Кесте 11. Қазақстанның үш нысанында (пунктінде) жылы кезеңдегі ФБР (млрд.кДж/га) көрсеткіштері
Әр гектар ауданына есептегенде Солтүстік Қазақстанда мамыр-қыркүйек айларында 13,8-14,7 млрд.кДж энергиясы түседі, оның ішінде температура +100 С жоғары болғанда мөлшері - 12,6-13,0 кДЖ/га. Жаздық бидай өсіп-даму кезеңінде 8,4-10,5 млрд.кДж, арпа мен ас бұршақ - 7,5-9,6 жүгері сүрлем үшін - 8,8-10,5, көпжылдық шөптер -13,4-14,7 млрд. кДж энергиясы түседі, яғни ФБР кірісін көпжылдық шөптер және тағы да бірқатар суыққа төзімді дақылдар толық пайдаланады. Егістіктермен ФБР кірісін пайдалануы және дақылдардың өнімі. ФБР кірісі бойынша потенциалды өнімді есептеу мынадый тәртіппен жүргізіледі: Зерттелетін дақылдардың өсіп-жетілу кезеңінің нақты ұзақтылығы белгіленеді, содан кейін ай сайынғы ФБР көрсеткіштері бір біріне қосылып вегетация кезеңіндегі ФБР кірісінің жиынтығы анықталады. Соңынан теңдестік (баланс) құрастырылады: бір жағында – жер аумағының бір өлшеміне келіп түскен ФБР кірісі, екінші жағы (шығыс) – осы аумақта құрғақ биомасса өнімімен кДж өлшенген жинақталған энергия. Құрғақ зат өнімінде жиналған энергия мөлшері (Qөнім) (теңдестіктің шығыс бөлігі) мынадай формуламен анықталады: Qөнім = Ө х К, Мұнда, Ө - құрғақ биомасса өнімі, кг/га; К - құрғақ биомассаның калориялығы, кДж. Өсімдіктердің 1 кг құрғақ биомасса калориясының орташа мәні 16760 кДж, ал бірқатар екпе дақылдардың калориялығы 12-кестеде келтірілген. Дәнді дақылдармен жинақталған энергияны анықтағанда сабан өнімін астық өнімінің 1,0:0,8 қатынасындай деп есептейді. Егер есептеулерде тамыр жүйесінің массасын ескеру қажет болса, оңда ол дәнді дақылдармен біржылдық шөптерге жер беті массасының 20-30%, көпжылдық шөптерде 65-100 % тиесілі деп есептеледі.
|