Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

бап. Алдын ала декларациялау 6 страница





462-бап. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық
және өзге де қызметке қатысушыларға
тексеру жүргізу мерзімдері

Ескерту. 462-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен.

463-бап. Кеден органы лауазымды адамдарын кеден ісі
саласындағы сыртқы экономикалық және
өзге де қызметке қатысушыларға тексеру
жүргізу үшін аумаққа немесе үй-жайға жіберу

1. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы осы Кодекстің 452-бабына сәйкес кеден органының лауазымды адамдарын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) жіберуді қамтамасыз етуге міндетті.
2. Тексеру жүргізуші кеден органының лауазымды адамдарын көрсетілген аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) жіберуді қамтамасыз етуден бас тартылған жағдайда хаттама жасалады.
3. Хаттамаға екі куәгердің қатысуымен тексеру жүргізетін кеден органының лауазымды адамы және кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы қол қояды. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы көрсетілген хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда бас тартудың себептері туралы жазбаша түсінік беруге міндетті.
4. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының, егер:
1) нұсқама табыс етілмеген не белгіленген тәртіппен ресімделмеген;
2) нұсқамада көрсетілген тексеру мерзімдері басталмаған немесе өтіп кеткен;
3) кеден органдарының осы лауазымды адамдары нұсқамада көрсетілмеген;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеруге жататын аумаққа немесе үй-жайға жіберу үшін арнаулы рұқсат қажет болса, ал лауазымды адамдардың аумаққа немесе үй-жайға кіруге мұндай рұқсаттары болмаған;
5) сұратылған құжаттаманың тексерілетін кезеңге қатысы болмаған жағдайларда кеден органының лауазымды адамдарына тексеру жүргізу үшін аумаққа немесе үй-жайға жіберуден бас тартуға не оларға құжаттарды бермеуге құқығы бар.

464-бап. Кеден органы лауазымды адамдарының кеден
ісі саласындағы сыртқы экономикалық және
өзге де қызметке қатысушыларға тексеру
жүргізу кезіндегі өкілеттігі

1. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргізу кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары:
1) тауарлар мен көлік құралдарының болуын тексеруге және оларға кедендік қарауды жүзеге асыруға;
2) кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысты құжаттарды, оның iшiнде бухгалтерлiк құжаттаманы тексеруге;
3) тұлғалардан кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асыруға қатысты құжаттар, оның iшiнде бухгалтерлiк құжаттамалар, анықтамалар, жазбаша және ауызша түсініктер алуға;
4) тауарлар мен көлік құралдары бар үй-жайларды мөрлеуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысты және кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғаны туралы куәландыратын құжаттарды алып қоюға құқылы. Алып қою кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға алып қойылатын құжаттардың көшiрмелерін түсiріп алу мүмкiндiгі берiлгеннен кейiн жүргізіледi.
2. Алынған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қайтарылады.
3. Аталған шараларды қолданбау кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарды жасыруға әкеп соғуы мүмкін ерекше жағдайларда мөрлеу және алып қою жүзеге асырылады.
Ескерту. 464-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңдарымен.

465-бап. Камералдық бақылаудың аяқталуы

1. Камералдық бақылау аяқталғаннан кейін кеден органының лауазымды адамдары:
1) камералдық бақылаудың жүргізілген орнын, актінің жасалған күнін;
2) камералдық бақылау жүргізген кеден органы лауазымды адамдарының лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (бар болғанда);
3) кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болғанда) не толық атауын;
4) кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының тұрған жерін, банк деректемелерін;
5) алдыңғы камералдық бақылау және бұрын анықталған Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы мәліметтерді;
6) кеден ісі саласында анықталған құқық бұзушылықтарды Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің тиісті нормаларына сілтеме жасай отырып, егжей-тегжейлі сипаттауды;
7) кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыны камералдық бақылаудың нәтижелерін көрсете отырып камералдық бақылау актісін жасайды.
2. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға камералдық бақылау актісін тапсырған күн камералдық бақылау мерзімінің аяқталған күні болып есептеледі.
3. Егер камералдық бақылау аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзу анықталмаса, камералдық бақылау актісінде тиісті жазба жасалады.
4. Камералдық бақылау актісіне құжаттардың көшірмелері, есеп-қисаптар және басқа да материалдар қоса тіркеледі.
5. Камералдық бақылау актісі бақылауды жүргізген кеден органы лауазымды адамдарының қолы қойылып, екі данада жасалады.
6. Камералдық бақылау актісі актілерді тіркеудің арнаулы журналында тіркеледі, ол нөмірленуге, байлап-қайымдалуға және кеден органының мөрімен бекітілуге тиіс.
7. Камералдық бақылау актісінің бір данасы кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға қолын қойғызу арқылы немесе актіні алу фактісін растайтын өзгеше тәсілмен беріледі.
8. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы камералдық бақылаудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының басшысы немесе уәкілетті лауазымды адамы камералдық бақылау актісіне тиісті жазба жасайды.
Ескерту. 465-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен.

466-бап. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және
өзге де қызметке қатысушыларды кеденнен кейінгі
бақылау нәтижелері бойынша шешім

1. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушысын кеденнен кейінгі бақылау аяқталғаннан кейін кеден органы кеденнен кейінгі бақылаудың нәтижелері туралы актіде көрсетілген нәтижелердің негізінде осы Кодекстің 350-бабында көзделген нысанда кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың есепке жазылған сомалары туралы хабарлама шығарады.
2. Хабарлама осы Кодекстің 350-бабында көзделген тәртіпке сәйкес кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға жіберіледі.
3. Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың есепке жазылған сомалары туралы хабарлама алған кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы оны осы Кодекстің 350-бабында белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
4. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде кеденнен кейінгі бақылаудың нәтижелеріне шағымдануға құқығы бар.
Ескерту. 466-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен.

467-бап. Кеден ісі саласындағы аудит

Кеден ісі саласындағы аудит Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

60-тарау. Тәуекелді бағалау және басқару

468-бап. Жалпы ұғымдар және тәуекелді басқаруды
қолдану мақсаттары

1. Тәуекел - Қазақстан Республикасының кеден заңдарын сақтамаудың мемлекет үшін залалға әкеп соғуы мүмкін ықтималдық дәрежесі.
Тәуекелді бағалау - тәуекелдің деңгейін бағалау және алдын ала айқындалған стандарттармен салыстыру арқылы тәуекелді басқарудың басымдықтарын жүйелі түрде айқындау.
Тәуекелді басқару - тәуекелдің алдын алу үшін бақылау әдістерін айқындауға мүмкіндік беретін, талдау мен тәуекелді басқарудың автоматтандырылған жүйесінде жүзеге асырылатын алдын алу шараларын қолдану техникасы.
2. Тәуекелді басқаруды қолданудың мақсаттары:
1) тәуекелдің деңгейі жоғары салаларға жіті назар аудару және қолда бар ресурстардың неғұрлым тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
2) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау жөніндегі мүмкіндіктерді арттыру;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңдарын сақтайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Ескерту. 468-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

469-бап. Тәуекел санаттары

Тәуекел санаттарына мына объектілер:
1) тауарлардың түрлері;
2) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың коды;
3) тауарлар шығарылған ел;
4) тауарларды жөнелткен ел;
5) тауарлар жеткізілетін межелі ел;
6) көлік құралдары;
7) кедендік құн;
8) тауарларды өткізу маршруты;
9) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы;
10) кедендік ресімдеу үшін тапсырылған құжаттар жатқызылуы мүмкін.

469-1-бап. Алдын ала ақпарат беру

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, тасымалдаушылар, кеден ісі саласында лицензиясы бар тұлғалар кеден органдарына электрондық түрде жүк, жолаушылар, көлік құралдары және жүру бағыты туралы алдын ала ақпаратты береді.
Кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен алдын ала ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
Алдын ала ақпаратты беру және пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 469-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

470-бап. Кеден органдарының тәуекелді бағалау және
басқару жөніндегі қызметі

1. Уәкілетті орган тексеру жүргізу сатысында тұрған, сондай-ақ іс жүргізушілік шешім қабылданған құқық бұзушылықтардың барлық фактілерін қоса алғанда, кеден ісі саласында жасалған құқық бұзушылықтар туралы статистикалық және шұғыл ақпаратты жинайды, оған қорытындылау және талдау жүргізеді.
2. Тәуекел көрсеткіштерінің тізбелерін, оларды анықтау мен қолданудың өлшемдерін уәкілетті орган белгілейді.
3. Тәуекел көрсеткіштерінің белгіленген тізбелерін кеден органдары кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік бақылаудың сараланған нысандарын қолдану үшін пайдаланады және бұл тізбелер тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілуін шектеу үшін негіз бола алмайды. Осы тізбелер жасырын ақпарат болып табылады.
4. Қалыптасқан шұғыл жағдайды ескере отырып, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің ұсынысы бойынша тәуекел көрсеткіштерінің тізбелері оларды қолданудың барлық уақыты ішінде өзгеруі мүмкін.
5. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ең төменгі деңгейдегі немесе ең жоғары деңгейдегі тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызу және оларға кедендік рәсімдердің жекелеген түрлері мен кедендік бақылау нысандарын қолдану тәртібі уәкілетті органның аумақтық құрылымдарының кеден ісі саласындағы коммерциялық емес ұйымдармен бірлесіп әзірлеген ұсыныстары негізінде белгіленеді.

61-тарау. Кедендік бақылауға қатысты қосымша ережелер

471-бап. Кеден органдарының кедендік бақылаудың
белгілі бір нысандарын қолданудан босатуы

1. Кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолданудан босатуы тек қана осы Кодексте белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің және онымен бірге жүретін оның отбасы мүшелерінің жеке багажы кедендік тексеріп қарауға жатпайды.
3. Егер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінiң Iс басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметінiң бастығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан қызметтік міндеттерін немесе депутаттық өкілеттіктерін орындауға байланысты өтетін болса, аталған тұлғалардың жеке багажы кедендік тексеріп қараудан босатылады.
4. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, өз жүрісімен бара жатқан шетелдік әскери корабльдер (кемелер), әскери әуе кемелері және әскери техника кедендік тексеріп қараудан босатылады.
Ескерту. 471-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

472-бап. Кеден органдарының кедендік бақылау
жүргізген кезде тұлғалар туралы
ақпарат жинауы

1. Кеден органдары кедендік бақылау жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге байланысты сыртқы экономикалық қызметті не кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпараттарды, олардың тіркелуі, орналасқан жері туралы деректерді, сондай-ақ азаматтардың деректерін: тегін, атын, әкесінің атын, туған күні мен жерін, жынысын, тұрғылықты мекенжайын жинауды жүзеге асыруға құқылы.
2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың кеден органдарында бар өздері туралы құжатталған ақпаратпен танысуға және оның толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында осы ақпаратты нақтылауға құқығы бар.
3. Кеден органдары тұлғалар туралы ақпарат жинауды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде, сондай-ақ аталған ақпаратты салық органдарынан, ішкі істер органдарынан, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардан алу арқылы және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырады.

473-бап. Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде
техникалық құралдарды пайдалану

Кедендік бақылау жүргізу уақытын қысқарту және оның оңтайлылығы мен тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары тізбесі мен қолдану тәртібін уәкілетті орган белгілейтін техникалық құралдарды пайдалана алады.
Көрсетілген техникалық құралдар адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктердің өсіп-өнуіне қауіпсіз болуға және тұлғаларға, тауарларға және көлік құралдарына зиян келтірмеуге тиіс.

474-бап. Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден
органдарының кемелерін пайдалану

1. Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) мен ішкі суларының шектерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жапсарлас аумақта тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау кеден органдарының теңіз, ішкі сулар және әуе кемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
2. Теңіз, ішкі сулар және әуе кемелерін пайдалана отырып кедендік бақылауды жүзеге асырған кезде кеден органдары:
1) көлік құралында кедендік бақылауға жататын тауарларды заңсыз өткізу белгілері табылған жағдайда көлік құралын тоқтатуға және оны тексеріп қарауға;
2) көлік құралындағы қылмыс жасады деп күдік тудырған адамдарды Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен ұстауға;
3) егер ізіне түсу Қазақстан Республикасының ішкі суларында, аумақтық суларында (теңізінде) тоқтау туралы көру немесе есту сигналы оны көруге немесе естуге мүмкіндік беретін қашықтықтан берілгеннен кейін басталса және үздіксіз жүргізілсе, Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан кеден органдарының рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жапсарлас аумаққа аттанған теңіз, ішкі сулар кемелерін олар өз елінің немесе үшінші мемлекеттің аумақтық суларына (теңізіне) енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) шегінен тыс жерде ізіне түсуге және ұстауға;
4) кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес алып қою үшін ұстауға;
5) осы Кодексте көзделген жағдайларда көлік құралдарын ілестіріп алып жүруге, оның ішінде кеден органдарының лауазымды адамдарын оларға отырғызып алып жүруге құқылы.
3. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде кеден органдары кемелерінің экипаждарына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
1) тиістілігіне және қандай мақсатқа арналғанына қарамастан, Қазақстан Республикасының су және әуе кеңістігін, Қазақстан Республикасының аумағындағы теңіз және өзен порттарының айдындарын, сондай-ақ әуежайларды, әуеайлақтарды (қону алаңдарын) пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органымен келісілген тәртіппен портқа кіретін және порттан шығатын жерлерді пайдалануға;
3) кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті навигациялық, гидрометеорологиялық, гидрографиялық және өзге де ақпаратты өтеусіз алуға құқық беріледі.

475-бап. Тауарлармен және көлік құралдарымен
жүргізілетін, кедендік бақылау үшін қажетті
жүк операциялары мен өзге де операциялар

1. Кеден органының талабы бойынша декларант, қойманың иесі, кеден брокері және тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлға кедендік бақылауға жататын тауарларды тасымалдауды, өлшеуді немесе тауардың мөлшерін өзгеше айқындауды, тауарларды тиеуді, түсіруді, қайта тиеуді, бүлінген орамды түзетуді, орамды ашуды, тауарларды орауды не қайта орауды, сондай-ақ үй-жайларды, ыдыстарды және мұндай тауарлар бар немесе болуы мүмкін басқа да орындарды ашуды жүргізуге міндетті.
2. Тасымалдаушы өзі тасымалдайтын тауарлармен және көлік құралдарымен жүк және өзге де операциялардың жүргізілуіне жәрдемдесуге міндетті.
3. Тауарлармен және көлік құралдарымен жүргізілетін жүк операциялары мен өзге де операциялар кеден органы үшін қандай да болмасын қосымша шығыстарға әкеп соқпауға тиіс.

476-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын, үй-жайларды
және басқа да орындарды бірдейлендіру

1. Кедендік бақылауға жататын көлік құралдарын, үй-жайларды, ыдыстарды және тауарлар мен көлік құралдары бар немесе болуы мүмкін басқа да орындар мен бақылауы кеден органдарына жүктелген қызмет жүзеге асырылатын орындарды, сондай-ақ кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын кеден органдары бірдейлендіре алады.
2. Бірдейлендіру пломбылар қою, мөр басу, санмен, әріппен және өзге де таңба қою, бірдейлендіру белгілерін салу, мөртабандар қою, сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу, тауарларды егжей-тегжейлі сипаттап жазу, сызбалар жасау, масштабтық бейнелер, фотосуреттер, иллюстрациялар жасау, тауардың ілеспе құжатын және өзге де құжаттаманы пайдалану жолымен және өзге де тәсілдермен жүргізіледі.
3. Бірдейлендіру құралдарын қолдану және дайындау тәртібін, сондай-ақ олардың стандарттарын уәкілетті орган белгілейді. Кедендік мақсаттар үшін бірдейлендіру құралдары ретінде пломбылар, мөрлер немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетел мемлекеттерінің кеден органдары қойған өзге де бірдейлендіру құралдары танылуы мүмкін.
4. Тауарлар мен көлік құралдары жойылуының, қайтарымсыз жоғалуының немесе елеулі түрде бүлінуінің нақты қаупі болу жағдайларын қоспағанда, бірдейлендіру құралдарын тек кеден органдары өзгертуі, алып тастауы немесе жоюы мүмкін немесе бұл олардың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Кеден органына бірдейлендіру құралдарының өзгерістері, алынып тасталуы немесе жойылуы туралы тез арада хабарланады және аталған қатердің бар екендігіне дәлелдеме беріледі.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 514. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия