Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

бап. Алдын ала декларациялау 1 страница





1. Егер декларант тауарларды кедендік ресімдеу үшін қажетті құжаттарды берсе, тауарларға қатысты жүктің кедендік декларациясы тауарлар межелі кеден органына табыс етілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен ерте берілмеуі мүмкін. Кедендiк баждар мен салықтар тауарлар мен көлiк құралдары шығарылғанға дейiн төленедi.
2. Егер кедендік мақсат үшін тауарлардың ілеспе көлік немесе коммерциялық құжаттары пайдаланылуға тиіс болса, кеден органы осы құжаттардың декларант куәландырған көшірмелерін немесе осы құжаттардан алынған мәліметті қабылдайды және тауарлар келгеннен кейін көрсетілген мәліметтерді құжаттардағы мәліметтермен салыстырады.
3. Егер алдын ала декларацияны тіркелген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оны қабылдаған кеден органына тауарлар берілмесе, жүктің кедендік декларациясының күші жойылуға жатады.
4. Тауарларды алдын-ала декларациялаған кезде кеден органы жүктің кедендік декларациясын тіркеген күні қолданыста болған нормативтік құқықтық актілер қолданылады.
5. Бұрын мәлімделгеннен (тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері негізінде бұрын берілгеннен) өзгеше құндық, сан немесе салмақ көрсеткіштері өзгерген жағдайда, тауардың құны, саны немесе салмағы өзгергенін растайтын құжаттар (коммерциялық актілер, сауда-өнеркәсіп палатасының актілері) міндетті түрде ұсынылады.
6. Егер тауарлар келгеннен кейін бұрын мәлімделгеннен өзгеше құн, сан немесе салмақ көрсеткіштері сәйкес келмейтіндігін анықтаса, декларант осы Кодексте көзделген тәртіппен жүктің алдын ала берілген кедендік декларациясын қайтарып алуға құқылы.
7. Алдын ала декларациялау рәсімін қолдану кезінде кеден органының арнайы рұқсаты талап етілмейді. Тауарларды алдын ала декларациялау рәсімін қолдану кезінде жүктің кедендік декларациясын толтыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді. V032355, V032309
Ескерту. 386-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

387-бап. Уақытша кедендік декларация

1. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы құбыр желісін пайдалана отырып не электр беру желілері бойынша өткізу кезінде, сондай-ақ уәкілетті орган белгілейтін өзге де жағдайларда тауарларды уақытша кедендік декларация беру арқылы декларациялауға жол беріледі.
2. Уақытша кедендік декларацияда белгілі уақыт кезеңінің ішінде тауарлардың шамамен алынған мөлшерін өткізу туралы ниет негізге алынып, мәліметтерді мәлімдеуге жол беріледі. Тауардың құнын декларант сатып алу-сату сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) бағасын ескере отырып мәлімдеуі мүмкін.
Егер шартта (келісім-шартта) тауардың белгіленген (дәл, түпкілікті) бағасы жоқ және оны анықтау шарты ғана белгіленсе, ал сондай-ақ, егер кедендік декларацияны беру күнінде өткізілетін тауардың сапасы немесе саны туралы дәл ақпарат жоқ болса, не сатып алу-сату сыртқы сауда шартында (келісім-шартында) белгіленген алдын ала (бағдарлық) баға не сатып алу-сату сыртқы сауда шартында (келісім-шартында) белгіленген есеп шарттарына сәйкес уақытша кедендік декларацияны беру күнінде белгіленген есептік баға пайдаланылады. Мұндай есептер жүргізу мүмкін болмайтын жағдайларда өткізілетін тауарды шартты бағалау кеден органы билігіндегі баға ақпараттарының негізінде жүргізіледі.
Уақытша кедендiк декларация берілген кезде нақты сатып алушы айқындалмаған жағдайда, кеден органының рұқсатымен бiр сыртқы сауда шарты (келiсiм-шарты) шеңберiнде тауарлар беруге бiр уақытша кедендiк декларация берiлiп, кейiннен нақты сатып алушылардың саны бойынша бiрнеше толық кедендiк жүк декларациясы мен сатып алу-сату шарты (келiсiм-шарты) берiледi.
Уақытша кедендік декларация берілген кезде нақты сатып алушы айқындалмаған жағдайда және (немесе) келісімшарттың тараптары өзара тәуелді тұлғалар болып табылса, өзара тәуелді тараптар арасында бір сыртқы сауда шарты (келісімшарты) шеңберінде тауарларды жеткізуге бір уақытша кедендік декларация беріліп, кейіннен саны бойынша байланысты емес нақты сатып алушылардың бірнеше толық кедендік жүк декларациясы мен сатып алу-сату шарты (келісімшарты) беріледі.
3. Уақытша кедендік декларацияны толтыру және оны пайдаланып кедендік ресімдеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Бұл кедендік рәсім кезінде, кеден органының уақытша кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған нормативтік құқықтық актілер қолданылады.
4. Уақытша кедендік декларация жоспарланған жеткізілім басталғанға дейін кеден органына табыс етіледі.
5. Кедендік төлемдер және салықтар кеден органы уақытша кедендік декларацияны тіркегенге дейін немесе тіркеген күні төленеді.
6. Декларант жүктiң уақытша кедендiк декларациясында мәлiмделген тауарлар легi жеткiзiлгеннен кейiнгі күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, бiрақ уақытша кедендiк декларация тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен асырмай жүктiң толық кедендiк декларациясын беруге мiндеттi.
Тауарларды бағаны айқындау талаптары бар шарт бойынша өткiзу кезiнде, меншiк құқығын Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының шегiнен тыс жерлерге беру кезiнде көрсетілген мерзiм баға мен мөлшердi айқындау үшiн пайдаланылатын коносамент, қабылдап алу-тапсыру актісi ресiмделген күннен бастап есептеледi. Егер декларацияланатын тауарлар легiне бiрнеше көлiктiк құжат жасалса, көрсетілген мерзiм соңғы көліктiк құжат ресiмделген күннен бастап есептеледi.
7. Уақытша кедендік декларацияға сәйкес кедендік төлемдерді және салықтарды қосымша төлеу немесе артық төленген кедендік баждар және салықтарды қайтару осы Кодекстің 8-бөліміне сәйкес жүктің толық кедендік декларациясын тапсырған кезде жүзеге асырылады.
Ескерту. 387-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

388-бап. Мерзімдік кедендік декларация

1. Бір тұлға бір тауарларды кедендік шекара арқылы тұрақты түрде өткізген кезде кеден органы күнтiзбелiк отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарға мерзімдік кедендік декларация беруге құқылы.
2. Егер тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірдей жіктеу коды болса, олар бірдей тауарлар ретінде қарастырылады.
3. Егер бір тұлға күнтізбелік отыз күн ішінде бір тауардың үш және одан да артық жеткізілімін жүргізсе, ондай тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы бір тұлға тұрақты түрде өткізетін тауарлар ретінде қарастырылады.
4. Кедендік мақсат үшін, жекеленген жеткізілімдердің санына қарамастан, бір сыртқы сауда шарты (келісім-шарты) бойынша күнтізбелік отыз күн ішінде бір өткізу бекеті арқылы өткізілетін және бір кеден органында кедендік ресімдеу жүргізілетін бірдей тауарлар біртұтас тауар легі ретінде қарастырылады.
5. Кедендiк баждар және салықтар, акцизделетін тауарларды қоспағанда, жүктiң толық кедендiк декларациясы тiркелгенге дейін немесе тiркелген күні төленедi.
5-1. Кедендiк баждар және акцизделетiн тауарлар бойынша салықтар мерзiмдiк кедендiк декларация тiркелгенге дейiн немесе тiркелген күнi төленедi.
6. Мерзімдік декларациялау рәсімін қолдану арқылы тауарларды кедендік ресімдеу кезінде кеден органы мерзімдік кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері қолданылады.
7. Мерзiмдiк декларациялау кедендiк баждарды және салықтарды төлеу қамтамасыз етiлген жағдайда жеткiзу мерзiмi басталғанға дейiн мерзiмдiк кедендiк декларацияны беру арқылы жүргiзіледi. Кедендiк баждар мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету осы Кодекстiң 470-бабына сәйкес ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолданылмайды.
Бұл ретте мерзімдiк кедендiк декларация тауарлардың бiрыңғай легiне толтырылады.
8. Мерзімдік декларациялау рәсімі қолданылып тауарлар өткізілген жеткізілім кезеңі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, әкелінген немесе әкетілген тауарлардың нақты саны есепке алынып толтырылған жүктің толық кедендік декларациясы беріледі.
9. Тауарлар мерзімдік кедендік декларацияда мәлімделген көлемнен өзгеше көлемде әкелінген жағдайда, жүктің толық кедендік декларациясы әкелінген (әкетілген) тауарлардың нақты саны есепке алынып толтырылады. Бұл ретте жеткізудің келесі кезеңіне мерзімдік кедендік декларация осындай өзгерістер есепке алынып толтырылады.
10. Мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып тауарларды кедендік ресімдеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 388-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

388-1-бап. Толық емес кедендік декларация

1. Егер декларант кедендiк декларацияны толтыруға қажеттi бүкiл ақпаратқа өзiне байланысты емес себептер бойынша ие болмаса, онда тауарды шығаруға, кедендiк төлемдердi есептеу мен төлеуге қажеттi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тарифтік емес реттеу шараларының сақталғанын растайтын, сондай-ақ тауарларды сандық және сапалық сипаттамаларының жиынтығы бойынша бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн мәлiметтер болған жағдайда толық емес кедендiк декларацияны беруге рұқсат етіледі. Z990402
Декларант толық емес кедендік декларацияны берген кезде ондағы жетіспейтін мәліметтерді кеден органы толық емес кедендік декларацияны тіркеген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жазбаша нысанда табыс етуге міндеттеме алады.
2. Егер кеден органы толық емес кедендiк декларацияны қабылдаса, осы Кодексте көзделген кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеу мен төлеу тәртiбiн қоса алғанда, толық және тиiсті түрде толтырылған кедендiк декларация басынан бастап берiлген жағдайдағыдай шарттар мен талаптар қолданылады.
3. Толық емес кедендiк декларацияны толтыру тәртiбi мен оны пайдалану жағдайларын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
Ескерту. 388-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

389-бап. Мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалануға
рұқсат беру тәртібі

1. Мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалануға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) алу үшін мүдделі тұлға кеден органына мынадай мәліметтерді:
1) тауардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша жіктеу коды көрсетілген атауын;
2) тауарлардың күнтізбелік бір ай ішінде өткізілетін болжамды жиілігі мен көлемін;
3) тауарлар шығарылған елді;
4) сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) немесе соның негізінде тауарларды кедендік рәсімдеу жүргізілетін өзге де құжаттардың деректемелерін (күні мен нөмірін);
5) тауарлардың шамамен алынған кедендік құнын;
6) тауарларды әкелген кезде - жіберушінің, әкеткен кезде тауарларды алушының (немесе сатып алушының) атауын;
7) әкеткен кезде - тауарларды әкету жүзеге асырылатын кедендік өткізу бекетін көрсетіп, тауарды өткізетін тұлғаның басшысы қол қойған еркін нысандағы, өтініш береді.
2. Өтініш түскен кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде кеден органы өтінішті қарауға тиіс.
3. Әкелінетін тауарларға қатысты рұқсат тауарларды жіктеуге байланысты алдын ала шешім қабылданған жағдайда беріледі.
4. Рұқсат:
1) болжамды өткізілетін тауарлар мерзімдік декларациялау рәсімдерін пайдалану талаптарына сәйкес келмеген кезде;
2) кедендік төлемдер және салықтарды төлеу бойынша берешегі бар тұлғаларға;
3) оларға қатысты банкроттық туралы iс қозғалған тұлғаларға берiлмейдi.
5. Рұқсат сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) немесе соның негізінде тауарларды кедендік рәсімдеу жүргізуге негіз болатын өзге құжаттардың қолданылу мерзіміне беріледі.
6. Рұқсат:
1) тұлғаның кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешегі болған;
2) осы Кодексте белгіленген мерзімдік декларациялау рәсімдерін пайдалану талаптарын сақтамаған жағдайларда;
3) банкроттық туралы іс қозғалған жағдайларда қайтарып алынуы немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұруы мүмкін.
Ескерту. 389-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

50-тарау. Тауарларды шығару

390-бап. Тауарларды шығару үшін негіздемелер

1. Кеден органдары мынадай шарттар сақталған жағдайда:
1) тауарларды кедендік ресімдеу мен тексеру кезінде кеден органдары анықтаған құқық бұзушылықтар жойылған, ал құқық бұзушылық объектісі болып табылатын тауарлар алып қоюға немесе тәркілеуге жатпайтын не Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заттай айғақ ретінде бұдан әрі талап етілуі мүмкін болмайтын жағдайларды қоспағанда, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар анықталмаған;
2) кеден органына Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес тауарларды шығару үшін қажетті лицензиялар, сертификаттар, өтiнiш-декларациялар, рұқсаттар тапсырылған;
3) тұлғалар осы Кодекске сәйкес тауарларды таңдап алынған кедендік режимге орналастыру немесе тиісті кедендік рәсімді қолдану үшін қажетті талаптар мен шарттарды сақтаған;
4) тауарларға қатысты кедендік төлемдер және салықтар төленген не осы Кодекстің 40 және 43-тарауына сәйкес олардың төленуі қамтамасыз етілген жағдайда кеден органдары тауарларды шығаруды жүзеге асырады.
2. Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану арқылы кеден органдары тауарларды шығару туралы шешім қабылдаған кезде декларант ұсынылған ақпараттың дұрыс еместігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарындакөзделген тәртіппен жауапты болады.
Ескерту. 390-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

391-бап. Тауарларды шығарудың мерзімдері

Кеден органдары осы Кодекстің 440-бабында белгіленген мерзімдерде құжаттарды тексеру және тауарларды тексеруден өткізу аяқталғаннан кейін тауарлар шығаруды жүргізеді не тауарларды шығарудан бас тартады.

392-бап. Құжаттарды, тауарлардың сынамалары мен
үлгілерін зерттеу не сарапшының қорытындысын
алу қажет болған жағдайда тауарларды шығару

1. Егер кеден органдары жүктің кедендік декларациясында немесе кеден органдарына ұсынылған өзге де құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында тауарлардың сынамаларын немесе үлгілерін, егжей-тегжейлі техникалық құжаттаманы зерттеу немесе оларға сараптама жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдаса, декларант кедендік сараптама жүргізу нәтижелері бойынша қосымша есептелуі мүмкін кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз еткен жағдайда, тауарларды шығару кедендік сараптама нәтижелерін алғанға дейін жүргізіледі.
2. Тауарларды шығару кеден органдары тауарларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылуы мүмкін екендігін көрсететін белгілерді анықтаған және декларант олардың сақталғандығын растайтын айғақтар ұсынбаған жағдайда ғана жүргізілмейді.

393-бап. Кеден ісі саласында әкімшілік құқық
бұзушылықтың белгілері анықталған жағдайда
тауарларды шығару

Кеден ісі саласында әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері анықталған жағдайда тауарларды шығару құқық бұзушылық объектісі болып табылатын тауарлардың тәркілеуге жатпайтын, одан әрі заттай айғақтар ретінде талап етілмейтін және істі қарау нәтижелері бойынша есептелуі мүмкін кедендік төлемдердің және салықтардың, сондай-ақ айыппұлдардың не өзге де жазалау шараларының төленуі қамтамасыз етілген жағдайда тауарлар шығару кеден органы басшысының шешімі бойынша іс жүргізу немесе оны қарау аяқталғанға дейін жүзеге асырылуы мүмкін.

393-1-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын шартты шығару

1. Шартты шығаруға:
шектеулер сақтала отырып оларға қатысты кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген;
кеден қоймасы, бажсыз сауда дүкені, кедендік аумақта қайта өңдеу, еркін айналыс үшін қайта өңдеу, уақытша әкелу (әкету), еркін қойма және еркін кеден аймағы кедендік режимдеріне орналастырылған;
оларға қатысты осы Кодекстің 43-тарауына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету қолданылатын тауарлар мен көлік құралдары жатады.
2. Шартты шығару кезінде тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауда болады.
3. Оларға қатысты кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген шартты шығарылған тауарлар жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес келетін мақсаттарда ғана пайдаланыла алады.
4. Еркін айналыс үшін шығаруға мәлімделген тауарлар бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың тиісті сомасын төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалған сәтіне дейін шартты шығарылған деп саналады.
5. Шартты шығарылған тауарлардың шетелдік тауарлар мәртебесі болады.
Ескерту. 393-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

51-тарау. Кеден брокері

394-бап. Кеден брокері

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына уәкілетті органның лицензиясын алған заңды тұлға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесҚазақстан Республикасында тіркелген дара кәсіпкер кеден брокері бола алады.
Кеден брокері өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 394-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

395-бап. Кеден брокерінің қызметі

1. Кеден брокерінің қызметі өз атынан кедендік ресімдеу, алдын ала операциялар мен өкілдік беруші тұлғаның есебінен және оның тапсыруы бойынша басқа да кеден ісі саласында делдалдық функцияларды орындау жөніндегі іс-әрекеттерді жасаудан тұрады.
2. Кеден брокерінің функциясына:
1) тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау;
2) кеден органына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен қосымша мәліметтер ұсыну;
3) кеден органына декларацияланатын тауарлар мен кедендік мақсаттар үшін қажетті көлік құралдарын көрсету;
4) Қазақстан Республикасының кеден және салық заңдарында декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты көзделген кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін, егер бұл кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғаның арасындағы шартта көзделсе, қамтамасыз ету;
5) декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлға ретінде кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау үшін қажетті іс-әрекеттер жасау кіреді.
Көрсетілген функцияларды кеден брокері жиынтықты түрде ғана орындауға құқылы. Кеден брокерінің көрсетілген функцияларды не операцияларды бір функцияның шегінде ішінара орындауына жол берілмейді.
3. Кеден брокерінің өкілдік беруші тұлғамен өзара қарым-қатынасы осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес жазбаша шарт негізінде құрылады. Өкілдік беруші тұлға кеден брокеріне осы баптың 2-тармағында көрсетілген кеден ісі саласындағы функцияларды тек жиынтықты түрде ғана орындауға тапсырма бере алады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, кеден брокеріне өкілдік беруші тұлға тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеуге қатыспайды.
4. Кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғаның арасында кедендік ресімдеу жөніндегі іс-әрекеттерді жүргізу кезінде жасалған шартты өзгерту немесе бұзу кеден брокерін жауапкершіліктен босатпайды.
5. Кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғаның арасындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарынасәйкес шешіледі.
6. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден брокері үшін осы Кодекске сәйкес декларант немесе өзге де тұлғалар кедендік операцияларды жасаған кезде белгіленетін жағдайлардан қолайсыздау жағдайлар белгіленбеуі немесе сол кезде қойылатын талаптардан неғұрлым қатаң талаптар қойылмауға тиіс.
Ескерту. 395-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

396-бап. Кеден брокерінің қызмет саласын шектеу

1. Кеден брокері өз қызметінің саласын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына, көлік құралдары түрлеріне және аймаққа сәйкес тауарлардың белгілі бір санаттарымен шектеуге құқылы. Бұл шектеулер кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияда көрсетіледі.
2. Қызметті көрсетілген шектеулердің шегінен тыс жүзеге асыруға жол берілмейді.

397-бап. Кеден брокерінің құқықтары

1. Кеден брокері оған кеден органдарымен өзара қарым-қатынаста өз мүдделерін білдіруге уәкілеттік беретін тұлғамен бірдей құқықтарға ие және сондай міндеттерді атқарады.
2. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде кеден брокері:
1) тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде, кеден органдарының лауазымды адамдары тауарларды кедендік ресімдеу мақсатында осы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы кезінде қатысуға;
2) кеден органының рұқсатымен және кеден органы лауазымды адамының қатысуымен кедендік рәсімдеу процесі басталғанға дейін және оның барысында тауарлар мен көлік құралдарын тексеруді жүргізуге, оларды өлшеуге және мөлшерін өзгедей анықтауға, сондай-ақ тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға құқылы. Егер көрсетілген операциялар кедендік ресімдеу басталғанға дейін жасалса, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты мұндай рұқсат талап етілмейді;
3) тауарлардың іріктеп алынған сынамалары мен үлгілеріне кеден органы жүргізген зерттеулердің (сараптамалардың) нәтижелерімен танысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қаражаты есебінен немесе өкілдік беруші тұлғаның қаражаты есебінен тауарлардың іріктеп алынған сынамалары мен үлгілеріне зерттеу (сараптама) жүргізуге не осындай зерттеудің (сараптаманың) жүргізілуін қамтамасыз етуге;
5) кеден органының келісімімен кедендік бақылау аймағына кіруге құқылы өз қызметкерлерінің тізімін бекітуге және кедендік ресімдеу жөніндегі операцияларды жасау үшін қажетті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты жағдайындағы үй-жайларының болуына;
6) осы Кодекске сәйкес кеден органдарынан кеден мәселелері жөнінде ақпарат және консультациялар алуға;
7) осы Кодекстің 26-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, кедендік мақсаттар үшін қажетті ақпараттарды автоматтандырылған өңдеу, деректерді электрондық жолмен беру үшін пайдаланатын кеден органдарының ақпараттық желілеріне қол жеткізуге;
8) өкілдік беруші тұлғадан кедендік мақсаттар үшін қажетті, оның ішінде құпия болып табылатын ақпараты бар құжаттар мен мәліметтерді талап етуге және осы Кодексте белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін мерзімдерде осындай құжаттар мен мәліметтерді алуға;
9) алдын ала операциялар, өзге де кедендік рәсімдер мен кедендік режимдер кезінде кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету бөлігінде өкілдік беруші тұлға үшін кеден органдарының алдында, егер бұл кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғаның арасындағы шартта көзделсе, кепілгер немесе төлеуші ретінде болуға;
10) өкілдік беруші тұлғамен шарт жасасудың шарты ретінде осы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес міндеттерін орындауын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілеуге;
11) кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
Ескерту. 397-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 492. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия