Студопедия — Егін жинау алдындағы қолайлы сабақ жиілігін (шөп оттылығын) бағдарламалау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Егін жинау алдындағы қолайлы сабақ жиілігін (шөп оттылығын) бағдарламалау






 

Сабақ жиілігіне әсер ететін жағдайлар. Егін жинау алдындағы өсімдік саны қоршаған орта мен агротехниканың көптеген факторларының әсерімен қалыптасады. Бұл факторларды екі топқа бөлуге болады. Факторлардың бірінші тобы толық көктеу кезеңіндегі өсімдіктер санын анықтайды. Бұл негізінен, белгіленген себу мөлшерінің сақтау және жеткілікті жоғары далалық өнгіштігін қамтамасыз ету болып табылады. Факторлардың екінші тобы өсімдіктердің өсіп-даму кезеңіндегі сақталуын және күздік астық дақылдарының қыстап шығуын анықтайды.

Егін жинау алдындағы өсімдіктер санына тұқымның далалық өнгіштігі, өсімдіктін сақталуы мен тірі қалуы әсер етеді, оларды тұқым себу мөлшерін есептегенде болжап есепке алу қажет.

Далалық өнгіштік – толық көктеу кезеңіндегі өсімдік саны, себілген өнгіш тұқымның пайызбен көрсетілген бөлігі.

Далалық өнгіштік (Дө) мына формуламен есептеледі:

 

Дө = толық көктеу кезеңіндегі өсімдіктер саны, дана/м2*100

себілген өнгіш тұқымның саны, дана/м2

Өсімдік сақталуы – егін жинау қарсаңындағы өсімдік саны, бір өлшем жердегі егін көгінің пайызбен көрсетілген бөлігі.

Өсімдік сақталуы (Өс) мына формуламен есептеледі:

 

Өс = өсімдіктер жинау алдында, дана/м2*100________

толық көктеу кезеңінднгі өсімдіктер саны, дана/м2

Өсімдік сақталу көрсеткіштерінің толық көктеу кезеңінен егін жинау қарсаңына дейін өзгеруі өсімдіктердің опат болуына байланысты және көптеген факторларға - төмен ылғалдануына (куаңшылық), өсімдіктердің зиянкестер және ауырулармен зақымданылуына, өсіру технологиясын дұрыс пайдалануына (күтіп–баптау жұмыстар - тырмалау, қатар аралық культивация жұргізгенде өсімдіктерді кесіп кету, зақымдау, гербицидтерді дурыс пайдаланбау және т.б.) байланысты.

Өсімдіктің тірі қалуы(Өт) – егін жинау қарсаңындағы өсімдік саны, ол пайызбен көрсетілген себілген өнгіш тұқымның бөлігі.

Өсімдіктін тірі қалуы екі әдіспен есептеледі: а) себілген өнгіш тұқым мөлшерімен келесі формуламен:

 

Өт= Жинау алдындағы өсімдіктер саны, дана /м2*100

Өнгіш тұқым мөлшері, дана/м2

 

б) тұқымның далалық өнгіштігі мен өсімдіктердін сақталу көрсеткіштері арқылы:

 

Өт= Дө*Өс/100, мұнда:

 

Өт – өсімдіктердін тірі қалуы, %;

Дө – тұқымның далалық өнгіштігі, %;

Ср – өсімдіктің сақталуы, %.

Тұқымдардың танаптық өңгіштігінің көрсеткіштері және өсімдіктердің сақталуын анықтамалық әдебиеттерден сәйкесінше негізделген дұрыстамалармен дақылды өсірудің жобаланған технологиясының деңгейіне алуға болады.

 

в) танаптық өнгіштік және өсімдіктердің арқылы себілген тұқымдардың себу жарамдылығын ескеру арқылы:

 

Өс = Сж*Тө*Өс

 

мұнда:

Өс — өсімдіктердің сақталуы, %;

Сж — тұқымдардың себу жарамдылығы, %;

Тө — тұқымдардың танаптық өңгіштігі, %;

Өс — өсімдіктердің сақталуы, %.

Тұқымдардың себу жарамдылығы (Сж) тұқымдардың тазалығын (Т, %) зертханалық өңгіштігіне (Лө, %) көбейту арқылы табылады, % көрсетіледі:

 

Сж = Тт*Лө

 

Сонымен, жоспарланған сабақ бітіктігі арқылы себу мөлшерін есептегенде алдын-ала көрсеткіштерді болжамдау қажет – тұқымдардың танаптық өңгіштігін, өсімдіктердің өміршеңдігі мен сақталуын, олар метеорологиялық және агротехника жағдайына тәуелді болады.

Бұл көрсеткіштерді және өнімді түптену коэффициентін болжау өте

қиын, өйткені өсіп-жетілу кезінде метеорологиялық жағдайлар қалай болатыны белгісіз, сондықтан, тәжірибеде және өндірісте алынған, орташа мәліметтерді қолдануға тура келеді.

Жалпы мәліметтер бойынша, күздік қарабидайдың өнімді түптенуі орташа 1,47, күздік бидайда – 1,6, ал жаздық астық дақылдарында – 1-1,3 мөлшерінде, ал жаздық бидайдың танаптық өңгіштігі орташа алғанда - 70-94%, өсімдіктердің сақталуы 66-69%, 57-ден 85% аралығында. Осындай көрсеткіштер мал азықтық дақылдар бойынша шығарылған.

Тұқымдардың тарнаптық өңгіштігі мен өсімдіктердің сақталу көрсеткіштері, біріншіден, топырақты өңдеуден, тұқымдардың себу сапа көрсеткіштерінен және оларды себуге дайындаудан, қалыптасқан жағдайға оңтайлы себу мерзімін таңдау, тұқымдарды себу тереңдігінен, егістіктерді күту тәсілдерінен және т.б., яғни технологияның барлық элементтерін оңтайландырған жағдайда жоғары көрсеткіштеге жетуге болады, бірақ технология бұзылғанда айтарлықтай төмендеуі мүмкін.

Мал азықтық дақылдардың тұқымдар танаптық өңгішітігі мен өсімдіктер сақталу орташа көрсеткіштері мынадай: сүрлемдік жүгеріде танаптық өнгіштік – 50-70 %, өсімдіктердің сақталуы – 70-90 %; бұл көрсеткіштер тиісінше күнбағыста – 70-80 және 80-90%, 40-45 және 90-95 %, еркекшөпте – 25-50 және 60-90 %, судан шөбінде – 60-70 және 80-95 %. Бұл көрсеткіштерді білу мен оларды тәжірибеде қолдану агрономға тұқымдардың танаптық өңгіштігін лабораториялыққа, ал өсімдіктер сақталуын 100%-ға жақындатуға мүмкіндік береді, яғни әрбір себілген тұқымнан толыққанды егін көгін алуға, ал әрбір алынған өсімдік толық пісу (шабылмалы) кезеңіне жетуіне тырысу керек, бұл арқылы тұқымдар шығындарын азайтуға болады, бұл өсімдік шаруашылығында алынатын өнімнің өзіндік құны құрылымында маңызды орын алады.

Мысалы, Германияда жүгері өсіру тәжірибесіне сілтеуге болады, онда тұқымдардың танаптық өңгіштігін 95% дейін жеткізуге болатындығын көруге болады, яғни себілген өңгіш тұқымдардың ысырап болуы 5%-дан аспайды, ал өсімдіктердің сақталуы 100% жақындаған. Мұндай жақсы көрсеткіштер жоғары себу сапасы бар тұқымдарды себу арқылы, оларды себуге дайындау технологиясы (іріктеу, жоғары тиімді препараттармен өңдеу, инкрустациялау және т.б.), топырақты себуге дайындау сапасы (культивациялау, тығыздау және т.б.), әрбір дақыл ұшін топырақтың жылынуы және оның жоғарғы қабаттағы ылғалдылығын ескере отырып себу мерзімін таңдау, тұқымдардың берілген терңдігін және олардың қатардағы орналасуын қамтамасыз ететін жоғары дәлдікті сепкіштер қолдану және егістіктерді күту жүйесін таңдау, жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.

Сабақ (шөп оттылығының) бітіктігі және тұқымның себу мөлшері (нормасы). Астық дақылдарында өнімділік құрылымының негізгі элементтері: жинау қарсаңындағы аудан бірлігіндегі өсімдіктер саны, өнімді түптену, масақтағы дәндер саны, стандартты ылғалдылықтағы 1000 тұқым массасы болып табылады.

Көптеген зерттеулер мен өндірістік тәжірибе аудан бірлігінде өсімдіктер саны анықталған деңгейге дейін өскенде, дақылдар өнімділігі жоғарылайтындығын көрсетеді.

Ғылыми-зерттеу мекемелерімен әрбір топырақ –климат аймағына астық дақылдары үшін сабақ бітіктігінің оңтайлы көрсеткіштері қойылған және осыған сәйкес тұқымдар себу нормалары ұсынылған. Жақсы ылғалданған аудандарда жинау қарсаңында бір гектарда 4—4,5 млн. бидай, сұлы, қарабидай өсімдігі, 2,5—3 млн. арпа өсімдігі, ал құрғақ дала аймағында - 1,5-нан 2,5 млн.-ға дейін болу керектігі ұсынылады.

М.К.Сулейменов (1991) мәліметтері бойынша, Солтүстік Қазақстан жағдайында жаздық идайдың себу нормасын оптимум шекарасына дейін жоғарылатқанда өнімділік көтерілді, және максимум шекарасына дейін айтарлықтай өзгерген жоқ, одан кейін төмендеді, ал минимум шекарасы

0,5-тен 2,5 млн-ға дейін өзгерді, максимум шекарасы - 1 га 3,5-нан 6 дейін өңгіш тұқым және одан жоғары. Солтүстік Қазақстанның көп бөлігінде (орташа құрғақ – құрғақ және құғақ далалы аймақ) себу нормасының оңтайлы аралығы 1 гектарға 2—3 млн., құрғақ далада— 1,5—2,5 млн., орманды далада - 2,5—3,5 млн. өңгіш тұқым. Көрсетілген тұқымдар санын себу арқылы оңтайлы сабақ бітіктігіне жетуге болады, яғни жаздық бидай, сұлы, арпа үшін 1 м2 170—230 өсімдік, ал өнімді түптену есебінен 250-300 дана/м2 өнімді сабақтар қалыптасуы мүмкін.

Биологиялық өнімділікті мына формула арқылы есептеуге болады:

 

Өбиол.= Өс*Өт*Дс*А

мұнда:

Өбиол- биологиялық өнімділік, ц/га;

Өс – өсімдік саны, дана/м2;

Өт – өнімді түптену;

Д – масақтағы дән саны, дана;

А – стандартты ылғалдылықтағы 1000 тұқым массасы, г.

 

Өнімділік бірнеше көрсеткіштерден құралады – құрылым элементтері, олардың әрбіреуінің көрсеткіштері әртүрлі болуы мүмкін, өйткені бір құрылым элементінің әлсіз дамуында, өнімділік басқа элементтерінің қарқынды дамуы есебінен болуы мүмкін. Айта кету керек, өнімділік құрылымының элементтері өсіп-жетілу кезеңінің бір уақытында дамымайды. М. К. Сулейменов (1991) мәліметтері бойынша, жаздық бидайдың Саратовская 29 сорты себу нормасына байланысты келесідей өнімді түптенді: 1 га 1,0—1,5 млн. дана өңгіш тұқым алғы дақыл сүрі танап болғанда 1,93, аңыз сабақтары бойынша 1,77; 2,0—2,5 мөлшерінде сәйкесінше 1,52 и 1,42; 3,0—3,5 сәйкесінше 1,30 и 1,08 және 4,0—4,5 млн. данада 1,16 и 1,04. Масақтағы масақшалар саны да өзгерді: 1 га 1,0—1,5 млн. дана өңгіш тұқым алғы дақыл сүрі танап болғанда орташа 12,2, 4,0—4,5 мөлшерінде — 9,6, ал масақтағы дән саны тиісінше 27,1 және 19,6 дана, 1000 тұқым массасы - 36,0 және 32,8 г.

Мал азықтық дақылдарда зерттеушілер кейде себу мөлшері, сабақ бітіктігі мен өнімділікті теңестіргісі келеді, яғни жоғары себу мөлшерінде аудан бірлігінде өсімдіктер саны көп болатындығын айтады. Бірақ табиғатта топырақ-климат жағдайына және бірінші кезекте ылғалдану деңгейі мен минералды қоректену элементтерімен қамтамасыз етілуіне байланысты түраралық бәсекелестік және өсімдіктер тығыздығының өздігінен реттелуі жүреді.

Тәжірибелерде көрсетілгендей (Н. И. Можаев, 1985), өздігінен реттелу себу мөлшерінде реакциясы аз дақылдарда көрінеді, мысалы көпжылдық шөптерде. Өсімдіктердің өздігінен реттелуі олардың бір бөлігінің сабақ бітіктігінен түсіп қалуынан және түптенудің төмендеуінен, бір өсімдіктегі сабақтар санының азаюнан болады, мұндайда өнімділік себу мөлшерін көбейткеннен жоғарыламай, кейде төмендеп те кетеді, оны табиғи ылғалмен қамтамасыз етілудегі еркекшөп мысалында да айқын көруге болады. Еркекшөптің мал азыққа және тұқымға себу мөлшерлері үлкен аралықта зерттелді - 2 -нан 14 млн. өңгіш тұқымға дейін, яғни шеткі нұсқалар арасындағы айырмашылық 7 есе болды, бірақ шөп оты тіршілігінің бірінші жылының соңында айырма 1:6 дейін азайды, ал 1 м2 өсімдіктер саны шеткінұсқаларда 120 және 598 құрады, ал түптену тиісінше - 9 және 3,5. Тіршілігінің екінші-үшінші жылдарында себу мөлшеріне байланыссыз 1 м2 бірдей сабақ саны қалды— 1300—1500 дана, ал одан жоғары себу мөлшерлерінде өнімді сабақтар саны екінші жылы 606—908 дейін және үшінші жылы 281—741 дейін төмендеді. Ең жоғары өнімділік қатараралықтарының ені 30—45 см болғанда алынды, тіршілігінің екінші жылында өнімді сабақтар саны 572—587 және үшіншіде - 565—610, бұл зерттелген себу мөлшерлерінің ең азындағы көрсеткіш (1 гектарға 2 млн. өңгіш тұқым).

Жақсы ылғалмен қамтамасыз етілуде өздігінен реттелу үрдісі ондай қатты өтпейді, бірақ суару жағдайында да тұқымдардың себу мөлшері 4 тен 8 млн.-ға дейін көтеру өнімділіктің көтерілуіне әкелмеді, сонымен бірге есептелген мөлшерде тыңайтқыштарды еңгізу жоңышқада 36,6—47,1, эспарцетте 44,6—51,6, арпабаста 51,0—57,8 ц/га қосымша өнім алуға мүмкіндік берді.

Көпжылдық шөптер ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты 3-4 тіршілік жылдарында, шөп оттылығының тығыздығын өздігінен реттеу үрдісі барысында, бір шаршы метр жерде біркелкі өсімдік санын қалыптастырды, сондықтан себу мөлшеріне байланысты айтарлықтай қосымша өнім алынған жоқ.

Жүгері мен шайжүгерінің сабақ бітіктігінің тығыздығын өздігінен реттеу үрдісіне қабілеті көрінбейді, сондықтан ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгенде және бір гектар жердегі сабақ бітіктігінің тығыздығын 60 мың данадан 180 мың данаға дейін көбейткенде сабақ бітіктігінің тығыздығынан алынған қосымша өнім деңгейі тыңайтқыш енгізу мөлшеріне байланысты гектарынан 32 ц-ден 183 ц-ге дейін көк балауса өніміне тең болды.

Сонымен, көпжылдық шөптердің тұқымдарының себу мөлшері және бір өлшем жерден алынған өсімдіктердің саны көп жағдайда бір-біріне тікелей байланысты бола бермейді, себебі шөп оттылығында сабақ тығыздығын өздігінен реттеу заңдылығы бар және егістіктіктегі сабақ тығыздығының деңгейі неғұрлым жоғары болса және ылғалмен қамтамасыз етілуі бойынша неғұрлым қатаң жағдай қалыптасса, соғұрлым бұл үрдіс қарқынды жүреді.

Өздігінен реттелу үрдісі тек себу мөлшеріне қатыссыз өсімдік санының біркелкілігі есебінен ғана жүріп қоймай, сонымен қатар өнім құрылым элементтерінің мәнді өзгерісіне де қатысты: сабақ бітіктігіне, масақтарға, бұршаққаптарға, мұндағы тұқымдарға, яғни эволюция үрдісі нәтижесінде қалыптасқан және түрдің сақталуына бағытталған өсімдік құрамы көрінеді, ал анағұрлым сиреп қалған шөп оттылығында тұқым өнімі әрбір өсімдікте қалыптасқан тұқым саны есебінен толықтырылады.

Өнімді бағдарламалауда қолайлы сабақ жиілігі (тығыздылығы) үшін тұқым себу мөлшерін есептеу әдістемесі. Анықталған егістікке тұқым себу мөлшерін есептегенде топырақтағы өнімді ылғал қорын, вегетациялық кезеңде ылғалдану жағдайын, топырақ құнарлылығын, арамшөптермен ластануын және т.б. факторларды ескерген дұрыс, ал бұл агрономның үлкен білімділігі мен біліктілігін талап етеді, себебі жапырақ бетінің ауданының қалыптасу ерекшелігі, фотосинтетикалық потенциал, дақылдар егісінің фотосинтетикалық таза өнімі, сорттар және соңында ең төменгі мөлшерде тұқым шығындағанда қалыптасатын өнім – сабақ жиілігіне (шөпоттылығына) байланысты.

Аталған көрсеткіштердің қолайлылығы ылғалдану жағдайымен тікелей байланысты, егістіктің қалыпты траспиациясы үшін топырақ ылғалымен қамтамасыз етілген жапырақ бетінің ауданын қолайлы деп санаған жөн, яғни ылғалмен қамтамасыз етілуі неғұрлым төмен болса, соғұрлым жапырақ бетінің ауданының көлемі төмен болуы тиіс, сондықтан 1м² келетін сабақ жиілігі де (шөпоттылығы) төмен болады.

Дақылдардың себу мөлшерін есептегенде агрономдардың жіберетін қателіктерін табиғаттың өзі реттейтіні аз кездеспейді, мәселен бірқатар дақылдарды шектен тыс тұншықтырғанда өсімдіктердің жоғалуы (өлуі) байқалады, сонымен қатар өсімдіктер нашар түптенеді, салмағы төмен болады және т.б., ал керсінше шөп оттылығы сирек болғанда түптену коэффиценті жоғары болады, яғни ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайына және басқа да факторларға байланысты сабақ жиілігінің және егістікте жапырақ беті ауданының қалыптасуының өздігінен реттелу үрдісі жүреді. Егіншіліктің қарқынды технологиясында сабақ жиілігінің табиғи жолмен реттелуіне үміт артуға болмайды, мұның өзі тұқымның үлкен шығынына, тиісінше қаражат шығынына және өнімнің төмендеуіне әкеліп соғады.

Өндіріс жағдайында себу мөлшерін есептеудің екі негізгі әдісі қолданылады: біріншіден – ұсынылған себу мөлшері арқылы млн. дана/га (себу коэффиценті) және екіншіден – оңтайлы сабақ жиілігін есепке алу жолымен.

Бірінші әдіс тәжірибелерден алынған және әр аймақ, облыс, аудан үшін бір гектарға млн. дана өнгіш тұқым себу мөлшерін ұсынған ғылыми мекемелердің мәліметтеріне негізделген (тұқымдардың себу коэффиценті). Көптеген жылдар бойы әр аймақтарда ғылыми мекемелер дақылдар және сорттармен егістік тәжірибелер жүргізді, бұл тәжірибелерде себу мөлшерін зерттеу кең көлемде жүргізілді, мәселен, 1 гектарға 1- ден 10 млн. дана өнгіш тұқым себу, осыдан келіп зерттелген себу мөлшерлерінің қайсысында ең жоғарғы өнім болғандығы анықталып, өндіріске ұсынылды. Мысалы, Солтүстік Қазақстан үшін арпаның себу мөлшері 1 гектарға 2,5-нан 5,5 млн. өнгіш тұқым ұсынылған, сонымен қатар құрғақшылық аудандары үшін – 2,5 – 3,5, ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген аудандарда 3,0 – 5,5 млн. дана өнгіш тұқым. Өсімдік шаруашылығы, мал азығын өндіру және басқа да пәндердің оқу құралдарында жазылған агротехникалық іс-шаралар барлық дақылдар үшін бірдей.

Тұқымдардың салмақтық себу мөлшерін есептеу үшін (кг/га) ұсынылған себу мөлшері млн. дана/га, 1000 тұқымның массасы және олардың себу жарамдылығы алынады:

мұнда:

Нв – салмақтық себу мөлшері, кг/га;

К – ұсынылған себу мөлшері 1 гектарға млн. дана өнгіш тұқым (себу коэффициент);

А – 1000 тұқымның массасы, г;

Сж – тұқымдардың себуге жарамдылығы, %.

Бұл әдістің артықшылығы – есептеудің қарапайымдылығы, ал кемшілігі – тұқымдардың танаптық өнгіштігіне, тіршілік кезеңінде өсімдіктердің сақталуы мен тірі қалуына әсер ететін жағдайлар есепке алынбайды, яғни бұл жерде сабақ жиілігінің және өнімнің қалыптасу үрдісінде агрономдардың рөлі пассивті деп атауға болады.

Екінші әдіс – барлық көрсеткіштерді есепке ала отырып, егістікті жинау алдындағы оңтайлы сабақ жиілігін қарастырады, яғни жобаланған тұқымның себу мөлшеріне, өсімдіктердің сақталуына және себу жарамдылығына түзетулер енгізеді.

Әр танапқа, дақылдарға, сорттарға көктемгі қалыптасқан жағдайларға байланысты, әсіресе ылғалмен қамтамасыз етілуіне сай агротехника деңгейі басқаша өзгереді, яғни өсу жағдайы әзірленеді және тұқымның танаптық өнгіштігіне, өсімдіктердің сақталуына болжам жасалады. Бұл әдіс ең төменгі мөлшерде тұқым шығындағанның өзінде егістікті жинау алдында оңтайлы сабақ жиілігін алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар өімдіктер өздерінің ең жоғарғы деңгейде биологиялық ерекшеліктерін көрсете алады, атап айтқанда түптену мүмкіндігі, түраралық күресін ең төменгі денгейге жеткізуі және сабақ жиілігінің өздігінен реттелуі, өсімдіктердің опат болуы (жоғалуы), өнім құрылым элементтері көрсеткіштері қатынастарының нашарлауы және т.б.

Астық тұқымдас және мал азықтық дақылдардың себу мөлшерін есептеудің бірқатар ерекшеліктері бар.

Оңтайлы асбақ жиілігі үшін мал азықтық дақылдарға себу мөлшерін есептегенде, нақты топырақ – климат жағдайында өсімдіктердің өсіп - дамуын және жоғарғы өнім қалыптастыруын қамтамасыз ететін 1м²-ге келетін өсімдіктер санын оңтайлы сабақ жиілігі деп есептеген дұрыс.

Ылғалмен қамтамасыз етілуін, агротехника деңгейін және т.б. факторларды қоса есептегенде алынуы мүмкін жоғары деңгейдегі өнімге қол жеткізуде, қалыптасқан нақты жағдайлар үшін егістікті жинау алдында өсімдіктердің немесе шаруашылықтарда өсірілетін өсімдік топтарының оңтайлы сабақ жиілігін алдын ала есептеп алған дұрыс.

Әрбір агроном - өндірісші барлық технологиялық элементтердің өнім құрылым элементтерінің және барлық тіршілік кезеңінде «тұқымнан тұқым қалыптастыруға дейін» өнімнің қалыптасуына, соның ішінде тұқымның танаптық өнгіштігіне, өсімдіктердің ылғалмен және қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне байланысты тірі қалуы және сақталуына, арамшөптермен ластануына, себу мерзіміне, тұқым сіңіру тереңдігіне, сонымен қатар сабақ жиілігіне (шөпоттылығына), өнімді түптенуіне және т.б. бақылау жасап және оларды бағалай отырып тәжірибе жинақтауы тиіс.

Мал азықтық дақылдардың оңтайлы сабақ жиілігін есептеуде берілген мәліметтер ретінде егістік тәжірибелерден және Солтүстік Қазақстанның өндірістік жағдайларынан алынған жалпы мәліметтерді пайдалануға болады (Кесте 17).

 

Кесте 17. Солтүстік Қазақстанда мал азығына өсіргенде жоғарғы деңгейде өнім қалыптастыруды қамтамассыз ететін мал азықтық дақылдардың оңтайлы сабақ жиілігі (жинау алдында, дана/м2)

 

Дақылдар Ылғалмен қамтамасыз етілу деңгейі
Суарылғанда немесе табиғи жақсы ылғалданғанда Суарылмағанда және қанағаттанарлық деңгейде ылғалмен қамтамасыз етілгенде
Көпжылдық шөптер тіршілігінің 2-4-жылында    
Жоңышқа 80-100 60-80
Эспарцет 90-100 70-100
Қылтықсыз арпабас 120-160 100-120
Еркекшөп 60-90 60-90
Біржылдық шөптер    
Судан шөбі 110-140 100-120
Сұлы, итқонақ және т.б. 200-300 150-200
Кең қатарлап сепкендегі сүрлемдік дақылдар    
Жүгері, күнбағыс 15-18 8-12
Шай жүгері 35-40 15-25

 

Кестеде өсімдіктердің жоғары санына ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгенде және жоғарғы агротехникалық деңгейде қол жеткізуге болатындығы есепке алынып, сандар белгілі аралықпен берілген.

Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерді тұқымға кең қатарлы әдіспен сепкен дұрыс (45—60 см), бұл әдіс 2 – 3 –ші тіршілік жылында 1 м2 – де 10 – 20 дана өсімдік санының болуын қамтамасыз етеді, астық тұқымдас шөптерді – кең қатарлы әдіспен (30—45 см) сепкенде, 2—3-ші тіршілік жылында 1 м2 - де 30 – 60 өсімдік, судан шөбі 150 – 160 дана болады.

Ылғалмен қамтамасыз етілуі қолайлы болғанда аталған көрсеткіш жоғары, ал қолайсыз болғанда – төмен болуы тиіс, бірақ көрсетілген аралықта, яғни тұқымдардың себу жарамдылығына, танаптық өнгіштігіне және өсімдіктердің сақталуына түзету енгізу керек (егістікті күтіп – баптағанда, тіршілік ету кезеңінде әр түрлі себептерге байланысты өсімдіктердің жойылуы).

Мал азықтық дақылдардың тұқым себу мөшері (млн. дана/га) келесідей формуламен есептелінеді:

 

мұнда:

М – өнгіш тұқым себу мөлшері, млн дана/га;

Ск – жинау алдындағы оңтайлы өсімдіктер саны, дана/м2 ;

Өт – өсімдіктердің тірі қалуы, % (17– кестеден алынады).

10000 - 1 м2 ден 1 га – ға есептегенде.

Ары қарай 1000 тұқымның массасы көрсеткішін алып және тұқымның себу жарамдылығына түзетулер енгізіп, жоғарыда жазылған әдістемеге сәйкес салмақтық себу мөлшерін шығаруға болады.

Егістік дақылдардың және әсіресе көпжылдық шөптердің тұқымдарының танаптық өнгіштігі зертханалық өнгіштікке қарағанда төмен болады, сондықтан аталған көрсеткіштердің арасындағы айырмашылықтарды кеміту мүмкіндігін зерттеудің жоғары практикалық маңызы зор.

Тәжірибелерде агротехника деңгейіне байланысты көпжылдық шөптердің тұқымдарының танаптық өнгіштігі туралы мәліметтер, берілген өсімдіктер санын алу мәселесін шешудегі тұқымның себу мөлшеріне сәйкес түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Көптеген тәжірибелерде және бақылауларда жүгері тұқымының танаптық өнгіштігі зертханалық өнгіштікке қарағанда 20—50% - ке төмен болатындығ, ал өсімдіктердің сақталуы 60—80% болатындығы байқалды. Бұл көрсеткіштер тұқымның себу мерзіміне, топырақтың өңделу сапасына, тұқымның сіңірілу тереңдігіне, тұқымның сапасына байланысты. Жүгері өсімдігінің сақталуы көбінесе егістікті күтіп – баптау жұмыстарын дұрыс жүргізе білумен тығыз байланысты, атап айтқанда көктегеннен кейін тырмалау, қатараралық культивация, яғни бұл жұмыстар кезінде алынған егін көгінен 20—35% - ке дейін өсімдіктердің жойылуы сирек кездеспейді.

Табиғи жолмен ылғалданғанда тұқымдардың танаптық өнгіштігі келесідей аралықта өзгереді (орташа): жүгеріде 50 - 70%, судан шөбінде 60 - 70%, жоңышқада 10 - 60%, эспарцете 40 - 80%, еркекшөпте 25 - 50%, қылтықсыз арпабаста 20 - 45%, сонымен қатар көпжылдық шөптерде бұл көрсеткіштер өздерінің ең жоғарғы деңгейіне ерте көктемде және күзде сепкенде жетеді, себебі аталған мерзімдерде, тұқымдардың сіңіру тереңдігі 2—3 см екенін еске ала отырып, тұқымдарды ылғалды қабатқа сіңіру мәселесін шешуге мүмкіндік бар, ал жоңышқаны суармалы жерлерде өсіргенде тұқымдардың танаптық өнгіштігі 40-тан 60%-ға дейін жоғарылады.

Жылу сүйгіш — жүгері, судан шөбі, шай жүгері, итқонақ, тары және т.б. дақылдардың тұқымдарының танаптық өнгіштігінің ең жақсы көрсеткішіне топырақ қабаты 10-150С-қа қызғанда және себу мерзімін мамыр айының екінші жартысы мен маусым айының басын таңдағанда қол жеткізуге болады.

Астық тұқымдас дақылдар үшін себу мөлшерін есептегенде, нақты аймаққа тән жинау алдындағы 1 м² - ге келетін оңтайлы сабақ бітіктігін есепке алған дұрыс. Бағдарламаланған оңтайлы сабақ бітіктігі көрсеткішінде шаруашылықтың топырақ – климат жағдайын және алғы дақылдарды есепке алған дұрыс. Есептегенде тұқымдардың танаптық өнгіштігін, өсімдіктердің сақталуын, тұқымдардың себу сапасын, өнімді түптенуді және бұл көрсеткіштерге әсер ететін факторларды еске алып, болжам жасау қажет. Астық тұқымдас дақылдар үшін есептеуді М.С. Савицкийдің (1973) ұсынған формуласымен жүргізуге болады:

 

мұнда:

Нв – себу мөлшері, кг/га;

С – жинау алдындағы сабақ саны 1 м2 – ге, дана;

А – 1000 тұқымның массасы, г;

К – өнімді түптену;

В – өсімдіктердің тірі қалуының көрсеткіші, %;

Сж – тұқымның себуге жарамдылығы, %.

Солтүстік Қазақстанда жаздық астық дақылдарының өнімді түптенуі орташа 1,2 - 1,3 аралығында, бұл көрсеткіш әр жылда ылғалдану жағдайына, өсіру технологиясына байланысты өзгереді, ал басқа да дақылдар және сорттар үшін бұл көрсеткіш 1-ден 2,5-3,0-ке дейін, тұқымның танаптық өнгіштігі орташа 70-90%, өсімдіктердің тірі қалуы 65-70%, яғни бұл көрсеткіштер 50-ден 85% арасында өзгеріп отырады.

Әр аймақта ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты астық тұқымдас дақылдардың егін жинау алдындағы оңтайлы сабақ саны (С) 200-ден 360 дана/м2 аралығында өзгереді.

Іс жүзінде аталған сұрақтар бойынша әр агроном өз бақылауларын жүргізіп мәліметтер жинауы қажет, кейін толықтай негізде әр танап үшін ылғалмен қамтамасыз етілуін, дақылдарды, сорттарды, арамшөптермен ластануын, топырақтың құнарлылығын, агротехника деңгейін, себу мерзімін және т.б. факторларды есепке ала отырып, бағдарламаланған сабақ жиілігі негізінде себу мөлшерін есептеуі тиіс.

Мал азықтық дақылдардың оңтайлы сабақ жиілігін есептеу үшін жүргізілген танаптық тәжірибелер негізінде алынған және 17 кестеде көрсетілген мәліметтерді пайдалануға болады.

Нақты топырақ – климат жағдайында әр дақыл үшін егін жинау алдындағы оңтайлы сабақ жиілігіне қол жеткізу – бұл төменгі мөлшерде тұқым мөлшерін шығындап жоғары өнім алу деген сөз, мұның өзі еңбек және материалдық шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

Ілімдік негізде егін жинау алдында оңтайлы сабақ жиілігін алуды және тұқымның себу мөлшерін қалыптастыруды әзірлеу - өнімді бағдарламалаудың алдында тұрған маңызды мәселе, себебі бұл мәселелердің шешілуі нақты жағдайларда егістіктің жақсы көрсеткіштерімен жапырақ беті ауданының, фотосинтетикалық потенциал, фотосинтездің таза өнімінің қалыптасуына мүмкіндік береді.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 3748. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия