Студопедия — азақстан азамат соғысы қарсаңында
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

азақстан азамат соғысы қарсаңында

1917 жылғы ақпан буржуазиялық демократиялық төңкерісінің нәтижесінде патшалық өкіметтің құлауы Ресейдегі саяси күштерді орналастырудағы түп негізін өзгертті. Қарсы шыққан жұмысшылар, сарбаздар, кедей шаруалар өздерінің билік органдары – Кеңестерді құрды. Буржуазия және буржуазияланған помещиктер төңкеріс жеңісін пайдаланып, билікті өз қолдарына алды және Уақытша үкіметті құрды, сонымен қатар сол жерлерде, соның ішінде ұлттық шет аймақтарда да органдарды құрды.

Қазақстандағы билікті ұстап қалу үшін және бөлек мемлекеттік, үкіметтік мекемелерге «демократиялық келбетті» беру үшін Уақытша үкімет мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық, сонымен қатар ұлттық саясатты өзгертпей, олардың атын өзгертті де, кадет және эсерлер партиясына жататын бұрынғы патшалық шенеуніктер санынан шыққан комиссарларды, сонымен қатар ұлттық-либералдық қазақ зиялыларының бөлек өкілдерін облыстар мен уездердің басшылығына қойды, (А. Бөкейханов, М. Тынышпаев, А. Бірімжанов және т.б.).

Ақпан төңкерісінің жеңісі уақытында Минск қаласында болған, қазақ ұлттық зиялыларының көшбасшысы А.Бөкейханов «Жаңартылған Ресейдің азат азаматтары – қазақтарына» жолдауымен сөз сөйледі. Сол жолдауда былай айтылған: «...Жаңа құрылысты және жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтар бірігу керек. Жаңа құрылысты қолдайтын барлық ұлттармен қарым-қатынаста жұмыс істеу қажет. Біздің ұранымыз – бірігу және әділеттілік. Жер мәселесін тез арада талқылаңыздар. Біздің ұранымыз – «демократиялық республика» мен жер мал шаруашылығы мен егіншіліктен табыс алатындарға берілсін»1. 25—28 наурызда өкіл ретінде ол кадет партиясының VII съезд жұмысына қатысты. Аграрлық мәселесін талқылаған кезде, сөз сөйлей отыра, А.Бөкейханов заңсыз тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтаруын талап етті.

1917 жылдың Ақпан төңкерісінен кейін Қазақстан саяси шоғырында Уақытша үкімет органдары мен жергілікті Кеңестері қатарында үшінші күш ретінде облыстық және уездік қазақ комитеттерінің желісін құруда «қазақтарға бірігу қажет...» тезисі өз бейнесін тапты, ал келешекте Ресейлік Демократиялық Республика құрамында Қазақ ұлттық автономиясын ұйымдастыру идеясына жетті. «заңсыз тартып алынған (патшалықпен) жерлерді қазақтарға қайтару» тезисі бірыңғай қазақ мемлекет құрамындағы барлық байырғы қазақ жерлерін жинау идеясына жетті.

Ақпан кезеңінен кейін қоғамдық-саяси дамудың түбегейлі сұрақтары бойынша ұлттық-либералдық қозғалыстың көшбасшылары Уақытша үкіметтің жағына ауысты. Оларда Уақытша үкіметтің оппозициялық Кеңес органдарына деген теріс көзқарас қалыптасты.

Билікке ұмтылған әр түрлі күштердің бірігіп нығаю және топтану процесі өріс алғанда, қоғамдық-саяси жағдайдың көрінісі сондай болды.

Қазақстан тұрғындарының барлық топтарын төңкеріс қозғалысқа әкелді. Петроград Кеңесіне арналған көптеген жеделхаттарда және митинг пен жиналыстардың бұрыштамаларында еңбекші елдер патшалық жек көрушлік жүйесін жойған жұмысшылар мен сарбаздарға ризашылықтарын білдірді.

Төңкерістің бірінші күндерінде ұйымдасқан Петроград, Мәскеу және басқа Кеңестер Уақытша үкімет билігін құлату үшін және өз қолдарына алу үшін әжептәуір мықты болды, бірақ олардың басшылары Уақытша үкіметпен келісім жасауға бейімді болды, ақыр аяғында осы билік соңғының қолына ауысты.

Қос өкіметтің шын мәнінде қалыптасуы Ақпан төңкерісінің ішкі қайшылығын, елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың ауытқушылығын, барлық өкіметке немесе империалистік буржуазия мүдделерін және оның одақтастарын қорғаған Уақытша үкіметке немесе жұмысшылар мен еңбекшіл шаруалардың, яғни әлеуметтік және ұлттық жәбірленуден зардап шеккен елдің көп тұрғындардың төңкерістік-демократиялық өкіметі болып есептелінетін Кеңестерге ауысу шарасыздығын бейнеледі.

Қазақстанда 1917 жылы наурызда Уақытша үкіметтің жергілікті органдары - кәсіпкерлер, көпестер, шенеуніктердің мүдделерін бейнелеген облыстық және уездік атқарушы комитеттер барлық жерде құрылды.

Осылай 1917 жылы 4 наурызда Петропавлдың буржуазиялық топтары эсерлердің және меньшевиктердің әділ басшыларымен бірігіп қоғамдық қауіпсіздіктің коалициялық комитетін құрды, сол комитетке Петропавл уезінің ірі көпестері Черемисков, Казанцев, Нагаткин кірді. 1917 жылы 3 наурызда Көкшетауда көпестер мен шенеуніктердің жиналысында уақытша коалициялық комитет сайланды және уездік съездің шақырылуына дейін уездік өкімет органының міндеттерін соған жүктеді. 1917 жылы 5 наурызда Семей қаласында қоғамдық ұйымдар мен әскердің облыстық атқарушы комитеті құрылды. Наурыздың бірінші күндерінде Өскемен қаласында атқарушы комитет құрылды.

1917 жылы 9 наурызда «Семей атқарушы комитеінің бюллетені» Зайсан, Павлодар және Көкпектіде Уақытша үкіметтің уездік атқару комитеті – жергілікті органдарының ұйымдастырылуы туралы хабарлады. Буржуазия және шенеуніктер өкілдері өкімет органдарын Қазақстанның көптеген басқа қалаларында да басқарды.

Қазақстан облысы мен уездерде Уақытша үкіметтің сенім тірегі казак комитеттері болды. Қазақстанның көптеген қалаларында ірі дүкендері мен сауда мекемелері бар татар, өзбек, ұйғыр көпестері «мұсылман», «татар» және тағы басқа комитеттер мен құрылтайларға бірікті.

Буржуазиялық және шағын буржуазиялық итермелеудің саяси партиясын қолдайтын, кулактар, казак басшылар, қазақ ауылының белгілі бай бөлігіне сүйеніп, Қазақстандағы Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, еңбекшілерді тонауын жалғастырды, империялық соғыстың ауыртпашылығын соларға жүктеді.

В.И.Лениннің анықтамасы бойынша орталық мемлекеттік өкімет шығарған заңға емес, ал төңкерістік тартып алуға, төменгі топтардағы халық санының тура бастамасына сүйенген жұмысшылар мен шаруалардың төңкерістік-демократиялық диктатурасын ұсынған жұмысшылар, сарбаздар және шаруа депутаттарының Кеңестері елде, соның ішінде Қазақстанда да екінші өкіметі болып саналды.

Қазақстанда жұмысшылар және сарбаздар депуттарының кеңесі орталық аудандарға қарағанда сәл кеш пайда болды – 1917 жылдың наурыз айында бірауақытта олардың бірігу процесі жүрді. Жұмысшылар мен сарбаздарға қарағанда шаруалық депутаттар Кеңесінің ұйымдасуы 1917 жылдың мамыр және маусым айында пайда болды.

Қазақстандағы қос өкіметте арнайы еркшеліктер болды: жерлердің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайымен шарттасылған ерекшеліктер, оның көпұлттық және негізінен шағын буржуазиялық тұрғындарымен, Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу казак әскерлерінің орналасу ерекшеліктері.

Қазақстан Кеңестері өздерінің пайда болған сәтінен бастап, әсіресе жұмысшылар және шаруалар депутаттарының Кеңестері интернационалдық болды. Оған орыстар, қазақтар, украиндар, татарлар, ұйғырлар, өзбектер және басқа халықтардың өкілдері кірді. Сарбаздар депутаттарының Кеңестеріне көбінесе орыстар, украиндар, аздап татарлар да енді. Қазақстан Кеңесінің жетекші рөлі көбінесе шағын буржуазиялық партияның, негізінде – әлеуметтік-төңкерістік партияның құрамында болды. Бұл большевиктердің әлсіздігі мен аздығы, жергілікті жұмысшылардың аз ұйымдасуы және саяси дүмбілездігі, Қазақстан дамуының әлеуметтік-экономикалық деңгейінің төмен болуымен түсіндірілді.

Уақытша үкімет жергілікті органдардың қалыптасу және елдегі Кеңестердің кең желісін ұйымдастыру кезеңінде (1917 ж. наурыз-сәуірдің басы) буржуазия мен төңкерістік демократияның күштері арасында белгілі өзара түсіністік болды, нығайтуға үрдісі бар атқарушы комитеттер мен жергілікті Кеңестер арасында тұрақсыз келісім орнады. Атқарушы комитеттер мен Кеңестер орындарында патшалық әкімшілікті жою бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізді, саяси тұтқындар мен жер аударылғандарды босатты, халық шаруашылығының кідіртуге болмайтын мәселелерін шешуге тырысты, 1916 жылдағы және т.б. көтерілістердің ұлт-азаттыққа қатысушылары – Қытайдан қашқындарды қайтару бойынша мүмкіндіктерді жасауға тырысты. Бірақ әлсіз келісім аяқталды. В.И.Лениннің қоныс аударудан келуі, оның өзі «Сәуір тезистерінде» шығарылған талаптар мен шешімдері, VII (сәуір) большевиктердің өткен конференциясы аграрлық, ұлттық және мемлекеттік құрылысқа соғыс, бейбітшілік сұрақтары бойынша партиялық көпшілік пен үкіметтің, атқарушы комитеттері мен Кеңестердің ашық, ымырасыз қарсы тұруына курстарын белгіледі.

В. И. Ленин қос өкімет буржуазия-демократиялық төңкерістен алыстап кеткенде, бірақ полетариат пен шаруашылықтың «таза» диктатурасына дейін жетпеген төңкерістің дамуында ауысу сәтін ғана білдірді деп есептеді. Ол: «Барлық билік Кеңестерге!» жаңа кезең төңкерісінің ұранын анықтап, әлеуметтік буржуазия-демократиялық төңкерістің ауысуына большевистік партияның курсын құрды – соны жүзеге асыру үшін Кеңестер қос өкіметін жою және бір қолдан басқарушылықты орнатуға әкелу керек еді. Бұл әлсіз азаматтық бейбітшіліктің бұзылуы, Уақытша үкімет пен Кеңестер - екі биліктің ашық тайталасының басы дегенді білдірді.

В.И.Ленин ұраны қолайлы тірекке түсті, себебі соғыс салдарынан пайда болған қиыншылықтар (аштық, қымбатшылық, жалпы күйзеліс, әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі) өсе берді. Бұл Кеңестердің большевиктендірілуі жылдам процесіне және Уақытша үкіметті құлату үшін, сонымен бірге Кеңес өкіметін орнату үшін олардың басты қаруына айналдыруға көмектесті.

Оқиғаның осындай өрістеуі ұлттық-либералдық қозғалысты қиын жағдайға қойды. Оның басшылары 1917 жылдың сәуір-мамыр айларында ұлттық облыстық және уездік комитеттері сайлаған бүкіл Қазақстан бойынша облыстық және уездік қазақ съездерін өткізді. Көбі Уақытша үкімет мен жергілікті органдардың әркеттерін қолдады, бірақ сол уақытта қазақ елді мекеніне деген әсерін нығайтуға тырысты.

1917 жылдың көктемінде ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары жетекшілік еткен Ақмола, Орал, Орынбор, Семей, Верный және т.б қалаларда болған және аграрлы, ұлттық мәселелерді, мемлекеттік құрылыс сұрақтарын талқылаған қазақ съездерінің қатысушылары осы мәселелер бойынша бағдарламаларды әлі әзірлей алмады.

Қазақ халқының өкілдері Уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды: Торғай облысында – А.Бөкейханов, Жетісуда – М.Тынышпаев, Түркістанда – М.Шоқаев, бірақ олар ежелгі қазақ тұрғындардың мәселелерін шеше алмады, себебі шын мәнінде олар отаршылық әкімшіліктің шенеуніктері болды.

Сонымен қатар Уақытша үкіметтің жалғасқан соғысы, халыққа қарсы саясаты еңбекшілерге ауыр ауырпалық болып түсті. 1917 жылдың көктемі мен жазында Қазақстанның барлық тұрғандарының топтарының саясиландыру процесі күшейді. Отанына оралған тың жұмыстарына қатысуышалар және сарбаз-майдангерлер ауылдың саяси өміріне жаңа ағымды енгізді (150 мың адамдай). Олардың көбі ауылға саяси сауатты, азаттықа күресу үшін берік ниетпен келді. 1917 жылы жаз басында Каменец-Подольск ауданынан Жетісу қаласына келген тың жұмыстарына қатысушылардың бірі Жүсіп Бабаев былай деп жазды: «Біз Уақытша үкіметке деген наразылығын... және кедейшілік пен батырақтылықты өзара ұйымдастыру қажетінің сенімін ауылдарға әкелдік. Біз өзімізбен бірге Кеңес өкіметі үшін орыс пролетариат күресі үшін... хабарламаны әкелдік»4. 1917 жылы маусым айының басында мылтық, қылыш және оқ-дәрілері бар тың жұмыстарына қатысушылар Павлодар арқылы пароходпен өтті5.

1917 жылы 26 маусымда Түркістан әскери округінің басшысы Казалинск, Перовск, Түркістан станцияларының барлық гарнизондық темір жол комиттеттеріне, Ташкент темір жолына «жергілікті жұмысшылардан дәрімен атылатын, сондай-ақ суық қаруды алып қоя отырып, эшелондардың тиянақты қарауын өткізу» бұйрығын берді... Жолаушы поездін алып жүруші әскери бақылаушы мен әскери қарауылшы жасағы жалғыз тәртіппен майдан жұмыстарынан келе жатқан жергілікті адамдарға аса көңіл аударсын»6.

1917 жылы көктем мен жазда тың жұмыстарына қатысушыларды біріктірген ұйымдар, жұмысшылар, сарбаздар және шаруа депутаттарының Кеңестеріне жанасқан қара жұмысшылар одағы мен төңкерістік-демократиялық жастардың ұйымы қазақ еңбекшілер ортасында құрылды: Түркістанға кіретін Қазақстанның оңтүстік облыстарында құрылған «Верный қаласындағы мұсылмандар жұмысшыларының біріккен одағы» (Қара жұмысшылар Одағы), Жаркенттегі Жұмыс одағы, мұсылман еңбекшілерінің Одағы (Иттифактар).

Ақпан төңкерісінен кейін білім алған жастар мен ауыл ұстаздары (мұғалімдер) өкілдерін біріктірген жас ұйымдар мен үйірмелер пайда болды: Омбы қаласында – білім алып жатқан жастардың демократиялық Кеңесі, Ақмола қаласында – «Жас қазақ» («Молодой казах»), Спасск зауытында – «Жас жүрек» («Молодое сердце»), Петропавлда – «Талап» («Стремление»), Семейде – «Жанар» («Свет»), Әулие Ата Меркесінде – «Қазақ жастардың төңкеріліс одағы» және т.б.

Алғашқыда жастар ұйымдарының көбі алдына мәдени-ағартушылық міндеттерді қойды. Бірақ қоғамдық-саяси қозғалысының поляризация процесінде олар таптық, әлеуметтік және саяси мағынаның шешуіне тығыз келді. Төңкерістің даму шарты бойынша жастар ұйымдарының бірі Кеңестерге қосылды, мысалы, С.Сейфуллин басшылығымен «Жас қазақ» және Т.Рысқұлов жетекшілік еткен «Қазақ жастардың төңкерістік одағы», ал басқалары ұлттық-либералдық зиялылар артынан барды.

1917 ж. 4-5 маусымда Петроград қ. еңбекшілер, сарбаздар, теңізшілердің әрекеттері Уақытша үкіметін қару күшпен басты. Санк-Петербург большевиктерін үмітті талқандауымен азаматтық соғыстың тікелей қаупі пайда болды. 7 маусымда В.И.Ленинді тұтқынға алу туралы бұйрық шықты, майдан мен тыңда большевиктердің қудалауы басталды.

1917 жылдың 11 маусымда Кеңестердің ОСК қос өкіметті жою бойынша заңнамалық әзірлеуін бекітіп, Уақытша үкіметке шексіз өкілдікті ұсынғаны туралы жариялады.

В.И.Ленин маусым оқиғаларынан кейін қалыптасқан жағдайларға байланысты пролетариат өкіметіне бейбітшілік жолымен жету мүмкін еместігі туралы ойға келді. Сұрақ өткір қойылды: әскери диктатурасының жеңісі немесе қаруланған көтерілістің жеңісі. Сонымен бірге В.И.Ленин халықтың жаңа көтерілістік өрлеуі болған жағдайда, жалпы ұлттық дағдарыс болған кезде ғана қарулы көтерілістің болу мүмкіндігін ерекше атап көрсеткен.

Патшалық билікң саясатын жалғастыра отырып, Қазақстандағы Уақытша үкіметі ұлттық мәселені шеше алмады және аграрлық сұрақты шешуді тырысқан жоқ. Қазақтардың өзін-өзі билеуі немесе автономия туралы сұрақтарды, сонымен қатар басқа да қудаланған халықтардың сұрақтарын ескерген де жоқ. Бұл А.Бөкейхановтың өзі «Қазақ» газетінде кадет партиясынан шығатыны туралы жариялауына себеп болды. Ол үш сәтті атап айтқан: «Кадеттер партиясы жерді жеке меншікке беруін қолдайды. Біздің жағдайда жерлерді жеке қолдарға беру, бірнеше уақыттан кейін Башқұрда болған жағдай сияқты жер телімі көрші адамға ауысатыны, ал қазақтар қайыршы болып қалатынына әкеледі. Кадеттер партиясы ұлттық автономиясына қарсы шықты. Біз, Алаштың туын көтеріп, ұлттық автономиясын құруына ұмтылудамыз... Кадеттер партиясы шіркеудің мемлекеттен бөлініп кетуі үшін қарсы болса, ал мен шіркеудің мемлекеттен бөлінуін қолдаймын. Осы үш нақты позициялар бойынша қайшылықтар.... айқын анықталды. Сондықтан мен кадеттер партиясынан шығып, «Алаш» партиясын құруға шешім қабылдадым7.

Саяси күштердің өзгеретін жағдайын және поляризацияның жылдамдатылған процесін ескере отырып, қазақ либералдық қозғалыс басшылары жалпы қазақ съездің өткізуін тездетуге шешім қабылдады.

Қазақстандағы барлық облыстарының өкілдері қатысқан барлық қазақтардың бірінші съезі 1917 ж. 21-26 шілдеде Орынбор қ. өтті. Күн тәртібінде 14 сұрақ болды: мемлекеттік басқарманың жүйесі; қазақ облыстарының автономиясы; жер сұрағы; халық милициясының ұйымдасуы; земство; халық білімі; сот; діни-рухани сұрақтар; әйел сұрағы; Құрылтай жиналысын шақырту және оны қазақ облыстарында болатын сайлауларға дайындау; барлық ресейлік мұсылмандық съезд; қазақ саяси партиясының құрылуы; Жетісудағы болған оқиғалар; Киевтегі барлық ресейлік деферативтік кеңеске және Петроградтағы халық білімі бойынша комиссиясының жұмысына қазақтардың қатысуы туралы.

Делегаттар ұлттық автономияның мәселесіне, жер сұрақтарын шешуге, Құрылтай желісін өткізуіне, қазақ саяси партиясының құрылуына басты көңілді аударды.

Съезд басталар алдында дейін «Қазақ» газеттерінің беттерінде автономия сұрақтары бойынша әр түрлі көзқарастар айтылған мақалалардың топтамасы жарияланды. 24 маусымның топтамасында газеттер былай жазған: «Егер автономия қажет екені анық көрінетін болса, онда қазақтар үшін қандай нысан қолайлы болар еді – мемлекеттік автономия әлде федеративтік автономия ма? Егер біз аймақтық автономияның нысанына келсек, онда оның базисі не болады – аумақ әлде мәдениет меншігі немесе ұлттық ерекшеліктер ме? Қазақстан тәуелсіздікке ұмтыла ма, әлде оған басқа халық одағымен жете ме?»8.

А.Байтұрсынов пен М.Дулатов тәуелсіз автономдық Қазақ мемлекетінің құрылуын қолдады. Бөкейханов «демократиялық, федеративтік және парламенттік Ресейлік республикасында» қазақ ұлттық-аумақтық автономиясына артықшылығын берді. Бұл көзқарасты көбі қолдады. «Қазақ облыстары аумақтық-ұлттық автономияны алу керек – деп, төңкеріс съезінде айтылған»9.

Съезд жұмысында жер сұрағы негізгі тармақ болып есептелінді. Осы сұрақ бойынша съезд бұрыштамасының негізгі тәртібі келесі жағдайға әкелді: қазақ қоғамының жерлерін тартып алуы тоқталады; барлық тартып алынған жерлер, сонымен қатар көшіп-қонған басқармалардың бөлінбеген учаскелер қазақ қауымға дәстүрлі қолдануға қайтарылады; шектелімді енгізу негізінде далаға деген көші-қон тоқталады және т.б..

Съезд Құрылтай жиналысына дайындалу туралы сұрақты талқылады, депутаттар кандидаттарының тізіміне 81 адам енгізілді – Қазақстан, сонымен қатар қазақ қауымының Бұхарасы, Ферғана, Хиваның барлық аймақтары өкілдері. Олардың ішінде «Қазақ» газетінің жетекшілері, қазақ ұлттық-либералдық қозғалыстың көшбасшылары А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, аймақтардың көшбасшылары: А.Ермеков, Х.Ғаббасов (Семей), Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов (Батыс Қазақстан), М.Тынышпаев (Жетісу), М.Шоқаев, С.Ж.Асфенияров (Түркістан елі). Кандидаттардың ішінде орыс ғалымы Г.Потанин және саяси қайраткері В.Чайкин да болды.

«Қазақ» газетінің айналасында біріккен қазақ зиялысы съезд шешіміне күшті әсерін тигізді. Осының арқасында қазақ тұрғындарына мұсылман діни басылардың тигізу әсерінің мүмкіндігі аз болды: клерикалдық соттар жойылды, олардың орнына құқықтық құрылымдар енгізілуі керек еді; әйелдер мен ерлердің құқықтары тең болды, қалың мал беруге тыйым салынды. Білім міндетті және азаматтық өкіметке бағынышты болуы керек.

Сонымен бірге съезд шешімі Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары және Каспий сырты облыстарының қазақ аудандарын басқару үшін Орынборда тәуелсіз муфтиатты құруды қарастырды.

Алғашқы барлық қазақ съезді шын мәнінде «Алаш» қазақ ұлттық саяси партиясына белгіленді. Оның шешімінде былай айтылған: «Қазақ партиясының білімін міндетті етіп мойындап отыра, съезд қазақтардан бастап барлық ресейлік мұсылман кеңесі өкілдеріне осы партияның бағдарламасын әзірлеуді тапсырады, сонымен қатар саяси бағдарламаның негізіне демократиялық федеративтік парламенттік Республиканың талабы (Ресейде құруы) қабылдануы керек. «Алаш» партиясының көшбасшылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және қазақ зиялы буржуазия-демократиялық бағыттың басқа өкілдері болды, бұл либералдық байлық пен шағын буржуазиялық демократияның партиясы болды.

«Алаш» партиясына сондай-ақ ғылыми және шығармашылық зиялы өкілдері кірді: М. Тынышпаев, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы,Г. Қарашев, С. Торайғыров, X. Ғаббасов, А. Ермеков, Ж. және X. Досмұхамедовтар және т.б.Олардың көбі 1917 жылдың жаз айларында болған әлеуметтік бағдарламаны қабылдамады, себебі қазақ қауымы толығымен бұған дайын болған жоқ. Олар «Қазақ халқын отарлық қысымынан босату!» ұранымен бірікті.

1917 жылы күзі айында Қазақстанда өзін «Қырғыз (Қазақ) әлеуметтік партиясы» деп атаған тағы бір ұлттық-саяси ұйымы – «Үш жүз» партиясы пайда болды. Оның көшбасшысы Қолбай Тоғысов болды. Партия большевистік бағдарын ұстанды және Қазақстан өмірінің көптеген қоғамдық-саяси сұрақтары бойынша «Алаш» партиясының басты оппоненті болып отырды.

1917 жылы жаздың соңында мен күздің басында елде көпшілктің бірлескен солшылдануы басталды, бұл өзінің ұлттық құрамы бойынша көбінесе орыс ұйымдарын ұсынатын Кеңестерге большевиктер әсері салдарының өсуі болды.

Корниловшылардың күйреуі контрреволюция күштерінің тәртібін бұзды және әлсіретті, большевиктердің беделін көтерді. Ел бойынша Кеңестердің большевиктенілуі басталды. Осыған байланысты большевик партиясы 1917 жылы маусым оқиғаларынан кейін уақытша шешілген, «Барлық үкімет Кеңестерге!» ұрындарын қайтадан шығарды. Енді бұл ұран қарулы көтерілске шақыртуын және Уақытша үкіметті құлатуын, пролетариат диктатурасын орнатуға шақырғанын білдірді.

1917 жылы 24 қазанда 6 (қараша) Петроград қ. қарулы көтеріліс басталды. Екінші күні көтеріліске шыққан жұмысшылар, сарбаздар және теңізшілер астананың маңызды объектілерін алды. 25 қазанда (7 қараша) таңертең Әскери-төңкерістік комитет Уақытша үкімет құлатылғаны туралы хабарлады.

Қазақстанда Кеңестер қолдарына өкіметтің толық ауысуы үшін Петроградтағы Қазан қарулы көтерілістің жеңісі және орталықта кеңес өкіметінің орнатылуы, сонымен қатар Қазақстанның белгілі ірі қалалары – Ташкент, Омбы, Орынбор, Астраханьда маңызды шешімдері болды. Бірақ Қазақстанда кеңес өкіметінің орнатылуы 1917 жылдың аяғынан 1918 жылдың наурыз айына дейін созылды. Елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени мешеулігі, жергілікті жұмыс тобы және большевистік ұйымдардың аздығы және әлсіздігі, ұлтаралық қатынастардың қиындығымен туындаған ауырпалықтар осы процесті асқындырды. Жергілікті гарнизон жауынгерлері, сарбаздар депутаттарының Кеңесіне біріккен, Ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанға оралған бұрынғы майдангерлер және оларға бейбітшілік, ал шаруаларға жер беруге сөз берген өкіметке мүддесі бар ниеттенген максималистер елдегі кеңес өкіметінің жеңісінде маңызды рөлін ойнады.

Орал, Жетісу, Сібір және Орынбор казак жасақтары әскери үкіметінің қажырлы тойтарысына, сонымен қатар, Құлаған Уақытша үкіметтің жақтаушылары орталық аудандардан қашып, Қазақстанның әр түрлі қалаларында (әсіресе Оралда) жиналғанына байланысты жағдай тереңдете берді.

Сырдария, Ақмола облыстарының көптеген аудандары, сонымен бірге Бөкей Ордасында большевиктер басқарған күштерде шешуші басымдылық болды және Уақытша үкіметті жақтаушылар қарулы тойтарыс бере алмады, Кеңестердегі берік көпшілігін жұмысшылар мен кедей шаруалардың жаулап алу жолымен – бейбітшілік жолымен кеңес өкіметі жеңді..

Торғай, Орал, Семей және ішінара Жетісу облыстарында жағдай басқаша болды, сол жерлерде уақытша үкіметтің жақтаушылары маңызды күштеріне ие болды. Қарулы көтеріліс және Уақытша үкіметтің жергілікті органдары мен одақтастардың қарсы тұру күштерін басу жолы арқылы жергілікті гарнизондағы қызыл гвардияшыл жасағы және пробольшевисттік солдаттар күштерімен кеңес үкіметі көптеген аудандарда, сондай-ақ облыс орталықтарында және үйезді қалаларда орнатылды.

1917 жылдың қазан соңынан бастап, 1918 жылдың наурыз айына дейін кеңес өкіметі ең алдымен Қазақстан қалалары мен басқа ірі елді мекендерінде орнатылды. Қазақстан ауылдарының негізгі көпшілігінде кеңес өкіметін орнату процесі азаматтық соғыстың басталғанына дейін жалғасты. Сол процеске белсенді қатысқандар: А. Т. Джангелдин, С. Сейфуллин, К. Сүтішев, А. Асылбеков, Б. Серікбаев, А. Майқытов, И. Дубынин, К. А. Шугаев, Я. В. Ушанов, С. М. Цвиллинг, А. Иманов, Т. Рысқылов, П. М. Виноградов, Т. Бокин, Л. П. Емелев, Т. Утепов, А. Розыбакиев және т.б.

Кеңес өкіметін орнатуымен бірге экономика мен мәдениетті қайта құру бойынша шаралар қолданды: өнеркәсіп мекемелерінде бақылау енгізілді (Спасск зауытында, Қарағанды шахталарында, Успенск кең орны, Эмбен мұнай кәсіпшлігінде және т.б.), өнеркәсіп мекемелері мен банкілердің ұлттандырылған қатары болды. ІІ Бүкіл ресейлік съезінде қабылданған жер туралы Декретін іске асыру бойынша алғашқы қадамдар жүзеге асырылды. В.И. Ленин қолдауымен петроград жұмысшылары Шығыс Қазақстанда үш коммунасын ұйымдастырды: «Жер қазушы-коммунистердің Бірінші Ресейлік қоғамы», «Жер қазушы-коммунистердің Екінші Ресейлік қоғамы» және «Күншуақ» коммунасы.

Жергілікті шарттар мен шаруалар бастамасын есепке ала отырып, кеңес органдары, жер туралы Декрет Кеңестерінің облыстық және үйездік съездері толтырылып, дамып отырды.

Ақпан көтерілісінің жеңісінен кейін, ең алдымен ұлттық-мемлекеттік құрылыстың мәселелері, сонымен қатар ұлттық мәселелерін өткірірек талқылай бастады. Кеңес өкіметі ұлттық саясатының негізгі қағидаттары Кеңес үкіметінің екі маңызды құжаттарында айтылды - Ресей халықтары құқықтарының Декларациясы (1917 ж. 2 қараша) және Кеңес үкіметінің «Ресей және Шығыстың еңбек еткен барлық мұсылмандарына» арналған жолдауы (1917 ж. 20 қараша).

1918 жылғы қаңтарда қабылданған Кеңестердің ІІІ Бүкілресейлік сьездіндегі Ленин жазған "Еңбекші және көшіп-қонушы халықтар декларациясы" кеңес федерациясындағы Комунистік партия тарапынан мемлекеттік құрылым ретінде шоғырланған принципті түсінігін кеңестер республикасынан тапты. «Кеңес Ресейлік Республикасы кеңес ұлттық республикалардың федерациясы сияқты азаттық одақ пен азаттық ұлттар негізінде құрылады» - деп осы Декларацияда айтылған.

РКФСР пайда болғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автономдық республикалардың құруына дайындығы бойынша жұмысы басталды. Большевистік ұйымдар, Қазақстан және Түркістан Кеңестері Бүкіл қазақтық және бүкіл түркістандық Кеңестердің съезін шақыртып алу дайындығын бастады. Бүкіл қазақтық Кеңестер съезіне шақырудың дайындық жұмыстары кеңес өкіметін нығайту процесімен бірге жүрді. Оны нығайту үшін күресі дәл сол уақытта кеңестік мемлекетті құру үшін күресі болды. Кеңестік негізде Ақпан төңкерісін және Қазақ мемлекетінің білім идеясын қолдамаған «Алаш» ұлттық партиясы мен оның көшбасшылары осындай оқиғалар ісімен келісе алмады.

Ақпан төңкерісіне дейін қазақ либералдық-демократиялық қозғалыстың көшбасшылары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына өзінің бағдарламалық көзқарастарын насихаттады, ал төңкерістен кейін Петроград қаласында «Қазақ» газетінде 21 қарашадан Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулахмит Жүндібаев және ғазымбек Бірімжанов құрастырған «Алаш» партиясының жобалық жобасын жариялады:

І. Мемлекеттік құрал. Ресей демократиялық Федеративтік Республика болу керек... Федеративтік Республикаға кіретін, әр мемлекет тәуелсіз болғандықтан, басқа мемлекеттермен – федерация мүшелерімен бірігіп әрекет жасайды...

II. Жергілікті азаттық. Қазақтар автономиясы жергілікті облыстардан құрылады және Ресей Федеративтік Республикасының бір бөлігін құрайды... «Алаш» партиясы әділеттіліктің жағқтаушысы болып табылады, біз үшін кедейлер – жолдастар, қанаушылар – қастар.

III. Негізгі құқық. Ресей Республикасында барлығы дін сеніміне, ата-тегі, жынысының айырмашылығана қарамастан, тең құқықты деп саналады.

Ресей республикасында теңқұқықтық, жеке адамның дербес құқықтылығы, сөз, баспасөз бостандағы, одақтар бостандығы...

IV.Дін. Дін мемлекеттен бөлінеді. Барлық діндер тең құқылы... қазақтарда жеке муфтиат болу керек...

V. Билік және сот. Билік пен сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылу керек. Билер мен төрешілер жергілікті халықтың тілін білуі тиіс... Қазақтардың көбін құрайтын аудандарда, сот тілі қазақ тілі болып табылады.

VI.Халықты қорғау. Халықты қорғау үшін әскер болу керек...Қазақтар қызметті атты милиция түрінде өтейді.

VII. Салық. Салықтарды өндіріп алу мүліктік жай-күйдің бай болу деңгейі бойынша өтеді; бай көп төлейді, ал кедей аз төлейді.

VIII.Жұмысшылар. Жұмысшылар заңмен қорғалу керек... «Алаш» партиясы осы сұрақта әлеуметтік-демократтардың меньшевиктік топтар бағдарламасын қолдайды.

IX. Ғылым мен ағартушылықтың дамуы. Білім барлықтардың дәулеті болу керек. Барлық оқу орындарында білім алу - тегін. Бастауыш мектептерде сабақтар туған тілде өту тиіс. Қазақтар туған тілде орта оқу мекемелеріне, университеттерге ие болу керек. Оқу орындары автономды болу керек, өкімет білімге арасласпайды...

X.Жер мәселесі. Құрылтай жиналысында жер заңын шығарған кезде ең алдымен тұрғылықты халықтың жерді иеленуі негізге жатуы тиіс; қазақ тұрғындарын жермен қамтамасыз еткенге дейін қазақ жерлеріне шаруалардың көшуін тоқтатылуы керек; бұрын жер аудару қоры тартып алған қоныстанбаған учаскелерді қазақтарға қайтарылуы тиіс12.

Құрылтай жиналысына сайлауда бағдарлама «Алаш» партиясына үлкен сәттілікті қамтамасыз етті және 1917 жылы 5-12 желтоқсанда болған Екінші бүкіл қазақтық съезінде қазақ халқының әр түрлі топ өкілдерін біріктірді.

Төралқа төрағасы Бақыткерей Құлманов және оның орынбасарлары Әлихан Бөкейханов, Әзімхан Кенесарин, Халел Досмұхамедов және Омар Қарашаев басқарған съезд қазақ автономиясы мен оның үкіметінің құрылуы туралы сұрақтарына көңілдерін аудара отырып, тез арада өзгеретін саяси жағдайларда партия тактикасының әр түрлі аспектілерін талu




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
За I-півріччя 2012 року | Стихотворений.

Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 578. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия