Студопедия — Дәнді астық дақылдарының жалпы сипаттамасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәнді астық дақылдарының жалпы сипаттамасы






Халық шаруашылығындағы маңызы. Дәнді дақылдардың халық шаруашылығындағы аса жоғары маңызы олардың өнімінің жоғары құндылығы мен жан-жақты пайдалану мүмкіндігімен анықталады.

Астық (дән) адамзатқа азық-түліктің негізгі көзі, ауыл шаруашылық малдарына мал азығы, өнеркәсіпке шикізат болып табылады.

Дәндегі азотта қосылыстар мен көмірсуларының (углеводтар) ара қатынасы 1:5 – 1:6. Дәл осындай құрам адам ағзасының қажетсінуін барынша толық қанағаттандырады. Сондықтан нан негізгі азық-түліктің бірінен есептеледі. Басқа кең тараған азық-түліктік өнімдердегі ақуыз (белок) пен көмірсуларының ара-қатынасы басқаша түрде. Мәселен, картопта – 1:10, дәнді бұршақ өнімдерінде – 1:2, тіпті 2:1 дейін өзгереді.

Дәнді дақылдардың мал шаруашылығындағы маңызы да төмен емес (Кесте 22).

Астық өнеркәсіпке шикізат бола отырып сыра қайнату, крахмал, спирт ж.б. көптеген өнеркәсіптік өңдеуде қолданылады.

Әртүрлі бағытта пайдаланумен бірге астық халық шаруашылығында маңызы бар бірқатар қасиеттерімен ерекшеленеді: астық ылғалдылығы 14%-дан аспағанда ұзақ уақыт бойы сақталады және сапасы төмендемейді, жылдық орташа табиғи шығыны 2-3%-дан аспайды. Сондықтан дүние жүзілік азық-түлік қоры негізінен астық есебінен қанағаттандырылады. Құрамында судың мөлшері аз мөлшерде болатындықтан астық кезкелген көлік құралдарымен жеңіл тасымалданады, оның үстіне жоғары және төмен температура әсерінен бұзылмайды.

 

Кесте 22.Дәнді астық дақылдарының қоректік құндылығы

 

  Дақыл     1 кг астықтағы мөлшері
құрғақ зат азықтық өлшем, а.ө. сіңімді шикі ақуыз (протеин), г каль-ций, г фос-фор, г каро-тин, мг
Бидай 0,87 1,20   0,6 4,8  
Күздік қара бидай 0,87 1,18   0,8 3,4  
Арпа 0,87 1,21   1,2 3,3  
Сұлы 0,87 1,00   1,4 3,3  

 

Астық пен оның өңдеуден кейінгі өнімдерінің жоғары сапалығы ауыл шаруашылығында астық өндірісін алдыңғы қатарға шығарды, ауыл шаруашылығы өндірісінің негізі етті.

Жер шарында дәнді дақылдардың егістік аумағы жыл сайын бүкіл өңделетін жерлердің үштен бір (1/3) бөлігін алады. Қазақстанда 2009 жылы дәнді дақылдардың егістік аумағы 17,2 млн. га құрады.

Адамның қоректенуіндегі энергия көздерінің арасында астық құқылы түрде бірінші орынды иеленеді. Ол ақуыздың, В тобы дәрумендерінің және минералды заттардың басты көзі болып табылады.

Көптеген түрлерінің, жаздық және күздік түрі мен сорттарының болуы дәнді дақылдарды әртүрлі топырақ-климат жағдайларында өсіруге мүмкіндік береді. Сондықтан Қазақстанның жыртынды жерлерінде астық дақылдарының үлесі үлкен және бұл ерекшелік экономикалық жағдайлармен де тікелей байланысты.

Дәнді астық дақылдарының морфологиялық ерекшеліктері. Дәнді дақылдар тобына 17 дақыл біріктірілген, олар 3 тұқымдасқа жатады:

- қоңырбастар (Роасеае) - бидай, қара бидай, сұлы, арпа, тары, жүгері, күріш және шәй жүгері (сорго);

- қарақұмықтар (Ро1уgопасеае) - қарақұмық;

- бұршақ (Leguminosae) – асбұршақ, майбұршақ, ноғатық, атбас бұршақ, ноқат, бадана (фасоль), бөрібұршақ.

Қоңырбастар тұқымдасы дәнді дақылдарының халықшаруашылығындағы маңызы зор және кең тараған, әрі олар ортақ морфологиялық белгілермен ерекшеленеді.

Тамыр жүйесі – шашақты, оның кіндік тамыры болмайды, алайда көптеген ұсақ бұтақты тамыршалардан тұрады және олар өте ұсақ тамыр түктерімен көмкерілген.

Дәнді дақылдар тұқымдары басқа дара жарнақты дақылдар сияқты әуелі ұрықтық тамырлар түзеді. Олардың саны дақыл түріне қарай әртүрлі: арпада – 5-8, қара бидайда – 4, бидайда – 3-5, тритикаледе – 6 және сұлыда – 3-4 дана, ал тары, жүгері, күріш және шәй жүгеріде – бір-бірден.

Түптену кезеңінің басынан түптену түйінінен қосалқы (түйін) тамырлар қалыптасады. Олар негізгі тамыр жүйесін құрайды. Тамыр жүйесінің негізгі массасы топырақтың барынша құнарлы қабатында – 15-25 см – шоғырланады, алайда тамырлардың бір бөлігі айтарлықтай тереңдікке (100 см және одан да көп) бойлайды. Тереңге бойлай өсуі құрғақшылықта күштірек байқалады. Жүгері мен шәй жүгерінің топырақ бетіне таяу жер үсті буындарынан қосымша тағы тірек (немесе ауа) тамырлары дамиды. Олар өсімдіктерге жапырылуға қарсы беріктілік береді. Неғұрлым тамыр жүйесі қуатты дамыса, солғұрлым өсімдіктер ылғал және қоректік заттармен жақсы қамтамасыз етіледі, мұның өзі өнімділікті арттырады.

Әртүрлі дәнді дақылдардың тамыр жүйесі өздерінің даму қуатымен, топырақтан ылғал және қоректік заттарды сіңіру қабілетімен ерекшеленеді.

Дәнді астық дақылдарының ішінде барынша қуатты тамыр жүйесі жүгеріде, күздік қара бидай мен күздік бидайда қалыптасады.

 
 

Жекелеген астық дақылдарының тамыр жүйесі 4 - суретте келтірілген.

Сурет 4. Сұлының (1), жаздық арпаның (2) және күздік бидайдың (3) тамыр жүйесі

 

Сабағы (сабаны) іші қуыс, немесе паренхима жасушалармен толтырылған түтік болып келеді және буындар мен бірнеше бөлікке бөлінген буынаралықтардан тұрады. Сабақ буынаралықтардың төменгі бөлігінен бастап өседі.

Жапырақтары екі бөліктен тұрады: жапырақ қынабынан және жапырақ тақтасынан. Жапырақ қынабы (қыны) сабақты орай тығыз орналасқан және оған беріктілік береді, сабақтың өсіп келе жатқан жас ткандерін әртүрлі қолайсыз әсерлерден қорғайды. Жапырақтар сабаққа жапырақ қынабынан төменгі жағымен бекиді және сабақ буындарының үстінен жапырақтар буындарын қалыптастырады.

Буындар жапырылуға қарсы үлкен рөл атқарады. Сабақ буындары ұзақ уақыт тіршілікке қабылеттілігін сақтайды, сондықтан жастау шағында жапырылған өсімдіктердегі төменгі буынның өсу күшінің әсерінен сабақ бірте-бірте көтеріледі. Сабақтардың солуына қарай олардың көтерілу қабылеті күрт төмендейді.

Астық дақылдарында жапырақ қынабының жапырақ тақтасына ауысу орнында ерекше түзілімдер – тілше және құлақша – қалыптасады. Тілше – жұқа қабық (пленка). Ол жапырақ қынабының ішінде судың, шаңның еніп кетуіне жол бермейді. Құлақша жапырақ қынабын сабаққа бекітіп ұстап тұрады. Дәнді дақылдар дамуының ерте кезеңінде тілше мен құлақша дақылдарды бір-бірінен ажыратуға көмектесетін жүйелі көрсеткіштер болып табылады: сұлыда тілше күшті дамыған, ал құлақшасы жоқ; арпада құлақша жақсы дамыған; бидай мен қара бидай-да тілше мен құлақша әлсіз дамыған.

Дәнді астық дақылдардың гүл шоғыры екі түрде (типте): масақ және шашақ (сіпсебас). Жүгеріде ғана басқаша, онда әрбір өсімдікте гүл шоғырының екі түрі де орналасқан және аталық гүлдері шашақ түрінде сабақтың ұшар басында, ал аналық гүлдері собық түрінде жапырақ қолтығында орналасқан.

Масақ (бидай, қара бидай, арпа, тритикале) жекелеген кертпелерді құрайтын біліктен тұрады, оның кертпесінде (кертпешінде) кезектесіп екі жағынан масақшалар орналасқан (Сурет 5). Шашақ (тары, күріш, сұлы, шәй жүгері, жүгері) орталық біліктен және бүйір тарамдарынан құралған, олар өз кезегінде бұтақтана алады. Бұтақтардың ұшар басында масақшалар орналасқан. Гүлдер масақшаларда шоғырланған. Дәнді дақылдардың көпшілігінде әрбір масақшада бірнеше гүлден болады (бидайда – 3-5, қара бидайда – 2-3, тритикаледе – 2-4, сұлыда – 2-3, арпада әрбір масақшада бір-ақ гүл).

 

Сурет 5. Астық дақылдарының гүл шоғырлары: 1 – қылтықты жұмсақ бидай; 2 – қылтықсыз жұмсақ бидай; 3 – қатты бидай; 4 – қара бидай; 5 – көпқатарлы арпа; 6 – қосқатарлы арпа.

 


Әрбір гүлде екі қабықшасы – ішкі және сыртқы – болады, қылтықты түрлерінде сыртқы гүл қабықшасына қылтық бекіген. Гүл қабықшыларының арасында екі қалақты аналық аузы бар жатын мен үш аталық (күріште алтау) орналасқан. Әрбір гүлдің негізінде аталықтардың сырт жағында екі нәзік қабықша (лодикул) орын тепкен, ол гүлдеген кезде ісінеді де гүл ашылады. Гүлдер барлық дәнді астық дақылдарында қосжынысты (жүгеріден басқалары).

Жемісі – дән, ол ұрықтан, эндоспермнен және қабықтан құралған. Жеміс қабықшасы тұқым қабықшасымен бірігіп кеткен. Қабықты дақылдарда, сонымен қатар, гүл қауыздарымен жабылған.

Дән эндоспермінде қорлық қоректік заттар жинақталған. Эндоспермнің сыртқы қабыққа жанаса орналасқан бөлігі азотты заттарға бай алейрон дәншіктерімен толтырылған. Оның төменгі бөлігінде крахмал дәншіктерімен толыққан жасушалар бар. Ұрық дәннің негізінде дөңес жағына орналасқан. Ол эндосперммен байланыстыратын гүл табақшасынан (щиток), ұрықтық (болашақ) жапырақтармен көмкерілген бүршікшеден, біріншілік (алғашқы) сабақтан және ұрықтық тамыршалардан тұрады. Дән ұрығы үлкен емес (эндосперммен салыстырғанда) және бидай, қара бидай, арпада - 1,5-2,5%, сұлыда – 2,0-3,5%, жүгеріде - 10-14%.

Дәннің анатомиялық құрылысы 6-суретте көрсетілген.

 

Сурет 6. Бидай дәнінің қимасы: 1 – гүл табақшасы (щиток); 2 - бүршікше; 3 - ұрық; 4 – ұрықтық тамыршалар; 5 - айдар; 6 – эндоспермнің алейрон қабаты; 7 – қабысып өскен тұқымдық және жеміс қабықшалары; 8 – крахмал дәншіктері бар эндосперм жасушалары (клеткалары).

 

Дәнді дақылдар бірқатар морфологиялық және биологиялық белгілермен ерекшеленетін екі топқа ажыратылады.

Астық дақылдарының бірінші тобы – бидай, қара бидай, арпа, сұлы – дәндерінің етек жағында тілігі (ойығы) болады, бірнеше ұрықтық тамыршалармен өнеді және олардың саны дақылға байланысты әртүрлі; бұл дақылдар масақшаларында төменгі гүлдері басым дамып жеміс береді, ал жоғарға гүлдері дамымай қалады; сабаны әдетте борпас келеді; астық дақылдарының бұл тобы жаздық және күздік түрде өсіріледі (негізінен бидай, қара бидай, арпа).

Дәнді астық дақылдарының екінші тобы, немесе тары тәріздестер – тары, жүгері, күріш, шәй жүгері және қарақұмық – дәндерінің ойығы болмайды, олардың дәндері бір ғана ұрықтық тамырмен өнеді; масақшаларында жоғарға гүлдері басым дамып жеміс түзеді; сабанының қуысы паренхима ткандерімен толтырылған; бұл топтың дақылдары тек қана жаздық түрде өсіріледі.

Дәннің химиялық құрамы. Дәннің негізгі массасын азотсыз экстративті заттар – көмірсулары (углеводтар) құрайды. Көмірсуларының 90% астамы крахмал, тек 10% ғана еритін көмірсулары – қанттардың (негізінен ұрықта шоғырланған) үлесіне тиеді.

Азотты заттар - дәннің барынша құнды бөлігі. Азотты қосылыстардың ішінде ақуыз (белок) басым. Олардың құрамы, мөлшері біркелкі емес, глютенин мен глиадин сияқты кейбір ақуыз түрлері клейковинаны (дән уызы) түзеді, ал оның қасиеттеріне дәннің нандық сапа көрсеткіштері тәуелді. Клейковина бидай, қара бидай және арпа астығында болады. Барынша сапалы клейковина бидай астығында болады. Жекелеген жылдары Солтүстік Қазақстанда өсірілетін жақсы бидай сорттарында ақуыз мөлшері 18-20% дейін жетеді. Астық дақылдарының ішінде ақуыз күріште аз.

Дәннің құрамында май көп емес. Оның мөлшері басқаларына қарағанда сұлы мен жүгеріде жоғарырақ, негізінен ұрықта болады.

Клетчатканың көп мөлшері қабықта орналасқан, қабықты астық дақылдарының дәнінде барынша мол жинақталған (Кесте 23).

 

Кесте 23. Астық дақылдары дәнінің химиялық құрамы (П.П. Вавилов, 1986), %

 

Дақыл Ақуыз (белок) Көмірсулары Майлар Күл Клетчатка
Жұмсақ бидай 13,9 79,9 2,0 1,9 2,3
Қатты бидай   77,4 2,1 2,0 2,4
Қара бидай 12,8 80,9 2,0 2,1 2,4
Арпа 12,2 77,2 2,4 2,9 5,2
Сұлы 11,7 68,5 6,0 3,4 11,5
Жүгері 11,6 78,9 5,3 1,5 2,6
Күріш 7,6 72,5 2,2 5,9 11,8
Тары 12,1 69,8 4,5 4,3 9,2
Қарақұмық 13,1 67,8 3,1 2,8 13,1

Күл де негізінен қабықта болады, оның құрамында фосфор (күл массасының 50%) мен калий (25%) көп жинақталған. Аталған химиялық қосылыстардан басқа дәннің құрамында ферменттер мен дәрумендер де бар.

Ферменттер – органикалық қосылыстар, құрамында заттардың айналымына көп әсер етеді, әсіресе оның қалыптасу, пісу және өну үрдістерінде. Оларға диастаза, амилаза, липаза ж.б. жатады.

Дәрумендер — адамның және жануарлардың қоректенуіне қажетті әрі зат алмасу мен ағзаның барлық маңызды тіршілік функцияларын қалыпты деңгейде ұстайтын органикалық қосылыстар тобы. Дәнде барынша көп мөлшерде В1 , В2, РР, Е, А ж.б. дәрумендері кездеседі.

Дәнді дақылдар астығының (дәннің) құрамы дақыл түрі мен сорттарына, климат, қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне, өсіру технологиясына және басқа жағдайларға байланысты өзгереді. Бұған дәлел ретінде дәндегі негізгі құнды зат - ақуыз мысалында қарастырайық.

Ылғал мөлшері, температура жиынтығы, жарықталынуы, топырақ түрлерінің өзгеруі әртүрлі аудандарда өсірілгенде дәндегі ақуыз (белок) синтезі арқылы жүреді. Географиялық факторлардың өзгеруіне қарай ақуыздың дәнде жинақталуы мынадай мөлшерде өзгереді (%): асбұршақта - 20,4-34,5, майбұршақта - 28,4-50,0 аралығында.

Н.И. Вавилов атындағы Бүкіл ресейлік өсімдік шаруашылығы институтында жүргізілген көпжылдық зерттеулер көрсеткендей, бірдей сорттарды жоғары температуралы және ылғалдылығы төмен аудандарда өсіргенде дәннің ақуыздылығы артады.

Дәннің химиялық құрамының климат жағдайларына тәуелділігі бір географиялық аудан деңгейінде де анықталды.

Дәннің химиялық құрамына өсіру технологиясының әртүрлі шаралары айтарлықтай әсер ететін көптеген зерттеулер көрсетті.

Өсімдіктердін өсуі мен дамуы. Өсу және даму үрдістері өнімділікті анықтайды. Өсу – құрғақ заттың артуы. Оның негізі ассимиляция болып табылады. Даму – негізгі биологиялық функциясын орындауға қажетті өсімдіктердің органдары мен бөліктерінің түзілуі. Органтүзумен байланысты күрт морфологиялық өзгерістерді кезеңдер деп атайды. Себуден пісуге дейін мынадай кезеңдер ажыратылады: егін көгі (көктеу), түптену, түтікке шығу, масақтану (шашақтану), гүлдену және пісіп-жетілу.

Кезкелген кезеңге өсімдіктердің 10% енгенде кезеңнің басталуы, ал 75%-да толық кезеңі белгіленеді.

Көктеу. Өсімдіктердің тіршілігі тұқымның өнуінен басталады. Барлық қажетті жағдайлар қалыптасқанда ұрық өне бастайды. Әуелі ұрықтық тамыршалар пайда болады. Олардың саны әр дақылда әртүрлі. Күздік бидайдың тұқымы әдетте үш тамырша, ал жаздық бидай бес тамыршамен өнеді. Екінші астық тобының дақылдары жалғыз ұрықтық тамырмен өнеді, алайда кейіннен бірнешеуге дейін жетеді. Ұрықтық тамырлар өсімдік тіршілігінің соңына дейін тіршілік етеді. Олардың сіңіру қабілеті кейіннен түзілетін тамырларға қарағанда шамамен 1,5 есе жоғары.

Тамыршалардың соңынан іле-шала өскін пайда болады, ол колеоптилемен (түрөзгерісіне ұшырған бірінші қынаптық жапырақ) көмкерілген. Ол жасушалардың жоғары тургорлық қысымы мен әсерінен жас өскінді көктеуге дейін механикалық жарақаттанудан сақтайды. Колеоптиледен пайда болған бірінші жасыл жапырақтың топырақ бетіне шығуымен көктеу, немесе егін көгінің пайда болу кезеңі басталады (Сурет 7).

 

В
А

 

Сурет 7.Бидайдың өнуі мен көктеуі: А – топырақ беті; В – тұқымның сіңіру тереңдігі; 1 – бірінші жапырақ; 2 - колеоптиле; 3 – түп (ұрықтық) тамырлар

 

Қазақстан жағдайында себу-көктеу кезең аралығының ұзақтығы жаздық бидай үшін 10-13 тәулікті құрайды, оңтүстік аудандарда ол кезен қысқарақ, солтүстікте – ұзағырақ. Температура мен ылғал жағдайлары оңтайлы қалыптасқанда егін көгі 5-6 тәулікке ерте шығады. Себуден кейінгі кезеңде қалыптасқан қолайсыз жағдайлар егіннің көктеуін кешеуілдетеді, жекелеген жылдары егін көгі 13-16 тәулікте ғана пайда болады.

Себу сапасы жоғары тұқым мен жоғары өсіру технологиясын қолданғанда дәнді дақылдар жаппай ерте көктейді.

Түптену. Түптену кезеңі өсімдіктерде алғашқы бүйір өркендері жапырақ түрінде негізгі өркеннің (сабақтың) төменгі жапырақтарының қынабынан шыққанда белгіленеді. Түптену - өсімдіктердің бұтақтануы. Әдеттегі бұтақтанудан оның айырмашылығы сабақтың жер асты бөлігінен шығатындығында. Топырақтың беткі қабатына таяу тереңдіктегі түйіндерден бүйір өркендері мен тамырлар өсіп шығады. Әрбір бүйір өркенінен жер асты бөлігінен жаңа өркендер мен тамырлар қалыптаса алады. Бүйір өркендері дамыған орынды түптену түйіні деп атайды. Солтүстік Қазақстан жағдайында дақылға байланысты ол негізінен 2-3 см тереңдікте түзіледі. Түптену кезеңі өсімдіктердің тамырлануына сәйкес келеді (Сурет 8).

 

Сурет 8. Бидайдың түптенуі: 1 – дән; 2 – түп (ұрықтық) тамырлар; 3 – түйін (қосалқы тамырлар); 4 – түптену түйіні; 5 – негізгі сабақ; 6 — бүйір өркендері (бұтақтары); а – түптенудің басы; в – түптену (толық)  
б
а

 

Түптену кезеңінде пайда болған тамырларды қосалқы немесе түйін тамырлары деп атайды. Олар астық дақылдарының тіршілігінде үлкен рөл атқарады, өйткені соңынан бұтақтанудың нәтижесінде тамыр жүйесінің негізгі массасын қалыптастырады. Тамыр жүйесінің өсуі мен дамуы өсімдіктердің жер үсті бөліктерінен басым жүреді. Сабақтардың биіктігі мен тамыр жүйесінің қуаттылығы арасында генетикалық дәлелденген корреляция бар.

Қолайсыз жағдайларда түйін тамырлар нашар дамиды немесе мүлде түзілмейді, ал өсімдіктер түп (ұрықтық) тамырлар есебінен дамиды. Мұндай жылдары өнім өте төмен болады.

Бидай, сұлы, арпаның түптенуі көктегеннен кейін 12-15 тәуліктен соң басталады, ал тарыда – 15-20 тәуліктен соң, кейде одан кешірек. Бастанқы күшті өсу қарқыны және түптенудің ертерек басталуы арамшөптерді басуда белгілі бір деңгейде өсімдіктердің қабілетін көрсетеді. Тарының кеш түптенуі оның арамшөптерге өте сезімталдығының белгісі.

Әртүрлі астық дақылдарының тамырлануы да әртүрлі. Бидайдың түптенуі мен тамырлануы қатар жүреді, басқаша айтқанда, түйін тамырлары бүйір өркендерінің пайда болуымен бір мезгілде түзіледі. Сұлы түйін тамырлары ертерек қалыптасуымен ерекшеленеді, олар көбінесе 2-3 жапырағы түзілгеннен кейін, бүйір өркендерінен бұрын пайда болады. Арпада, керісінше, түйін тамырлары бүйір өркендерінен кейін дамиды.

Орта есеппен, бір өсімдікке келетін өркендер (сабақтар) санын жалпы түптену деп атайды.

Астық дақылдарының түптену дәрежесі көп жағдайларға ең алдымен дақыл мен сорттың ерекшеліктеріне байланысты күшті өзгереді. Күздік дақылдар әруақытта жаздықтарға қарағанда күштірек түптенеді. Жаздық дақылдардың ішінде сұлы мен арпа бидайға қарағанда жоғары түптенуімен ерекшеленеді. Жаздық бидайдың кеш пісетін сорттары барынша жоғары дәрежеде түптенуге бейімірек.

Түптену деңгейі қоректену және ылғалдану жағдайларына байланысты да өзгереді. Құнарлығы және ылғалдылығы жоғары (0-20 см топырақ қабатында – 25-30 мм сіңімді ылғал қоры) топырақтарда жақсы өңделген жағдайда түптену барынша қарқынды жүреді, әрі орташа мөлшердегі температура (10-12°С) ол үшін қолайлы деп есептеледі.

Түптенудің биологиялық мүмкіндігі зор. Қалыпты өсіру жағдайларында олар толық байқала қоймайды. Астық дақылдарының бірінші тобы 3-5 өркен (сабан), кейде 10-15 данаға жетеді, өте қолайлы жағдайлар қалыптасқанда жекелеген өсімдіктер 30-40 өркенге дейін түзеді. Алайда ондай өркендердің негізгі бөлігі ерте кезеңдерде, опат болады немесе гүл шоғырын өте кеш береді.

Бір өсімдікке шаққандағы қалыпты дамып, піскен гүл шоғыры (масағы) бар сабақтар санын өнімді түптену деп атайды.

Астық дақылдарының өнімді түптенуі әдетте жоғары емес. Мәселен, Қазақстанда өсірілетін жаздық бидайдың өнімді түптенуі жиі түрде 1,1-1,5 деңгейінде, кейде бірден төмен және сирек жағдайда 2,0 және одан жоғарырақ болады.

Түптену астық дақылдары тіршілігіндегі жауапты кезең. Жақсы түптенудің маңызы зор: бұл жағдайда үлкен ассимиляциялық жапырақ беті қалыптасады, көп мөлшерде түйін тамырлары түзіледі, ал олар өз кезегінде қуатты тамыр жүйесін қалыптастырады; оның үстіне масақтану (шашақтану) кезеңіне жететін бүйір өркендері қосымша астық өнімін береді; түптену кезеңінде сонымен қатар жаздық астық дақылдарында гүл шоғырларының қалыптасуы жүреді (масақ, шашақ).

Жақсы түптенген егістік айтарлықтай шамада болашақ өнімді анықтайды, алайда бүйір өркендердің көптігі қосымша ылғал мен қоректік заттарды қажетсінеді. Түптену кезеңінде қолайлы жағдайлар қалыптасса, кейіннен көп, масақшасы мен ірі масақ (шашақ) түзіледі. Әрине, өнім деңгейі өсімдіктердің түптену кезеніңдегі өсіп-даму ерекшеліктеріне ғана емес, кейінгі кезеңдеріне де тікелей байланысты. Дегенмен өнім негізі масақ (шашақ) – түптену кезеңінде қаланады, сондықтан осы уақытта астық дақылдары тіршілігіне қажетті барлық жағдайлармен барынша толық қамтамасыз етілуі керек.

Әлсіз түптенгенде ұсақ масақ түзіледі де астық өнімі төмен болады. Жаздың бірінші жартысы өте қуаңшылықты және кеш жауған жауын-шашынды жылдары өсімдіктер кеш түптенеді де сабан өркен дамиды (масақты өркендер кеш пайда болады). Ал сабақ өркен (подгон) егін жинауды өте қиындатады.

Астық дақылдарының генеративті кезеңі түтікке шығудан басталады. Түтікке шығу кезеңі түптенудің соңынан басталады. Бұл кезеңде қысқа буын аралықты ұрықтық гүл шоғыры бар ұрықтық сабақ ұзара түседі де жапырақ түтікшесінің ішімен жоғары қарай көтеріледі. Ең алдымен, төменгі буын аралығы өсіп ұзара бастайды, оның соңынан төменнен екінші, үшінші және одан кейінгілер дами бастайды. Бір мезгілде гүл шоғыры да дамиды: үшінші дәрежедегі өсу конусы салынады, сонынан жатын мен аналықтар қалыптасады. Ересек өсімдіктерде ең қысқа буын аралығы төменгі, ал ең ұзын буын аралығы жоғарғы бөлігінде дамиды.

Сабақ өсе бастағанда бірінші буын аралығы топырақ бетінен 1,5-2 см көтерілгенде дақылдың түтікке шығу кезеңі белгіленеді (Сурет 9).

 

Сурет 9.Дәнді дақылдардын түтікке шығу кезеңі: I – буыннан сабақтық өркен; 2 – кеуіп қалған колеоптиле; 3 – түптену түйіні; 4 – сабақтың (сабанның) буындары; 5 – ұрықтық масақ (шашақ).  

 

Түтікке шығу кезеңінің басталуымен сабақтың және сабақ ішіндегі гүл шоғырының өсуі тез қарқынмен жүреді де қысқа уақыттың аралығында 7...8 см жетеді. Бұл кезеңде өсімдік ылғал, қоректік заттардың, әсіресе азоттың, жетімсіздігі мен аурулармен зақымдануынан айтарлықтай зардап шегеді. Бидайда бұл масақтың төменгі масақшаларының, арпада соған қоса масақтың жоғарғы бөліктерінде масақшалар түзілмей қалуынан көрініс табады. Сабақтану гүл шоғырының (масақ, шашақ) қалыптасуының аяқталуымен бірге бітеді, және олар жапырақ қынабынан сыртқа шығып келесі өсіп-даму кезеңіне ауысады. Бұл үрдісті салқын ауа-райы тежейді, ал жылылық тездетеді.

Дәнді дақылдар вегетативті кезеңнен генеративті кезеңге ауысқанда редукция құбылысынан өтеді, бұл деген сөз түптену кезеңінде түзілген көптеген өркендерден өнімді сабақтар бөлініп шығады. Пайда болған бүйір өркендерден әлсіздерінің өлуі (опат болуы) есебінен кемуі – дәнді дақылдарда қалыпты физиологиялық үрдіс, редукция себептеріне тұраралық бәсеке, арамшөптер зияны және аурулар мен зиянкестердің залалдануы жатады.

Масақтану немесе шашақтану кезеңі гүл шоғырының жоғарғы жапырақ қынабынан шығумен сипатталады. Бұл кезең сорттың пісу мерзімін сипаттайтын барынша сенімді көрсеткіш, өйткені ол пісу мерзіміне қарағанда сыртқы орта жағдайларының әсерінен өзгеріске аз деңгейде ұшырайды. Бұл кезеңде өсімдіктер ылғал мен қоректік заттарға жоғары талап қояды. Кезең неқұрлым ұйымшылдықпен өтсе, егін солғұрлым біркелкі піседі де сапасы жоғары болады.

Гүлдену. Бұл масақтану немесе шашақтану кезеңінен соң өтеді. Гүлдену ерекшеліктеріне қарай дәнді дақылдар өздігінен тозаңданатын (бидай, арпа, сұлы, тары, күріш) және айқас тозаңданатын (жүгері, шәй жүгері, қара бидай) өсімдіктер деп екі топқа ажыратылады. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктерде өздігінен тозаңдану басым болып келеді, дегенмен оларда айқас тозаңдану мүмкіндігі де бар. Бұл әсіресе ыстық ауа-райы жағдайында байқалады. Арпа тек қана өздігінен тозаңданады. Өздігінен тозаңданатын астық дақылдарында гүлдену масақтанумен бір мезгілде (2-3 тәулік айырмашылықпен) жүреді, ал арпада – масақтануға дейін, бұл кезде масақ әлі жапырақ қынабының ішінде болады. Айқас тозаңданатын өсімдіктерде гүл шоғырының пайда болуымен гүлденуінің арасында 2-3 үлкен айырмашылық бар: қара бидайда ол 7-10 тәулік, кейде 15 тәулікке дейін, жүгеріде – 9-15 тәулік.

Гүлдену кезеңінің басталуы көп жағдайда ауа-райына байланысты, әсіресе айқас тозаңданатын өсімдіктерде. Ыстық ауа-райында масақтану мен гүлдену аралығындағы уақыт қысқара түседі.

Масақты астық дақылдарының гүлденуі масақтың орта бөлігіндегі масақшалардың төменгі гүлдерінен басталады. Осы арадан жоғары және төмен тарайды. Шашақты дақылдарда гүлдену шашақтың жоғарғы жағынан басталады. Масақты дақылдарда масақтың ортасындағы ал шашақты дақылдарда жоғарғы гүлдердегі тозаңдықтар пайда болғанда гүлдену кезеңі белгіленеді. Бір гүлдің гүлдеу ұзақтығы 30-60 минөт, ал гүлдердің барлығы бір мезгілде гүлдемейтіндіктен гүлдену кезеңі 8-12 тәулікке созылады.

Өсімдік тіршілігінде гүлдену маңызды өзгерісті кезең болып табылады, өйткені оның соңына қарай вегетативті органдардың әрі қарай өсімі тоқталады. Көп жағдайда осы мезгілде тамыр жүйесінің де өсуі тежеледі.

Гүлдену кезеңінде астық дақылдары сыртқы әсерлерге өте сезімтал, температураның күрт өзгеруі, ылғалдылық жетіспеушілігі, ұзаққа созылған жаңбыр және кейбір басқа әсерлер тозаңдану жағдайларын нашарлатады және осылардан гүл шоғырының дәнділігі төмендейді. Гүлдену кезеңіндегі қолайсыз жағдайлар айқас тозаңданатын өсімдіктерде ерекше байқалады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-80% және температурасы 18-220С болғанда гүлдену барынша жақсы өтеді.

Гүлдену уақытында егістіктерде түпкілікті өнімді сабақтар болады. Агротехникалық шаралармен әсер ету арқылы редукция үрдісінде сорттар барынша жоғары өнім бере алатын масақты сабақтарды қалыптастыруға ұмтылу керек.

Дәннің қалыптасуы және пісуі. Жатынның қалақша аузына түскен тозаң 1-2 сағ. соң өне бастайды және орташа тәуліктік температура 20-26°С-да 1,0-1,5 тәуліктен кейін тозаңдану басталады. 2-3 тәулікте түйіннің (завязь) айтарлықтай өсуі байқалады.

Дәннің қалыптасуы мен пісуі бидай дақылында Ресейдің Омбы облысы жағдайында Н.Н. Кулешовпен барынша толық зерттелді. Оның тұжырымы бойынша ұрықтың даму үрдісі өте шапшаң жүреді және ұрықтанған соң алғашқы онкүндікте толық аяқталады, ал эндосперм баяу қалыптасады. Дән әуелі ұзын бойына, содан соң еніне және кейіннен жуандығына өседі.

Н.Н. Кулешов (1951) дәннің даму үрдісін үш кезеңге бөлді: қалыптасу, толысу және пісу. И.Г. Строна (1966) бұл үрдісті дәйектей түсіп төмендегідей кезеңдерге ажыратты:

1. Түзілуі – ұрықтанудан өсу нүктесі пайда болғанға дейінгі кезең. Ұрық әлсіз өскін бере алады, 1000 санының массасы 1,0 г, бұл кезеңнің ұзақтығы 7-9 тәулікке созылады.

2. Қалыптасуы – дәннің түзілуінен түпкілікті ұзындығы белгіленге дейінгі кезең, ұрықтың оқшаулануы (дифференциясы) аяқталады. Дәннің түсі жасыл, крахмал дәндері көріне бастайды, құрғақ заттар мөлшері әлі төмен, су көп мөлшерде, 1000 дәннің массасы 8-12 г. Кезеңнің ұзақтығы – 5-8 тәулік.

3. Толысуы – эндоспермде крахмал жинақтала бастағаннан бұл үрдістің тоқтағанына дейінгі кезең. Бұл кезеңде дәннің ені мен қалыңдығы ең жоғарғы (максимум) шегіне дейін ұлғаяды, эндоспермнің ткандері толық қалыптасып болады, дәннің ылғалдылығы 38-40%-ға дейін төмендейді және кезең ұзақтығы 20-25 тәулікке созылады.

4. Пісуі – пластикалық заттардың дәнге жинақталуының тоқтауынан басталады. Бұл кезеңде полимеризация және кебу үрдістері басым. Ылғалдылығы 18-12тіпті 8%-ға дейін төмендейді, бейтарап (еркін) судың мөлшері күрт төмендейді, тіпті жоғалып кетеді. Дән піседі және техникалық мақсатқа пайдалануға жарамды, алайда тұқымның дамуы әлі аяқталмайды.

5. Егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуі – дәнде (тұқымда) әртүрлі қосылыстардың күрделі биохимиялық өзгерулері жүреді. Жоғары молекулалы ақуыздық (белокті) қосылыстардың синтезі аяқталады, еркін май қышқылдары майларға айналады, көмірсуларының молекулалары іріленеді, өну ингибиторлары басқа заттарға айналады, ферменттердің қызметі төмендейді, тұқымдық қабықтардың ауа, -суөткізгіштігі артады. Дәннің тыныс алуы басылады (баяулайды). Кезеңнің басынд







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 18654. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия