Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

бап. Алдын ала декларациялау 2 страница





398-бап. Кеден брокерінің міндеттері

1. Кеден брокерінің міндеттері:
1) осы Кодексте және кеден ісі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау;
2) кеден органының талабы бойынша декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдарын көрсету;
3) кеден органына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді табыс ету;
4) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тауарлар мен көлік құралдарына қатысты есеп пен есептілікті жүргізу;
5) кедендік бірдейлендіру құралдарының анықталған кез келген өзгерісі, жойылуы, бүлінуі немесе жоғалуы, ыдыс пен ораманың бүлінуі, тауарлардың олар туралы көліктік, коммерциялық және өзге де құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келмеуі, әртүрлі құжаттардағы тауарлар туралы мәліметтердің сәйкес келмеуі және кеден ісіне қатысы бар өзге де жағдайлар туралы кеден органдарын уақтылы хабарлау;
6) (алып тасталды - 2007.07.26. N 312)
7) кеден органына кеден брокерінің штатындағы мамандар туралы мәліметтерді ұсыну;
8) өкілдік беруші тұлғадан алынған кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің сәйкестігін тексеру;
9) кеден органының талабы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде қатысу және кеден органдарының лауазымды адамдарына кедендік ресімдеуді жүргізуде жәрдем көрсету;
10) кеден органының талабы бойынша өкілдік беруші тұлғаның есебінен тасымалдауды, өлшеуді немесе тауарлардың саны мен сапасын өзгеше анықтауды, тиеуді, түсіруді, қайта тиеуді, орамалардың бүлінгендерін жөндеуді, орамаларды ашуды, кедендік ресімдеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын орауды не қайта орауды жүзеге асыру, сондай-ақ үй-жайларды, ыдыстарды және көрсетілген тауарлар мен көлік құралдары болуы мүмкін басқа да орындарды ашуды қамтамасыз ету;
11) кедендік төлемдерді және салықтарды дұрыс есептеу;
12) егер бұл өкілдік беруші тұлғамен жасалған шартта көзделсе, декларациялайтын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу;
13) кедендік төлемдердің және салықтардың төленгендігін растайтын төлем құжаттарының кеден органына ұсынылуын қамтамасыз ету;
14) кеден брокері декларациялайтын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүргізетін ветеринариялық, фитосанитариялық және басқа да бақылау түрлері талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
15) кедендік ресімделуі аяқталмаған тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану мен иелік етуге арналған шарттар мен шектеулерді тауарлар мен көлік құралдары шығарылғанға дейін не оларды таңдалған кедендік режимге сәйкес өкілдік беруші тұлғаның билігіне бергенге дейін сақтау;
16) өкілдік беруші тұлғалармен жасалған шарттардың тізілімін жүргізу;
17) кеден органының талабы бойынша брокерлік қызмет көрсетуге жасалған шарттарды ұсыну болып табылады.
2. Кеден брокерінің кеден органдарының алдындағы міндеттері өкілдік беруші тұлғамен жасалған шартпен шектелмеуге тиіс.
3. Кеден брокерінің міндеттері барлық кеден брокері үшін бірыңғай болып табылады. Жекелеген кеден брокерлері үшін жеке сипаттағы жеңілдіктер, ерекше (эксклюзивтік) құқықтар және өзге де артықшылықтар беруге тыйым салынады.
4. Кедендік ресімдеу бойынша операциялар жасау фактісі кеден брокеріне кедендік режимді қолданудың аяқталуына байланысты операцияларды жасау жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тауарларды өткізетін тұлғаға ғана жүктелетін өзге де міндеттерді жүктемейді.
Ескерту. 398-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

399-бап. Кеден брокерінің жауапкершілігі

1. Осы Кодекске сәйкес кеден декларациясын бергенге дейін немесе онымен бір мезгілде төленуге тиіс кедендік төлемдердің және салықтардың төленбегені үшін кеден брокері өкілдік беруші тұлғамен жасалған шартқа сәйкес жауапты болады.
2. Осы Кодексте белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін кеден брокері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

400-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары

Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру үшін мынадай біліктілік талаптарына сай болу қажет:
1) осы Кодекстің 424-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен үйлесімді бағдарламалық өнімдерді орнату және міндетті түрде пайдалану үшін компьютер құрал-жабдығының болуы;
2) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу бойынша делдалдық қызмет көрсетуге байланысты өкілдік беруші тұлғалардың мүліктері мен мүдделеріне зиян келтіргені үшін кеден брокерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы.
Ескерту. 400-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

401-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге
асыру құқығына арналған лицензия

1. Кеден брокері ретіндегі қызметке осындай қызметті жүзеге асыру құқығына уәкілетті орган берген лицензияны алғаннан кейін жол беріледі.
2. Лицензия алу үшін:
1) мүдделі тұлғаның белгіленген нысан бойынша өтінішін;
2) өтініште көрсетілген мәліметтерді және өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар, атап айтқанда:
тіркеу құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
осы Кодекстің 400-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
3) лицензия бергені үшін алым төлегендігін растайтын құжаттар ұсыну қажет.
4) (алып тасталды - 2005.06.20. N 62 Заңымен)
3. Лицензия беру туралы өтінішті қарау кезінде уәкілетті орган өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттарды сұратып алуға құқылы.
4. Осы тарауда реттелмеген, лицензиялауға байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен реттеледі.
Ескерту. 401-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

402-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына арналған лицензияның қолданылуын
тоқтата тұру

1. Лицензияларының қолданылуы соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұратын шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, кеден брокері кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын талаптар мен міндеттерді сақтамаған жағдайда, сондай-ақ кеден брокері өз құқықтарын теріс пайдаланатындығына жеткілікті негіздер болған жағдайда, уәкілетті органның шешімі бойынша, себептері көрсетіле отырып лицензияның қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган дербес не кеден органы ұсынымының негізінде мұндай шешімді негіздей отырып бұйрық нысанында қабылдайды.
3. Лицензияның қолданылуы тиісті шешім қабылданған күннен бастап тоқтатыла тұрады.
4. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылғаннан кейін, лицензияның қолданылуын жаңғырту туралы шешім қабылданған күннен бастап уәкілетті орган басшысының бұйрығымен лицензияның қолданылуы жаңғыртылады.
5. Лицензияның қолданылуы кеден брокерінің дәлелді өтініші бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін.

403-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына арналған лицензиядан айыру

Лицензиядан айыру үшін:
1) көрінеу дұрыс емес мәліметтер беру;
2) кеден ісі саласында бір жылдың ішінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
3) (алып тасталды - 2007.07.26. N 312)
4) лицензияның қолданылуын бұрын тоқтата тұруға негіз болған себептердің жойылмауы;
5) соттың лицензиатқа брокерлік қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салуы негіз болып табылады.
Ескерту. 403-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

404-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына арналған лицензияның қолданылуын
тоқтату

1. Мынадай жағдайларда:
1) лицензиядан айырылған;
2) кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) кеден брокері уәкілетті органға жазбаша нысандағы тиісті өтінішін ұсына отырып, кедендік қызмет көрсету жөніндегі қызметін тоқтатқан жағдайларда лицензияның қолданылуы тоқтатылады.
2. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда, заңды тұлға өзі кеден брокері ретіндегі қызметті тоқтатқанға дейін қабылдаған барлық міндеттемелерді орындауға міндетті.
3. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешім лицензияның қолданылуын тоқтату себептері көрсетіле отырып, уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.
Заңды тұлғаның кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуы лицензиядан айыруға байланысты тоқтатылған жағдайда, лицензияның қолданылуын тоқтату туралы жеке бұйрық шығарылмайды.
Лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда, оның қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде лицензия уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.
Ескерту. 404-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

405-бап. Кеден брокерінің қызметіне арналған қосымша
ережелер

1. Лицензияға енгізілмейтін, лицензия алуға арналған өтініште көрсетілген кеден брокері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, кеден брокері өзгерістер болған кезден бастап бір ай мерзімде бұл туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
2. Кеден брокерінің лицензияда көрсетілген атауы, тұрған орны өзгерген жағдайда, ол бір айдың ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса тіркей отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Уәкілетті орган кеден брокері тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он күннің ішінде белгіленген тәртіппен жаңа лицензия беру арқылы лицензияны қайта ресімдейді.
3. Кеден брокері лицензияда көрсетілген шектеулі қызмет саласын кеңейту туралы шешім қабылдаған жағдайда, жаңа лицензияны алудың белгіленген тәртібіне сәйкес оны алу қажет. Бұрын берілген лицензияның қолданылуы жаңа лицензия берілген кезден бастап тоқтатылады.
4. Лицензия жоғалған жағдайда кеден брокерінің өтініш берген күннен бастап он күн ішінде дубликат алуға құқығы бар. Дубликат бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді.
5. Кеден органдарының кеден брокері ретіндегі қызметті лицензиялауға байланысты шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалына алады.
6. Кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғалардың арасындағы қатынастар лицензияның қолданылуы тоқтатылған, одан айырған және тоқтатыла тұрған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Ескерту. 405-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

406-бап. Кеден брокерлерінің тізілімі

Уәкілетті орган кеден брокерлерінің тізілімін жүргізеді және оның ай сайын жариялануын, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жариялануын қамтамасыз етеді.

407-бап. Кедендік ресімдеу жөніндегі маман

Ескерту. 407-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

408-бап. Кедендік ресімдеу жөніндегі маманның
біліктілік аттестатының қолданылуын
тоқтата тұру және оны қайтарып алу

Ескерту. 408-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

409-бап. Кеден брокерінің өкілдік беруші тұлғадан
алынған ақпаратқа қатысы

Кеден брокерінің өкілдік беруші тұлғадан алған ақпараты тек кедендік мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін.
Өкілдік беруші тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге жол берілмейді.
Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, өкілдік беруші тұлғаның құпия ақпаратын кеден брокерінің өз мақсаттарында жариялауына, пайдалануына, үшінші тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына беруіне болмайды.

10-Бөлім. Кеден органдарының интеллектуалдық
меншік объектілеріне құқықты қорғауы

52-тарау. Кеден органдарының интеллектуалдық меншік
объектілеріне құқықты қорғауы үшін негіздер

410-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы бөлімде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарлар - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және тауарлық таңбалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғалатын осындай бірегей тауарларға ұқсас тауарларға жапсырылған күдікті тауарлық таңбалары бар тауарлар;
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және осындай көшірмені жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғалатын авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды бұзу болып табылатын, өндірілу еліндегі құқық иесінің келісімінсіз дайындалған көшірме болып табылатын тауарлар;
2) құқық иеленуші - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес интеллектуалдық меншік объектілерін иеленуге ерекше құқығы бар тұлға;
3) шығаруды тоқтату - таңдап алынған кедендік режимге сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлар болып табылады деп болжанып отырған тауарларды шығару туралы шешім қабылдану мерзімін кеден органдарының ұзартуы;
4) интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлар тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қорғалатын интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлардың тізбесі.
Ескерту. 410-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.08 N 224-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

411-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік
объектілеріне құқықтарды қорғауы

Кеден органдары өз құзыреті шегінде мынадай зияткерлік меншік объектілерін:
1) авторлық және аралас құқықтар объектілерін;
2) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін қорғау жөнінде шаралар қабылдайды.
Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөнінде осы бапта көзделмеген шараларды қолданбайды.
Ескерту. 411-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.08 N 224-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

412-бап. Тізілім жүргізу тәртібі

1. Уәкілетті орган кедендік бақылау мақсатында тізілім жүргізеді және оның жариялануын қамтамасыз етеді.
2. Тізілімді жүргізу және оны кеден органдары мен өтініш берушіге жеткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

413-бап. Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарды
тізілімге енгізу және мұндай тауарды
тізілімнен шығару тәртібі

1. Тізілімге енгізуді интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық иеленушінің өтініші бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде интеллектуалдық меншік объектісіне өзінің құқығы бұзылды немесе бұзылуы мүмкін деп ойлауға жеткілікті негіздемесі бар құқық иесі немесе құқық иесінің мүддесін білдіретін өзге тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) интеллектуалдық меншік объектісіне құқығын қорғау туралы уәкілетті органға өтініш беруге құқылы.
3. Өтініште мынадай мәліметтер:
1) өтініш берушінің интеллектуалдық меншік объектілеріне құқығын қорғау туралы өтініші;
2) өтініш беруші туралы мәлімет;
3) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектілері туралы, құқық иеленушінің пікірінше оның құқығын қорғауда кеден органдарының жәрдемі қажет болатын мерзім туралы ақпарат, оның ішінде электронды нысандағы ақпарат; интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлардың сипаттамасы; құқық иеленушінің пікірінше зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлар туралы, кеден органдарына осындай тауарларды анықтауға мүмкiндiк беретiн толық мәліметтер;
4) егер тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылған емес деп белгіленген жағдайларда декларантқа және өзге тұлғаларға зиянының орнын толтыру, сондай-ақ зияткерлік меншік құқығы бұзылған деп болжанған интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін кеден органдарының шығындарын өтеу туралы өтініш берушінің міндеттемесі болуға тиіс.
4. Өтінішке интеллектуалдық меншік құқығының бар екендігін және кімге тиесілілігін растайтын құжаттар (куәлік, лицензиялық шарт) және құқық иеленушінің өзінің мүддесін білдіретін тұлғаға берген сенімхаты, өтініш берушінің басқа тұлғаға келтірген зияны үшін жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса тіркеледі. Бұл орайда сақтандыру сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.
Өтінiш берумен бiр мезгілде зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауардың ерекше белгілерiнiң сипаттамасы табыс етіледi.
Мүмкiндiгiнше интеллектуалдық меншiк объектiсi бар тауардың және зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауардың үлгілерi, оның ішінде электронды нысандағы үлгілері де табыс етіледi.
5. Кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілетті орган өтініш түскен күннен бастап күнтізбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмде оны қарайды және тауарды тiзілімге енгiзу туралы шешім қабылдайды.
Өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру мақсатында кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган үшiншi тұлғалардан, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк органдардан мәлiмделген мәлiметтердi растайтын құжаттарды сұрап алуға құқылы. Аталған тұлғалар сауалды алған күннен бастан күнтізбелiк он күн ішінде сұратылған құжаттарды табыс етуге мiндетті.
Жеткiлiктi негіздер болған жағдайда кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкілетті орган өтінiштi қарау мерзімін ұзартуға, бiрақ үш айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның тауарды тiзілімге енгiзу туралы шешiмi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
Тауарларды тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім өтініш беруші дұрыс емес мәліметтер берген жағдайда, сондай-ақ тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылғандық белгілерін растау мүмкін болмаған кезде қабылданады.
Өтініш берушіге уәкілетті органның шешімі туралы жазбаша нысанда хабардар етіледі.
6. Өтініште не оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда өтініш беруші ол туралы уәкілетті органға күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей хабарлауға міндетті.
7. Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарлар:
1) өтініш берушінің өтініші бойынша;
2) тізілімге енгізу кезінде толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынылған жағдайда;
3) өтініште көрсетілген мәліметтердің өзгергені туралы белгіленген мерзімде хабарланбаған жағдайда;
4) тиісті интеллектуалдық меншік объектісіне құқықтың қолданылуы тоқтатылған жағдайда;
5) өтініш беруші осы бөлімнің ережелерін сақтамаған жағдайда тізілімнен шығарылуы мүмкін.
8. Уәкілетті орган тауарлардың тізілімнен шығарылғандығы туралы өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.
9. Интеллектуалдық меншік объектісіне құқық тоқтатылған жағдайда құқық иеленуші бұл туралы уәкілетті органды үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Ескерту. 413-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.06.20 N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.08 N 224-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 419. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия