Ø Қоғамдық-саяси дамудың қайшылықтары
- 1960 жылдардың ортасынан бастап 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы: «Тоқырау жылдары».
- Тоқырау жылдары КСРО-дан іргесін аулақтатып әкеткен мемлекеттің бірі: Югославия, КХДР, Египет.
- «Чехословакия – Прага көктемі» оқиғасы болған жыл: 1968 ж.
v Бұл елдегі оқиғалар партияны жаңартуға, қатып-семіп бара жатқан қоғамдық жүйені өзгертуге, нарықтық қатынастар жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған шаралар үлгісін көрсетті.
- 1970 жылдардың соңына қарай экономикасында түбегейлі өзгерістер басталған мемлекет: Қытай Халық Республикасы.
- 1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығында арналған салтанатты мәжілісте Л.И.Брежнев КСРО-да төмендегідей қоғам орнады деп мәлімдеді: Кемелденген социализм.
- 1960 жылы қаңтарда болған пленумда республика партиясының бірінші хатшысы болып сайланған: Д.А Қонаев.
v 1962 жылдан бастап екі жыл Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарды.
- 1964-1986 жылдары Қазақстанды басқарған: Д.А.Қонаев.
- КСРО-ның соңғы жаңа Конституциясы қабылданды: 1977 жылы.
- 1977 жылғы Конституция бойынша «Кеңес қоғамының басты және бағыт беруші күші, оның саяси жүйесінің ұйытқысы»: КОКП.
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынған жыл: 1978 жылғы наурыз.
v Қазақстан КП мақұлдауымен, Конституция 1978 жылы 20 сәуірде Жоғарғы Кеңестің кезектен тыс сессиясында қабылдану рәсімінен өтті.
- Сталиннің тұсындағы басқару аппараты ұлтына қарамай көзін жою әдісі арқылы билік басында қалуды көздеген болса, хрущевтік-брежневтік әкімшілік «тарихи жаңа қауымдастық – кеңес халқын» жасау ниетін көздеді.
- Алғашқыда 800 студентті біріктірген «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйым құрылды: 1960 жылдардың ішінде.
- «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымын құрған осы қалада оқитын жастар: Мәскеу.
- «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымының идеялық дем берушісі және басты ұйымдастырушысы: Мұрат Әуезов.
- 1960 жылдары құрылған «Жас тұлпар» ұйымының ұйымдастырушылары: А.Қадыржанов, Б.Тайжанов.
- 1960 жылдары қазақ жастары Семейде құрған ұйым: «Тайшұбар».
- 1960 жылдары қазақ жастары Қарағандыда құрған ұйым: «Жас қазақ».
- 1970 жылдары әлемнің көптеген елдеріне танымал болған, «Жас тұлпардың» ықпалымен құрылған ансамбльдер: «Дос-Мұқасан», «Гүлдер», «Айгүл».
F «Жас тұлпар» ұйымы қазақ жастарының ұлттық санасының өрлеуіне, республикадажәне одан тыс жерлерде де қоғамдық-саяси ойдың өркендеуіне белгілі дәрежеде әсер етті.
- Олжас Сүлейменовтың «АЗ и Я»тарихи-лингвистикалық; талдау кітабы жарық көрді: 1975 жылы.
- 1975 жылы жарық көрген ақын О.Сүлейменовтың «АЗ и Я» тарихи-лингвистикалық кітабында талқыланған жыр: «Игорь жасағы туралы жыр».
v «Бұл шығарма славяндық және түркілік этностық әлем шекарасында дүниеге келген және онда екі көрші мәдениеттің шындықтары көрініс тапқан», - деген О.Сүлейменовтың тұжырымы шовинистік өзімшілдік рухта тәрбиеленген (М.Суслов) кейбір орыс зиялыларына ұнамады.
- О.Сүлейменовтың тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталған кітабы: «Аз и Я».
- 1970 жылдары кітабы тауар айналымынан алынып тасталған әйгілі қазақ ақыны: О.Сүлейменов.
- 1979 жылы 16 маусымда жастардың Неміс автономиясын құруға наразылық шеруі болған қала: Целиноград.
v Целиноград оқиғасы болған жыл: 1979 жылдың 16-19 маусым.
- 1979 жылғы Целиноград қаласындағы оқиғаның себебі: Неміс автономиясын құруға қарсылық;.
- Неміс автономиясын құру жөніндегі комитетке басшылық еткен: А.Коркин.
- 1979 жылғы Қазақстан аумағында құрылуға тиіс неміс автономиясының құрамына аудандары кіруге тиіс облыстар: Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Ақмола.
- Неміс автономиясын құру жөніндегі комитеттің шешімі бойынша автономияның әкімшілік орталығы: Ерейментау.
- 1979 жылы ұлтаралық қатынастарда келеңсіз құбылыстардың орын алғандығының бір көрінісі: Неміс автономиялық облысын құру туралы шешімнің қабылдануы.
Ø Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай. Ауыл шаруашылығы
- Жеке адамның ырқымен кету: Волюнтаристік.
- КОКП-ның 1965 жылғы қыркүйек пленумы өнеркәсіпті басқарудың тиімсіз деп жариялаған ұстанымы: Аумақтық ұстаным бойынша басқару.
- 1965 жылғы КОКП-ң қыркүйек пленумында өнеркәсіпті басқару жүйесі өзгертілді: Республикалық және одақтық министрліктер құрылды.
- 1967 жылдың аяғына қарай жаңаша жұмыс істей бастаған өнеркәсіп орындарының саны: 193.
- 1970 жылдары жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеуге көшкен кәсіпорындар пайызы: 80%.
- 1960 жылдардың екінші жартысында салынған электр станциясы: Жамбыл.
- 1972 жылы салынған электр станциясы: Қапшағай.
v 1984 жылы республикада өндірілген электр қуаты: 74,6 млрд кВт. Сағат (1970 жылы 34,7 млрд кВт. сағат).
- 1970 жылдар ішінде ашық әдіспен, өзіндік құны арзан көмір өндірілетін кәсіпорын орналасқан: Екібастұзда.
v 1984 жылы Қазақстанда өндірілген көмір көлемі: 125,5 млн тонна. (Одақ бойынша 17,6%).
- 1960 жылдардың екінші жартысында мұнай өндіру мен өңдеу жұмыстарының; көлемі арта бастаған түбек: Маңғыстау.
- Өзен орнынан алғашқы мұнай алынған жыл: 1965 ж.
- 1960 жылдың екінші жартысында Өзеннен Жетібай арқылы мұнай, газ құбырлары тартылған қала: Ақтау.
- 1960-1980 жылдары республикадағы түсті металлургияның аса ірі орталығына айналды: Шығыс Қазақстан.
v 1960 жылы Өскеменде салынған өнеркәсіп орны: Титан-магний комбинаты.
v 1970-1980 жылдары Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты салынды.
- 1960 жылдардың екінші жартысында Атырауда салына бастаған зауыт: Мұнай-химия зауыты (Химия-металлургия зауыты).
- 1960 жылдардың екінші жартысында салынған зауыт: Ертіс химия-металлургия зауыты.
- 1970 жылдары республика Одақта жетекші орынға шыққан өндіріс: Сары фосфор.
- 1984 жылы темір кенін өндірудегі жылдық өнімі: 24 млн. тонна.
- 1960 жылы Павлодарда машина жасау зауытының негізінде құралған кәсіпорын: Трактор зауыты.
- 1960-70 жылдардың ішінде Семейде салынған зауыт: Кабель зауыты.
- 1960 жылдардың ішінде төмен вольтты аппараттар зауыты салынған қала: Алматы.
v Текелі " аккумулятор зауыты.
v Кентау " трансформатор зауыты.
v Өскемен " Конденсатор зауыты.
- Өздері тұрған ортаның тазалығын сақтамай, жергілікті ресурстарды үнемді пайдаланбаған: Әскери өнеркәсіп кешендері.
- 1960 жылдардың ішінде былғары аяқ-киім фабрикасы салынған қала: Жамбыл.
v Мақта-мата комбинаты " Алматы.
v Костюмдік штапель маталар комбинаты " Қостанай.
v Аяқкиім және шұлық фабрикалары " Қарағанды.
- 1970 жылға қараған шақта жеңіл өнеркәсіп республиканың жалпы өнеркәсіп өнімінің 16% -ын берді.
- 1960 жылдардың алғашқы жартысында ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру және шаруашылық есепке көшіру жаңа қарқынмен жүргізілді.
- Ауыл шаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілді: 1960 жылдардың соңында.
- 1960 жылдары электрлендіру жұмысы жақсы жүрген облыстар: Шығыс Қазақстан, Семей, Солтүстік Қазақстан.
- 1965 жылдың соңында толық шаруашылық есепке көшкен кеңшар саны: 586
- ХХ ғасырдың 70-ші жылдары фермерлік шаруашылықты дамытуға өз үлесін қосып, қағазбастылыққа шектеу қойған: И.Худенко.
- Әдістемесі «социализмге жат, зиянды», деп танылған Алматы облысындағы кеңшар директоры: И.Худенко.
- 1970 жылдардың ішінде одақтас республикалар арасында қой санынан алған орны: Екінші.
v 1975 жылғы Қазақстандағы мал саны " 34,6 млн.
- 1971 жылы мектеп бітірушілерді қой шаруашылығына шақырып, бастама көтерген аудан: Шұбартау.
v Компартия Қазақстан жастарының алдына қой санын таяудағы жылдарда 50 млн-ға жеткізуді мақсат етіп қойды. Жастар «50 млн меже емес» деп жауап берді. Қой өсіруші жастар бригадалары алдарына қойылған міндеттерін орындай алмады. Мал басы көбейе қоймады, керісінше, азайып кетті.
- 1979 жылы республикадағы қазақтардың; үлесінің 36% пайызға дейін көбеюінің себебі: Туу көрсеткішінің жоғарылауы.
v 1971 жылы республикадағы қазақтардың үлесінің 32,6%.
- 1980 жылдары жоспарлы түрде ұлттық тегіне қарап кенттену саясатын жүргізу нәтижесінде солтүстіктегі өнеркәсіптік қалалардағы жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі: 3%-15%.
v Республика бойынша өнеркәсіпте істейтін қазақ жұмысшыларының үлесі 12% болып, олардың ішіндегі маманданған жұмысшылардың үлесі 3%-ды ғана құрады. Қалада тұратын қазақтар негізінен мамандықты қажет етпейтін ауыр, «қара жұмыспен» айналысты.
- 1980 жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жергілікті халықтың үлесі басым болған облыстар: Қызылорда, Атырау.
v 1979 жылғы санақ бойынша Алматыдағы қазақтардың үлесі " 11%.
Ø Экологиялық дағдарыс және оның салдары
- Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналған жыл: 1950 жылдардан бастап.
- Батыс Қазақстанда жұмыс істеп тұрған атом полигоны: Капустин Яр.
- Семей ядролық полигонында ең алғашқы сынақ; өткізілген жыл: 1949 ж.
- Семей ядролық полигонында ауада ашық жарылыстар жасалды: 1949-1963 жылдары аралығында.
- 1949 жылдан 1963 жылға дейінгі аралықта Семей полигонында ауада жасалған жарылыстардың саны: 113.
- 1964 жылдан 1989 жылдың қазанына дейінгі аралықта Семей полигонында жасалған жарылыстардың саны: 343.
- Кеңес еліндегі ядролық сынақтардың Семей жерінде өткізілгені: 70%
- Семей полигонының зардабын шеккен облыстар: Семей, Қарағанды, Павлодар, Өскемен.
- Қазақ жерінде ядролық қалдықтарды көметін орындардың саны: 300
- 1970 жылдардан бастап суының тартылуы Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне апат әкелген су айдыны: Арал теңізі.
v Басты себеп: Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын пайдалануда ысырапқа жол берілуі.
- Экологиялық дағдарыс шиеленіскен, ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар: Қарағанды, Шымкент, Өскемен.
v Зауыттарда, фабрикаларда, кен орындарында көп жылдар бойы технологиялық үрдістер жаңартылмады, табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану ескерілмеді.