Оқытудың соңғы нәтижелері. Студенттің білімін қалыптастыру:
Студенттің білімін қалыптастыру: · туберкулездің эпидемиологиясы; · туберкулездің этиологиясы, патогенезі, патоморфологиясы және патоморфозы; · туберкулезді ерте және уақытылы анықтау жолдары; · клиникалық, лабораториялық және аспапты зерттеулерге қолданатын қазіргі әдістер; · фтизиатрға жіберу көрсеткіші; · туберкулездің клиникалық жіктелуі; · туберкулезбен ауыратын науқасқа жүргізілетін курацияның ерекшелігі; · басқа ішкі аурулардан туберкулезді ажыратын ажырату диагностикасын жүргізу принциптері; · туберкулездің қазіргі терапиясының негізгі принциптері; · туберкулезді алдын алу (спецификалық және бейспецификалық). Студенттің ептілігін қалыптастыру: · науқастан анамнез жинау; · оңтайлы клиникалық, лабораториялық және аспапты зерттеу әдістерін таңдау; · сәулелі диагностиканы қолдану көрсеткішін анықтай білу; · лабораториялық зерттеулерден алынған мәліметтерді талдау; · туберкулезде болатын шұғыл жағдайларға көмек көрсету; · клиникалық жіктелуге және пациенттердің типіне сәйкес ем жоспарын құрастыру; · туберкулез инфекция ошағында індетке қарсы шараларды өткізу; · тұрғындардың әртүрлі тобының арасында санитарлық ағарту жұмысын өткізу; · пациенттермен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкер-лерімен сенімді өзара байланысты қатынастымаксимальды орнату; · командыда жұмыс істеу. Дағдыларды қалыптастыру: · қарап тексеруді, пальпацияны, перкуссияны және аускультацияны дағдылану; · диагностика және емнің мониторингісін жүргізу үшін қақырықты жинау; · фтизиатрға жіберу көрсеткішін анықтау. 2.5. Пәндердің пререквизитты және постреквизитты: Пререквизитты:патологиялық физиология, микробиология, фармакология, ішкі аурулардың пропедевтикасы, визуальды диагностика, эпидемиология, жалпы иммунология, дәлелді медицинаның негізі. Постреквизитты:ішкі аурулар, инфекциялы аурулар, шұғыл медициналық көмек көрсету.
2.6. Пәннің қысқаша мазмұны: Фтизиатриялық службаны ұйымдастыру. Диспансеризация. Туберкулезге қарсы күрес жүргізу мекемелері. Ересектерге, жасөспірімдерге және балаларға туберкулездің диагностикасын жүзеге асыру және ұйымдастыру. Туберкулезбен ауырған науқастарға бақылауды ұйымдастыру және амбулаториялық жағдайда оларға ем жүргізу.Туберкулез инфекция ошағында диспансердің өткізетін жұмысы. Бактерия бөлушілермен қарым қатыныста болып бірге тұратын кісілердің арасында туберкулездің профилактикасын және сауықтыру жайында өткізілетін шараларды ұйымдастыру. Туберкулез инфекция ошағында өткізілетін жұмыстар. Туберкулезге қарсы күрес жүргізетін мекемелердің санитарлық режимын бақылау. Туберкулезге өткізілетін профилактикалық зерттеуді бақылау. БЦЖ вакцинациясын және ревакцинациясын жоспарлау.
|