Студопедия — бап. Алдын ала декларациялау 3 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

бап. Алдын ала декларациялау 3 страница






414-бап. Құқық қорғау мерзімі

Кеден органдарының құқық иеленуші құқығын қорғау мерзімін уәкілетті орган интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарды тізілімге енгізу туралы шешім қабылдаған кезде, өтініш беруші көрсеткен мерзімді ескере отырып, бірақ көрсетілген тауар тізілімге енгізілген күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімге белгілейді.
Көрсетілген мерзімді уәкілетті орган өтініш берушінің ол туралы өтініші болған жағдайда ұзартады.
Құқық қорғау мерзімі құқық иеленушінің тиісті интеллектуалдық меншік объектісіне құқығының қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.

53-тарау. Интеллектуалдық меншік объектілері бар
тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік
бақылау ерекшеліктері

415-бап. Кедендік ресімдеу және кедендік бақылау

Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау осы тарауда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.

416-бап. Интеллектуалдық меншік объектісі бар
тауарларды шығаруды тоқтата тұру

1. Егер тізілімге енгізілген тауарларды кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылған екендігінің белгілерін тапса, онда мұндай тауарларды шығару тоқтатыла тұрады.
2. Тауарларды шығаруды он жұмыс күніне дейінгі мерзімде тоқтата тұру туралы шешімді кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органының басшысы не оны алмастырушы адам қабылдайды және тиісті бұйрықпен ресімделеді. Өтініш берушінің сұрауы бойынша көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ ол он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
3. Кеден органы интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқтата тұру және оның себептері туралы өтініш беруші мен декларантты хабардар етеді, сондай-ақ декларантқа - өтініш берушінің атауы мен мекен-жайын, ал өтініш берушіге декларанттың атауы мен мекен-жайын хабарлайды.
4. Интеллектуалдық меншікке құқықтардың бұзылғандығы туралы талап қою бойынша істі қозғау туралы айғақтар ұсынылған кезде тауарларды шығаруды тоқтата тұрудың осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімі, сондай-ақ тауарларды уақытша сақтау мерзімі талап қою бойынша шешім заңды күшіне енгізілгенге дейін ұзартылады.
Ескерту. 416-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.06.20 N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.08 N 224-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

416-1-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік
объектілері бар тауарларды кедендік бақылау
жөніндегі қосымша өкілеттіктері

1. Кеден органдары өткізілетін тауарлардың зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарлар болып табылатын белгілері анықталған кезде осы бапта көзделген тәртіпке сәйкес көрсетілген тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы құқық иесінің өтінішінсіз-ақ тізілімге енгізілмеген зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға құқылы.
Осы бапқа сәйкес көрсетілген тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы және тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою туралы шешімді тиісті бұйрықты ресімдей отырып кеден органының басшысы немесе оны алмастыратын адам қабылдайды.
2. Кеден органдары қорғалатын тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын қорғау жөніндегі өзінің қосымша өкілеттіктерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік тіркеу тізілімдерінен алынатын ақпаратты пайдаланады. Аталған тізілімдер жалпыға қолжетімді болып табылады, олар Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының веб-сайтында орналастырылады.
Кеден органдарының авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын шығармалар мен объектілерге құқықтарды қорғау жөніндегі қосымша өкілеттіктері Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен өзара бірлескен іс-қимыл арқылы жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарларды шығаруды тоқтата тұрған кезде кеден органдары құқықтардың бұзылғанының белгілері анықталған және зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдаудың қажеттігі расталған кезде бұл туралы құқық иесін және декларантты хабардар ету жөнінде барлық қажетті шараларды дереу қабылдайды. Құқықтары бұзылуы ықтимал тауарлық таңбаның, қызмет көрсету таңбасының немесе авторлық және сабақтас құқықтардың құқық иесінің мекенжайын анықтау үшін кеден органы:
тауарлық таңба, қызмет көрсету таңбасы және оның құқық иесі туралы ақпараттың бар-жоғына Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік тіркеу тізілімдері арқылы тексереді және қажетті шаралар қабылдау үшін құқық иесіне хабарлама жібереді;
авторлық құқықты тіркеудің бар-жоғын анықтау және құқық иесін тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы одан әрі хабардар ету үшін Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға сауал жібереді. Сауалда кеден органы және оларға қатысты қорғау шаралары қабылданатын тауарлар туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.
Кеден органы және Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы құқық иесінің орналасқан жерін анықтау және оны жиырма төрт сағат ішінде хабардар ету жөнінде дереу қажетті барлық шараларды қабылдайды.
Егер кеден органы жиырма төрт сағат ішінде құқық иесінің орналасқан жерін анықтай алмаса, тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күші жойылуға тиіс, ал тауарлар осы Кодексте айқындалған тәртіппен дереу кедендік ресімделуге және шығарылуға тиіс.
4. Зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері табылған кезде құқық иесін хабардар ету және тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрудың күшін жою не мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау үшін тауарлардың шығарылуы үш жұмыс күніне дейін тоқтатыла тұрады.
5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде кеден органына:
құқық иесі тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру мерзімін он жұмыс күніне дейін ұзарту туралы өтінішті табыс етпесе;
құқық иесі тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою туралы өтінішті табыс етсе, тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күші жойылуға, ал тауарлар осы Кодексте айқындалған тәртіппен дереу кедендік ресімделуге және шығарылуға тиіс.
6. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде кеден органдарына құқық иесінен тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы өтініш келіп түскен жағдайда, тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрудың бастапқы күнінен бастап тауарлардың шығарылуы он жұмыс күніне дейін тоқтатыла тұрады. Мұндай жағдайда құқық иесі он жұмыс күні ішінде:
1) шығарылуы тоқтатыла тұрған тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу фактісімен байланысты зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылуы туралы талап-арыз бойынша азаматтық іс қозғау туралы соттың ұйғарымын ұсынуға;
2) егер соттың шешімімен тауарлар зияткерлік меншік құқықтары бұзылмаған тауарлар деп айқындалған жағдайда, декларантқа және өзге де тұлғаларға зиянды өтеу, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін кеден органдарының шығындарын өтеу туралы міндеттемені ұсынуға;
3) осы Кодекстің 413-бабында белгіленген тәртіпке сәйкес кеден ісі саласындағы уәкілетті органға көрсетілген тауарларды тізілімге енгізу туралы құқық иесінің өтінішін растайтын дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.
Құқық иесі тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрудың бастапқы күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы шығарылуы тоқтатыла тұрған тауарларды өткізу фактісімен байланысты зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылуы туралы талап-арыз бойынша азаматтық іс қозғау туралы соттың ұйғарымын ұсынған кезде, сондай-ақ құқық иесі өзге де міндеттемелерін орындаған кезде тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрудың мерзімі, сондай-ақ тауарларды уақытша сақтау мерзімі аталған талап-арыз бойынша сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ұзартылады.
Егер құқық иесі тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрудың бастапқы күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың ережелерін сақтамаса, кеден органы осы Кодексте айқындалған тәртіппен тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жояды және тауарларды кедендік ресімдеуді жүргізеді. Бұл ретте он жұмыс күні ішінде тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрумен байланысты декларант пен кеден органының шығындары құқық иесіне жүктеледі.
Кеден органдары мен Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы арасындағы өзара іс қимыл мен ақпарат алмасудың тәртібі бірлескен актімен белгіленеді.
Ескерту. Кодекс 416-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.08 N 224-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

417-бап. Кеден органдарының шығындарын өтеу

Кеден органдарына шығындарын:
1) тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылған деп танылған жағдайда - декларант;
2) тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылған болып табылмайды деп танылған жағдайда өтініш беруші өтейді.

418-бап. Ақпараттар беру. Сынамалар мен үлгілерді
іріктеп алу

1. Кеден органы шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылғандық белгілері анықталғандығы туралы ақпаратты өтініш берушіге және декларантқа береді.
2. Осы бапқа сәйкес өтініш беруші немесе декларант алған ақпарат құпия болып табылады және, осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, олар мұны жария етпеуге, үшінші тұлғаға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға бермеуге тиіс.
3. Кеден органының рұқсатымен өтініш беруші мен оның өкілдері тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылғандық белгілері бойынша шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарлардың сынамалары мен үлгілерін кедендік бақылаумен алуға және оларға зерттеулер жүргізуге құқылы. Қараңыз.V106221

419-бап. Шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің
күшін жою

1. Егер шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің қолданылу мерзімі ішінде:
1) кеден органына шығаруды тоқтата тұру туралы шешімді жою туралы өтініш берушіден өтініш түссе;
2) интеллектуалдық меншiк объектiсі осы Кодекстің 413-бабына сәйкес тізілімнен алынып тасталса;
3) егер өтініш беруші интеллектуалдық меншiк объектiсі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімінде ұсталған тауарларды кеден шекарасы арқылы өткізу фактісіне байланысты интеллектуалдық меншiк құқығын бұзғандығы туралы сот ісі қозғалғаны жөнінде айғақтар ұсынбаса, шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күші жойылуға тиіс.
Аталған жағдайларда тауарлар осы Кодексте белгіленген тәртіппен дереу кедендік ресімделуге және шығарылуға тиіс.
2. Шығаруды тоқтата тұру туралы шешімді жоюды осындай шешім қабылдаған кеден органының басшысы не оны алмастырушы адам тиісті бұйрықты ресімдей отырып жүзеге асырады.
3. Тауарларды шығару құқық иеленушінің интеллектуалдық меншiк объектiлеріне құқығын қорғау туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органға өтініш білдіруіне кедергі бола алмайды. P041120
Ескерту. 419-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

420-бап. Кеден органдары интеллектуалдық меншік
құқығын қорғау жөнінде шаралар қолданбайтын
интеллектуалдық меншік объектілері

Интеллектуалдық меншiк объектiсі бар және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы:
1) егер жеке тұлғалар өткізетін немесе халықаралық почта жөнелтiмдерiмен жiберiлетiн тауарлар өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызметке арналмаса;
2) кеден органдары тауарлар транзиті кедендік режиміне сәйкес өткізілетін тауарларға қатысты интеллектуалдық меншік құқығын қорғау жөніндегі шараларды қолданбайды.
Ескерту. 420-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

420-1-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік
құқығын қорғауына қатысты қосымша ережелер

Кеден органдары сот шешіміне сәйкес жойылуға жататын зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарларды тиісті мемлекеттік органға беруге міндетті.
Зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарды жою жөніндегі сот шешімі шығарылған жағдайда тиісті уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жою жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Ескерту. 420-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-Бөлім. Кедендік статистика.
Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар

54-тарау. Кедендік статистиканы жүргізу

421-бап. Сыртқы сауданың кедендік статистикасы

1. Кеден органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамсыз ету, бюджетке кедендік төлемдердің және салықтардың түсуін бақылау, валюталық бақылау, Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының жай-күйін, өсу қозғалысын және үрдістерін талдау, оның сауда және төлем баланстары мен тұтастай экономикасын талдау мақсатында тауарлардың кедендік шекара арқылы өткізілуі туралы мәліметтерді жинап, өңдейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендік статистиканың деректерін береді және жариялайды.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендік статистиканың деректерін халықаралық ұйымдарға береді.
2. Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кедендік статистикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңдарына сәйкес жүргізіледі.
3. Сыртқы сауданың кедендік статистикасы Қазақстан Республикасының және оның сыртқы сауда әріптестерінің өзара сауда-саттық деректерін салыстыруды қамтамасыз ететін әдістемеге сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 421-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

422-бап. Арнаулы кедендік статистика

Кеден органдары осы Кодекстің 19-бабында белгіленетін міндеттердің шешілуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы кедендік статистика жүргізеді.

423-бап. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын
құжаттар мен мәліметтер

Статистикалық мақсаттарға арналған құжаттар мен мәліметтер осы Кодекстің кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау жүргізу тәртібі туралы ережелеріне сәйкес беріледі.

55-тарау. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар

424-бап. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық
технологияларды және оларды қамтамасыз
ету құралдарын қолдану

1. Осы Кодексте көзделген кедендік операциялар ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды, оның ішінде бұлардың ақпаратты берудің электрондық тәсілдеріне негізделгендерін, сондай-ақ осы тарауға сәйкес оларды қамтамасыз ету құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
2. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды енгізу тиісті халықаралық стандарттарды және Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің талаптарын қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асырылады.
3. Кеден ісінде:
1) кеден органдары әзірлейтін, шығаратын және сатып алатын;
2) кеден ісі саласындағы міндеттерді шешуге қатысатын тұлғалардың меншігіндегі ақпараттық жүйе, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары қолданылуы мүмкін.
Бұл орайда кеден органдарына бағдарламалық құралдар беретін тұлғалардың өздерінің бағдарламалық құралдарының көмегімен жасалатын ақпараттық ресурстарды пайдалануға құқығы жоқ.
4. Кеден органдары әзірлейтін, шығаратын немесе сатып алатын ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету құралдары республикалық меншікте болады және тиісті кеден органдарына бекітіледі.
5. Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешуге қатысатын тұлғалардың меншігіндегі ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын кеден органдарының пайдалануына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің талаптары қамтамасыз етілген жағдайда ғана туындауы мүмкін және шарттық негізде құрылады.
6. Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешуге қатысатын тұлғалардың меншігіндегі кеден ісінде қолданылатын ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары уәкілетті орган белгілейтінталаптарға сәйкес келуге және кеден органдары кедендік операциялар жасау кезінде пайдаланатын осыған ұқсас өніммен үйлесімді болуға тиіс. Ақпараттық жүйелердің, ақпараттық технологиялардың және оларды қамтамасыз ету құралдарының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді кеден органдары жүзеге асырады. Бұл орайда аталған тексерулерді жүргізуге байланысты шығыстарды төлеу оны жүргізу туралы өтініш білдірген тұлғаға жүктеледі.
7. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету құралдарын кедендік, фискалдық және болжамдық мақсаттар үшін пайдалану мүмкіндігін, бұл өнімді қолдану тәртібі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейді. V043071
Ескерту. 424-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

425-бап. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық
технологияларды және оларды қамтамасыз
ету құралдарын сертификаттау

Ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету құралдары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртіпте сертификаттауға жатады.

426-бап. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары

1. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары кедендік операцияларды жасау кезінде берілетін құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ оларды жасау үшін қажетті құжаттар негізінде түзіледі.
Құрамында кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде жасалатын, өңделетін және жинақталатын деректер базасы бар құжатталған ақпараттың ұйымдастырылған жиынтығы кеден органдарының ақпараттық ресурстары деп түсініледі.
2. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары мемлекеттік меншік болып табылады, кеден органдарының мүлік құрамына енгізіледі және құзыретіне сәйкес солардың иелігінде болады.
3. Уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жағдайларда берілуі осы Кодексте немесе өздері белгілеген тәртіпте көзделген құжаттар, оның ішінде кедендік декларация оларды құжаттау туралы талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптар сақталған кезде ақпарат алмасудың электрондық тәсілдері арқылы берілуі мүмкін. V032309
4. Осы баптың ережелері ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша құжатталған ақпаратты міндетті беру негізінде мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жағдайларына қолданылмайды.

427-бап. Ақпараттық ресурстарды пайдалану

1. Кеден органдарының қарауындағы ақпараттық ресурстар, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес ақпаратты пайдалану шектелген жағдайларды қоспағанда, ашық және жалпыға қолжетімді болып табылады.
2. Кеден органдары пайдалану үшін ашық ақпараттық ресурстардың тізбесін, сондай-ақ оған қолжетімділік дәрежесін жариялауды жүзеге асырады.
2-1. Кеден органдары өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасынасәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес ақпаратқа қолжетімділікті шектеу болмаған жағдайда оны алуға сұрау салу негіздемені қажет етпейді.
4. Кеден органдарының қарауындағы ақпараттық ресурстарды пайдалану тәртібі осы Кодекстің нормаларына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 427-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.11. N 218 Заңымен.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 404. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия