Кесте 15. Ең төменгі сиымдылықтың 1 м топырақ қабатындағы өнімді ылғал мөлшері, мм
Қазақстанның негізгі аймақтарында мамыр айының ІІ-ІІІ онкүндігінде топырақтың 1 м қабатындағы мүмкін өнімді ылғал қоры бойынша анықтамалық жадығаттарды қолдануға болады (Кесте 16).
Кесте 16. 15-25 мамыр кезеңінде 1 м топырақ қабатындағы мүмкін өнімді ылғал қоры, мм
Солтүстік Қазақстан жағдайында көпжылдық орташа мәліметттер бойынша танаптық жұмыстар жүргізу алдында (сәуір айының ІІІ онкүндігі) топырақтың 1 м қабатындағы өнімді ылғал мөлшері, әдетінше, ең төменгі сиымдылықтан төмен және 65-тен 160 мм –ге дейін өзгереді. Өнімді ылғал мөлшерінің ең жоғары деңгейінің (120-160мм) мүмкіншілігі әртүрлі жылдар бойынша 50% аспайды, себу жұмыстарын жүргізу алдында ол 10-15 мм-ге төмендейді. Топырақ-климат аймақтары бойынша топырақтың 1м қабатындағы өнімді ылғалдың орташа қоры 110 –нан (құрғақ дала) 120-150 мм-ге дейін (орманды дала, құаңшылық дала) өзгереді, бірақта 10 жылда бір рет минималды деңгейге (65-90мм) төмендейді және 10 жылда бір рет максималды деңгейге (145-200 мм) көтеріледі,ал орташа ылғал қоры мен жылдар саны 10-нан 4-5 және 1-2 жыл аралық орташа мен максимальды немесе минимальды ылғал қоры да орын алады. Сонымен, Қазақстанның далалы аймақ жағдайында өнімді ылғал мөлшері бойынша әрбір 10 жылдың 1-2 жылы қолайсыз(құаңшылық), 2-3 жылы жақсы және 4-5 жыл орташа ылғал қорымен сипатталады. Өнімді ылғал қоры жаздың екінші жартысындағы және өткен жылдың күзіндегі ылғалдану жағдайына, қыста түскен жауын-шашын мөлшеріне байланысты. Осы жағдайларды есептей отырып себу алдындағы топырақтың мүмкін ылғал қорының көрсеткіштерін болжауға болады. Суармалы ылғал мөлшерін есептеу әдістемесі. Суармалы ылғал мөлшерінің орташа көрсеткіштері жалпы су жиынтығы арқылы тепе-тендік (баланс) формула бойынша есептелінеді, оның кіріс болігіне суармалы ылғал мөлшері(Ыс) қосылған: НМӨ * Кс = Ыт + Ыжш + Ыс –Ық, немесе НМӨ * Кс = Ықо * 0,7 + Ыс – Ық. Суармалы ылғал мөлшері жоғарыда көрсетілген тепе –тендік формуладан шығарылып келесі анықтамамен есептелінеді: Біржылдық дақылдар үшін: Ыс = НМӨ * Кс – Ыт – Ыжш + Ық; Көпжылдық дақылдар үшін: Ыс = НМӨ * Кс – Ықо * 0,7 + Ық. Суармалы ылғал мөлшерін есептегенде НМӨ – егістіктер ылғалмен оңтайлы қамтамасыз етілген жағдайда дақылдардың, сорттардың потенциалды мүмкін өнім деңгейін тиісті анықтамалық әдебиеттерден алынады. Мысал, ретінде суармалы жағдайда жоғары агротехникалық деңгейде өсірілген бірқатар мал азықтық дақылдардың жасыл балаусасының потенциалды өнімдерін (ПӨ) келтіруге болады: - сүрлем дақылдар (жүгері, шай жүгері, күнбағыс және т.б.) – 450-750 ц/га; - көпжылдық шөптер (жоңышқа, қылтықсыз арпабас және т.б.) – 350-550 ц/га; - біржылдық шөптер (судан шөбі және т.б.) – 250-350 ц/га. Дақылдарды суландыру жағдайында өсіргенде дақылдың, сорттың потенциалды мүмкіндігін ескере отырып, өнімнің мүмкін дәрежесін негізге алу қажет және супайдалану коэффициентін пайдаланып, өнімге қажетті ылғалды есептеп шығару керек, ал суды топырақ ылғалдылығы ең аз сусиымдылығының 75-80% болатындай етіп жіберген жөн, әсіресе өсімдіктердің өсіп-дамуына ылғалдың өте жоғары қажетсіну кезеңдерінде.
|