайдалы ылғал 1 м топырақ қабатында 40-80мм деңгейде болуға тиіс.

Екінші тәсіл көпжылдық дақылдардың НМӨ анықтауда және сонымен қатар біржылдық шөптерді себу алдында топырақтың бір метр қабатындағы пайдалы ылғал қоры анықталмаған жағдайда қолдану қажет. Бұл тәсіл келтірілген пункте түсетін көпжылдық орташа ылғал мөлшерін есепке алуға негізделген және одан танап егістіктен бос кезеңде, немесе көпжылдық және күздік дақылдар өсіп-жетілуін тоқтатқан кезеңде топырақтан булануға кеткен ылғал шығынын шегереді (күз, қыс, ерте көктем), яғни тепе-тендіктің кіріс бөлігі мына көрсеткіштерден тұрады Ықо-Ыбу-Ық, ал балан мына түрде болады: НМӨ * Кс = Ықо – Ыбу – Ық, мұнда:

- Ықо –қарастырылып отырған пункте бір жылда түсетін көпжылдық орташа ылғал (мм);

- Ыбу –дақыл себілмегенде, немесе өсіп-жетілу кезеңі тоқтап турғандағы 1 жылда булануға кеткен шығын (мм).

Бұл тәсілдің дәлдігі біріншіге қарағанда төменірек, алайда нақты жағдайларда дақылдың ылғалмен қамтамасыз етілуін орташа мәні жөнінде түсінік алуға болады. Шамамен жылдық ылғалдың 30-35% булану шығынына (Ыбу) жатқызады.

Бұл жағдайда есеп шығару әдістемесі жеңілдейді: егер Ыбу = 30 болса, онда Ыбу = немесе Ыбу=Ықо*0,3, жалпы түскен ылғал мөлшері Ықо * 0,7 сәйкес болады.

Тепе-тендік формуласы жеңілдетілген түрде мынадай болады:

НМӨ* Кс = Ықо * 0,7 – Ық.

Есеп шығарғанда барлық көрсеткіштерді бір өлшем бірлігіне айналдыру қажет (ыңғайлысы - м3/га).

Мм пайдалы ылғалды м3/га –ға айналдыру үшін 10 коэффициентін пайдаланады, өйткені топырақтың бір метр қабатындағы 1 мм пайдалы ылғал немесе гектарына түскен әр бір мм шауын-шашын мөлшері 10м3 суға сәйкес.

Біржылдық дақылдардың ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай НМӨ-ді есептегенде бірінші тәсілді қолданған жөн, өйткені 1 м топырақ қабатындағы нақты пайдалы ылғал мөлшерін тек дақылды себу алдында ғана анықтауға болады, ал олардың өнімі сол жылда қалыптасады. Көпжылдық шөптердің тіршілігінің бірінші жылында (сепкен жылы) шаруашылыққа пайдалы өнім қалыптаспайды,а л тіршілігінің екінші-үшінші және келесі жылдары шөптер толық өсіп-дамиды да максималды өнім деңгейін қалыптастырады, сондықтан топырақта пайдалы ылғал қоры осы жылдары қалай жинақталатынын болжау қиын, сонымен жауын – шашын бойынша көпжылдық орташа көрсеткіштері өнім қалыптасуына келіп түсетін ылғал мөлшеріне толық тәуелді.

Қазақстанның бірқатар аудандарында түсетін орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшері анықтамалықтарда келтірілген, ал шаруашылыққа дәлірек есептеулер жүргізу үшін орташа көпжылдық ылғал мөлшерін жақын орналасқан метеостанциядан алған жөн.

Нақты жағдайда себу немесе өсіп-ону басталардың алдында (дақыл, сорт, танап) қалыптасқан ылғалмен қамтамасыз етілуін, дақылдың өсіп-жетілу кезеңінде тусетін жауын-шашын мөлшерін және қалдық ылғалдың негізінде жоғарыда келтірілген тепе-тендік формулалардан шығарылған НМӨ-ді келесі анықтамалармен есептейді:

Біржылдық дақылдар үшін: НМӨ

Көпжылдық шөптер (немесе пайдалы ылғал қоры белгісіз болған жағдайда біржылдық шөптер үшін) үшін:

НМӨ мұнда:

 

НМӨ(Ө) – астықтың, құрғақ биомассаның нақты мүмкін өнімі немесе нақты өнімі, кг, ц, т;

Кс – супайдалану коэффициенті, мм/ц, м3/ц, м3/т астық, биомасса.

Есеп шығарғанда барлық өлшем бірліктерін (мм, м3 және т.б.) бір жүйеге келтіру керек: бөлгіште турған супайдалану коэффициентінің өлшем бірлігін м3/ц айналдыру керек, демек, жиынды супайдалану (алымы) көрсеткіштерін мм –ден м3 10 көбейту арқылы ауыстыру керек, ал есептеу формулары, егер алымдағы Ыт, Ыжш, Ық және Ықо көрсеткіштерін мм айналдырғанда келесі түрде болады:

НМӨ немесе

 

НМӨ

 

Екпе дақылдардың су пайдалану коэффициентін есептеу әдістемесі. Супайдалану коэффициентін (Кс) есептері жоғарыда келтірілген тепе-тендік формулардан шығарылған келесі анықтамалармен жүргізіледі:

Біржылдық дақылдар үшін:

Көпжылдық шөптер үшін: мұнда:

 

Ө – танаптық тәжірибеде немесе өндіріс жағдайында қалыптасқан өнім, ц/га.

Танаптық тәжірибелер жүргізу арқылы алынған экспериментальды материалдар негізінде Солтүстік Қазақстанда кең тараған бірқатар дақылдардың супайдалану коэффиценттері есептелініп, сонымен қатар осы көрсеткіштер агротехника деңгейіне байланысты өзгеруі байқалды. Есептеу әдістемесі А.М.Алпатьевтың (1961) тепе-тендік әдісіне негізделген

Есеп көрсеткіштері 13 кестеде келтірілген және олар көп жыл бойы жүргізілген танаптық тәжірибелер мен өндіріс жағдайларда (Әрінов Қ.К., Можаев Н.И., Серікпаев Н.А. ж.б., 2004) тексерілді.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 4035. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия