ДҰРЫС ЖАУАП
СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР
Есеп Науқас Д. 44 жаста, диагнозы: фиброзды-кавернозды туберкулез, ТМБ+; динамикада қуыстың көлемінің диаметрінің ұлғаюы байқалады. Кавернаның ұлғаюының себебі неде: а) бронх дренажының бұзылуы б) бронхоплевральды жыланкөздің түзілуі в) қан айналымның бұзылуы г) каверна қабырғасының гангренасы д) спонтанды пневмоторакс
Есеп Науқас А. 30 жаста, слесарь, созылмалы маскүнемдікпен ауырады. 1,5 жыл бұрын оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі, ТМБ+ деген диагноз қойылды. Дұрыс емделмеген. Осы жылы рентгенограммада оң жақ өкпенің С2 диаметрі 3 см қуыс фиброзды қабырғасымен және түбірмен жалғасатын жолы көрінеді бар. Бронхологиялық тексерісте оң жақ жоғарғы бронхтың инфильтратты туберкулезі, қақырықта ТМБ++++ анықталды. Сіздің таңдаған диагнозыңыз қандай? а) Инфильтратты туберкулез, ыдырау фазасы, ТМБ+, бронх туберкулезі б) өкпе туберкуломасы, ыдырау фазасы, ТМБ+, бронх туберкулезі. в) кавернозды туберкулез, ТМБ+, бронх туберкулезі. г) бронх туберкулезі д) Фиброзды-кавернозды туберкулез, ТМБ+, бронх туберкулезі.
Есеп 36 жастағы Д. деген науқас маскүнем. 6 ай емнен кейін өкпесіндегі инфиль-трацияның сорылуы және ошақтар тығыздалуы байқалды. Бірақ өлшемі 3 х 2 см дейінгі каверна сақталған. Бактерия бөлмейді. Кейінгі емі қандай болу керек?
Есеп Инфильтратты туберкулездің, ыдырау фазасы, ТМБ+деген диагнозбен 1 кате-гория бойынша 2 ай ем қабылданған. Туберкулезді интоксикация симптомы жойылған. Бактерия бөлуі тоқтамаған. Сіздің әрі қарай емдік тактикаңыз: в) жасанды пневмоторакс көрсетілген г) туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді қабылдамау д) қарқынды фазасын 1 айға жалғыстыру
Есеп Өкпенің инфильтратты туберкулезінің ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диаг-нозбен қарқынды және жалғастыру фазасының емін науқас 8 ай қабылдаған. Ыдырау қуысы жабылған және бактерия бөлінуі тоқталған. Науқасты эпидемио-логиялық бақылаудан қашан шығару болады. б) ТМБ тапсырғанда үш рет теріс нәтиже бергенде в) 6 айдан кейін бактерия бөлінуі тоқтағанда г) 1 жылдан кейін бактерия бөлінуі тоқтағанда
Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің бірінші рет анықталған инфильтратты туберкулезінің ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозбен 1 категория бойынша толық терапиялық курсын 50 жастағы науқас былтырғы жылы алған.Терапевтік нәтижеге жеткенде, бактерия бөлінуі тоқтаған, бірақ ыдыраған жерде каверна түзілген. Рентгенограммада сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде айқын контурлы жұқа қабырғалы сақинатәріздес көлеңке көрінеді. Сіздің диагнозыңыз: г) өкпенң кавернозды туберкулезі
Есеп 35 жастағы Қ. деген науқас кеуде қуысының ауыру сезіміне, әлсіздікке, жөтелге шағымданады. Қақырықта қан жолағы бар. 5 күндей дене қызуы суб-фебрильді болды. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Қақырықта ТМБ в) қатерлі ісікті пневмония
Есеп 55 жастағы О. деген науқас азапты жөтелге, қан түкіруге, әлсіздіктің күшею-іне шағымданады. Соңғы айларда 6-7 кг арықтағанын айтады. Диагноз қою үшін қажетті зерттеу әдісін таңдау керек: г) электрокардиография д) плевра қуысына УДЗ/УЗИ жүргізу
Есеп С. деген науқаста кешке қарай дене қызуы 37,7оС дейін көтеріледі. Қақырықты жөтелге, оң жақ кеуде қуысының ауыруына, әлсіздікке, дімкәстікке, арықтауына шағымданады. Осы шағымдар бойынша терапевтке қаралады. Дұрыс тексеру әдісін таңдаңыз: б) электрокардиография д) торакоскопия
Есеп Өкпе тінінде – казеозды лобулярлы пневмония ошағы перифокальды ин-фильтрациясымен, лимфа тамырлары бойында *жол* байқалады, ал бронхопуль-мональды региональды лимфа бездерінде ірімшіктектес некроз бар. Гистологиялық көріністің сипаты қай ауруға сәйкес келеді: б) казеозды пневмонияға в) туберкулезді бронхоаденитке г) біріншілік туберкулездің комплексіне д) бронхтардың туберкулезіне
Есеп Науқас А, 25 жаста. Диагнозы: оң өкпе S2 туберкулемасы, БК (-). ІІІ кате-гория бойынша 6 ай емделді. БК –анықталмады. Туберкулома көлемі d = 6 см. Наркоманиямен ауырады. Келесі емдеу тактикасын таңдаңыз. а) антибактериальды терапияны жалғастыру б) үнемді резекция в) эндотрахеальды дәрі құю г) жасанды пневмоторакс д) пневмоперитонеум
Есеп 25 жастағы К. деген науқаста оң өкпенің бірінші сегментінде инфильтратты туберкулез алғаш рет анықталған, ТМБ (+) бөлгендіктен ол науқас 2 ай бойы қарқынды фазасын 4 АБП-мен ауруханада емделді және жалғастырушы фаза 4 ай жүргізілді. Бактерия бөлуі тоқталды. Рентгенограммада –оң өкпенің S1 шеті анық d = 3 см дейін гомогенді көлеңке көрінеді. Сіздің болжама диагнозыңыз: а) дөңгелек инфильтрат б) толған киста в) шеткі қатерлі ісік г) эхинокок д) туберкулома
Есеп Соңғы айларда 27 жастағы И. деген науқас тез шаршауын, еңбекке қабіле-тінің төмендуін, тәбеттінің төмендеуін, жөтелетіндігін, кешке жақын субфеб-рильды температурасының көтеруілін байқайды. Перкуссияда, аускультацияда патология анықталмайды. Рентгенограммада: - сол жақ бұғана астында күшей-ген өкпе суретінің тұсында әлсіз және орташа қанықтағы ошақты көлеңкелер көрінеді. а) милиарлы туберкулез б) ошақты пневмония в) өкпенің инфильтратты туберкулезі г) карциноматоз д)өкпенің ошақты туберкулезі
Есеп Жалпы емдеу жүйесінде жұмыс істейтін дәрігер өкпе туберкулезіне тән кли-никалық рентгендік белгілері бар науқастың қақырығының 3 үлгісін жібереді. 3 үлгісіде теріс нәтиже берді. Не істеу керек? а) теріс жағындысы бар туберкулезбен ауыратын науқас деп санау б) қақырықты жинауды қайталау және тағыда 2 үлгіге тапсыру в) 7-10 күнге арнайы емес антибактериальды терапияны белгілеу және қақырықты қайта тексеру г) бронхтың шайынды суын жинауды тағайындау д) фтизиатрдың кеңесіне жіберу
Есеп Науқас М., жағындысы оң нәтижелі өкпе туберкулезімен бірінші рет анық-талғандықтан 5 ай бұрын туберкулезге қарсы ем бастады. 2 айлық қарқынды фа-задағы емнен кейін, жағындысы теріс нәтижелі болды. Науқас емді тоқтатты. 3 айлық үзілістен кейін қайтадан тубдиспансерге келді. Қақырықты зерттегенде – жағынды теріс нәтиже берді. Науқастың типін анықтаңыз: а) бірінші рет анықталған б) рецидив в) қолайсыз нәтиже г) ауысқан д) режимді бұзу
Есеп Науқас А., жөтел 1 айдай мазалағандықтан таныс медициналық қызметкер-дің кеңесі бойынша 3 ай бұрын изониазидпен, рифампицинмен ем бастады. 3 апта дейін емделді, өзін-өзі жақсы сезінді де, емді тоқтатты. Қазір жөтелі қайта байқалғандықтан, науқасты тубдиспансерге жібереді. Жағындысы оң нәтижелі туберкулез деген диагнозы қойылды және оны қалай тіркеу керек? а) бірінші рет анықталған б) рецидив в) қолайсыз нәтиже г) ауысқан д) режимді бұзу
Есеп Сол жақ өкпенің 1-2 сегментіндегі ошақты туберкулезі, ТМБ- деген диагнозбен тубдиспан-серде 2 ай науқасемделді. Алкогольды шамалап ішеді. Темекі шегеді. Отбасы 5 адамнан тұрады. Әйелі- сау. Енесі қант диабетімен ауырады, соңғы 2 айда созылмалы бронхиттің өршуі мазалайды. 14 және 11 жастағы екі бала бар, олар сау сияқты. 1. Осы ситуация туберкулез инфекция ошағына жатама, егер жатса, онда қайсысына жатады? 2. Туберкулез инфекция ошағында Сіз білетін қанша топ бар? Оларды сипатаңыз. 3. Қандай емдік профилактикалық шаралар қолдану керек: а) оның әйеліне; б) енесіне, в) балаларға?
Есеп Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ деген сырқат жақында науқастан бірінші рет анықталған. Өзі әйелімен бірге бірбөлмелі жақсы жабдықталған пәтерде тұрады. Әйелі - 28-29 апталық жұқті. ДОТС стратегиясы бойынша тубдиспансерде науқас АБ терапиясын қабылдауға кірісті. 1. Осы ситуация туберкулез инфекция ошағына жатама, егер жатса, онда қайсысына жатады және не себептен? 2. Эпидошағында Сіз білетін қандай топтар бар? 3. Қандай емдік профилактикалық шаралар қолдану керек: а) науқасқа б) оның әйеліне; в) олардың болашақ балаларына?
Есеп Екі өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау және себілу фазасы ТБМ+ деген диагноз 15 жастағы науқасқа қойылды. - Қай категория бойынша емдейсіз, емнің схемасын жазып беріңіз.
Есеп 17 жастағы жасөспірім ауруханалық ем алуға жатты. Анамнезінен: сол жақ өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы деген диагнозбен бұрын ДОТС-тың 1-категориясы бойынша емделген. Ахуалы жақсарғаннан кейін амбулаториялық ем қабылдауға шығарған, шамамен 2 аптадай үзіліс болған. Бақылау рентгенограммасында:- ошақтардың айналасында инфильтрация өскені байқалады. Бактериоскопиясыда қақырықтың 2 үлгісі оң нәтиже берді. - Сіздің тактикаңыз. Есеп Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің біріншілік туберкулезді комплексі, инфильтрация фазасы,ТМБ- деген диагноз 8 жасар балаға ауруханада қойылған. -қай категория бойынша ем жүргізесіз? Есеп ДОТС-тың 1- категориясы бойынша (Н+Ŕ+Ź+Ę) 8 жастағы балаға емді белгілеген, 2 аптадан кейін басы ауырады, басы айналады, ұйқысы бұзылады. - Қай препарат жанама әсер берді - Сіздің тактикаңыз.
|