1992 ж. маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары - Елтаңба, Туы мен Әнүраны дүниеге келсе, 1993 ж. 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі дербес, теуелсіз мемлекеттің түңғыш Конституциясын қабылдады. Қазақстанның мемлекеттік теуелсіздігін нығайтуда, халыққа қызмет ететін, азаматтардың кең көлемді қүқықтары мен бостандықтарын т.б. жариялаудағы халықтың еркін білдіретін мемлекеттік жаңа органдар қүруда бүл Конституцияның зор маңызы болды. Сонымен бірге Казақстан Республикасың 1993 ж. Конституциясы жаңа мемлекетте пайда болған мемленеттік, экономикалық өмірдің, адам қүқығы мен бостандықтарының меселелерін толық шеше алмады. Жоғарғы Кеңестің екілдігіне шек қойылмады. Ал мүның өзі оны Президенттің Үкіметтің істеріне араласуына екеліп соқты. Сондықтан қоғамдық өмірдің өзі Конституцияны қайта қарау туралы мәселені алға тартты. Президент Н.Ә. Назарбаеетың басшылығымен жаңа Конституцияның жобасы езірленіп, бүкілхалықтық талқыға салу үшін баспасөзде жарияланды. Талқылау барысында жоба бойынша көптеген ескертулер айтылды. Олардың ең елеулі дегендері ескеріліп, бүкілхалықтық дауыс берудің нәтижесінде 1995 ж. 30-тамызында Казақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Ол 9 бөлімнен (1. Жалпы ережелер; 2. Адам және азамат; 3. Президент; 4.Парламант; 5. Үкімет; 6. Конституциялық кеңес; 7. Соттар және сот тертібі; 3. Жергілікгі мемлекеттікбасқару және езін-езі басқару; 9. Кррытынды және етпелі ережелер) және 93 баптан түрады. Жалпы ережелерде Казақстан Республикасының президенттік басқару нысанындағы демократиялық, зиялы және біртүтас мемлекет, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі, мемлекеттік меншік пен жеке меншікгің танылатындығы және бірдей қорғалатындығы, мемлекеттік тіл - қазақ тілі, сонымен қатар мемлекеттік үйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару орындарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатындығы көрсетілген.