Ø Халыққа білім беру
- Соғыстан кейінгі жылдарда мектептерге қөмек көрсету, қор жасау үшін ұйымдастырылған: Жексенбіліктер.
- Соғыстан кейінгі жылдарда халық сирек қоныстанған аудандарда малшы балалары үшін салынды: Мектеп-интернаттар.
- КСРО Министрлер Кеңесі «Қазақ КСР-інде жоғарғы және орта білім беруді одан әрі дамыту шаралары» туралы қаулыны қабылдады: 1947 жылы.
- 1948 жылы республикада оқуға тартылмай жүрген 15 жасқа дейінгі балалардың саны: 200 мың;.
v 1955 жылы олардың саны 16 мыңға түсті.
- Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынды: 1949 жылы.
- Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда Қазақстанның жоғары білім жүйесінде даярлауы басым мамандық: педагогика мамандықтары.
- Қазақстанда 1954 жылдан бастап ашыла бастаған оқу орындары: Техникалық училищелер.
- 1959 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту туралы және Қазақ КСР-інде халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» заң қабылдады.
- Жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық; (8 жылдық) білім беруге көшу көзделді: 1962–1963 оқу жылынан бастап.
- 1965–1966 оқу жылында Қазақстандағы жоғары оқу орындарының; саны: 39 (144,7 мың студент оқыды).
- 1965 жылы республика халық шаруашылығында жұмыс істеген дипломды мамандардың саны: 0,5 млн-нан астам.
- Жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды: 1970 жылдар ішінде.
v Жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің жүзеге асқандығы жарияланды: 1980 жылдардың басында.
- 1970 жылдар ішінде жүздеген мектептер жабыла бастады: «болашағы жоқ» елді мекендерде.
- 1970 жылдарда «болашағы жоқ» елді мекендердегі жабылған мектептердің көпшілігі: Шағын комплектілі мектептер.
- 1970 жылдарда «болашағы жоқ» елді мекендердегі жабылған мектептердің бәрі дерлік: Қазақ тілінде оқытатын мектептер.
- 1984 жылғы кезекті мектеп реформасы бойынша қарастырылған шара: Алты жастан бастап оқыту.
- 1980 жылдардың ортасындағы республикадағы жоғары оқу орындарының; саны: 55.
- 1980 жылдардың ортасындағы орта арнаулы оқу орындарының; саны: 246-ға жетті.
v Республиканың барлық жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 550 мың студенттер мен оқушылар 200 түрлі мамандық алып шығып жатты.
- Тоқырау жылдары қазақтар негізінен меңгерген ғылым салалары: Ауыл шаруашылық, медициналық, гуманитарлық;.
- Тоқырау жылдарында қазақтардың үлесі тым аз ғылым саласы: Жаратылыстану.
Ø Ғылым
- Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО-дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды: 1960-1970 жылдары.
- 1960-1970 жылдары катализаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін дұрыс көтере білген академик: Д.В.Сокольский.
- Республикадағы гидрогеология және гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек еткен академик: У.М.Ахметсафин.
- 1960-1970 жылдары генетика мен микробиология саласында қомақты табыстарға жеткен академик: М.А.Айтхожин.
- Өсімдік клеткаларындағы информосомаларды тапқан, Лениндік сыйлықпен марапатталған генетика мен микробиология саласының ғалымы: М.А.Айтхожин.
- 1960-1980 жылдары есімдері ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал академик-ғалымдар: Е.Букетов, Ә.Марғұлан.
- Топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасау бағытында зерттеулер жүргізген Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының Шығыс бөлімінің басшысы: А.И.Бараев.
- 1970 жылы дүние жүзі тарихшыларының назарын аударған жаңалық: Есік қорғанынан алтын киімді сақ жауынгерінің табылуы.
- XX ғасырдың 60-80 жылдары ғылыми еңбектерді бағалау мен оның авторларына ғылыми дәреже беру шешілді: Мәскеуде.
- Тоқырау жылдарында Қазақстанда жазылған ғылыми еңбектердің басым көпшілігі жазылды: орыс тілінде.
- Ғылыми еңбектердің басым көпшілігі орыс тілінде жазылды: 95%.
- Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғылым саласы: Қоғамдық ғылымдар.
- Тоқырау жылдарында қатты бұрмаланған ғылым саласы: Қазақстан тарихы.
Ø Әдебиет және өнер
- Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі: Ғабит Мүсірепов.
- «Қан мен тер» триологиясының авторы: Әбдіжәміл Нұрпейісов.
- КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған, майталман ақын: Жұбан Молдағалиев.
- Хан Кенесары Қасымұлы туралы тарихи шындықты ашып жазып, әдебиет тарихындағы батыл қадам жасаған: Ілияс Есенберлин.
- Әнуар Әлімжановтың Әбу Насыр әл-Фараби туралы жазған романы: «Ұстаздың қайтып оралуы».
- Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болған жазушы: Әнуар Әлімжанов.
- Тарихи романдары арқылы бұқараның санасына асқақ отаншылдық сезім ұялата білген жазушы: Әнуар Әлімжанов.
- Ұлы Отан тақырыбына жазған шығармалары оқырман көңілінен шыққан жазушы: Бауыржан Момышұлы.
- Тұңғыш ғарышкерге арналған «Адамға табын, Жер, енді» поэмасының авторы: Олжас Сүлейменов.
v Шығармаларының тілі орысша болса да, нағыз ұлттық реңк айқын сезіліп тұратын.
- Этнографиялық оркестр құрып, ән жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырған: Н.Тілендиев.
- Тоқырау жылдарында (1970-80 жылдары) есімі әлемге әйгілі болған әнші: Ә.Дінішев.
- XX ғасырдың 60-80 жылдары халықаралық сайыстарда лауреат атағына ие болып, көптеген шетелдерге танылған ансамбль: «Дос-Мұқасан».
- XX ғасырдың 60-80 жылдары халықаралық сайыстарда лауреат атағына ие болып, көптеген шетелдерге танылған әнші: Р.Рымбаева, Н.Есқалиева.
- Тоқырау жылдарында Қазақстанда халық арасында ілтипатпен қабылданған кинофильмдер: «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры».
- «Атаманның ақыры» кинофильмінің қоюшы-режиссері: Ш.Айманов.
- «Қыз Жібек» кинофильмінің қоюшы-режиссері: С.Қожықов.
- 1960-1970 жылдары Қазақстанда пайда болған баспалар: «Қайнар», «Жалын», «Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы», «Өнер».
- 12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясын» шығару аяқталды: 1978 жылы.
- 1978 жылғы республикадағы кітапханалар саны: 19 мыңнан астам.
v Республиканың бірыңғай кітап қорында 160 млн-нан астам кітап жинақталды.
- 1970 жылы туғанына 1100 толған Шығыстың аса ұлы ойшыл-ғалымы: Әбу Насыр әл-Фараби.