Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Нақты өсірілетін жерлерге және астықты пайдалану бағытына байланысты жаздық бидай сорттарын таңдап алу. 1 страница




Сорттарды таңдағанда төмендегідей талаптарды (критерийлерді) ескеру қажет:

- нақты жерде өсіруге жарамдылығы, әлеуетті (потенциалды) өнімділігі және өнімділікті қамтамасыз ету жолдары (өнімді сабақ жиілігі есебінен, масақтың дәнділігі және дәннің ірілігі немесе жиынтық әсері т.б.).

- зиянды организмдерге төзімділігі. Төзімді сорттарды өсіре отырып қоршаған ортаны сақтау, өйткені оларды дұрыс өсіргенде зияндылықтың экономикалық шегі еңсеріледі.

- стресті факторларға төзімділігі. Жапырылуға төзімді сорттар (инфекциялық жапырылуы қоса алғанда) өсіру реттегіштерін (регуляторы роста) тамыр шіріндісіне қарсы фунгицидтерді қолдануды талап етпейді.

- тамырында тұрғанда дәннің көктемеуге төзімділігі (кеш пісетін сорттарда әдетте мұндай мүмкіндік жоғары).

Сорттың әлеуетті өнімділігі неғұрлым жоғары және оны жақсартуға кететін шығындар аз болса, соғұрлым ол бағалы.

Қазіргі уақытта мемлекеттік тізімнен ауыл шаруашылығында пайдалануға рұқсат етілген және ойдағыдай өсіріліп жүрген төмендегідей жаздық жұмсақ бидай сорттарын атауға болады:

Ақмола 2. ҚР АШМ-нің «Казагроинновация» АҚ-ның «А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де күздік түрлерін жаздыққа будандастыру тәсілі мен (Лютесценс М – 808 х Целинная 60) трансформациялау арқылы шығарылған. Лютесценс түршесі. Сабағы орташа жуандықта, қуыс, берік, жапырылуға төзімді. Дәні жартылай домалақтау келген, қызыл түсті, шынылы ірі, негізі жалаңаш, тілігі берік, 1000 санының массасы 33,1-ден 41,1 г дейін.

Сорт орташа мерзімде піседі, Саратовская 29 бақылау вариантына деңгейлес немесе 1-2 тәулік ерте піседі. Негізгі аурулар мен зиянкестерге төзімділігі бойынша Саратовская 29 сортынан қалыспайды.

Ақмола 2 сорты дәннің жоғары физикалық және ұндық-нандық сапалары бойынша жоғары көрсеткіштермен сипатталады. 1999 жылдан Ақмола облысы бойынша пайдалануға рұқсат етілген және бақылау варианты (стандарт) ретінде қабылданған.

Астана– ҚР АШМ-нің «Казагроинновация» АҚ-ның «А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де шығарылған сорт. Түршесі – Лютесценс. Масағы призма пішінді, дәндері ұсақ, 1000 санының массасы 31,9 г. Сорт орташа мерзімде, 67-80 тәулікте піседі. Биіктігі орташа, өнімді түптенуі 1,24. Өнімділігі жөнінен стандартты Саратовская 29 сортының деңгейінде. Бәсекелі сорт сынау жылдары орташа астық өнімі 15,8 ц/га құрады. Жапырылуға және шашылуға төзімді. Құрғақшылыққа төзімді сорт. Айрықша белгілері: сабақ бітіктігі біркелкі және жаппай піседі. Тот ауруына Саратовская 29 сорт деңгейінде төзімді. Орталық және Солтүстік Қазақстанның далалы және орманды-дала аймақтарына ұсынылған.

Целинная 3С – ҚР АШМ-нің «Казагроинновация» АҚ-ның «А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де Шортандинская 25 х Lее2 (Kerya) х Лютесценс 164/6-24 сатылап будандастыру тәсілімен шығарылған. Түршесі – Лютесценс. Сабағы орташа жуандықта, қуыс. Жапырақтары жасыл, орташа балауыз, тұтымен және ұсақ түктермен көмкерілген. Дәні жартылай домалақ пішінді дән тілігі (ойығы) орташа деңгейде, 1000 санының массасы 32,0 г жоғары.

Өсіп-жетілу (вегетациялық) кезеңінің ұзақтығы бойынша сорт орташа мерзімде пісетін сорттар қатарына жатады, Саратовская 29 сорты деңгейінде немесе ертерек піседі. Табиғи жағдайда және инфекциялық ортада қара күйе, қоңыр тот, сабақ тоты және жасырын сабақты зиянкестермен Саратовская 29 деңгейінде залалданады. Өнімді сорт. Оның негізгі артықшылығы – құрғақшылыққа төзімділігі (Саратовская 29 сортына қарағанда 0,2-0,5 баллға жоғары), жапырылып қалуы бақылау вариантынан төмен.

1996 жылдан Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.

Целинная юбилейная – ҚР АШМ-нің «Казагроинновация» АҚ-ның «А.И. Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ» ЖШС-де қанықтырылған будандастыру тәсілімен (Бек кросс 1) күздік Мироновская 808 сорты және жаздық Целинная 21 сорттарынан трансформация жолымен шығарылған Лютесценс түршесі, 1000 дәнінің массасы – 31,9–34,6 г. өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы бойынша орташа мерзімде пісетін (Саратовская 29) және ортадан кеш пісетін (Целинная 21) сорттар аралығында орналасады. Саратовская 29 сортынан 3-4 тәулікке кеш піседі. Табиғи жағдайда және инфекциялық ортада Саратовская 29 сортына қарағанда айтарлықтай аз деңгейде залалданады және салыстырмалы түрде жасырынсабақты зиянкестермен залалдануға төзімді. Қоңыр және сабақ таттарымен залалдануы Саратовская 29 сортымен бірдей дәрежеде.

Сорт құрғақшылыққа төзімді, нандық сапалары жақсы, тұзды жерлерге жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. Ақмола, Қостанай облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Целинная 24 – ҚР АШМ-нің «Казагроинновация» АҚ-ның «А.И. Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ» ЖШС-де ұлттық және шетелдік селекцияларының әртүрлі экологиялық түрлерінен Саратовская 29 х (Пиратрикс 28 х Джастин) х (Саратовсая 29 х Шортандинская 25 х Монитоба) сатылап будандастыру тәсілімен шығарылған. Лютесценс түршесіне жатады. Дән ойығы орташа тереңдікте, 1000 санның массасы – 30-34 г. Сорт тозаңды қара күйеге төзімді, қоңыр, сабақ таттарымен және жасырынсабақ зиянкестерімен Саратовская 29 сорты деңгейінде заладанады. Сорт салыстырмалы түрде өнімді, физикалық, биохимиялық, технологиялық және ұндық-нандық сапа көрсеткіштері жоғары. Ақмола облысы шаруашылықтарында пайдалануға рұқсат етілген.

Эритроспермум 35 – Қостанай ауыл шаруашылығы ҒЗИ мен ҚР АШМ-нің «Казагроинновация» АҚ-ның «А.И. Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ» ЖШС-де бірігіп 449/79 х (Эритроспермум 29/79 – 19 х Лютесценс 26/67 – 211) будандық комбинациясынан сұрыптау тәсілімен шығарған. Түршесі эритроспермум. Кеш пісетін сорт. өсіп-жетілу ұзақтығы 95 тәуліктен жоғары. Сорт салқынға төзімді, тозаңды қара күйеге жоғары төзімді және тамыр шірігі ауруларына төзімді. Қоңыр және сабақ тат ауруларына иммунитеті стандарт деңгейінде немесе сәл жоғарылау. Жапырылуға төзімділігі жағынан стандарттан жоғары. Астық сапасы бойынша жоғары сыныпты (қуатты) бидай талаптарына сәйкес келеді. Кеш пісетін сорт болғандықтан жаздық бидайдың оңтайлы себу мерзімінің басында сепкен дұрыс . орташа астық өнімі – 26-35 ц/га, бәсекелі сортсынаудағы ең жоғарғы (максималды) өнімі – 54,8 ц/га. Сорт Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.

Казахстанская 19 - ҚР АШМ-нің «Казагроинновация» АҚ-ның «А.И. Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ» ЖШС-де өзіндік сұрыптау тәсілімен Чайка х Саратовская 29 будандық комбинациясының Ғ4 ұрпағынан шығарылған. Түршесі - Эритроспермум. Қуатты бидай сортына жатады. Жапырақтары қаттылау, түкті. Сорт орташа мерзімде піседі. өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 92 тәулік. Сорт тозаңды қара күйеге төзімді, қоңыр және сабақтық таттармен әлсіз жарақаттанады. Септориозбен залалдануға өте бейім. Орташа астық өнімі 29,8 ц/га. Сорт 1994 жалдан Қостанай және Павлодар облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.

Казахстанская 25 - ҚР АШМ-нің «Казагроинновация» АҚ-ның «А.И. Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ» ЖШС-де өзіндік сұрыптау тәсілімен Россиянка х Набат будандық популяциясының үшініші ұрпағынан (Ғ3) шығарылған. Түршесі Лютесценс. 1000 дәннің массасы 36,5г. Қуатты бидайға жатады. Сорт орташа мерзімде піседі, өсіп-даму кезеңінің ұзақтығы – 90 тәулік. Тозаңды қара күйе мен қоңыр татқа төзімді, сабақтық тат ауруына төзімділігі жеткіліксіз. Орташа астық өнімі – 23,5 ц/га. 1977 жылдан Қостанай облысында пайдалануға рұқсат етілген.

Ертіс 97– Павлодар ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да будандастыру жолымен одан әрі өзіндік сұрыптау тәсілімен Шортандинская 25 х күздіктердің тозаңдар қоспасы (Аврора + Кавказ + Юбилейная) х (Пиратрикс 28 х Безенчукская 98) будандық комбинациясынан шығарылған. Түршесі – Лютесценс. 1000 дәннің массасы 31-34 г. Сабағы тік өседі, жапырақтары күңгірт жасыл әлсіз түкті және балауыз тұтымен көмкерілген. Пісу мерзіміне байланысты сорт орташа мерзімде және ортадан кеш пісетін сорттар аралығында орналасқан. Өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 86-87 тәулік, орташа мерзімде пісетін Саратовская 29 сортынан 2-3 тәулік ұзақ, ал Казахстанская 15 сортынан 3-4 тәулікке қысқа. Қоңыр тот және тозаңды қара күйе ауруларына төзімділігі Саратовская 29 сортына қарағанда біршама жоғары. Сорт көктемгі және жазғы құрғақшылыққа жоғары төзімді, ал шашылуға және жапырылуға төзімді деп есептеледі. Сорт өнімді. Астықтың технологиялық сапасы жоғары, клейковина (дән уызы) мөлшерінің жоғарылығымен – 37,1- 42,5% - ерекшеленеді. 2003 жылдан сорт Павлодар облысында пайдалануға рұқсат етілген.

Павлодарская 93 - Павлодар ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да жеке сұрыптау әдісімен Мироновская 808 х (Красная звезда х К-411 Б) будандық комбинациясынан шығарылған. Түршесі - эритроспермум. Сабағы берік, жапырылуға төзімді. 1000 дәннің массасы 32-38 г. Сорт далалық экологиялық топқа жатады, ортадан кеш піседі. Пісу мерзімі бойынша өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы орташа мерзімде пісетін Саратовская 29 және ортадан кеш пісетін Казахстанская 15 сорттарының аралығынан орын алады. Түптену – түтікке шығу кезеңінің ұзақтығынан сорт ерте жазғы құрғақшылықты жеңіл көтереді де, айтарлықтай өнімді масақ қалыптастырады. Шашылып қалмауға төзімді. Сорт сабақ бітіктігінің біркелкілігімен, біркелкі пісуімен және сабан өркеннің (поргон) болмауымен ерекшеленеді. Тозаңды қара күйе, қоңыр және сабақтық тоттармен жарақаттануы стандартты сорттармен салыстырғанда төмен. Сорт өнімді. Қуатты бидай сорттары қатарына жатады. Сорт тұрақты жоғары ақуздылығымен (17,0-18,5 %) ерекшеленеді, жекелеген жылдары оның мөлшері 23 % жетеді. Сорт құрғақшылыққа төзімді, дегенмен агрофон деңгейіне жақсы қажетсінеді, басқаша айтқанда, экологиялық бейімділігімен бөлектенеді.

Сорт 1999 жылдан Павлодар облысында пайдалануға рұқсат етілген.

Карабалыкская 90 – Қостанай ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да будандастыру тәсілімен Лютесценс 5714 х Целинная 21 популяциясынан жеке сұрыптаумен шығарылған. Түршесі – Лютесценс. Сорт орташа мерзімде піседі, өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы – 84-90 тәулік. Сорт салқынға, тозаңды қара күйе мен тамыр шіріндісіне төзімді, қоңыр тот ауруына орташа төзімді. Орташа астық өнімі – 25-30 ц/га, ең жоғары өнімі бәсекелі сорт сынауда – 56,3 ц/га, өндірістік жағдайларда – 25-40 ц/га. Сорт еліміздің солтүстік және орталық облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.

Карагандинская 70 - Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да (қазіргі Орталық Қазақстан өсімдік шаруашылығы және селекция ҒЗИ) Саратовская 36 х № 428010 буданы (Канада) будандық популяциясының үшініш ұрпағынан жеке сұрыптау тәсілімен шығарылған. Түршесі – Лютесценс. Дәні орташа ірілікте, 1000 санының массасы 29-38 г. Сорт ортадан кеш піседі, өсіп-жетілу (вегетация) кезеңінің ұзақтығы - 85-105 тәулік. Саратовская 29 сортынан 5-7 тәулікке кеш піседі. Алайда ылғалдану жағдайлары мен өсіру технологиясы өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығын айтарлықтай өзгертеді. Карагандинская 70 сорты салқынға, құрғақшылыққа төзімді, өсіру жағдайларын жақсартуды қажетсінеді. Қоңыр тот ауруымен ортадан жоғары, ал қара күйемен әлсіз залалданады. Сорт жоғары өнімді. Карагандинская 70 сорты ерекше құнды сорттар қатарына жатқызылған және Қарағанды облысында пайдалануға рұқсат етілген.

Казахстанская 15 – «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталағы» РММ-де (Алматы) Прибой х Лютесценс – 497162 будандық популяциясының төртінші ұрпағынан (Ғ4) жеке сұрыптау тәсілімен шығарылған. Лютесценс түршесіне жатады. Масағы әлсіз ұршық пішінді, орташа тығыздықта. Дәні жұмыртқа пішіндес, 1000 санының массасы 36,8 г. Қуатты бидайға жатады. Сабағы қуыс, берік, жапырақтары жасыл түсті, қатты. Сорт ортадан кеш піседі. өсіп-жетілу (вегетация) кезеңінің ұзақтығы 85-90 тәулік. Тозаңды қара күйеге, тамыр шіріндісіне төзімді. Қоңыр және сабақтық тот ауруларымен саратовская 29 бақылау вариантымен деңгейлес зақымданады. Орташа астық өнімі – 22,4 ц/га. Сорт Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.

Казахстанская раннеспелая. «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» РММ-мен (Алматы) Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы (Қостанай облысы) бірігіп Новосибирская 67 х Омская 9 75 будандық комбинациясынан жеке сұрыптау жолымен шығарылған. Түршесі – Лютесценс. Сорт айтарлықтай ерте піседі, салқынға, тозаңды қара күйеге, ұндық шыққа (мучнистая роса) төзімді. Құрғақшылыққа төзімді сорт. 1000 дәннің массасы 32-35 г. Қоңыр тат ауруымен орташадан күштіге дейінгі деңгейде зақымданады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізімімен сорт солтүстік және орталық облыстарда пайдалануға рұқсат етілген.

Саратовская 29 - Ресей Федерациясының Оңтүстік –Шығыс ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Альбидум 24 х Лютесценс 55/ 11 күрделі сатылы будандастыру тәсілімен шығарылған. Лютесценс түршесі далалық Еділ бойы экологиялық-жағырапиялық тобына жатады. 1000 дәннің массасы 32-42 г сорт шашылуға орташа төзімді, сабаны орташа ұзындықта немесе ұзын (75-120 см), жапырылуға орташа төзімді. Сорт орташа мерзімде піседі, аймаққа және өсірілу жағдайларына қарай 85-105 тәулікте піседі. Құрғақшылыққа төзімділігі ортадан жоғары. Тозаңды қара күйемен әлсіз, қоңыр жапырақ татымен және қатты қара күйемен күшті залалданады. Швед шыбынымен орташа деңгейде залалданады, сорт гессен шыбыны және астық қоңыздарымен жарақаттануға бейім. Сорт жоғары өнімді. Нандық сапасы жақсы және өте жақсы, қуатты бидай – жақсартқыш сортына жатады. 1957 жылдан Қазақстанның Солтүстік облыстарында, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Алтайская 50 - Ресейдің Алтай егіншілік және ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы ҒЗИ-да күрделі будандастырудың (Безостая 609хСкала) Ғ1 х Саратовская 46 төртінші ұрпағынан жеке сұрыптау жолымен шығарылған. Түршесі – лютесценс, орташа мерзімде пісетін топқа жатады. Көктеуден балауыздана пісуге дейінгі кезеңнің ұзақтығы 80-84 тәулік. Сорт орманды-дала сібірлік экологиялық топқа жатады, құрғақшылыққа жоғары төзімділігімен, әсіресе масақтануға дейін, ерекшеленеді. Қоршаған ортаның қолайсыз факторларына дамуының алғашқы кезеңдерінде төзімді. Тозаңды қара күйемен залалдануға бейім сорт, орташа деңгейде ұндық шық және қоңыр тотпен залалданады,септориоз ауруына шалдығуға бейім. 1994 жылдан сорт Ақмола облысында пайдалануға рұқсат етілген.

Иртышанка 10 – Ресейдің Сібір ауыл шаруашылығы. ҒЗИ-да СкалахСаратовская 36 будандық популяциясынан жеке сұрыптау тәсілімен шығарылған. Лютесценс түршесіне жатады. 1000 дәннің массасы – 32-35 г. Сорт ортадан ерте піседі, өсіп-жетілу кезеңі – 73-78 тәулік. Жапырылып қалмауға өте төзімді. Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары. Ұндық шыққа, тозаңды және қатты қара күйеге орташа төзімді, ал қоңыр және сабақтық тотпен залалдануға бейім сорт. Сорттың негізгі құндылығы – ерте пісетіндігі, жоғары астық өнімділігі және астық сапасының өте жоғарылығы қабысқан. 1986 жылдан Солтүстік Қазақстан облысында өсіруге рұқсат етілген.

Любава – Қостанай облысының «Фитон» ғылыми-өндірістік фирмасында Любесценс П-368 х (РУ-18 х Саратовская 29) будандық комбинациясынан көпдеңгейлі жақсартқыш сұрыптау тәсілімен шығарылған. Түршесі – Лютесценс. 1000 дәннің массасы орта есеппен 38,2 г. Сорт орташа мерзімде ( 72-89 тәулік) піседі. Сартовская 29 бақылау вариантымен бір уақытта немесе 1-2 тәулік кеш піседі. Сорт сабақтық тот және тозаңды қара күйе ауруларымен залалдануға төзімді. Ол негізгі масағының жоғары дәнділігі және ірілігімен ерекшеленеді. Масағының сынып қалмауға және шашылуына төзімді сорт, жауын-шашынды және желді ауа-райында тамырында тұнып қалғанда шашылуға, дәннің өніп кетуіне, жапырылуға төзімді сорт. Өсіп-жетілуінің әртүрлі кезеңдерінде аптап ыстыққа және топырақ пен атмосфера құрғақшылығына төзімділігімен ерекшелінеді. 2003 жылдан Солтүстік Қазақстан облысында пайдалануға рұқсат етілген.

Лютесценс 32 – ҚР АШМ-нің «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» РММ-де будандық популяция Жница х Иртышанка 10 үшінші ұрпағынан (Ғ3) жеке сұрыптаумен шығарылған. Түршесі – Лютесценс. Дәндері ірі, 1000 санының массасы – 38,3 г. Қуатты бидайға жатады. Өсіп-жетілу кезеңі 86 тәулікке созылатын орташа мерзімде пісетін сорт. Сорт тозаңды қара күйе, сары тот ауруларына төзімді, ал сабақтық және қоңыр тотқа төзімділігі шамалы. Сорт Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.

Омская 18 – Ресейдің Сібір ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да Омская 11 х Geines (АҚШ, күздік бидай) будандық популяциясынан жеке сұрыптау жолымен шығарылған. Түршесі – Лютесценс. 1000 дәннің массасы 32-33г. Сорты ортадан кеш піседі, өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 85-90 тәулік. Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары, ұндық шық және тозаңды қара күйеге орташа төзімді, қоңыр тот ауруымен залалдануға бейім. Жапырылып қалмауға төзімділігі жоғары. Сорт өнімді. Бұл сорттық коммерциялық құндылығы – жоғары және тұрақты астық өнімі, сабақ бітіктігінің егін жинау қарсаңына жақсы сақталуы және астығының өте жоғары сапасы. Сорт 1991 жылдан Қазақстанның солтүстік облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.

Омская 19 - Ресейдің Сібір ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да Лютесценс 1138 х Лютесценс 1210-70-10 будандық попоуляциясынан жеке сұрыптаумен шығарылған. Түршесі – Лютесценс. 1000 дәннің массасы – 33-36. Сорт орташа мерзімде, 77-80 тәулікте, Саратовская 29 сортынан үш тәулікке кеш піседі. Ұндық шық ұнтағы мен тозаңды қара күйеге орташа төзімді, қоңыр және сабақтық тот ауруларымен залалдануға бейім. Жапырылып қалмауға жоғары төзімді қуатты бидай сорттарына жатқызылған. 1989 жылдан Қазақстанның Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.

Омская 20 - Сібір ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да (Ресей Федерациясы) Иртышанка 10 х Грекум 114 х Кавказ будандық популяциясынан жеке сұрыптау тәсілімен шығарылған. Түршесі – Лютеесценс. 1000 дәннің массасы – 34-36 г. Сорт орташа мерзімде піседі, өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 77-82 тәулік, құрғақшылыққа, жапырылып қалмауға жоғары төзімді ұндық шық ұнтағы, тозаңды және қатты қара күйе ауруларына орташа төзімді. 1996 жылдан Қостанай облысында пайдалануға рұқсат етілген.

Омская 29 - Ресейдің Сібір ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да Лютесценс 204/80-1 х Лютесценс 99/80-1 будандық популяциясынан жеке сұрыптау тәсілімен шығарылған. Лютесценс түршесіне жатады. Масағы призма пішіндес, сабағы берік, дәні сопақ және 1000 санының массасы 40-42 г. Сорт орташа мерзімде піседі, өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 77-81 тәулік. Құрғақшылыққа, жапырылуға төзімді. Сорт жоғары сапалы астық қалыптастырады, қуатты бидай тобына жатады. 2002 жылдан Қостанай облысында пайдалануға рұқсат етілген.

Омская 30 - Сібір ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да (Ресей) Омская 20 х Лютесценс 204/80-1 будандық популяциясынан жеке сұрыптау тәсілімен шығарылған. Түршесі – Лютесценс. Сорт ортадан кеш піседі, өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 78-83 тәулік, Омская 18 сортынан 1-2 тәулік ерте піседі. Құрғақшылыққа және жапырылып қалмауға төзімділігі жоғары. Тозаңды қаракүйеге төзімді, ұндық шық ұнтағымен әлсіз залалданады. Сорт жоғары сапалы мол өнім қалыптастырады. Нандық сапасы жоғары. 2002 жылдан Қостанай облысында пайдалануға рұқсат етілген.

Өсіру технологиясы.Жаздық бидайдың өнім деңгейі оған танаптарды дайындағанда жүргізілетін шаралармен ғана емес, сонымен қатар шаруашылықтағы бүкіл егіншілік мәдениетіне байланысты анықталады. Бидай өсірудің технологиясы оның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасалуға тиіс. Жаздық бидай өсіруге қойылатын талаптарды төмендегідей жиынтық түрде көрсетуге болады: жаздық бидай барынша жоғары өнімді қоректік заттарға бай, жыртылатын қабаты қалың, бонитеті жоғары танаптарда қамтамасыз етеді. Топырақтың механикалық құрамы неғұрлым жеңіл болса, соғұрлым егіншілік мәдениеті мен пәрмендендіру факторларына талаптар да арттырылады. Бидайды өсіргенде шектеулі факторға өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңдеріндегі ылғалмен төмен деңгейде қамтамасыз етілуі де жатады; топырақ жеңіл болған сайын, жауын-шашынның мөлшері мен бөлінуі ерекше маңызға ие болады.

Алғы дақылдар. Дақылдың құндылығын ескере отырып, оның өсірілу жағдайларына талаптарын қанағаттандыру мақсатында жаздық бидайға барынша жақсы жерлерді, алғы дақылдарды таңдап алуға тура келеді. Ең жақсы алғы дақылдар: сүрі жері, сүріден кейінгі екінші дақыл, дәнді бұршақ дақылдары, сүрлемдік жүгері. Пішенге, жасыл балаусаға дәнді бұршақ дақылдарының бірімен (асбұршақ, сиыржоңышқа, ж.б.) немесе жеке өзі өсірілген сұлы, сонымен қатар ерте себіліп (жаздық бидайды себуге дейін) және жалқы азыққа (монокорм) жиналған арпа да айтарлықтай алғы дақыл болады.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2441. Нарушение авторских прав


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2020 год . (0.005 сек.) русская версия | украинская версия