Телефон: 54-58-74, қосымша – 145,28-70-72
Останай мемлекеттік педагогикалық институты Оғамдық ғылымдар кафедрасы
«ӘЛЛЕУМЕТТАНУ» SILLABUS
(Барлық мамандықтар үшін)
Кредит
Қостанай, 2011 Авторлар: Әлібек Тамара Қайыржанқызы Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Шевченко Людмила Яковлевна тарих ғылымдарының кандидаты, Профессор
Рецензент: Альшанова Б.Х. философия ғылымдарының кандидаты
СИЛЛАБУС қоғамдық ғылымдар кафедрасының отырысында бекітілді (№ 10 хаттама, 14 маусым 2011 ж.)
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми-әдістемелік кеңесі 2011 жылдың 29 маусымында бекітті. (№ 10 хаттама, 29 маусым 2011ж.)
© Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Леуметтану» пәнiнің студенттерге арналған оқу бағдарламасы (SILLABUS)
Курс аты: «Әлеуметтану» Курс коды: Ale 2107 Кредит саны: 2 Байланыс ақпараты: Қоғамдық ғылымдар кафедрасы, 202 каб. телефон: 54-58-74, қосымша – 145,28-70-72
Оқу жоспарынан үзінді:
Курстың реквизиттары мен қысқаша сипаты:
Әлеуметтану – студенттердiң қоғамды әлеуметтiк жүйе ретiнде оның құрамдас бөлiктерiнiң қызмет атқару заңдылықтарын танып, бiлуге және олардың жалпы ой-өрiсiн кеңейтуге, әлеуметтiк ғылымдар саласындағы бiлiмдерiн жетiлдiруге бағытталған. Әлеуметтанудың ғылым ретiнде - адамның қоғамдық өмiрiн, олардың мiнез-құлқын, көшедегi кiшiгiрiм кездейсоқ болып қалған жағдайлардан бастап ғаламдық әлеуметтiк үрдiстерге дейiн талдау жасап, соларды меңгерудiң жолын көрсете алу мүмкiндiгi бар екенi бүгiнде баршаға мәлiм. «Әлеуметтану» пәнiнен меңгеруге қажеттi мәселелер: 1. әлеуметтанудың ғылым ретiнде қалыптасып даму тарихы; 2. қоғам әлеуметтiк мәдени жүйеретiнде; 3. әлеуметтiк қауымдастықтар әлеметтiк өзгерiстердiң қайнар көзi ретiнде; 4. мәдениет құндылықтар жүйесi және жеке адамдар iс-әрекеттерi үлгiсi ретiнде; 5. мәдениеттiң әлеуметтiк және экономикалық қатынастарға әсерi; 6. тұлға проблемалары, тұлға және қоғам, тұлғаның әлеуметтiк мәртебесi т.б.; 7. қоғамның әлеуметтiк құрылымы, әлеметтiк стратификация (жiктелу); 8. әлеуметтiк институтттар және әлеуметтiк ұйымдар; 9. әлеуметтiк бақылау; 10. әлеуметтiк жанжал және оны шешу мүмкiндiктерi; 11. әлеуметтiк өзгерiстер; 12. әлеуметтiк және мәдени үрдiстердiң ғаламдануы; 13. Қазақстан қоғамының дамуындағы әлеуметтiк-мәдени ерекшелiктер мен проблемалар, оның дамуының болашағы; 14. Социологиялық зерттеу әдiснамасы мен әдiстерi.
«Әлеуметтану» курсының мақсаттары мен мiндеттерi: Студенттерге «Әлеуметтану» пәнiн оқытудың негiзгi мақсаты – болашақ мамандардың әлеуметтану ғылымының әдiснамалары мен әдiстерiн меңгеруiне, адам мен шынайы әлеуметтiк жағыдай арасындағы әрекеттестiк пен байланыс механизмдерiн түсiнуiне көмектесу. Сонымен қатар- әлеуметтанудың зерттеу нышанымен ғылымдар жүйесiнде алатын орнын анықтау; қауымдастықтар мен институттар арасындағы әрекеттестiктiң заңдылықтарын түсiнуге көмектесу. Әлуметтанудың мiндеттерiне келетiн болсақ олар: - әлеуметтанудың зерттеу нышаны мен әдiснамаларының ерекшелiктерiнiң негiзiнде оның әлеуметтiк-гуманитарлық ғылымдар жүйесiнеде алатын орнын анықтау; - Бұл ғылымның атқаратын қызметiн айқындап, ғылым ретiнде қалыптасып, даму тарихымен таныстыру; - Қоғамға әлеуметтанулық талдау жасау негiзiнде оның әлеуметтiк құрылымымен, осыған байланысты барлық ұғымдармен таныстыру және құрылым элементтерiнiң пайда болып өзгеру үрдiсдiстерiн көрсетi негiзiнде студент жастарда әлеуметтiк құбылыстар мен үрдiстердi түсiнуде әлеуметтанулық ғылыми көзқарас қалыптастыру; - Бүкiл әлеуметтiк проблемалардың және осы проблемаларға қатынасы бар субъектiлердiң өзара әрекеттестiктерi мен тәртiбiнiң қалыптасыуына әсер ететiн құбылыстарды анықтап оларға талдау жасау соның негiзiнде айнала қоршаған орта туралы әлеуметтанулық көзқарас қалыптастырып, әлеуметтiк проблемаларды танып-бiлу ықыласын тудыру. Осы аталғандардың барлығы: өмiрдi түсiнуге, жауапкершiлiкке негiзделген шешiм қабылдауға және өз әрекетiн өзi ретке келтiру мүмкiндiгiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Силлабуста дәрiс сабақтарының тақырыптары, оларда қаралатын мәселелер және дәрiстердiң қысқаша мәтiндерi берiлген. Сонымен қатар семинар сабақтарының жоспарлары, әрбiр семинар сабағына әдебиет тiзiмi, реферат тақырыптары, қосымша сұрақтар, студенттердiң өз бетiнше жүргiзетiн жұмыстарының көлемi, пайдаланатын әдебиет және жұмыстарды тапсыру мерзiмi көрсетiлген. Курстың күндізгі бөлімге арналған тақырыптық - күнтiзбелiк жоспары:
|