Студопедия — Бап. Пара алу 2 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бап. Пара алу 2 страница






321-бап. Өкiмет өкiлiне қатысты күш қолдану

1. Өкiмет өкiлiнiң өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз күш қолдану немесе күш қолданбақ болып қорқыту -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға қатысты өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш қолдану -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 321-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

321-1-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және оның;
заңды талаптарын орындамау

Прокурорлық қадағалау актiлерiн орындамау, сол сияқты оның қызметiне кедергi жасау, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 321-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

322-бап. Жауапты мемлекеттiк лауазымды иеленушi
лауазымды адамға қатысты қолданылатын
қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi
жария ету

1. Жауапты мемлекеттiк лауазымды иеленушi лауазымды адамға, сондай-ақ оның туыстарына қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi, осы мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе оның қызметтiк iс-әрекетiне байланысты белгiлi болған адамның жария
етуi -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Дәл сол әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқса -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 322-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

323-бап. Ресми құжаттарды және мемлекеттiк наградаларды
сатып алу немесе өткiзу

Құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босататын ресми құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе КСРО Мемлекеттiк наградаларын заңсыз сатып алу немесе өткiзу -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 323-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

324-бап. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау
немесе бүлдiру

1. Азаматтың төлқұжатын, жеке басының куәлiгiн немесе жеке басының басқа маңызды құжатын ұрлау -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Пайдакүнемдiк мақсатта немесе өзге де жеке бастың мүддесiнде ресми құжаттарды, мөртаңбаларды, немесе мөрлердi ұрлау, жою, бүлдiру немесе жасыру -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 324-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

325-бап. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi,
мөрқағаздарды, мемлекеттiк наградаларды қолдан
жасау, дайындау немесе өткiзу

1. Құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босататын куәлiктi немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау, не мұндай құжатты өткiзу, сол сияқты қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттiк наградаларын дайындау немесе сату -
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған дәл сол әрекеттер -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Көрiнеу жалған құжатты пайдалану -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 325-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

326-бап. Әскери қызметтен жалтару

1. Осы қызметтен босату үшiн заңды негiздер болмаған кезде әскери қызметке шақырудан жалтару -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) өзiнiң денсаулығына зиян келтiру арқылы;
б) ауруды сылтаурату жолымен;
в) құжаттарды бұрмалау немесе өзге де алдау арқылы жасалса -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер әскерге шақырылушы тергеу органы iстi сотқа бергенге дейiн әскерге шақыру пунктiне өз еркiмен келсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 326-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

327-бап. Өзiнше билiк ету

1. Өзiнше билiк ету, яғни заңмен белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа тұлғаның немесе ұйымдардың таласын туғызатын, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне, не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi түрде зиян келтiретiн өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыруы -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзімге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Күш қолданумен немесе оны қолданбақ болып қорқытумен жасалған дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған, не ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 327-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

328-бап. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын өкiмет
өкiлiнiң немесе лауазымды адамның атағын өз
бетiмен иелену

1. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын өкiмет өкiлiнiң немесе лауазымды адамның атағын өз бетiнше иелену осы негiзде қылмыс жасаумен ұштасса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Билiк өкiлеттiктерiн алу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иелену, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 328-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 67-ІІІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

329-бап. Мемлекеттiк туды заңсыз көтеру

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын сауда кемесiнде заңсыз көтеру -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.
Ескерту. 329-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

330-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
шекарасынан әдейi заңсыз өту

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан белгiленген құжатсыз және тиiстi рұқсатсыз әдейi заңсыз өту -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен, не күш қолданумен немесе оны қолданбақ болып қорқытумен жасалған дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 330-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.02.22 N 296, 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

330-1-бап. Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау

Шетел азаматының және азаматтығы жоқ адамның оған қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу туралы шешімді орындамауы, оған бір жыл ішінде дәл осындай әрекет жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған жағдайда, -
айлық есептiк көрсеткiштің бір жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 330-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.03.16 N 164 Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.18 № 393-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

330-2-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру

1. Көлік құралдарын не жалған құжаттар, не тұрғын немесе өзге де үй-жай беру, сондай-ақ азаматтарға, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша заңсыз келу, кету, өту үшін өзге де қызметтер көрсету жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл осы әрекетті ұйымдасқан топ жасаса не өзінің қызмет өкілеттігін пайдаланып жасаса -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 330-2-баппен толықтырылды - ҚР 2002.02.22 N 296 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

330-3-бап. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс
күшін тарту және пайдалану ережелерін бірнеше
рет бұзу

1. Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмыс берушінің жұмысқа бірнеше рет қабылдауы -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жеті жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
2. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзуы -
жеті жүз айлық есептiк көрсеткiштен тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз қырық сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 330-3-баппен толықтырылды - ҚР 2002.02.22 N 296 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

331-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
шекарасын құқыққа қарсы өзгерту

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын құқыққа қарсы өзгерту мақсатында шекаралық белгiлердi алып тастау, орнын ауыстыру немесе жою -
екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет жасалған немесе ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 331-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

332-бап. Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары
мен белгiлерiн заңсыз пайдалану

Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен айырым белгiлерiн, сол сияқты Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест атауын заңсыз пайдалану -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 332-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

333-бап. Байланыс желiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік
күзетілуге жататын объектілерді күзету
қағидаларын бұзу және орындамау

1. Қалааралық байланыстың кабель желiсiнің бүлiнуiне әкеп соқтырған байланыс желiлерiн күзету қағидаларын бұзу, егер ол байланыстың үзiлуiне алып келсе, -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер ғимараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл оларды басып алуға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған болса, -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 333-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

334-бап. Жиналыстарды, митингтердi, пикеттердi, көше
шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру
мен өткiзу тәртiбiн бұзу

1. Жиналыс, митинг, пикет, көше шеруiн немесе демонстрация ұйымдастырушының жиналыстарды, митингтердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзуы, егер бұл әрекет көлiк жұмысының бұзылуына алып келсе, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi түрде зиян келтiрсе -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Жиналысты, митингтi, пикеттi, көше шеруiн немесе демонстрацияны ұйымдастырушы жасаған заңсыз жиналыстарды, митингiлердi, пикеттердi, көше шерулерiн, және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу, сол сияқты заңсыз жиналыстарға, митингтерге, пикеттерге, көше шерулерiне немесе демонстрацияларға белсене қатысу, егер бұл әрекеттер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген зардаптарға алып келсе -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 334-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

335-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған
ереуiлге басшылық жасау, кәсiпорынның, ұйымның;
жұмысына кедергi келтiру

Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған ереуiлге басшылық жасау, сол сияқты осындай жағдайда ұйымдардың жұмысына кедергi келтiру -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 335-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

336-бап. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттiк
органдардың қызметiне заңсыз араласуы

1. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттiк органдардың заңды қызметiне кедергi жасауы немесе мемлекеттiк органдардың немесе олардың лауазымды адамдардың функцияларын иемденуi, сол сияқты мемлекеттiк органдарды саяси партияларұйымдарын құру, егер бұл әрекеттер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Қоғамдық бiрлестiктiң басшысы жасаған дәл сол әрекеттер -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 336-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

337-бап. Заңсыз қоғамдық және басқа да бiрлестiктер
құру немесе олардың қызметiне қатысу

1. Қызметi азаматтарға зорлық жасаумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтiрумен ұштасқан не азаматтардың азаматтық мiндеттерiн орындаудан бас тартуға немесе құқыққа қарсы өзге де әрекеттер жасауға түрткi болған дiни немесе қоғамдық бiрлестіктер құру немесе оған басшылық жасау, сол сияқты дiни негiздегi партия, не Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған көздерден қаржыландырылатын саяси партиялар немесе кәсiптiк одақтар құру немесе оған басшылық жасау -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нәсiлдiк, ұлттық, рулық, әлеуметтiк, таптық немесе дiни төзбеушiлiктi немесе артықшылықты уағыздайтын немесе оны iс жүзiнде жүзеге асыратын, конституциялық құрылысты күштеп құлатуға, мемлекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге немесе Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғушылыққа шақыратын қоғамдық бiрлестiк құру, сол сияқты осындай бiрлестiкке басшылық жасау -
екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде аталған бiрлестiктердiң қызметiне белсене қатысу -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 337-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2005.07.08 N 67-ІІІ (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.29 N 502-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 529. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия